А. С. Шарипханова



бет12/12
Дата13.06.2016
өлшемі2.17 Mb.
#133090
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Адамдардың өсімдіктерге тікелей әсер етуіне орман ағаштарын кесуі жатады. Орман шаруашылығында ағаштардың кесудің бірнеше типтері бар: жаппай кесу, таңдап кесу, орманға күтім жасаудағы кесу, санитарлық кесу.

Қылқан жапырақты ағашты кесу - сол индивидиумның жойылуы деп саналады. Ал жалпақ жапырақты ағаштарды кесу арқылы тыныштықта жатқан ағаштың тамырындағы, ағаш сабағының негізіндегі ағаш өскіндерінің қайта өсуіп жаңаруына әкелетіні анық. Мұндай ағаштардың тамырлар жүйесі мықты, қоректік заттардың қоры жиналады, қабықтары қалың, жапырақтары ірі әрі ерекше пішінді келеді. Алайда мұндай ағаштар ауруға шалдыққан, сондықтан жетілу үрдістері баяу жүреді.

Орман ағаштарын ішінара кесу ормандағы фитоортаның өзгеруіне және орман өсімдіктерінің өмір сүру жағдайларына күшті әсер етеді. Шыршалы ағаштарды кесу арқылы орман ағаштарына жарық көбірек түседі. Сол себепті фотосинтез үрдісі күшейеді. Оның нәтижесінде ағаштың өнімділігі артады, жарық сәулелерін сіңіруі мен камбийдің қызуынан ағаштың өсуі артып, ірі ағаштар тамырларымен бәсекелестік кемитіні анықталған.

Ағаштарды жаппай кесудің әсері тым күшті. Фитоортаның күрт өзгеруі шөптесін және бұталы өсімдіктердің көлеңке сүйгіш түрлерінде стресс тудырады. Ғаламдардың жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде алдағы жылдағы хлорофилдің азаюуы, күрт ксерофилдену, өсмдік бойының аласа болуы, күюі, жер үсті мүшелерінің өлуі байқалған. Ерекше көлеңке сүйгіштер өсімдіктер жамылғысынан жойылады немесе өсімтал бұталардан қорғаныш іздеп «паналайды». Мұндай жерде жылу сүйгіш өсімдіктерді өсіруге қолайлы жағдай туады. Жер беті қатты қызады, ылғал тапшылық болады. Алдымен тұқым немесе жемісі арқылы жерсіндірілсе, кейін вегетативті болмаса интенсивті жолмен немесе тұқымның жоғары өнімділігімен көбейтуге болады.

Адамдардың ору, шөп шабу сияқты іс-әрекеттері де өсімдіктер мен оның жабындығына әсерлерін тигізетіні анық.

Жыл сайын (кейде жылына 2-3 рет) дала мен шалғындарда өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігін алу - өсімдік үшін қалыпты мезгілді дамуды тоқтату, фитосинтездеуші «жұмыс» алаңын жою, қор заттарын түзу және жинаудың бұзылуы деп саналады. Ору жемісі жетілген уақытта жүргізілетіндіктен жемістің өнімділігінің төмендеуі мен тұқым арқылы көбеюіне мүмкіндігін күрт азайтады.

Дала шөптерін орғаннан соң немесе малға жайылым жер ретінде пайдаланғаннан кейін орылған шөптің қалған жер бетіндегі мүшелерінен қайта шөп өсіп шығады. Бірінші ору неғұрлым ерте жүрсе, соғұрлым шөптің қайта өсуі, гүлдеуі, жеміс беруі, тұқымдану үрдісі жүреді. Осыған байланысты өсімдіктердің біржылдық және көпжылдық формалары қалыптасады. Біржылдық өсімдіктердің ерте және жай тұқым беретін түрлері белгілі. Көпжылдық өсімдіктерде ерте және жай тұқым беретін түрлерінің кездесу құбылысы анықталған.

Қазіргі далалар тұрақты экожүйелер болып табылады. Дала өсімдіктерін ору жарықтың көп түсуіне, жердің қатты қызуына, топырақтың құрғауына, топырақ құрамындағы ауаның азаюына, өсімдік қалдықтарының топырақта және топырақ қорегінің азаюына әкеледі. Нәтижесінде түрлік құрам бұзылып, биоценоздық байланыстар жойылып жаңасы түзіледі.

Шөпті үнемі ору тепе-теңдікті сақтаудың бір факторы ретінде анықталған. Өйткені шөпті ормаса, топырықта шөп қалдықтары жинақталады, ылғал көбейеді, жылу қабылдауы азаяды, бірақ минералды қоректенуі артады. Сөйтіп, дала өсімдіктері мезофильді және гигрофильді түрлік құрамға ауысады.


9.2 РЕКРЕАЦИОНДЫ ЖҮКТЕМЕЛЕР
Индустриалдану мен урбандалу деңгейінің күрт артуынан қала тұрғындары мен өндірістік орындарға және демалым орындарына деген қажеттіліктің артуынан адамның өсімдіктер жабынына әсер етуінің тікелей және жанама түрі рекреационды жүктеме ұғымы пайда болды. Оның негізгі формаларына таптау, топырықтың тығыздалуы және ластануы, өсімдіктерді сындыру, фитомассаны (толық немесе мүшесін) жою жатады.

Туризмнің дамуының өсімдіктерге әсері жайлы Альпінің мысалында жақсы зерттелген. Жаппай бір жерге туристердің баруынан альпілік бұталар зардап шеккені анықталған. Бұдан өсімдіктер тіршілігін жойып, жыралар мен жолдардың бұзылуына және топырақ деградациясының пайда болуы өкінішті. Негізі қорғау жолдарына туристердің белгіленген маршрут бойынша, демалу аймағы бойынша жүруді ұйымдастыру болып табылады.



Жанама әсер ету ұғымы батпақтардың құрғауы, далалардың құнарландырылуы, су қоймаларының жасалуы сияқты өсімдіктердің өмір сүруінің өзгеруіне әкелетін әсерлерден тұрады. Қазіргі уақытта адамның өндірістік іс-әрекеті нәтижесінде топырақтың, судың, ауаның ластануы да жанама әсер ретінде қарастырылады.

Ластанған ортаның өсімдікке әсері.Өндірістік өнеркәсіптер мен энергетикалық қондырғылардың жұмысы мен нәтижесінде ауаға көп мөлшерде зиянды газ, шаң, сұйық аэрозолдар түріндегі қалдықтар шығарылады. Олардың концентрациясы ірі өндірістік орталықтарда жоғары болады, ал ауа массаларымен ол алыс аймақтарға да таралатыны белгілі.

Өндірісі жоғары дамыған елдерде атмосфералық ластанудың екі түрін ажыратады: лос-анжелестік (бензин мен майдың қондырғылардың ішінде толық емес жану қалдықтарынан түзілген көмірсутегі) және лондондық (көмірдің толық емес жанған өнімдері - көмір бөліктерінің, күйенің, күкірт және күкіртті қышқылдың аэрозолдары). Бұл екі ластанудың типтері жер үсті өсімдіктерге мол зиянын тигізеді.

Токсиканттар өсімдік жасушысаның қабықшасында адсорбацияланып, жасушы мембранасының құрылымы мен қызметін бұзады, сөйтіп жасушаның зат алмасуына (улану), фотосинтездің төмендеуіне, ферменттік жүйенің қызметінің бұзылуына, қозғалыс органиодтарының реттелуінің бұзылуына әкеледі. Ал тыныс алу үрдісі потологиялық жағынан күшеюі мүмкін. Кейде физиологиялық өзгерістер сыртқы белгілерінен байқалмайды. Алайда, келесідей белгілері: жапырақтарының түсінің солғындауы, пішіндерінің ерекше болуы, жапырақтарының оралуы, күюі, түсуі, тіпті өсімдіктің тіршілігінің жойылуы және т.б. мысал бола алады. Сондай-ақ құрғақшылыққа, суыққа және зиянкестерге деген төтеп беру күші төмендейді.

Токсинді заттар ішінде аса қауіпті заттарға күкірт құрамды заттар, мысалы күкірт ангидриді (SO2) хлорофилдің бұзылуына, дәннің дамымауына, тамыр жүйесінің қызметіне теріс әсерін тигізеді. Зиянды заттар қатарына фтор қосылыстары (НF), аммиак т.б. жатады.

Ірі көлік жүйесі жолдарында қорғасын қосылыстарының өсімдіктерге зияны анықталған. Қорғасын ауа мен топыраққа қозғалтқыштардың газдары арқылы енеді. Сөйтіп өсімдік жапырақтарына қонады да, ұлпаларына енеді. Жолдан 50 м қашықтықта газдардың әсерінен уланған өсімдіктер жайлы деректер тіркелген. Күніне 230 ұшу болатын Мюнхен әуежайынның 8 км қашықтығында шыршалар орманы улануы да бір дәлел. Бұл аймақта қорғасын мөлшері жай аймақтан 8-10 есе артық болған.

Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген зерттеу жұмыстары да осы деректерді дәлелдейді. Өскемен қаласының өндіріс және өнеркәсіп орындары қоршаған ортаға құрамында әртүрлі ауыр металдар және зиянды токсикалық ингредиенттері бар газдардың өтетіні белгілі. Осы зиянды газдардың өсімдіктердің өсіп-жетілуіне кері әсер ететіні анықталып, көптеген ағаш өсімдіктеріне сипаттама берілген. әртүрлі ағаш өсімдіктеріне ұзақ уақыт қолайсыз сыртқы ортаның антропогендік әсері, оның ластануы, жапырақ алақанының ішкі өзгерістерге ықпалын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Екпе ағаштардың ластанған ауа жағдайына төзімді түрлері анықталып, оларды биомониторинг жүйесінде қолдануға болатыны ұсынылды. Сонымен қатар, Өскемен қаласында өсетін қара терек жапырағының үлпекқабатын зерттеу барысында негізгі жүйкенің үстінен «алып» ірі лептесіктердің болатыны анықталған. Бұл құбылыс қара терек өсімдігінің сыртқы орта жағдайларына бейімделу әсерінен туған генетикалық өзгеріс нәтижесінен де болуы мүмкін деп ойлаймыз.

Басқа металл қосылыстары (мыс, мырыш, кобальт, никель, кадмий т.б.) ауаға не топырақ арқылы өсімдіктер тамырларына еніп өз әсерін тигізеді. Нидерландыда мыстың сымдарының коррзиясынан жоғары құрамды мысты топырақ пен шөп жабылғысы анықтаған. Тіпті сымнан 20 м қашықтықтағы шөптің токсиндігі қойлар үшін аса қауіпті болған.

Қашықтықта әсер ететін зиянды заттар қатарына ауадағы шаңды қосылыстарды жатқызуға болады. Олар жапырақтың бетіне қонып, жарықты аз қабылдауға, фотосинтездің баяу жүруіне, жылу радиациясын қабылдауға, жылынуына теріс әсерін тигізеді. Бұл фотосинтез бен су алмасудың нашарлауына әкеледі. Әсіресе, өсімдіктерге цемент шаңы зиян болып табылады. Ол сумен қосылып, мәселен, шық түскенде жапырақта қабық қалыптасады. Сондай-ақ, жуғыш заттардың да түрлі құрамдары зиян. Микроскопиялық зерттеулер нәтижесінде детергенттер әсері күкірт ангидридінің әрекеті де күшті екені анықталған.

Топырықтың, Дүниежүзілік мұхиттың, өсімдіктер жабынының мұнай өнімдерімен ластануы өзекті мәселеге айналып отыр. Мұнай өнімдері өсімдіктің тұқым түзілуіне және жеке мүшелерінің өлуіне, тіпті өсімдік тіршілігінің жойылуына әкелетіні эксперимент жүзінде дәлелденген.

Сондай-ақ гербицидтер деп аталатын химиялық агенттердің де әсерлері мол. Олардың әсері әр түрлі: аз мөлшерде өсімдіктің өсуі артады, жеміс беруі, дәрумен жинауы жоғарылайды. Көп мөлшері тыныс алуды күшейтіп, зат алмасуды бұзады. Барлық гербицидтер уақыт өте келе өзара қосылып зияндылығы одан да жоғары заттар түзеді. Кейін өсімдіктер арқылы гердбицидтер қоректік тізбекке еніп, адамның ағзасына өтеді. Бұл зиянкестік әркетті соғыс кезінде АҚШ-тықтар Вьетнамда қолданған. 1961 жылдан бастап бірнеше жылдар бойы 2 млн.га (20 пайыз) Батыс Вьетнам орманын осы заттармен өңдеген. Нәтижесінде орасан зор орман массивтері (джунгли, мангрлы ормандар) орны толмастай зардап шеккені жайлы мағлұматтар жеткілікті.

Өсімдіктер арасында ластануға сезімтал және төзімді түрлері де кездеседі. Сондықтан өсімдіктің ластану дәрежесіне өсімдіктердің төзімділігі туралы айту маңызды. Көбінде газдарға төзімділік жиі кездеседі. Ол суыққа, құрғақшылыққа т.б. экстрималды әсерлерге төзімділік сияқты пайда болады. Сондықтан да бұл зиянды зат пайда болғанда өсімдіктің оған қарсы тұру қабілеті жоқ болғанда, ол басқа экологиялық факторлардан қорғану құралдарымен төзімділік көрсетеді. Кейін уақыт өте келе ластану түріне орай бейімделе түседі. Алайда, ортаның ластануына төзімділікпен байланысты физиологиялық және морфологиялық белгілерін атау қиын.
Бақылау сұрақтары:

1. Антропогендік әсер-ықпалдардың негізгі түрлерінің топтамасымен танысу.

2. Флораны байыту жолдарына талдау жасау.

3. Өсімдіктер ареалдарының таралуы немесе олардың түрлерінің жойылуына сипаттама беру.

4. Антропогендік әсерлердің формалары: тікелей әсері, жанама әсері, жоспарлы әсері, белгілі мақсат бойынша әсері, ойланып істелген, ойланбай істелген істер әсеріне сипаттама беріп, мысалдар арқылы талдау жасау.

5. Флораны байыту жолдарымен танысып, талдау жасау. Өсімдіктер ареалдарының таралуы немесе олардың түрлерінің жойылуының себептерін анықтау.



Әдебиеттер тізімі


1

Абдрахманов О.А. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы /-Алматы: Мектеп,1972.-248 бет.

2

Агаханянц О. Ботаническая география СССР.: Учеб. пособ. для пед. ин-тов / О. Агаханянц -Минск: Вышейшая шк., 1986.

3

Агроклиматический атлас мира/ Под. ред. И.А. Гольцберг. – М. – Л.: Гидрометеоиздат, 1972.

4

Акимова Т. А., Хаскин В. В. Экология: Учеб. для вузов / Под общ. ред. В. В. Хаскина.- М.: ЮНИТИ, 1998.- 455 с.

5

Александров В.Я. Клетки, макромолекулы и температура /В.Я. Александров– Л.: Наука, 1975, 328 с.

6

Алексеенко В. А. Биосфера и жизнедеятельность: Учеб. пособие для вузов / В. А. Алексеенко Л. П. Алексеенко.- М.: Логос, 2002.- 212 с.: ил.- (УЧЕБНИК XXI ВЕКА).

7

Алексеев В.А. Световой режим леса /В.А. Алексеев – Л.: Наука, 1975, 226 с.

8

Алехин В.В. География растений (основы фитогеографии, экологии и геоботаники)/В.В. Алехин – М.: Учпедгиз, 1950, 419 с.

9

Арыстанғалиев С.А. Қазақстан өсiмдiктерi: Ғылыми және халық атаулары./ С.А. Арыстанғалиев -Алматы: Ғылым,1997.-288 бет.

10

Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы: оқу құралы /Ә.Ә. Әметов -Алматы: Қазақ университеті.- 1-бөлім: Археониялы өсімдіктер.-2000.-260 бет.

11

Методика изучения фенологии растений и растительных сообществ/ И.Н. Бейдеман– Новосибирск: Наука, 1974.

12

Цитологические основы экологии растений. – Пер. с нем./Р. Библь– М.: Мир, 1965.

13

Ритмы физиологических процессов. – Пер. с нем./Э. Бюннинг – М.: ИЛ, 1961.

14

Валова (Копылова), В. Д. Основы экологии: учеб. пособие / В. Д. Валова (Копылова).- Изд. 5-е, перераб. и доп.- М.: Издат.- торговая корпорация Дашков и К. 2005.- 264 с.

15

Растительность земного шара. – Сокр. пер. с нем. /Г. Вальтер– М.: Прогресс, т. I, 1967, т. II, 1974, т. III, 1975.

16

Ван дер Вин Р. Свет и рост растений./Р. Ван дер Вин, Г. Мейер – М.: Сельхозгиз, 1962.

17

Ойкологическая география растений. – Пер. с нем./Е. Варминг– М.:1901.

18

Васильев И.М. Как зимуют растения./И.М. Васильев – М.: Колос, 1970.

19

Вент Ф. В мире растений. – Пер. с англ. /Ф. Вент– М.: Мир, 1972, 190 с.

20

Вернадский В.И. Биосфера./В.И. Вернадский– М.: Научное хим.-техн. изд-во, 1926.

21

Виноградов Б.В. Растительные индикаторы и их использование при изучении природных ресурсов./Б.В. Виноградов– М.: Высшая школа, 1964, 324 с.

22

Водный обмен в основных типах растительности СССР/Под. ред. Галазия Г.И. и Бейдеман И.Н. – Новосибирск: Наука, 1975, 361 с.

23

Воронов А.Г. Геоботаника (гл. 2 и 6)./А.Г. Воронов– М.: Высшая школа, 1973, 382 с.

24

Воронов А. Г. Биогеография мира: Учеб. для ун-тов по спец. География / А. Г. Воронов Н. Н. Дроздов, Е. Г. Мяло. М.: Высш. шк., 1985.- 272 с.

25

Воронов А. Г. Биогеография с основами экологии: Учеб. для студ. вузов / А. Г. Воронов.- 2-е изд., перераб. М.: Изд-во МГУ, 1987.- 260 с.

26

Воронков Н.А. Основы общей экологии. Общая, социальная, прикладная: Общеобразовательный курс: Учеб. для вузов: Пособие для учителей.- 4-е изд., дораб. и доп. /Н.А. Воронков - М.: Агар: Рандеву-АМ, 1999.- 96 с.

27

Второв П. П. Биогеография: учеб. для вузов / П. П. Второв, Н. Н. Дроздов.- М.: ВЛАДОС-ПРЕСС, 2001.- 304 с.: ил.- .

28

Гринин А. С. Экологический менеджмент: Учеб пособие для вузов / А.С. Гринин

29

Гринин Н./Н.А. Гринин, С. Орехов - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.- 206 с.

30

Гейгер Р. Климат приземного слоя воздуха. – Пер. с нем./Р. Гейгер– М.: ИЛ, 1960.

31

Генкель П.А., Кушниренко С.В. Холодостойкость растений и термические способы ее повышения./П.А. Генкель, С.В. Кушниренко– М.: Наука, 1966.

32

Гордеева Т. Н. Практический курс географии растений: учеб. пособие для вузов / Т. Н. Гордеева, О. С. Стрелкова.- М.: Высш. шк., 1968.- 355 с.

33

Горышина Т. К. Практикум по экологии растений: Учеб. пособие.- СПб.: Изд-во ун-та, 1992.

34

Горышина Т. К. Экология растений: Учеб. пособие для вузов / Т. К. Горышина.- М.: Высш. шк., 1979.- 369 с.: ил.

35

Данилов-Данильян В. И. Экологический вызов и устойчивое развитие: [Учеб. пособие] / В. И. Данилов-Данильян, К. С. Лосев.- М.: Прогресс-Традиция, [2000] .- 415 с.

36

Даддингтон К. Эволюционная ботаника. – Пер. с анг./К. Даддингтон– М.: Мир, 1972, 307 с.

37

Дажо Р. Основы экологии. – Пер. с франц. /Р. Дажо – М.: Прогресс, 1975, 415 с.

38

Двораковский М.С. Экология растений. – Метод. указания для студ.-заочн. III курса биол.-почв. ф-ов гос. ун-тов. – 2-е изд., доп./М.С. Двораковский– М.: Изд-во МГУ, 1970.

39

Ефимова Н.А. Фотосинтетически активная радиация на территории СССР. – В кн.: Фотосинтезирующие системы высокой продуктивности./Н.А. Ефимова– М.: Наука, 1966.

40

Завадский К.М. Вид и видообразование. /К.М. Завадский– Л.: Наука, 1968.

41

Иванов А.Ф. Рост древесных пород и кислотность почв. / А.Ф. Иванов– Минск: Наука и техника, 1970, 216 с.

42

Илькун Г.М. Газоустойчивость растений. Вопросы экологии и физиологии./Г.М. Илькун– Киев: Наукова думка, 1971, 146 с.

43

Качинский Н.А. Почва, ее свойства и жизнь. /Н.А. Качинский – М.: Наука, 1975, 289 с.

44

Константинов В. М. Экологические основы природопользования: Учеб. пособие для сузов / В. М. Константинов, Ю. Б. Челидзе.- М.: Академия: Высш. шк., 2001.- 208 с.

45

Кулагин Ю.З. О критических периодах в онтогенезе растений. – Журн. общ. биол., 1972, т. 33, № 6.

46

Кулагин Ю.З. Древесные растения и промышленная среда./ Ю.З. Кулагин– М.: Наука, 1974, 173 с.

47

Культиасов И.М. Особенности высокогорных растений Западного Тянь-Шаня./И.М. Культиасов– М., 1955.

48

Лархер В. Экология растений. – Пер. с нем. /В. Лархер– М.: Мир, 1978.

49

Леме Ж. Основы биогеографии. – Сокращ. пер. с франц./Ж. Леме– М.: Прогресс, 1976.

50

Ливчак И.Ф. Охрана окружающей среды: Учеб. пособие./ И.Ф. Ливчак, Ю. Воронов - М.: Стройиздат, 1988.

51

Лобанов Н.В. Микотрофность древесных растений./Н.В. Лобанов– М.: Лесная промышленность, 1971.

52

Лозановская И. Н. и др. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении: Учеб. пособие / И. Н. Лозановская, Д. С. Орлов, Л. К. Садовникова.- М.: Высш. шк., 1998.- 287 с.: ил.

53

Малкина И.С., Цельникер Ю.Л., Якшина А.М. Фотосинтез и дыхание подроста./И.С. Малкина, Ю.Л. Цельникер, А.М. Якшина – М.: Наука, 1970, 183 с.

54

Молчанов А.А. Влияние леса на окружающую среду./А.А. Молчанов– М.: Наука, 1973.

55

Молчанов А.А. Лес и климат. – М.: Изд-во АН СССР, 1961, 279 с.

56

Никаноров А. М. Глобальная экология: Учеб. пособие / А. М. Никаноров, Т. А. Хоружая.- М.: ПРИОР, 2001.- 304 с.

57

Новиков Ю. В. Экология, окружающая среда и человек: [Учеб. пособие для вузов, сред. шк., колледжей] / Ю. В. Новиков.- М.: ФАИР-ПРЕСС, 2000.- 320 с

58

Одум Е.Р. Экология. – Пер. с англ. – М.: Просвещение, 1968.

59

Одум Ю. П. Экология: в 2 т.: учеб. пособие / Ю. Одум; пер. с англ. Б. Я. Виленкина; под ред. В. Е. Соколова.- М.: Мир, 1986-. Т. 2.- 1986.- 376 с.: ил.

60

Одум Ю. П. Экология: в 2 т.: учеб. пособие / Ю. Одум; пер. с англ. Ю. М. Фролова; под ред. В. Е. Соколова.- М.: Мир, 1986-. Т. 1.- 1986.- 328 с.: ил.

61

Одум Ю. Основы экологии. – Пер. с 3-го англ. издания. – М.: Мир, 1975, 740 с.

62

Охрана окружающей среды: Учеб. для вузов / Авт.- сост. А. С. Степановских.- М.: ЮНИТИ, 2000.- 559 с.

Панин М. С. Экология Казахстана: учеб. для эколог. и биол. спец. вузов / М. С. Панин; под ред. И. О. Байтулина; М-во образования и науки РК.- Семипалатинск: [Изд-во СГПИ] , 2005.- 548 с.: ил.



63

Первушин С. П. Решающие условия предотвращения глобальной экологической катастрофы на Земле: Обоснование концепции: [Учеб. пособие] .- М.: [Вузовская книга] , 1997.- 48 с.

64

Петров К. М. Общая экология. Взаимодействие общества и природы: Учеб. пособие для вузов.- 2-е изд., стереотип.- СПБ.: Химия, 1998.- 352 с.

65

Пехов Александр Петрович. Биология с основами экологии: Учеб. / А. П. Пехов.- СПб.: Лань, 2000.- 672 с.

66

Пономарева И. Н. Общая экология: Учеб. пособие / И. Н. Пономарева ЛГПИ.- Л.: Б. и., 1975.- 162 с.: ил.

67

Пономарева И.Н. Общая экология./И.Н. Пономарева – Л.: ЛГПИ им. Герцена, 1975, 161 с.

68

Пономаренко О. И. Мониторинг и методы контроля объектов окружающей среды: Учеб. пособие / О. И. Пономаренко, А. Г. Сармурзина; Каз. гос. нац. ун-т.- Алматы: Үаза· университетi, 1998. 146 с.

69

Поплавская Г.И. Экология растений./Г.И. Поплавская–М.: Сов. наука, 1948, 126 с.

70

Поплавская Г. И. Экология растений: учеб. пособие для вузов / Г. И. Поплавская.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Сов. наука, 1948.- 293 с.: ил.

71

Протасов В.Ф. Экология, здоровье и охрана окружающей среды в России: Учеб. и справ. Пособие./В.Ф. Протасов - М.: Финансы и статистика, 1999.- 672с.: ил.

72

Протасов, В. Ф. Экология, здоровье и охрана окружающей среды в России: Учеб. и справ. пособие / В.Ф. Протасов. 2-е изд.- М.: Финансы и статистика, 2000.- 672 с.

73

Протасов В. Ф. Экология: Термины и понятия. Стандарты, сертификация. Нормативы и показатели: Учеб. и справ. пособие / В. Ф. Протасов, А. С. Матвеев.- М.: Финансы и статистика, 2001.- 208 с.

74

Работнов Т.А. Изучение ценотических популяций в целях выяснения «стратегии жизни» видов растений. – Бюлл. МОИП. Отдел. биол., 1975, т.80, № 2.

75

Радкевич В. А. Экология: краткий курс: учеб. для биол. фак. пед. ин-тов / В. А. Радкевич.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Высш. шк., 1983.- 320 с.: ил.

76

Рафес П.М. Роль и значение насекомых в лесу. – М.: Наука, 1964.

77

Ричардс П.У. Тропический дождевой лес. – Пер. с англ. – М.: ИЛ, 1961, 448 с.

78

Росс Ю.К. Радиационный режим архитектоника растительного покрова. – Л.: Гидрометеоиздат, 1975, 338 с.

79

Сапожникова С.А. Микроклимат и местный климат. – Л.: Гидрометеоиздат, 1950, 239 с.

80

Серебряков, И. Г. Экологическая морфология растений: жизненные формы покрытосеменных и хвойных / И. Г. Серебряков.- М.: Высш. шк., 1962.- 378 с.: ил.

81

Серебрякова Т.И. Учение о жизненных формах на современном этапе. – Итоги науки и техники. Ботаника. – М.: Изд. ВИНИТИ, 1972, с. 84-169.

82

Строгонов Б.П. Метаболизм растений в условиях засоления. – Тимирязевские чтения, XXXIII. – М.: Наука, 1973, 50 с.

83

Сукачев В.Н., Дылис Н.В. (ред.). Основы лесной биоценологии. – М.: Наука, 1964, 567 с.

84

Тихомиров Ф.А. Действие ионизирующих излучений на экологические системы. – М.: Атомиздат, 1972, 183 с.

85

Тишлер В. Сельскохозяйственная экология. – Пер. с нем. – М.: Колос, 1971, 456 с.

86

Уоллес А.Р. Тропическая природа. – 3-е изд. – М.: Мысль, 1975, 222 с.

87

Уорд Б., Дюбо Р. Земля только одна. – Сокращ. пер. с англ. / Б. Уорд, Р. Дюбо - М.: Прогресс, 1975, 318 с.

88

Фарб П. Популярная экология. – М.: Мир, 1971.

89

Федорова А. И. Практикум по экологии и охране окружающей среды: учеб. пособие для вузов / А. И. Федорова, А. Н. Никольская.- М.: ВЛАДОС, 2003.- 288 с.: ил.- .

90

Федцов В. Г. Экология и экономика природопользования: Учеб.- метод. пособие / В. Г. Федцов, Л. А. Дрягилев; Под ред. П. В. Забелина.- М.: РДЛ, 2002.- 232 с.

91

Фурсов В. И. Экологические проблемы окружающей среды: учеб. пособие для вузов / В. И. Фурсов.- Алма-Ата: Ана тiлi, 1991.- 191 с.: ил.Ҳ

92

Цельникер Ю.Л. Адаптация лесных растений к затенению. – Ботан. журн., 1968, т. 53, № 10, с. 1468-1491.

93

Чандлер Т. Воздух вокруг нас. – Л.: Гидрометеоиздат, 1974, 143 с.

94

Чернова Н. М. Экология: Учеб. пособие / Н. М. Чернова, А. М. Былова.- 2-е изд., перераб.- М.: Просвещение, 1988.- 272 с.: ил.- (Учеб. пособие для пед. ин-тов).

95

Чистик О. В. Экология: Учеб. пособ.- 2-е изд.- Мн.: Новое знание, 2001.

96

Шамилева И. А. Экология: учеб. пособие для вузов / И. А. Шамилева.- М.: ВЛАДОС, 2004.- 144 с.- (Учебное пособие для вузов).

97

Шарипханова А.С. Автореферат «Қала жағдайында өсетін екпе ағаш жапырағына ластанған ауаның әсері» /А.С.Шарипханова/Өскемен, 2003, -29б.

98

Шенников А.П. Экология растений. /А.П. Шенников– М.: Сов. наука, 1950.

99

Шенников А.П. Введение в геоботанику. – Раздел «Экология фитоценозов». /А.П. Шенников– Л.: Изд-во ЛГУ, 1964, 446 с.

100

Шилов И. А. Экология: Учеб. для вузов.- 2-е изд., испр./И.А. Шилов - М.: Высш. школа,

2000.- 512 с.



101

Штина Э.А., Голлербах М.М. Экология почвенных водорослей. / Э.А. Штина, М.М. Голлербах– М.: Наука, 1976, 140 с.

102

Шульгин И.А. Растение и солнце./И.А. Шульгин – Л.: Гидрометеоиздат, 1973, 251 с.

103

Эмме А.М. Биологические часы. /А.М. Эмме – Новосибирск: Наука, 1967, 147 с.

104

Эренфельд Д. Природа и люди. / Д. Эренфельд– М.: Мир, 1973.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет