А. С. Шарипханова



бет11/12
Дата13.06.2016
өлшемі2.17 Mb.
#133090
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бір биоценозда тіршілік ететін өсімдіктер, осы биоценоздың басқа да өсімдіктеріне әсер етеді. Әсер етудің түрлері өте көп. Оларды тура және жанама деп ажыратуға болады.

Тура әсер етуге: паразиттердің шабуылы, симбионттардың әсері, көршілес өсімдіктердің өте жақын орналасуы (механикалық әсер) жатады.

Өсімдік - иесі және өсімдік арасында, өсімдік-иесі паразитке қарсы ауыруды жұқтыртпауға тырысса, ал паразит керісінше ауыруға шалдықтыруға тырысады. Мысалы: бидайдың және астық тұқымдастарының кейбір сорттары тат басқан саңырауқұлақтарға қарсы иммунитеттері қалыптасқан. Қорғаныш белгісін жасуша шырынының реакциясы, ферметтер, плазмамен бөлінгендер, жабындық ұлпалардың ерекшелігі, паразитті саңырауқұлақтардың жіп шумақтарының (гифтерінің) өтуіне қарсы тұра алатыны (қалың кутикула, балауызды өңез және т.б.) белгілі.

Улану кезінде, уланған өсімдік паразит үшін қоректік орта болып табылады және ол өсіп, көбейген сайын өсімдік оның әсерін сезінеді. Паразиттің көбеюі, осы өсімдіктің паразиті үшін қолайлы болуына: біріншіден, қоректік орта, өсімдік иесінің ұлпасындағы жасушалардың болуына; екішіден, сыртқы жағдайларға байланысты.

ТМД елдерінің жоғарғы сатыдағы өсімдіктерінің ішінде Cuscutа және Orobanche, hatharaea Sguamaria осы және т.б. түрлері паразитті болып табылады. ТМД флорасының жартылай паразитті түрлері Alectorolophus, Euphrasia, Odontites, thesium Viscum, бір жаздық Pedicularis.

Сибионтты қатынастардың ішінде ең көп кездесетін формалары жоғары сатыдағы өсімдіктер және микориза-саңырауқұлақтары.

Эндотрофты және эктротофты микоризалар саңырауқұлақтармен жоғарғы сатыдағы өсімдіктің қатынасында айырмашылық бар.

Эндротофты микрозизаның екі симбионты да бір-біріне қажет, паразитті тіршілік етеді. Сондықтан да эндотрофты өсімдіктер саңырауқұлақсыз өсе алмайды, ал саңырауқұлақ өсімдіктің көмегінсіз тіршілік ете алмайды.

Орхидея тұқымдастары, вереск тұқымдастары, кейбір көпжылдық астық дақылдары (Narolys Stricta, Festyca Ovina және т.б) эндротофты микрозизаның көмегімен, олар азоты аз топырақтарда да тіршілік ете алады. Саңырауқұлақтар арқылы қоректенуде, редукцияға ұшырағандықтан, тамыр толық жағалауына және өз бетімен минералды заттарды топырақтан ала алмайды.

Кейбір орхидея мен вереск тұқымдастары толық саңырауқұлақтар арқылы қоректенуге көшкендіктен, хлорофилдерін де жоғалтқан. Осындай сопрофитті хлорофилсіз орхидеялар тұқымдастары (Neottia niocus avis Corallorhiza innata, Epipogon aphyllus және т.б.) және Monotropa. Экзотрофты микоризалар симбиоз паразитизм элементтерінен жартылай айырылған. Саңырауқұлақ жіпшелері тек ұсақ тамыршаларды жіпшелі жіпшумақтармен қоршап жатады. Жіпшелер тамыр жасушаларының ішіне енбейді. Жіпшелердің сопақшаланған ұштары тамыр жасушаларының сыртынан тығыз бекиді, кейде олардың бүйір қабырғаларының ортасынан өтеді. Экзотрофты микоризалар ағаш және бұталарда кездеседі (ақ қарағандарда, қайыңда, бересклетте және басқаларда табылмайды). Бұл микотрофтылар мүлде тіршілік ете алмайды (облигатты микотрофтылар) қысқа тіршілік етеді, (факультативті микотрофтылар). Перитрофты және жалған микоризалар сиректеу орналасқан және олар тамырға тығыз бекімейді, саңырауқұлақ жіпшумағы іс-жүзінде ризосфераның саңырауқұлақты бөлімін ұсынады. Өсімдіктер арасындағы симбионтты қатынастардың мысалы ретінде - қыналарды айтуға болады. Олардың симбиозында паразитизмнің де және бірігіп өмір сүрудің элементтері бар.

Өсімдіктер арасындағы негізгі форманы эпифиттілік көрсетеді. Эпифиттер басқа өсімдіктердің денесінде тіршілік етеді. Ағаштарда осындай эпифитті балдырлар кездеседі: Pleurococcys, Trentepholia.Pleurococcys, Trentepholia.Pleurococcys, Trentepholia. Эпифиттер үшін басқа өсімдіктің беті қоныстану үшін азды-көпті оған керекті территория болып табылады.

Беті (тегіс, кедір бұдырдан жаратылған) және жабындық ұлпаларының химимизімі бойынша діңі эпифиттерге қолайлы, басқаларына қолайсыз немесе бәріне қолайсыз және тағы басқа мысалы, қыналар Xanthoria parietina көк терек пен қандыағашта, бірақ шырша мен ақ қайында емес.

Эпифитті қыналар мен мүктер ылғалдың көп немесе аз болуына бейімделген, ылғалды тез сіңіреді, ал құрғақшылық кезінде, ұзақ уақытқа дейін анабиозға батады. Қыналардың құрылысында ксероморфоздың белгілері бар (жіпшелердің қалың қабаттылығы, қабық қабаттың түзілуі).

Фитоценозда өсімдіктердің бір-біріне жанама әсерлері әртүрлі және күрделірек. Бірігіп тіршілік ететін өсімдіктер бір-бірінен су мен минералды қоректі тартып алады.

Өсімдік толық қоректің орнына жартылай қоректеніп тамақ ішсе, бұл оған кері әсерін тигізбей қоймайды. Жақын өсетін ағаштар бірін-бірі көлеңкелетіп тұрады және олардан да төмен бойлы өсімдіктер олардың ішінде, ауаның жетіспеуіне әсерін тигізеді. Жақындағы өсімдіктердің көлеңкеленуінен ауаның ылғалдылығын көбейтеді және жарық ырғағын өзгертеді: бұдан шығатын қорытынды, топырақтың су ырғағына, топырақтың микробиологиясына, көлеңкеленген өсімдіктердің транспирациясына және су шаруашылығына әсер етеді.

Бірігіп тіршілік ететіндер топырақты өзгертеді, байытады, мысалы, гумус топырақты қоректік элементтермен байытып, басқаларын кемітеді, топырақ ылғалдылығын көбейтеді немесе төмендетеді, яғни ылғалдылығын және т.б. өзгертеді.

Тағы да бір өсімдіктердің өзара қатынастарының маңызды түрлерінің бірі – химиялық бөлінділер арқылы әсер ету. Тірі өсімдіктер қоршаған ортаға (ауаға, суға, топыраққа) гутация үрдісі кезінде әртүрлі заттар, шірнеліктер секрециясын, эфир майларын, шайыр және т.б. бөліп шығарады. Жаңбыр суларымен минералды тұздар шайылады. Ағаш өсімдіктерінің жапырақтарынан калий, натрий, магний және басқа иондардың шайылатыны жайлы деректер белгілі. Өсімдіктер ұлпаларының және мүшелерінің бүтіндігі бұзылғанда және өсімдіктің өлген бөліктерінен ұшқыш заттар – фитонцидтер деп аталатын бөлінділер шығарады.

Өсімдіктердің химиялық бөлінділері құрамдастары үшін және бірлестіктегі өсімдіктер арасындағы өзара қатынас тәсілі болады. Бұндай химиялық өзара әсерлер аллелопатия деп аталады. Зертханалық тәжірибелерде бір өсімдіктің екінші бір өсімдікке әсері химиялық жолмен дәлелденген, әсер ететін агент ретінде өсімдік ұлпасының, тамыр бөлінділерінің және т.б. сұйықтығының тұнбасы, ал тест ретінде – мәдени немесе жабайы өсімдіктердің өскіншелері (мысалы, күріш, редис, қыша, сұлының колеоптилийлері) қолданылады.дегенмен де, осы экспериментальды деректер арқылы табиғи жағдайлардағы өсімдіктер бірлестіктерінің бөліп шығаратын заттарының рөлі жөнінде айту жеткіліксіз. Себебі, бұл заттар сұйытылады, химиялық қосылыстармен байланысқа түседі немесе ыдырайды. Зертханалық тәжірибенің нысаны есебінен көрі, олардың жабайы түрлердің флорасына әсері басқадай болуы мүмкін. Осыған қарамастан, көптеген авторлар – физиологтар мен геоботаниктер - өсімдіктердің өзара химиялық қарым-қатынасына зор мән береді. Өйткені, сол немесе басқа өсімдіктер түрлерінің бірлесіп тіршілік ету мүмкіндіктері мен өсімдіктер қауымдастықтары мен бірлестіктерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Қазіргі кездегі химиялық әсерлердің мүмкіншіліктерін өте жақын өсетін өсімдіктердің бойындағы белгіленген атомның екінші бір өсімдіктің ағзасына заттардың миграциясының көмегімен анықтайды.

Өсімдіктердің жанама трансбиотикалық қатынастарының нәтижесінде, физиологиялық үрдістердің өзара өзгерістерінің дәрежесіне дейін жетеді.

Әртүрлі өсімдіктердің түрлерінің ортаға әсер етуінің дәрежесі де біркелкі болмайды, олардың морфологиялық, биологиялық, маусымдық дамуы және т.б.ерекшеліктерімен байланысты болады. Аса белсенді және ортаны қатты өзгертетін өсімдіктер және басқа бірге тіршілік ететіндердің жағдайларын анықтайтындарды эдификаторлар деп атайды. Әлсіз және мықты эдификаторлар (немесе әлсіз және мықты эдификаторлық рөлді) деп бөледі. Мысалы, шыршалар, басқа өсімдіктердің тіршілік жағдайлары мен экологиялық факторлардың ырғағын анықтайды. Керісінше, өрнекті діңдері бар жапырақты өсімдіктер (қайың, қандыағаш), орманның шөптесін жамылғысы салыстырмалы түрде әлсіз эдификатор болып табылады.

Осымен қатар, ерекше ортатүзетін әсерлердің ерекше трансабиотикалық қатынастардың бір формасы ретінде бәсекелестікті ажыратады. Н.В. Дылистың айтуы бойынша, тіршілік ету ортасындағы энергетикалық және қоректік қордың негізінде туындайтын, өзара немесе бірбағыттағы теріс әсерлер деп анықтаған. Ылғалдылыққа тапшы облыстардағы өсімдіктерде топырақ ылғалдылығына және топырағы кедей жерлерде қоректік заттар үшін бәсекелестік өсімдіктердің тіршілігіне өте қатты әсер етеді.

Бір-біріне трансбиотикалық әсер ету - деп өсімдіктердің бір түрлерінің басқа түрлеріне басқа бір ағзалар арқылы ықпал жасауын айтады. Екі түрдің бір-біріне трансбиотикалық әсері айналма жолмен, үшінші бір түрге әсер ету арқылы болады. Мысалы, фитоценоздағы күрделі өсімдіктің біреуінің паразитті саңырауқұлақтың зақымынан нашарлап тіпті өліп кетуі мүмкін. Оны көршілес өсімдік пайдаланып босаған орынға орналасын алады.

Жайылымда өсімдіктің бір түрін малдың жеп қоюы қалған түрлердің көбеюіне мүмкінщілік туғызады. Демек, мал жейтін өсімдіктермен желінбейтін өсімдіктердің бір-біріне әсері бұл жағдайда жануарлар арқылы болады.

Бір өсімдіктің екінші бір өсімдікке аралық өсімдік арқылы жанама әсерін әртүрлі маусымдық экологиялық нишаларда болғанда көруге болады.

Ағзалардың кеңістікте таралуы өсімдіктер мен олардың қоректік және де басқа байланыстарымен, белгілі заңдылықтармен өте тығыз байланысты. Биогеоценозда белгілі топшаларды бөлуге болады – консорция, яғни әртүрлі ағзалардың өз тіршілігк ету барысындағы байланысы арқылы топтасуы. Мысалы, өзіне тән фитофагтары және жануарлар әлемінен паразиттерімен еменді, өсімдіктер және микроағзаларды, эпифиттер (мүктер, қыналар), симбионттарды (микориза) алуға болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Биотикалық факторлардың жүйелену негіздерін атаңыз.

  2. Өсімдіктерге басқа ағзалардың әсерлері қалай? Дәлел келтіріңіз.

  3. Жануарлардың өсімдіктерге жағымды әсерлері мен зиянды әсерлеріне дәлел келтіріңіз.

  4. Өсімдіктердің өзара қарым-қатынастарының түрлерін атаңыз.

  5. Эдификаторлардың маңызын ашып көрсетіңіз.

9 ТАРАУ АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР


Адам экожүйенің гетеротрофты бірлігі ретінде ерте уақыттан бері өсімдіктер жамылғысына әсерін тигізген. Терімшілік заманында өсімдіктерге адамның әсер етуі жануарлардың әсерінен айырмашылық жасамағаны белгілі болған. Тек адамның еңбек ету әрекеті дамыған уақыттан бастап, өсімдіктер мен олардың өмір сүру ортасына адамның әсері күшейді, жаңарды және әр түрлілік сипатқа ие болды.
9.1 АДАМНЫҢ ӨСІМДІКТЕРГЕ ӘСЕР ЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ
А.Шенниковтың пікірінше, адамның өсімдіктерге әсер етуінің екі типі бар: біріншісі - тікелей (соның ішінде еңбек іс-әрекетімен байланысты): өсімдіктерді жинау, басу, ору т.б.; ал екіншісі - жанама әсер етуге өсімдіктердің табиғи өмір сүру орталарын өзгертуі мысал бола алады. Адамның іс-әрекеті қоршаған ортаға шартты түрде оң және теріс әсерлерін тигізуі мүмкін. Адамның өсімдіктерге және өсімдіктер жабынына әсерінің негізгі формалары туралы түсінік (1973 жыл, А.Г.Воронин бойынша) берілген (2 - кесте).
2 - Кесте - Адамның өсімдіктер мен өсімдіктер жабынына әсерлерінің формалары

Өсімдіктер ареалының өзгеруі

Адамның өсімдіктер жабынына әсері

Табиғатқа зиян келмейтін жаңа өмір сүру орталарын құруы

Мәдени фитоценоздардың құрылуы

Өсімдік жабынын қорғау

Өсімдіктерді әкелу
Ареалдарды қысқарту және өсімдіктерді құрту

Жер жырту

Құрғақшылық

Орман ағаштарын кесу

Өрт


Жабайы жануарлардың кетуі

Ору


Түтін, газ сияқты ауадағы зиянды заттар әсері,

Рудалық кен алаңдарын құру
Өндірістік т.б. қалдық өнім тастау орындарын құру

Мәдени фитоценоздардың құрылуы

Өсімдік жабынын қорғау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет