Жұмыстың барысы
А. Хлор-ионды анықтау
Алдымен топырақты майдалап үгiтiп, електен өткiзедi де шамамен 25 грамын 100 мл колбаға салып, үстiне 50 мл дистильденген су құяды, 15 мин шайқап араластырып, фильтрлейдi. Осыдан кейiн 5 мл топырақ вытяжкасының үстiне 1-2 тамшы азот қышқылын (HNO3) бiрнеше тамшы азот қышқылы күмiс ерiтiндiсiн (AgNO3) тамызып араластырады, түзiлген тұз қышқылының күмiс тұзының тұнбасы (AgCl) хлор ионы бар екенiн дəлелдейдi.
Б. Сульфат-ионды анықтау
1 см 3 фильтратты пробиркаға құйып, үстiне бiрнеше тамшы концентрациялы тұз қышқылын, 1-2 см3 барий хлоридi ерiтiндiсiн құяды. Пробиркадағы ерiтiндiнi қайнағанша қыздырады. Ерiтiндiде сульфат болған жағдайда төмендегiдей реакция жүредi:
Na2 SO4 + BaCl2 = NaCl + BaSO4↓
Барий сульфаты ақ майда кристалл түрiнде тұнбаға түседi.
В. Кальцийдi анықтау
2 см3 фильтратты пробиркаға құйып, үстiне 1-2 тамшы 10% тұз қышқылын, 1-2 см3 4% қымыздық қышқыл аммоний тұзы ерiтiндiсiн құяды. Ерiтiндiде кальций болған жағдайда төмендегiдей реакция жүредi:
CaCl2 + (NH4)2 C2O4 = CaC2O4 + 2NH4Cl
Г. Нитраттарды анықтау
Пробиркаға 2 см3 фильтратты құйып, үстiне тамшылатып күкiрт қышқылындағы дифениламин ерiтiндiсiн құяды. Ерiтiндiде нитрат-ион болған жағдайда ерiтiндi көк түске боялады.
Мына тапсырманы орындап, бақылау сұрақтарына жауа беру:
1. Хлор-ионды анықтау әдісінің маңызы қандай.
2. Сульфат-ионды анықтау әдісінің маңызы қандай.
3. Кальцийдi анықтау әдісінің маңызы қандай.
4. Нитраттарды анықтау әдісінің маңызы қандай.
Оқытуға арналған әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер: 3,6,8,9
Қосымша әдебиеттер: 6,10,11,15,17,18
Достарыңызбен бөлісу: |