Жұмыстың барысы:
Цилиндрге сүзiлген зерттелетiн суды құйып, кесте бойынша дайындалған ерiтiндiлер құйылған цилиндрмен салыстырып табады. Бұдан да дəлiрек фотокалориметрмен анықтауға болады. Ол үшiн хром-кобальт шкаласы бойынша градуирленген график сызады. Түсi əртүрлi ерiтiндiлердi көк спектрлi 5 см-лiк кюветамен фотокалориметрде өлшейдi.
Түсi 350 жоғары суды ауыз суға пайдалануға болмайды.
Исi: Судың исi балімен есептеледi. Исi жоқ су 2 баллдан аспау керек.
Материалдар мен құрал-жабдықтар:
1. Тығынды колба;
2. 200 мл конустық колба;
3. сағат шынысы;
4. электр плиткасы;
5. термометр;
6. зерттелетiн су.
Жұмыстың барысы
Тығынды колбаның 2/3 бөлiгiне зерттелетiн су құйып, жақсылап шайқап араластырып, тығынын ашып, исiн байқайды. Иiстiң интенсивтiлiгi 5 баллдық шкаламен есептеледi.
0 — иiссiз, 1- өте əлсiз, 2- əлсiз, 3 — иiстi, 4 — iшуге жарамсыз, 5- өте қатты истi су.
Судың исiн төмендегiдей терминология бойынша сипаттайды:
Символы
|
Иiстiң сипаты
|
А
|
Хош иiстi
|
Б
|
Балшық иiстi
|
В
|
Шiрiген иiстi
|
Г
|
Ағаш иiстi
|
Д
|
Жер иiстi
|
З
|
Көгерген
|
П
|
Балық иiстi
|
Р
|
Күкiртсутек иiстi
|
С
|
Шөп иiстi
|
Т
|
Белгiсiз иiс
|
Дəмi:Судың дəмi баллмен анықталады. 2 баллдан аспайтын су жарамды су болып табылады. Судың дəмi де исi арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |