Абай шыєарма шыєармасын оќыту


Абайдың қара сөздерінің мәнін ашуға арналған тәрбие сағаты



бет12/16
Дата19.04.2024
өлшемі337 Kb.
#499244
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Абай шығармаларын оқытудың бастауышта тиімділігі

Абайдың қара сөздерінің мәнін ашуға арналған тәрбие сағаты
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.
Сабақтың мақсаты:
а) Абай өмірі мен қара сөздеріне түсінік беру.
б) Сол қара сөздердегі адамға тиісті қасиеттерді бойға жинау
басқа қасиеттерден жирену.
в) Еңбекқорлыққа, адамшылыққа, мейірбандылықка тәрбиелсу.
1-көрініс
1-жүргізуіді:
Жүрегін шырақ етіп, жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып кейнгіге қалдырган кім?
2-жүргізуші
Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Талабын тас қияга өрлетксн кім?
Құба жөн, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
(Сахнаға үлкен етіп салынған Абай суреті түсірілген. Абай оқушы, жасырынып тұрып, болашаққа өсиет айтып тұрғаіндай).
Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
(Сахнаға қайтадан жүргізушілер шығады). Жүргізуші: Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен, де тересін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үсітем. Абай қазақтың бар жерінің, бар жерідің туын ұстап тұрған кемеңгер.
2-жүргізуші: Абай мерекесі — халық мерейі. Абай биіктсген сайын казақ та биіктей береді. Сол биіктен көз жазбау - біздің парызымыз да қарызымыз.
(Жүргізушілер Абай суретінің алдына келіп тағзым етсеі).
Абай ата Қасиетті ұлы абыз, өзіңіз үміт еткен шеберлерін, сіз туралы толгап, сіз туралы сыр шерттік. Қабыл ал, жас өрендеріңді, ақ ақ батаңды бер біздің талабымызға. Жатқан жерің, туған топырағыңның торқасынан тұрып, бір сәт болса да бізге орал, ортамызда бол.
Енді ортамызға оқушылар шығады.
Абай біздің - кемеңгер
Теңгесі жоқ, асқар биік шыңымыз.
Ақ ииетті, әділетшіл шынымыз
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз.
Абай 1845 жылы туған. Абай қазақтың аса көрнекті ағартушы ақыны болды. Ол Семей облысының Шыңғыстау ауданында (қазіргі Абай ауданы) туған. Абайға балалық шағында-ақ өз халқының ауыр мұңын, мұңды өмірін көруге тура келеді. Парасатты болып туған
Шыңғыстаудың Абайы
Ән мен жырын мұра қылған
Сарыарқаның Абайы
Нақылымен сана құйған
Қазағымның Абайы
Ақылымен дана болған
Бүкіл әлем Абайы.
Бастауыш білімді ол өзінің туған ауылындағы молдалардан, ал орта білімді Семейде алады. Онда Абай мұсылман мектебін бітірді.
Абай біздің – ақылпаз
Үйренетін өнер, білім пәніміз.
Сарқылмастай ғибарат алар нәріміз
Әуелете асқақ салар әніміз.
Абайдың әкесі ұлын өзіне сенімді серік етпек болды. Сондықтан ол Абайды оқудан шығарып алып, оны қоғамдық іске араластырды, басқарудың қыр-сырын үйретеді.
Абай біздің - данышпан
Алға бастар шуақ шашар нұрымыз
Сусындайтыи мөлдір бұлақ суымыз
Мәуелі бақ, мәңгі жасыл нұрымыз
Биік ұстар тәуелсіздік туымыз.
Қазақ халқының тарихында Абайдың ролі ерекше зор. Абай қазақ әдебиетінің классигі, қазақтың әдеби тілін жасаушы.
Ұлы Абай әні орындалады.
2 көрініс
(Сахнада жас Абай - шәкірт жазу жазып отыр)
Әкесі Қүнанбай шығады:
Орайы келгенде айтармын деп жүр едім, сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда! Абай: - Айтыңыз әке!
Құнанбай: Ең әуелі арзан мен қымбатгылық нарқын айыр-майсың. Өзіндегі барынды арзан ұстайсың. Бұлдай бүлінесің: көп күлкіге, болымсыз ермекке асылынды шашасың. Жайдақсың! - Жайдақ суды ит те құс та жалайды. Екінші: дос пен қасты сараптмайсың, досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басыңа ел үйірмелейді. Үшіншісі: Орысшылсың. Солай карай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің!
Абай: - Осы айтқандарыңыздың үшеуіне де дау айтамын әке. Өзімідікі дұрыс деп айтамын. Ең әуелі жайдақ суға теңедіңіз. Қолымда құрал бар жалғыз жарымға пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды-құралсыз кәрі-жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші: ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел білмейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы әйт десе өргізігіп, тәйт десе жусататын болған. Бертін келе ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып шөк десең ақырын барып қана бұрылады. Ал қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді емес пе? Әке! Үшінші орысты айтасың. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы - білім өнер. Сол өнер - орыста. Мен барлық тірлік-тен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап кашықтауы надандық болса болар, бірақ қасиет болмас. Абай:
Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық.
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Соңда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жолда жоқ жарыместі "Жақсы" демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жок,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек
Біреуінің күні жоқ біреуіне ,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет