Абдиева Н. А. МӘтін және мәтінтүзу ұҒымдары



бет4/24
Дата10.05.2023
өлшемі242.01 Kb.
#473464
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
абдиева нураш

Зерттеудің нысаны қазақ тіліндегі мәтінтүзуші мағыналық-құрылымдық компоненттер және олардың мәтінтүзушілік қызметі алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Қазақ тіліндегі мәтінтүзуші мағыналық құрылымдық компоненттерді анықтап, олардың мәтін құрылымындағы мәтінтүзушілік қызметін талдауп, мәтінтүзімнің коммуникативтік-прагматикалық аспектілерін анықтау. Осыған байланысты мынадай міндеттерді шешуді көзделді:
-Мәтіннің зерттелуіне шолу жасау;
-Мәтін категорияларын саралап, мәтінтүзуші категорияларды анықтау;
Көркем мәтіндегі мәтінтүзуші фоносемантикалық және лексика-семантикалық факторларды анықтау;
-Фоносемантикалық доминант, дыбыстық қайталамалар мен дыбыстық символиканың мәтінтүзушілік қызметіне талдау жасау;
-Қазақ көркем мәтініндегі мәтінтүзуші лексика-семантикалық құралдарды саралау;
-Көркем мәтіндегі мәтінтүзуші грамматикалық факторлар мен олардың мәтінтүзімдік қызметін анықтау;
-Мәтінтүзімнің прагматикалық және коммуникативтік аспектілерін анықтау;
-Көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық ұйымдасуын мәтінтүзімдік фактор ретінде айқындау;
-Көркем мәтіндегі субьект категориясының мәтінтүзушілік қызметін дәлелдеу;
-Мәтін астарының имплицитті-коммуникативтік сипатын көрсету.
Зерттеу жұмысының материалдары ретінде ХХ ғасыр қазақ көркем прозасының көрнекті өкілдері Ж. Аймауытов, Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, О. Бөкей, С. Мұратбеков, С. Шаймерденов шығармалары алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері Жұмыста мәтін лингвистикасына арналған зерттеулердегі ой-пікірлерді түсіндіру, жинақтау, салыстыру, талдау, топтастыру, жүйелеу, сипаттау әдістері қолданылды.
Зерттеудің жұмысының әдістанымдық негіздері мәтін лингвистикасы, мәтін стилистикасы мен прагматикасы, тіл білімінің жекелеген мәселелерін зерттеуші А. Байтұрсынұлы[1], Қ. Жұбанов[2], М. Балақаев[3], Ә.Т. Қайдар[4], Р. Сыздық[5], Т. Қордабаев[6], Е. Жанпейісов[7], С. Құнанбаева[8], Б. Шалабай[9], С. Мұстафина[10],Г.Смағұлова[11], Г.Әзімжанова[12], Ж.Қайшығұлова[13], З. Тураева[14], сынды қазақ және шетел тіл білімі ғалымдарының мәтін теориясына, мәтінтүзім мәселелеріне қатысты айтқан ой-пікірлері құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет