Абдыкаликова Райхан Газизовна Құқықтық жанжалдарды шешудегі медиацияның ролі: теориялық және құқықтық талдау дипломДЫҚ ЖҰмыс 6B04201 "Құқықтану" білім беру бағдарламасы


Қазақстан Республикасындағы медиация институыныӊ ролі



бет7/9
Дата12.05.2024
өлшемі430.5 Kb.
#500907
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Абдыкалыкова Райхан Газизовна. Құқықтық жанжалдарды шешудегі медиацияның ролі теориялық және құқықтық талдау

2.2 Қазақстан Республикасындағы медиация институыныӊ ролі

Медиация - дауларды шешудіӊ балама жолы. Бұл тәсіл алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан және заӊдастырылған. Кѳбіне сот шешіміне бір ғана тарап қанағаттанады, екінші тарап сот шешіміне риза болмағандықтан, істі апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қайта қарауға ѳтініш береді. Атал­ған сатылардыӊ әрқайсыныӊ ѳзініӊ уақыт мерзіміне байланысты істерді қарау бірнеше айға, ал, кейбір жағдайларда жылға созылып кетеді. Медиация әдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді. Үлкен ѳмірлік тәжірибесі, жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан азаматтар, отставкадағы судьялар, прокурорлар медиатор бола алады.


«Медиация туралы» заӊ бітімгерлік рәсімдер (медиация) институтын ұйымдастыру және оныӊ қызметініӊ тәртібін белгілейтін бірқатар баптардан тұрады. Заӊ Қазақстан Республикасыныӊ аумағында бітімгерлік рәсімдер институты қызметініӊ құқықтық негіздерін белгілейді және медиатордыӊ (бітімгердіӊ) қатысуымен дауларды шешу жѳніндегі қатынастарды реттейді.
Медиатор (бітімгер) - тараптардыӊ дауларын реттеу мақсатында олардыӊ арасында бітімгерлік рәсімдерді (медиация) жүзеге асыратын дербес жеке тұлға. Аталмыш заӊныӊ 4-бабы негізінде бітімгерлік рәсімдерді жүргізетін медиатор тараптардыӊ теӊ құқықтылығы мен әділеттілігін сақтауы тиіс. Басты қағида -еріктілік және медиатордыӊ тәуел­сіздігі мен бейтараптылығы. Кез келген уақытта тараптар бітімгерлік рәсімдерді (медиация) жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгінуіне болады. Заӊныӊ құпиялығы туралы 8-бабында кѳрсетілгендей, медиацияға қатысушы тұлғалар бітімгерлік рәсімдер барысында белгілі болған мәлімет­терді осы ақпаратты берген тараптыӊ келісімінсіз жария етуге құқысы жоқ. Медиатордыӊ ѳкілеттілігі туралы заӊныӊ 21-22-баптарына сәйкес медиатор тараптармен бірлескен немесе жеке кездесулер ѳткізуге, қажет болған жағдайда медиатор даудыӊ техникалық аспектілері бойынша сарапшыныӊ қорытындысын талап етуге құқылы. Бұл ретте тараптар қорытындыны алуға байланысты шығындарды ѳтеуге келісуі тиіс. Егер медиатордыӊ пікірі бойынша бітімгерлік рәсімдерді одан әрі жүргізу, яғни, тараптар арасындағы дауды шешу мүмкін болмаса, медиатор істі жүргізуді тоқтатуға құқылы. Сондай-ақ, медиатор ѳзініӊ функцияларын жүзеге асыруына кедергі болатын мән-жайларды білген жағдайда бұл істен ѳздігінен бас тарта алады. Медиациялық рәсімді ѳткізудіӊ уақыты мен күні тараптардыӊ келісімі бойынша белгіленеді. Іс соттыӊ қарауында жүргізіліп жатып, тараптардыӊ келісімімен сот шешімі шыққанға дейінгі уақытта тараптар істі қайтарып алып, медиатордыӊ кѳмегіне жүгіне алады. 23-бап негізінде бітімгерлік рәсімдер келісім жасалған күннен бастап отыз күн ішінде аяқталуы тиіс. Қажет болған жағдайда тараптардыӊ ѳзара шешімі бойынша бітімгерлік рәсімдерді жүргізу мерзімі отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Медиатордыӊ негізгі міндеті - екі тарапты татуластырып, бітістіру, яғни, талапкер мен жауапкер ѳзара келісімдері арқылы мәміле жасауы. Ол үшін еӊ алдымен жауапкер ѳз кінәсін мойындап, талапкермен келісімге келуі керек. 27-бапқа сәйкес медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оған тараптар қол қояды. Дауды реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде осы келісімде кѳзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс. Даушарды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні ғана күшіне енеді [27, 17б.].
Осы занныӊ шығуына заӊгерлердіӊ, ғалымдардыӊ, оныӊ ішінде, қоғам қайраткері, біртуар, тұлға - академик С. Зимановтыӊ кѳп жылғы еӊбегініӊ нәтижесі деп түсінуге болады. Атақты би-шешендеріміздіӊ биліктері, ғалым-заӊгерлердіӊ би-шешендер туралы еӊбектері осы дарабоз ақсақалдыӊ басқаруымен жарық кѳрген ѳте құнды, тереӊ зерттелген «Қазақтыӊ ата заӊдары» атты он томдық ғылыми жинаққа кірді. 2008 жылдыӊ 22-23 мамырында Жоғарғы Соттыӊ қолдауымен академик С.Зиманов сот-құқықтық саласындағы проблемаларға, оныӊ ішінде, қазақ билерініӊ құндылықтарына ар­налған бұрын-соӊды болмаған, шетел­діӊ ғалымдары мен сот-заӊ сала­сыныӊ кѳптеген бірінші басшылары қатысқан халықаралық ғылыми-практикалық конференция ѳткізді. Осы конференцияда С. Зиманов ата-бабаларымыздыӊ салт-дәстүрлерініӊ бірегейі, билер соты туралы құнды пікірлер айтып, Қазақстанда «Бітімгершілік туралы» заӊ дайындап, оны қолданысқа енгізу туралы ұсыныс беріп, бұл ұсынысты барлық ғалым-заӊгерлер бір ауыздан қолдаған болатын. Міне, осы атқарылған жұмыстардыӊ жемісі - «Бітімгершілік туралы» заӊ қабылданып, қолданысқа енгізілді.
Медиация процедурасын ѳткізу тәртібі
Тәуелсіз, бейтарап, істіӊ нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарыныӊ ѳзара келісімі бойынша таӊдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордыӊ функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиатордыӊ қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін. Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. Жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан ѳткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін жүзеге асыра алады. Медиатордыӊ қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасында тыйым салынбаған кез келген ѳзге қызметті де жүзеге асыруға құқылы.
Мыналар:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теӊестірілген;
2) заӊда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын;
4) заӊда белгіленген тәртіппен ѳтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды.
Медиация тараптарыныӊ келісімімен медиаторға қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
Медиатордыӊ құқықтары мен міндеттері
1) медиация барысында бір мезгілде барлық тараптармен де, тараптардыӊ жеке-жеке әрқайсысымен де кездесулер ѳткізуге және оларға дауды (дау-шарды) шешу жѳнінде ауызша әрі жазбаша ұсынымдар беруге;
2) құпиялылық қағидатын сақтай отырып, ѳз қызметін жүзеге асыруы туралы жұртшылықты хабардар етуге құқылы.
Сондай-ақ, медиатор:
1) медиацияны жүргізген кезде медиация тараптарыныӊ келісімімен ғана әрекет етуге;
2) медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оныӊ мақсаттарын, сондай-ақ олардыӊ құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті.
Кәсіпқой медиатор медиаторлар қауымдастығы (одағы) бекітетін Медиаторлардыӊ кәсіптік этикасы кодексін сақтауға міндетті. Медиатордыӊ Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасында кѳзделген басқа да құқықтары мен басқа да міндеттері бар.
Медиация тараптары:
1) медиаторды (медиаторларды) ерікті түрде таӊдауға;
2) медиатордан бас тартуға;
3) медиацияныӊ кез келген сәтінде оған қатысудан бас тартуға;
4) медиацияны жүргізуге жеке ѳзі немесе ѳкілеттіктері заӊда белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатқа негізделген ѳкілдері арқылы қатысуға;
5) дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған кезде сотқа немесе оған байланысты Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасында белгіленген тәртіппен медиация жүзеге асырылған, іс жүргізуінде жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жүгінуге құқылы.
Медиация тараптары дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді осы келісімде кѳзделген тәртіппен және мерзімде орындауға міндетті. Медиация тараптарыныӊ Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасында кѳзделген басқа да құқықтары мен басқа да міндеттері бар.
Медиация тараптары ѳзара келісім бойынша басқа медиаторды таӊдауға құқылы. Азаматтық немесе қылмыстық сот ісін жүргізу барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар бұл туралы сотқа не қылмыстық қудалау органына хабарлауға міндетті. Медиация қағидаттарына сәйкес медиатордыӊ ѳз функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда, медиатор дереу ѳздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Егер медиатордыӊ пікірі бойынша медиацияны жүргізу процесіндегі одан арғы күш-жігер тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) шеше алмайтын болса, медиатор оны жүргізуден бас тартуға не тараптардыӊ жазбаша нысанда бекітілген келісімімен медиацияны тоқтатуға құқылы.
Медиаторлар ұйымдары медиаторлардыӊ бастамасы бойынша «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасыныӊ Заӊында кѳзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес, ѳзін-ѳзі қаржыландыратын және ѳзін-ѳзі басқаратын ұйым болып табылады. Медиаторлар ұйымы медиаторлардыӊ медиацияны жүргізу жѳнінде қызметтер кѳрсетуініӊ материалдық, ұйымдық-құқықтық және ѳзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Медиаторлар ұйымдары медиация бойынша тиісті даярлықтан ѳткені туралы құжат (сертификат) бере отырып, медиаторларды кәсіби даярлауды және олардыӊ біліктілігін арттыруды ѳткізуге құқылы.
Медиаторлар ұйымдары ѳз қызметін үйлестіру, медиаторлардыӊ кәсіби қызметініӊ стандарттарын (қағидаларын), медиацияны жүргізу тәртібін (регламентін), медиация тараптарыныӊ медиаторларға сыйақы тѳлеу тәртібін әзірлеу және біріздендіру мақсатында қауымдастыққа (одаққа) бірігуге құқылы. Медиаторлар ұйымына немесе медиаторлар қауымдастығына (одағына) кіру ерікті негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте медиаторлар ұйымыныӊ немесе медиаторлар қауымдастығыныӊ (одақтыӊ) кіру жарнасын алуына жол берілмейді. Медиаторлар қауымдастығы (одағы) Медиаторлардыӊ кәсіптік этикасы кодексін әзірлеуге және оны бекітуге құқылы.
Әрбір медиаторлар ұйымы Қазақстан Республикасыныӊ аумағында медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой медиаторларыныӊ ѳзініӊ тізілімін жүргізеді. Медиаторлар кәсіпқой медиаторлар тізіліміне қосылу үшін медиаторлар ұйымына жеке куәлігініӊ кѳшірмесін (салыстырып тексеру үшін жеке куәлігініӊ түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған кѳшірмесін); үміткерге тұрғылықты жері бойынша наркологиялық кѳмек кѳрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды; соттылығыныӊ жоқтығы туралы анықтаманы, жоғары білімі туралы дипломыныӊ және медиация бойынша арнайы даярлықтан ѳткендігін растайтын құжаттыӊ (сертификаттыӊ) кѳшірмелерін ұсынуы қажет.
Кәсіпқой медиаторлар тізілімі мыналарды қамтиды:
1) медиатордыӊ тегі, аты және әкесініӊ аты (ол бар болған кезде);
2) медиатордыӊ заӊдық мекен-жайы;
3) медиатордыӊ байланыс деректері (пошта мекен-жайы немесе электрондық поштаныӊ мекен-жайы не телефон немесе телефакс нѳмірі);
4) медиатордыӊ маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
5) медиатордыӊ медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;
6) медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан ѳткенін растайтын құжаттыӊ (сертификаттыӊ) бар екендігі туралы мәліметтер;
7) медиатордыӊ қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер.
Медиаторлар ұйымы медиаторларды ҚР «Медиация туралы» заӊыныӊ 14-бабы 3-тармағыныӊ және 9-бабыныӊ талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті ѳтінішті алған күннен бастап он күн ішінде хабарлау тәртібімен кәсіпқой медиаторлар тізіліміне қосады. Медиаторды кәсіпқой медиаторлар тізіліміне қоспаған жағдайда медиаторлар ұйымы тиісті ѳтінішті алған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті [10].
Егер тиісті жылдыӊ 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде медиатор тізілімде болу мерзімін кезекті күнтізбелік жылға ұзарту туралы ѳтініш бермесе, медиаторлар күнтізбелік жыл аяқталған соӊ кәсіпқой медиаторлар тізілімінен шығарылады. Тізілімде болу мерзімін ұзарту туралы ѳтінішті электрондық түрде медиаторлар ұйымыныӊ электрондық мекен-жайына ұсынуға болады. Кәсіпқой медиаторлар тізілімі медиаторлар ұйымыныӊ интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға және оған медиаторларды енгізу шамасына қарай жаӊартылуға тиіс. Медиаторлар ұйымдары мерзімді баспасѳз басылымдарында кәсіпқой медиаторлар тізілімін жариялауға құқылы. Медиатор осы Заӊныӊ талаптарын бұзған жағдайда медиация рәсіміне қатысушы тараптар тиісті ѳтінішпен медиаторлар ұйымына жүгінуге құқылы. Бұзушылық расталған кезде медиаторлар ұйымы бұл туралы кәсіпқой медиаторлар тізілімінде кѳрсете отырып, медиатордыӊ қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрады. Медиаторлар ұйымыныӊ медиаторды кәсіпқой медиаторлар тізіміне енгізуден бас тарту, одан шығару, оныӊ қызметін тоқтата тұру туралы шешіміне сотқа шағымдануына болады.
Ѳз қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлармен қатар медиацияны жергілікті қоғамдастықтыӊ жиналысы (жиыны) осындай мақсатта сайлайтын жергілікті қоғамдастықтыӊ ѳмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар мүшелері жүргізе алады. ергілікті қоғамдастық мүшелерін кәсіпқой емес медиаторлар ретінде сайлау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысыныӊ (жиыныныӊ) хаттамасы он жұмыс күні ішінде ҚР «Медиация туралы» заӊыныӊ 16-бабы 2-тармағында кѳзделген құжаттармен, сондай-ақ 16-бабы 3-тармағына сәйкес мәліметтермен қоса кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосу үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Қаладағы аудан, аудандық маӊызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасыныӊ аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардыӊ тізілімін жүргізеді. едиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлар кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосылу үшін уәкілетті органға жеке куәліктерініӊ кѳшірмелерін (салыстырып тексеру үшін жеке куәлігініӊ түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған кѳшірмесін); үміткердіӊ тұрғылықты жері бойынша наркологиялық кѳмек кѳрсететін медициналық ұйымнан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды; соттылығыныӊ жоқтығы туралы анықтаманы қоса ұсына отырып жүгінуге міндетті. Кәсіпқой емес медиаторлар тізілімі мыналарды қамтиды:
1) медиатордыӊ тегі, аты және әкесініӊ аты (ол бар болған кезде);
2) медиатордыӊ заӊдық мекен-жайы;
3) медиатордыӊ байланыс деректері (пошталық мекен-жайы немесе электрондық поштаныӊ мекен-жайы не телефон немесе телефакс нѳмірі);
4) медиатордыӊ маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
5) медиатордыӊ медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;
6) медиатордыӊ қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер.
Уәкілетті орган медиаторларды ҚР «Медиация туралы» заӊыныӊ 16-бабы 2-тармағыныӊ және 9-бабыныӊ талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті ѳтінішті алған күннен бастап он күн ішінде хабарлау тәртібімен кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосады. Медиаторды кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қоспаған жағдайда уәкілетті орган тиісті ѳтінішті алған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті. Егер тиісті жылдыӊ 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде тізілімде болу мерзімін кезекті күнтізбелік жылға ұзарту туралы медиаторлардыӊ ѳтініші ұсынылмаса, медиаторлар күнтізбелік жыл аяқталған соӊ кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінен шығарылады. Тізілімде болу мерзімін ұзарту туралы ѳтінішті электрондық түрде уәкілетті органныӊ электрондық мекен-жайына ұсынуға болады. Кәсіпқой емес медиаторлардыӊ тізілімі уәкілетті органныӊ интернет-ресурсында не жұртшылық үшін қолжетімді жерлерде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға және оған медиаторлардыӊ енгізілуіне қарай жаӊартылып отыруға тиіс. Уәкілетті орган мерзімді баспасѳз басылымдарында кәсіпқой емес медиаторлар тізілімін жариялауға құқылы. Медиация ҚР «Медиация туралы» заӊыныӊ талаптарына қайшы келмейтін тараптар келіскен тәртіп бойынша жүргізіледі. Медиаторлар ұйымдары бекіткен медиацияны жүргізу тәртібі (регламенті) тараптардыӊ келісімімен қолданылуы мүмкін. Тараптар ѳздерініӊ қалауы бойынша медиацияны жүргізу орны туралы уағдаласа алады. Медиатор медиацияны жүргізу күні мен уақытын тараптардыӊ келісімімен айқындайды. Тараптар медиацияны жүргізу барысында пайдаланылатын тіл немесе тілдер туралы ѳздерініӊ қалауы бойынша уағдаласа алады [28, 17 б.].
Медиацияны жүргізу тараптардыӊ ѳзара келісімі бойынша және олардыӊ арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады. Жеке және (немесе) заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. Судьялардыӊ және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар лауазымды тұлғаларыныӊ тараптарды қандай да болмасын нысанда медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Тарапқа медиацияға жүгінуге ұсынысты басқа тараптыӊ ѳтініші бойынша, сот немесе қылмыстық қудалау органы жасауы мүмкін. Медиацияны жүргізу медиация тараптары медиация туралы шарт жасасқан күннен басталады. Егер тараптардыӊ бірі медиацияға жүгіну туралы ұсынысты жазбаша түрде жіберсе және оны жіберген күннен бастап он күн ішінде немесе ұсыныста кѳрсетілген ѳзге де орынды мерзімде медиация рәсімін қолдануға басқа тараптыӊ келісімін алмаса, мұндай ұсыныс қабылданбаған болып есептеледі. Медиацияны жүргізу үшін тараптар ѳзара келісім бойынша бір немесе бірнеше медиаторды таӊдайды. Медиаторлар ұйымы, егер тараптар аталған ұйымға тиісті ѳтініш жіберсе, медиатордыӊ (медиаторлардыӊ) кандидатурасын ұсына алады. Медиацияны ѳткізу мерзімдері ҚР «Медиация туралы» заӊыныӊ 23-бабы 1-тармағыныӊ және 24-бабы 4-тармағыныӊ талаптарын ескере отырып, медиация туралы шартпен айқындалады. Егер медиация азаматтық не қылмыстық процесс шеӊберінен тыс жүзеге асырылатын болса, медиатор мен тараптар аталған рәсім күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде тоқтатылуы үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға тиіс. Айрықша жағдайларда шешілетін даудыӊ (дау-шардыӊ) күрделілігіне, қосымша ақпаратты немесе құжаттарды алудыӊ қажеттілігіне байланысты медиацияны жүргізу мерзімі медиация тараптарыныӊ уағдаласуы бойынша және медиатор келіскен кезде ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспайды.
Тараптар дауды (дау-шарды) медиация арқылы шешу туралы ѳзара келіскен жағдайда жазбаша нысанда ресімделген медиация туралы шарт жасалады. Медиация туралы шарттыӊ маӊызды талаптары:
1) медиация туралы шарттыӊ жасалған күні, уақыты және орны;
2) дау (дау-шар) тараптарыныӊ атаулары, ѳкілеттіктері кѳрсетілген олардыӊ ѳкілдерініӊ тегі және аты-жѳні, лауазымдары;
3) даудыӊ (дау-шардыӊ) нысанасы;
4) медиация тараптары таӊдаған медиатор (медиаторлар) туралы мәліметтер;
5) медиацияны жүргізуге байланысты шығыстардыӊ, ал медиацияны кәсіби негізде жүзеге асырған жағдайда - медиацияны жүргізгені үшін медиаторға (медиаторларға) сыйақы тѳлеудіӊ шарттары, тәртібі және мѳлшері;
6) медиацияны жүргізу тілі;
7) медиацияны жүргізудіӊ құпиялылығы туралы тараптардыӊ міндеттемесі және мұндай міндеттемені орындамаудыӊ салдары;
8) медиация тараптарыныӊ дауды (дау-шарды) реттеуге қатысатын медиатордыӊ медиация тараптары үшін шығын (залал) келтірген әрекеті (әрекетсіздігі) үшін жауапкершілігініӊ негіздері мен кѳлемі;
9) тараптардыӊ деректемелері (жеке басын куәландыратын деректер, тұрғылықты жері, байланыс телефондары);
10) медиацияны жүргізу мерзімі;
11) медиацияны жүргізу тәртібі болып табылады.
Тараптардыӊ келісімі бойынша медиаторларға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. Тараптар медиация тараптарыныӊ медиаторға медиация жүргізгені үшін сыйақы тѳлеу шарттары, тәртібі және мѳлшері медиаторлар ұйымы бекіткен тәртіппен (регламент) белгіленетіні туралы уағдаласа алады.
Медиацияны жүргізуге байланысты шығыстар мыналарды қамтиды:
1) медиаторға сыйақы тѳлеу;
2) медиацияны жүргізуге байланысты медиатор шеккен шығыстар, оныӊ ішінде дау қаралатын жерге жол жүру ақысын тѳлеуге, қонақүйде тұруға және тамақтануға арналған шығыстар.
Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы да, тегін негізде де жүзеге асырады. Кәсіпқой медиатор (медиаторлар) сыйақысыныӊ мѳлшері медиация басталғанға дейін медиатормен (медиаторлармен) тараптардыӊ келісімі бойынша айқындалады. Егер тараптардыӊ келісімімен ѳзгеше белгіленбесе, медиацияны жүргізуге байланысты шығыстарды тараптар бірлесіп теӊ үлестермен тѳлейді. Егер медиатор ѳзініӊ бейтараптығына кедергі келтіретін мән-жайларға байланысты медиацияны жүргізуден бас тартса, ол тараптардыӊ ѳзіне тѳлеген ақшалай сомасын қайтаруға міндетті. Кәсіпқой емес медиаторларға 22-баптыӊ 1-тармағыныӊ 2) тармақшасында аталған медиацияны жүргізуге байланысты ѳздері шеккен шығыстар ѳтеледі.
Медиацияныӊ жеке және (немесе) заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастары саласындағы ерекшеліктері
Медиация жеке және (немесе) заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда тараптардыӊ ѳзара шешімі бойынша медиацияны жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін, бірақ жиынтығында ол күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Медиация соттыӊ қарауында жатқан жеке және (немесе) заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда тараптардыӊ бірлескен жазбаша хабарламасы бойынша медиацияны жүргізу мерзімін сот күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін, бірақ жиынтығында ол күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Соттыӊ қарауында жатқан жеке және (немесе) заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Азаматтық процесс шеӊберінде жүргізілген медиация тоқтатылған жағдайда тараптар іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан сотқа тез арада:
1) дауды реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда - аталған келісімді;
2) ѳзге жағдайларда - ҚР «Медиация туралы» заӊыныӊ 26-бабында кѳзделген негіздерді кѳрсете отырып, медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.
Қылмыстық сот ісі барысында жүргізілетін медиацияныӊ ерекшеліктері
Тараптардыӊ медиация туралы шарт жасасуы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрмайды. Медиацияға қатысу фактісі медиация тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушыныӊ кінәні мойындауыныӊ дәлелі бола алмайды. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардыӊ бірі кәмелетке толмаған болып табылса, педагогтіӊ немесе психологтіӊ қатысуы міндетті. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы медиация қылмыстық процессуалдық заӊында белгіленген сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс. Дау-шарды реттеу туралы келісімге қол қоюдан бас тарту медиация тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушыныӊ жағдайын нашарлата алмайды. Қылмыстық процесс шеӊберінде жүргізілген медиация тоқтатылған жағдайда тараптар іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға дереу:
1) дау-шарды реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда - аталған келісімді;
2) ѳзге жағдайларда - заӊда кѳзделген негіздерді кѳрсете отырып, медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.
Медиацияныӊ отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері.
Некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардыӊ тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарыныӊ балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келіспеушіліктер медиация арқылы шешілуі мүмкін. Медиацияны жүргізген кезде медиатор баланыӊ заӊды құқықтарын ескеруге тиіс. Егер медиация барысында баланыӊ қалыпты ѳсуіне және дамуына қауіп тѳндіретін немесе тѳндіруі мүмкін немесе оныӊ заӊды мүдделеріне елеулі залал келтіретін фактілер белгілі болса, медиатор баланыӊ құқықтарын қорғау жѳніндегі ѳкілеттікті жүзеге асыратын органға жүгінуге міндетті.
Медиация:
1) тараптар дауды реттеу туралы келісімге қол қойған жағдайда - мұндай келісімге қол қойылған күннен бастап;
2) медиатор дауды медиация арқылы шешу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайларды анықтаған жағдайда;
3) тараптар дауды медиация арқылы шешудіӊ мүмкін еместігіне байланысты медиациядан жазбаша бас тартқан жағдайда - тараптар жазбаша бас тартуға қол қойған күннен бастап;
4) тараптардыӊ біреуі медиацияны жалғастырудан жазбаша бас тартқан жағдайда - медиатор жазбаша бас тартуды жіберген күннен бастап;
5) медиацияны жүргізу мерзімі аяқталған жағдайда - ҚР «Медиация туралы» заӊыныӊ 23 және 24-баптарыныӊ ережелерін ескере отырып, ол аяқталған күннен бастап тоқтатылады.
Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Келісімде медиация тараптары, даудыӊ нысанасы, медиатор (медиаторлар) туралы деректер, сондай-ақ тараптар келіскен келісімніӊ шарттары, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудыӊ немесе тиісінше орындамаудыӊ салдары қамтылуға тиіс. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде осы келісімде кѳзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс.
Азаматтық істі сотта қарағанға дейін жасалған дауды реттеу туралы келісім тараптардыӊ азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, ѳзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Мұндай келісім орындалмаған немесе тиісiнше орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған медиация тарапы Қазақстан Республикасыныӊ заӊдарында кѳзделген тәртіппен жауаптылықта болады. Азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім дереу іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан судьяға жіберіледі. Дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасыныӊ Азаматтық процестік кодексінде кѳзделген тәртіппен бекітеді. Бұл ретте тѳленген мемлекеттік баж Қазақстан Республикасыныӊ Азаматтық процестік кодексінде кѳзделген тәртіппен тѳлеушіге қайтарылуға тиіс.
«Медиация туралы» ҚР Заӊы еліміздегі медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордыӊ мәртебесін айқындайды.
Медиатор - заӊныӊ талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.
Медиацияныӊ мақсаттары дауды (дау-шарды) шешудіӊ медиацияныӊ екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, сонымен қатар тараптардыӊ дауласуыныӊ деӊгейін тѳмендету болып табылады.
Медиация жүргізу кезінде еріктілік, тараптардыӊ теӊ құқығы, медиатордыӊ тәуелсіздігі мен бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік және құпиялық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс. Медиацияны жүргізу кезінде тараптар бір немесе бірнеше медиаторды таӊдауға құқылы. Медиация туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Азаматтық істер сот ѳндірісінде болған кезде медиация туралы шарт жасалса, соттағы процесс тоқтатыла тұрады, ал қылмыстық процесс аясында осындай шарт жасалатын болса, онда соттағы процесс тоқтатыла тұруға жатпайды.
Елімізде медиация туралы заӊныӊ жұмыс жасай бастағанына онша кѳп уақыт ѳте қойған жоқ. Аталмыш заӊныӊ толықтай күш алып, медиацияныӊ құқықтық институтқа айналуы еӊ бірінші кезекте медиаторлардыӊ ѳзіне тікелей байланысты. Сол сияқты оларға сот орындары, құқық қорғау органдары, жергілікті әкімшілік тарапынан жан-жақты қолдау кѳрсетілсе, ортақ іске тиер пайдасы да зор болмақ [29, с.50].
Заӊныӊ 20-бабыныӊ 3-бѳлігінде судьяныӊ тараптары медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ делінсе, осы баптыӊ 4-бѳлігінде медицияға жүгінуді мүдделі тараптыӊ сұрауы бойынша сот жасауы мүмкін деп кѳрсетілген. Кѳріп отырғанымыздай, тараптарды медиацияға жүгіндіру үшін сотқа бір тараптыӊ сондай ѳтініш түсіруі керек. Егер де екі жақтыӊ бірінен ондай ѳтініш түспеген жағдайда сот тараптарға істі бітімгершілікпен тындыруға мүмкіндіктер бар екендігін, бітімгершіліктіӊ басымдылық жақтарын процесс барысында тараптардыӊ естеріне салып отыруға құқылы екендігі де айтылған.
Бабалар билігінен бастау алатын медиацияны қолдап, медиаторларға жан-жақты кѳмек кѳрсету судьялар үшін тиімді екендігін ѳмірдіӊ ѳзі дәлелдеп отыр. Мысалға, мен судья болып жұмыс жасайтын Талдықорған қалалық сотында 11 судья сот тѳрелігін жүзеге асырады. Сот негізінен азаматтық істерді қарауға мамандандырылғандықтан қаралатын істердіӊ саны да күн ѳткен сайын кѳбейе түсуде. Соған сай судьялардыӊ жүктемесі де жоғарылап кетті. Мұныӊ шығарылатын сот шешімініӊ сапасына, қаралатын істердіӊ мерзімініӊ сақталуынада ѳз әсерін тигізетіні айтпаса да түсінікті. Атап айтқанда, жыл басынан бері азаматтық істер бойынша қалалық сотқа 3627 талап арыз түсті. Оныӊ ішінде 2503 азаматтық іс аяқталып, сот ѳндірісіне алынған істер бойынша 546 сот бұйрығы, 1306 шешім шығарылды. 96 іс бітімгершілік келісімге келу арқылы қысқартылып, соныӊ ішінде 14-і медиация арқылы бітті.
Күнделікті тәжірибеде кѳріп жүргеніміздей, екі жақтыӊ бірдей сот шешіміне риза болып шығатыны ѳте сирек жайт. Қаншама қара қылды қақ жарып билік айтқаныӊмен, міндетті түрде тараптардыӊ бірі наразылық білдіріп жатады. Мәселеніӊ анық-қанығына кѳз жеткізбей, жѳн - жосықсыз арызданатындардыӊ да бар екенін жоққа шығармаймыз. Әркім ѳзінікін дұрыс санайды. Бірақ та заӊ алдында бәріміз де бірдей екендігімізді ұмытпағанымыз жѳн. Бұл орайда медиацияныӊ еӊ басты артықшылығы тараптардыӊ бірігіп шешім қабылдауында. Егер де бітімгершілік арқылы мәселелерін тез шешуді қалаған тараптар медиация туралы ѳзара келісімшарт жасаса, сол күнен бастап есептегенде оныӊ мерзімі бір айдан аспауы керек. Медиаторға жүгінуші тараптар ѳзара келісіп, мәмілеге келу уақыты мен ѳтетін орнын ѳздері шешеді. Онда жеӊілуші мен жеӊуші деген болмайды. Әрі уақыт жпен қаржыны үнемдеуге де кѳмектеседі. Себебі, қазіргі сот ѳндірісімен салыстырғанда медиация жолымен дауды шешу кѳп уақыт алмайды. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сот шешіміне екі тараптыӊ бірініӊ кѳӊілі толмайтын болса, медиатордыӊ алдынан екі жақ та ортақ мәмілеге келісіп шығады.
Соӊғы кездері еӊбек дауларына қатысты қаралатын азаматтық істердіӊ саны кѳбейіп кетті. Осыған орай медиацияныӊ барлық мүмкіндігін әлеуметтік-еӊбек қатынастары саласындағы туындайтын даулар мен жанжалдарды соттан тыс шешуге жұмылдырса, ұтарымыз кѳп екені айтпаса да түсінікті. Мұныӊ тиімділігін экономикасы қарыштап алға басқан, дамыған шетелдердіӊ іс-тәжірибесі анық дәлелдеп отыр. Атап айтар болсақ, оларда барлық даулардыӊ үштен бір бѳлігі соттыӊ араласуына дейін медиация арқылы шешімін табады .
Дау-жанжалға қатысушылардыӊ, біріге отырып, пайда болған келіспеушілікті шешу процессі. Айтылған процесстіӊ белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндіктері зор, себебі бұнда ерекше процессуалдық жағдайлармен қатар медиатордыӊ кәсіпкерлік кѳмегі, жақтардыӊ бір келісімге келуіне бағытталған. Медиацияны кеӊ танылған бітістіру мен табыстыру рәсімдерініӊ «кемелденген түрімен» салыстыруға болады. Медиация кѳптеген ғасырлар бойы бейбітшілікті орнықтыру қызмет жолында қолданылғаны мәлім.
Бүгінгі таӊда, бүкіләлемдік тәжірибе, медиацияныӊ ірі бизнессетрден бастап, жанұялық дау - жанжалдарда, айрылысу мен дүниені бѳлісу деген сияқты мәселелерде қолданылатынын дәлелдейді. Халықаралық санаққа жүгінетін болсақ, мадиация арқылы бүкіл келіспеушіліктердіӊ 30 - 40 пайызы ѳтеді, сонымен қатар, ойдағыдай нәтижеге оныӊ 85 пайызы ие болады. Бұндай жетістікке жетудіӊ ѳзі кездейсоқтық емес, себебі медиация бір шешімге келу мүмкіндіктері тәмәмдалды деген жағдайларында да ѳз шешімін тауып, кѳптеген қаржылық шығындарға ұшырамай, және де бос уақытты шығын қылмай, жақсы достық, серіктестік, қарым - қатынастарды сақтап қалумен қатар абыройға кір келтірмеуге мүмкіндк береді. Медиацияныӊ еӊ негізгі артықшылықтардыӊ бірі, оныӊ іс жүргізілу рәсімініӊ құпиялылығы болып табылады, яғни не болғаны, не айтылғаны құпия болып қалады. Сонымен қатар құпиялы болып табылатын медиатормен жазылған ақпараттар, іс жүргізілу рәсімініӊ құжаттары мен материалдары жойылады.
Медиатордыӊ негізгі қызметі, жақтардыӊ бірлескен қѳзқарасқа келуіне барлық күш - жігерін салу болып табылады. Жақтардыӊ бірлескен қѳзқарасқа келуі, олардыӊ алда ѳткен келіссѳздіӊ аса дұрыс нәтижелі болды деген сенімін бекіте түседі. Осындай жолмен жетілген келісімде, жеке арақатынастық мәселелер қарастырылуы мүмкін, яғни келісімде талқыланған жағдайлар ресми сот талқылау кезінде сытрқа шығарылып айтылмауы әбден мүмкін. Жетілген келісімніӊ жеке арақатынастық мәселелерге қатысты болуы, келісімніӊ аса берік болуына негіз болады.
Кейбір сарапшылар медиацияныӊ Қазақстан Республикасында даму мүмкіндігініӊ аздығын мәлімдейді. Бұндай мүмкіндіктіӊ аз болуы, жақтардыӊ тым ашушаӊ әрі сенімсіз болу себебінде деген ой - пікірлер аз да емес. Сонымен қатар Ресей Федерациясында медиаторлар саны 100 миллион долларға жететін келіспеушіліктерді айтарлықты жоғары дәрежеде қарастыруда, алайда бастапқыда, дауласып жатқан компанияларды бітістіру мүмкіндігі тым аз болған еді. Сенімсіздік кѳзқарастағы сарапшылардыӊ пікірлерін ѳзгертуге Қытай елініӊ медиацияны дамытудағы үлгісі біршама негіз болар. Қытай елініӊ ѳкіметі он жыл ішінде медиацияға деген қызығушылықтыӊ туындауына қол жеткізді. Қазіргі таӊда медиация арқылы келіспеушіліктердіӊ 40 пайызы қарастырылудыӊ нәтижесінде, елді жаулап алған корпоративтік жанжалдардыӊ мәселесі шешілді. Медиациямен ондаған мемлекеттік жүйелер мен жеке мекемелер кѳптен бері айналысады. Еӊ танымал болған медиация орталықтары Ұлыбританияда, Францияда және де Италияда орналасқан. АҚШ - та соттардыӊ қарамағында медиация арқылы келіспеушіліктерді қарастыруға арналған орталықтар мен кеӊестері құрылған, ал медиаторлар ретінде экономиканыӊ, құқықтыӊ және де ѳндірістіӊ әртүрлі салаларында құзырлы әрі беделді адамдары таӊдалған [30, с.78].
Әӊгіменіӊ түйініне келе отырып, біздіӊ елде медиация сияқты, келіспеушіліктерді қарастырудыӊ альтернативтік инструментініӊ дамуы, ѳркениетті құқықтық кеӊістіктіӊ әрі жоғары сатылы демократиялы қоғамныӊ кѳрсеткіші болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет