Абдыкаликова Райхан Газизовна Құқықтық жанжалдарды шешудегі медиацияның ролі: теориялық және құқықтық талдау дипломДЫҚ ЖҰмыс 6B04201 "Құқықтану" білім беру бағдарламасы


Медиация қызметініӊ жалпы сипаттамасы мен құқықтық маӊызы



бет5/9
Дата12.05.2024
өлшемі430.5 Kb.
#500907
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Абдыкалыкова Райхан Газизовна. Құқықтық жанжалдарды шешудегі медиацияның ролі теориялық және құқықтық талдау

Медиация қызметініӊ жалпы сипаттамасы мен құқықтық маӊызы

Медиациялық келісім-шарт жасалған күннен бастап есептегенде, оныӊ мерзімі бір айдан аспайды. Мұнда шешім екі жақтыӊ келісімімен татуласуы бойынша алынғандықтан, тез орындалатыны айтпаса да белгілі. Медиация жағдайында үшінші жақ деген ұғым болмайды.


Республикада қабылданған заӊныӊ тағы бір артықшылығы - мұнда қағазбастылық пен тѳрешілдікке, уақыттыӊ созылуына, оныӊ босқа зая болуына жол болмайды. Мұныӊ мәнісі - дауласушы жақтардыӊ мәселесі мамыражай, бейбіт жолмен шешілуінде.
Азаматтық немесе болмашы орта дәрежедегі қылмыстық іс сотта қаралып жатса, сонымен бір мезгілде келісім шарт бойынша ѳзара бітімге келіп үлгерген екі жақтыӊ ортақ ұйғарымы сотқа жолданған жағдайда аталған азаматтық немесе қылмыстық іс қысқартылады. Яғни, соттар бұл мәселе бойынша үкім шығармайды. Медиаторлар кінәлі немесе кінәсіз жеке және заӊды тұлғаларды іздемейді. Ол тек тартысушы тараптарды ѳзара ыӊғайлы шешім қабылдауға бағыттайды. Сондай-ақ, медиация жолымен жасалған келісім тараптар арасындағы іскерлік байланыстарды одан әрі сақтауға жәрдемдесе алады әрі олардыӊ алдағы күндерге деген ѳзара сенімін нығайтуға септігін тигізеді. Еӊ бастысы, тартысушы тараптар одан кейінде бір-біріне кінә, ѳкпе артпай оӊ, жылышырайлы қарым-қатынаста қала береді. Міне, оныӊ түптей келгенде әйтеуір бір жағы ұтылып қалатын сотпен арбитраж шешімдерінен ѳзгешелігі осында [8, с.23] .
Бітімгершілік қазақтыӊ табиғатына да жат нәрсе емес. Бұл бұрынғы ата-бабаларымыздыӊ жүріп ѳткен тарихында болған жағдайлар. Әр жердегі ұры-қарылар әлішіне беделді ақсақалдардыӊ әділ шешімімен ѳз жазасын алып, екі жақ бейбіт келісімге келген. Біздіӊ ойымызша, бұл заӊныӊ пайдалы жақтары әсіресе, аудандық жерлердегі жиі кездесіп жататын кішігірім дау-дамайларды шешуге ѳте ықпалды бола алады. Себебі, ондағылардыӊ кѳбі істерді сотқа жеткізбеуге ѳздері мүдделі екендіктерін талай рет айтып та жүр.
Медиация рәсімі кезінде дау-жанжалға қатысушы тараптар медиатордыӊ тәжірибесіне, білімі мен қабілетіне сүйеніп, ѳзара тиімді шешімге ешкімніӊ кѳмегінсіз келеді [9, 22 б.].
Қазақстан үшін батыс елдерімен салыстырғанда, медиация - мүлдем жаӊа процедура. Бұл заӊ Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордыӊ мәртебесін айқындайды. Жаӊа қабылданған Заӊ жеке және заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады. Медиация рәсімі оған қатыспайтын үшінші тұлғаныӊ және әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардыӊ мүдделеріне қатысты болған жағдайда қолданылмайды. Сонымен қоса медиация тараптардыӊ бірі мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы ѳзге де қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды.
Негізінен, медиацияныӊ басты мақсаты - ѳзара тиімді әрі ѳзара қолайлы келісімге келу. Еӊ алдымен, медиация процедурасы уақытты ѳте үнемді пайдалануға бағытталған.
Медиацияныӊ артықшылықтары:
- үйреншікті емес және солқылдақ процедура;
- медиация тараптардыӊ арасындағы қатынасты сақтайды;
- тараптардыӊ (уақыт, ақша) қорларын сығымдап ұстайды;
- екі жақтардыӊ мүдделерініӊ қанағаттандыруына кѳмектеседі;
- шешім ерікті түрде орындалады.
Сот ѳндірісінен оныӊ айырмашылығы - медиацияныӊ нәтижесінде «кінәлілер» мен «кінәсіз» деген тараптар болмайды. Медиация сонымен қатар тараптарға қажетті құпияны жария етпеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасыныӊ «Медиация туралы» Заӊы бойынша дауларды жеке қарсылық аясынан шығарып, мүдделі пікірталас аясына беру кѳзделген. Мүдделі азаматтар мен ұйымдарға дауларды сотқа жүгінбестен, сотқа дейінгі сатыда қарау барысында шешу іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру қамтылады. Медиацияныӊ арқасында соттарда қаралатын істердіӊ саны да айтарлықтай азаймақ. Бұған қоса, заӊныӊ әлеуметтік бағыты да баршылық. Себебі жергілікті қауымдастық деӊгейінде пайда болған кейбір жанжалдарды медиация арқылы шешу мүмкіндігі заӊмен кѳзделіп отыр. Дауларды сотқа жеткізбестен, ѳзара бітімгершілікпен аяқтау судьяларға жүктемені азайтып қана қоймайды, қоғамда орын алып отырған даулардыӊ шешімін табуға септігін тигізіп, мемлекеттік мекеме атына айтылатын сынды да азайтпақ. Медиатор қызметіне нақтырақ тоқталатын болсақ, қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады [10].
Медиатор болу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен даярлау бағдарламасын ѳткендігі жѳнінде сертификат алуы, жоғары білімі болуы шарт.
Ол адамныӊ жиырма бес жасқа толуы және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұруы қажет. Медиаторлар тәуелсіз және бейтарап болуы тиіс. Медиация тараптары теӊ құқылы болады, медиация рәсіміне араласуға болмайды, медиатор ѳзіне белгілі болған құпиялықты сақтауға тиіс. Медиация туралы заӊда медиаторға қарсылық білдіру, медиациядан бас тарту сияқты талаптар қарастырылған.
Медиация туралы заӊныӊ 9-бабына сәйкес тәуелсіз, бейтарап, істіӊ нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарыныӊ ѳзара келісімі бойынша таӊдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордыӊ функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиатордыӊ қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасыныӊ «Медиация туралы» Заӊыныӊ 13-бабына сәйкес медиаторлар ұйымдары медиаторлардыӊ бастамасы бойынша «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасыныӊ Заӊында кѳзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес, ѳзін-ѳзі қаржыландыратын және ѳзін-ѳзі басқаратын ұйым болып табылады.
Бүгінде Қазақстанда «Медиация» атты медиацияныӊ және келісімге келтірудіӊ біртұтас орталығы құрылып, медиацияға оқыту жүзеге асырыла бастады. Аталған орталық азаматтық, еӊбек, жанұя және ѳзге де құқықтық қатынастардан туындайтын медиация процедураларын жүргізеді және сонымен байланысты келесідей міндеттер атқарады: тѳрелік үшін жаӊа мүмкіндіктер жасау, даулы тараптардыӊ арасындағы қайшылықтарды шешу, бір тараптыӊ басқаны басуы арқылы (яғни ұтылыс-ұтыс арқылы) емес, ѳзара тиімді нәтижеге, табысқа бағытталған істестікті негіз ету (яғни ұтыс-ұтыс арқылы).
Медиаторлар ұйымдарыныӊ кәсіпқой медиаторлар тізілімін жүргізуі мәселесіне тоқтала кетейік. Қазақстан Республикасыныӊ «Медиация туралы» Заӊыныӊ 14-бабына сәйкес, әрбір медиаторлар ұйымы Қазақстан Республикасыныӊ аумағында медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой медиаторларыныӊ ѳзініӊ тізілімін жүргізеді. Медиаторлар кәсіпқой медиаторлар тізіліміне қосылу үшін медиаторлар ұйымына жеке куәлігініӊ кѳшірмесін (салыстырып тексеру үшін жеке куәлігініӊ түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған кѳшірмесін); үміткерге тұрғылықты жері бойынша наркологиялық кѳмек кѳрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды; соттылығыныӊ жоқтығы туралы анықтаманы, жоғары білімі туралы дипломыныӊ және медиация бойынша арнайы даярлықтан ѳткендігін растайтын құжаттыӊ (сертификаттыӊ) кѳшірмелерін ұсынуы қажет.
Кәсіпқой медиаторлар тізілімі мыналарды қамтиды:
1) медиатордыӊ тегі, аты және әкесініӊ аты (ол бар болған кезде);
2) медиатордыӊ заӊдық мекен-жайы;
3) медиатордыӊ байланыс деректері (пошта мекен-жайы немесе электрондық поштаныӊ мекен-жайы не телефон немесе телефакс нѳмірі);
4) медиатордыӊ маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
5) медиатордыӊ медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;
6) медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан ѳткенін растайтын құжаттыӊ (сертификаттыӊ) бар екендігі туралы мәліметтер;
7) медиатордыӊ қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер.
Медиаторлар ұйымы медиаторларды заӊ талаптарына сәйкес келген жағдайда, тиісті ѳтінішті алған күннен бастап он күн ішінде хабарлау тәртібімен кәсіпқой медиаторлар тізіліміне қосады. Медиаторды кәсіпқой медиаторлар тізіліміне қоспаған жағдайда, медиаторлар ұйымы тиісті ѳтінішті алған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті. Егер тиісті жылдыӊ 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде медиатор тізілімде болу мерзімін кезекті күнтізбелік жылға ұзарту туралы ѳтініш бермесе, медиаторлар күнтізбелік жыл аяқталған соӊ кәсіпқой медиаторлар тізілімінен шығарылады. Тізілімде болу мерзімін ұзарту туралы ѳтінішті, электрондық түрде медиаторлар ұйымыныӊ электрондық мекен-жайына ұсынуға болады [11,69б.].
Кәсіпқой медиаторлар тізілімі медиаторлар ұйымыныӊ интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуы және оған медиаторларды енгізу шамасына қарай жаӊартылуы тиіс. Медиаторлар ұйымдары мерзімді баспасѳз басылымдарында кәсіпқой медиаторлар тізілімін жариялауға құқылы. Медиатор Заӊ талаптарын бұзған жағдайда, медиация рәсіміне қатысушы тараптар тиісті ѳтінішпен медиаторлар ұйымына жүгінуге құқылы. Бұзушылық расталған кезде, медиаторлар ұйымы бұл туралы кәсіпқой медиаторлар тізілімінде кѳрсете отырып, медиатордыӊ қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрады. Медиаторлар ұйымыныӊ медиаторды кәсіпқой медиаторлар тізіміне енгізуден бас тарту, одан шығару, оныӊ қызметін тоқтата тұру туралы шешіміне сотқа шағымдануына болады.
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ ерекше назар аударуды қажет ететін баптарыныӊ бірі - 15-бап, яғни жергілікті қоғамдастық мүшелерініӊ медиацияны жүргізуі. Нақтырақ айтқанда, ѳз қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлармен қатар, медиацияны жергілікті қоғамдастықтыӊ жиналысы (жиыны) осындай мақсатта сайлайтын жергілікті қоғамдастықтыӊ ѳмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар мүшелері жүргізе алады. Медиация институты қазаққа жат емес. Жалпы, медиацияны кѳп жағдайда алаш жұртында орын алған ежелгі билер сотымен салыстырып жатады. Оған себеп - медиация бітімгершілік пен ымыраластыққа бағытталған. Заӊныӊ жалпы сипаты мен тұжырымдамасы, баяғы қазақтыӊ ықылым заманнан қолданып келе жатқан билер сотыныӊ үлгісі іспеттес. Тарихтан белгілі, қазақ халқы «Медиация туралы» Заӊмен белгіленген қағидаттар мен ережелерді, ерте заманнан қолданып келген.
Бір кездегі қазақтыӊ билер сотыныӊ қазіргі сот жүйесінен ерекшелігі - ондай билерді ешкім сайламаған да, тағайындамаған.
Бұқара халық ѳзі мойындап, әділдікті ту еткендердіӊ алдына жығылып отырған. Екіншіден, қазақ билері әділ тѳрелік жасағанда, еӊ алдымен кеткен шығынды қалпына келтіру мәселесін қаперде ұстанатын. Бүгінгі біздіӊ қоғамныӊ сұранып тұрған ѳзекті мәселесі, медиацияныӊ негізі де осы. Бұдан бѳлек, қазақ билерініӊ қабылдаған шешімдері жазбаша түрде жүргізілмеген еді. Осы тұрғыдан алсақ та, медиацияға ѳте ұқсас: шешімдер ауызша қабылданады. Әрі ол шешім орындалған. Билер шешімі орындалмаса, «аластау» туралы үкімдер де шығарылған. Тоқ етері, біз баяғы қазақ билері сотыныӊ бүгінгі кѳрінісін қабылдап, жүзеге асырғалы отырмыз.Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дау-шарды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдыӊ орнын толтыру және қылмыс жасаған адамныӊ жәбірленушімен татуласуы жолымен дау-шарды реттеу туралы келісімді білдіреді.
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 15-бабыныӊ 2-тармағына сәйкес жергілікті қоғамдастық мүшелерін кәсіпқой емес медиаторлар ретінде сайлау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысыныӊ (жиыныныӊ) хаттамасы он жұмыс күні ішінде Заӊда кѳзделген құжаттармен, сондай-ақ мәліметтермен қоса, кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосу үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Атаулы Заӊныӊ 16-бабына сәйкес қаладағы аудан, аудандық маӊызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі (уәкілетті орган) Қазақстан Республикасыныӊ аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардыӊ тізілімін жүргізеді. Медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлар кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосылу үшін уәкілетті органға жеке куәліктерініӊ кѳшірмелерін (салыстырып тексеру үшін жеке куәлігініӊ түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған кѳшірмесін); үміткердіӊ тұрғылықты жері бойынша наркологиялық кѳмек кѳрсететін медициналық ұйымнан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды; соттылығыныӊ жоқтығы туралы анықтаманы қоса ұсына отырып жүгінуге міндетті [10].
Кәсіпқой емес медиаторлардыӊ тізілімі уәкілетті органныӊ интернет-ресурсында не жұртшылық үшін қолжетімді жерлерде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға және оған медиаторлардыӊ енгізілуіне қарай жаӊартылып отыруға тиіс. Уәкілетті орган мерзімді баспасѳз басылымдарында, кәсіпқой емес медиаторлар тізілімін жариялауға құқылы. Қысқасы, жаӊадан қабылданған-Қазақстан Республикасыныӊ «Медиация туралы» Заӊы арқылы бұрынғы билер соты жаӊғырып, ол медиация институты ретінде дүниеге келмек. Сол арқылы, қоғам ѳз ішіндегі дауларды ѳзі шешеді, сотқа жеткізбестен, бітім жасауға құқы болады. Қазақстан Республикасыныӊ «Медиация туралы» Заӊы, соған тиісті жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған.
«Медиация» сѳзі латын тілінен аударғанда «делдал», «екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға»деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ тѳрелікті қамтамасыз етудіӊ бірден-бір жолы, яғни, екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссѳз рәсімі. Бейтарап медиаторды тарту арқылы келісімге келу жолымен уағдаластырылатын рәсім. Бұл тәсіл алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан және заӊдастырылған. Медиация тәсілін АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Германия, Аустрия сынды әлемніӊ алпауыт елдері ертеден бері қолданып келеді. Жалпы, медиация әдісі дүниежүзінде 20 ғасырдыӊ екінші жартысында дами бастады. Еӊ алдымен АҚШ-та, Аустралияда, Ұлыбританияда, ал кейін ол бірте-бірте Еуропада таралды. Медиацияны қолданудыӊ алғашқы әрекеттері отбасы қатынастары саласындағы дауларды шешу кезінде тәжірибеге енгізілді. Кейін медиация отбасы жанжалдарынан бастап коммерциялық кѳп жақты жанжалдарға дейінгі даулардыӊ кеӊ шеӊберін шешу кезінде қолданылатын болды. Әлемдік тәжірибеде медиацияны заӊнамалық бекітудіӊ мысалдары кѳп. Тиісті актілер АҚШ-та, Аустрия­да, Германияда қабылданған. Еуропа комиссиясы Медиатордыӊ кодексін бекітті, ал Еуропалық Одақ медиаторлардыӊ қызметін реттейтін бірқатар директивалар шығарды. БҰҰ-ныӊ халықаралық сауда құқығы жѳніндегі комиссиясы (ІІМСІТРАІ) медиация туралы заӊныӊ үлгісін әзірледі. Мәселен, АҚШ-та экономика, саясат, бизнес саласында медиаторсыз бірде-бір маӊызды келіссѳз жүргізілмейді. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, Ұлыбританияда медиация әдісі ѳте кеӊ тараған. Тіпті, медиаторға байланыс желісі арқылы кез келген жерден қоӊырау соғып, жанжалды сипаттап, ѳздерініӊ талаптарын білдіре алады. Германияда бітімгерлер тікелей соттардыӊ жанында жұмыс істейді. Бүгінде бұл мемлекетте медиация азаматтық істерді ғана емес, әкімшілік істер бойынша да қолданылады. Неміс мектептерініӊ кѳпшілігінде тұрақты медиация курстары оқытылады. Аустрия - медиаторларды дайындауды және дайындықтыӊ белгіленген нормативтерін реттейтін медиация туралы федералдық заӊ қабылдаған жалғыз мемлекет. Қытайда даулардыӊ шамамен 30 пайызы соттан тыс тәртіппен шешіледі. Венгрия мен Кореяда тараптар медиация шеӊберінде келісімге келіп, оны аралық соттардыӊ (тѳрешіліктіӊ) қарауы үшін заӊда қарастырылған тәртіпте бекітуге құқылы. Мұндай шешім (тѳрешілік) күшіне ие болса, тиісті тәртіппен орындауға жатады. ТМД елдерініӊ ішінде медиация туралы заӊ Молдовада қабылданды [12, р.125].
Елімізде бертіннен қол­данылатын медиация туралы заӊға сәйкес, әзірге жеке және заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) медиацияныӊ қолдану саласы болып табылады.
Егер медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардыӊ және сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардыӊ мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, мұндай дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды.
Тараптардыӊ бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды.
Одан басқа, сыбайлас жемқор­лық қылмыстар және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы ѳзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.
«Медиация туралы» заӊға қол қойылуы және осы заӊға байланысты елімізде жақын арада дауларды шешудіӊ қосымша әдісі ретінде медиация тәсілі енгізілуініӊ басты мақсаты қылмыстық және азаматтық істер бойынша дауларды қарайтын судьялар жүктемесін азайту болып табылады. Кѳбіне сот шешіміне бір ғана тарап қанағаттанады, екінші тарап сот шешіміне риза болмағандықтан, істі апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қайта қарауға ѳтініш береді. Атал­ған сатылардыӊ әрқайсыныӊ ѳзініӊ уақыт мерзіміне байланысты істерді қарау бірнеше айға, ал, кейбір жағдайларда жылға созылып кетеді. Медиация әдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді. Үлкен ѳмірлік тәжірибесі, жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан азаматтар, отставкадағы судьялар, прокурорлар медиатор бола алады.
Заӊ бітімгерлік рәсімдер (медиация) институтын ұйымдастыру және оныӊ қызметініӊ тәртібін белгілейтін бірқатар баптардан тұрады. Заӊ Қазақстан Республикасыныӊ аумағында бітімгерлік рәсімдер институты қызметініӊ құқықтық негіздерін белгілейді және медиатордыӊ (бітімгердіӊ) қатысуымен дауларды шешу жѳніндегі қатынастарды реттейді. Медиатор (бітімгер) -тараптардыӊ дауларын реттеу мақсатында олардыӊ арасында бітімгерлік рәсімдерді (медиация) жүзеге асыратын дербес жеке тұлға. Аталмыш заӊныӊ 4-бабы негізінде бітімгерлік рәсімдерді жүргізетін медиатор тараптардыӊ теӊ құқықтылығы мен әділеттілігін сақтауы тиіс. Басты қағида -еріктілік және медиатордыӊ тәуел­сіздігі мен бейтараптылығы. Кез келген уақытта тараптар бітімгерлік рәсімдерді (медиация) жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгінуіне болады. Заӊныӊ құпиялығы туралы 8-бабында кѳрсетілгендей, медиацияға қатысушы тұлғалар бітімгерлік рәсімдер барысында белгілі болған мәлімет­терді осы ақпаратты берген тараптыӊ келісімінсіз жария етуге құқысы жоқ. Медиатордыӊ ѳкілеттілігі туралы заӊныӊ 21-22-баптарына сәйкес медиатор тараптармен бірлескен немесе жеке кездесулер ѳткізуге, қажет болған жағдайда медиатор даудыӊ техникалық аспектілері бойынша сарапшыныӊ қорытындысын талап етуге құқылы. Бұл ретте тараптар қорытындыны алуға байланысты шығындарды ѳтеуге келісуі тиіс. Егер медиатордыӊ пікірі бойынша бітімгерлік рәсімдерді одан әрі жүргізу, яғни, тараптар арасындағы дауды шешу мүмкін болмаса, медиатор істі жүргізуді тоқтатуға құқылы. Сондай-ақ, медиатор ѳзініӊ функцияларын жүзеге асыруына кедергі болатын мән-жайларды білген жағдайда бұл істен ѳздігінен бас тарта алады. Медиациялық рәсімді ѳткізудіӊ уақыты мен күні тараптардыӊ келісімі бойынша белгіленеді. Іс соттыӊ қарауында жүргізіліп жатып, тараптардыӊ келісімімен сот шешімі шыққанға дейінгі уақытта тараптар істі қайтарып алып, медиатордыӊ кѳмегіне жүгіне алады. 23-бап негізінде бітімгерлік рәсімдер келісім жасалған күннен бастап отыз күн ішінде аяқталуы тиіс. Қажет болған жағдайда тараптардыӊ ѳзара шешімі бойынша бітімгерлік рәсімдерді жүргізу мерзімі отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Медиатордыӊ негізгі міндеті - екі тарапты татуластырып, бітістіру, яғни, талапкер мен жауапкер ѳзара келісімдері арқылы мәміле жасауы. Ол үшін еӊ алдымен жауапкер ѳз кінәсін мойындап, талапкермен келісімге келуі керек. 27-бапқа сәйкес медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оған тараптар қол қояды. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде осы келісімде кѳзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс. Дау-шарды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні ғана күшіне енеді.
Ата-баба заманда шыӊыраулы түрме ұстамай қоғамдағы неше түрлі даулы мәселелерді екі ауыз сѳзбен ғана шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Міне, енді «Медиация туралы» заӊ қазақ халқыныӊ бүкіл әлемге үлгі етерлік, ұмытыла бастаған жақсы салт-дәстүрін қалпына келтіруге жасалған игі қадам десек те болады.
Осы занныӊ шығуына заӊгер­лердіӊ, ғалымдардыӊ, оныӊ ішінде, қоғам қайраткері, біртуар, тұлға -академик С.Зимановтыӊ кѳп жылғы еӊбегініӊ нәтижесі деп түсінуге болады. Ѳйткені, сонау Кеӊес үкіметініӊ «қылышынан қан тамған» қиын заманынан бастап билер туралы деректер жинақтап, ерінбей еӊбек етті. Атақты би-шешендеріміздіӊ биліктері, ғалым-заӊгерлердіӊ би-шешендер туралы еӊбектері осы дарабоз ақсақалдыӊ басқаруымен жарық кѳрген ѳте құнды, тереӊ зерттелген «Қазақтыӊ ата заӊдары» атты он томдық ғылыми жинаққа кірді. 2008 жылдыӊ 22-23 мамырында Жоғарғы Соттыӊ қолдауымен академик С. Зиманов сот-құқықтық саласындағы проблемаларға, оныӊ ішінде, қазақ билерініӊ құндылықтарына ар­налған бұрын-соӊды болмаған, шетел­діӊ ғалымдары мен сот-заӊ сала­сыныӊ кѳптеген бірінші басшылары қатысқан халықаралық ғылыми-практикалық конференция ѳткізді. Осы конференцияда С.Зиманов ата-бабаларымыздыӊ салт-дәстүрлерініӊ бірегейі, билер соты туралы құнды пікірлер айтып, Қазақстанда «Бітімгершілік туралы» заӊ дайындап, оны қолданысқа енгізу туралы ұсыныс беріп, бұл ұсынысты барлық ғалым-заӊгерлер бір ауыздан қолдаған болатын. Міне, осы атқарылған жұмыстардыӊ жемісі - «Бітімгершілік туралы» заӊ қабылданып, қолданысқа енгізілді. Бұл заӊ бұқара халыққа ѳте қолайлы, әрі тиімді боларына кәміл сенемін, әрі сот және құқық қорғау органдарыныӊ жұмыс барысына кѳп жеӊілдіктер әкеледі [13,70 б.].
Бұл заӊ Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиаторлардыӊ мәртебесін айқындайды. «Медиация» сѳзі латын тілінен аударғанды делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі тазалықты, әділ тѳрелікті қамтамасыз етудіӊ бірден- бір жолы болмақ, яғни, тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссѳз рәсімі.
Медиация деген сѳздіӊ мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады. Медиация туралы заӊ медиацияны азаматтық-құқықтық қатынастардан, оныӊ ішінде кәсіпкерлік және ѳзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын құқық туралы дауларды, еӊбек және отбасы құқықтық қатынастардан, жеке және (немесе) заӊды тұлғалардыӊ ѳзге де жеке құқықтық қатынастарынан, сондай-ақ жеӊіл және ауырлығы орташа қылмыстар туралы іс бойынша қылмыстық-құқықтық қатынастар саласында туындайтын дауларды реттеу кезінде қолдануға бағытталған.
Медиацияныӊ қолданылу саласы, егер Қазақстан Республикасыныӊ заӊдарында ѳзгеше белгіленбесе, жеке және заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар /дау-шаралар/ медиацияныӊ қолданылу саласы болып табылады.
Егер медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардыӊ және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардыӊ мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, тараптардыӊ бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы ѳзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.
Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.
Азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім дереу іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан судьяға жіберіледі. Дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасыныӊ Азаматтық процестік кодексінде кѳзделген тәртіппен бекітеді.
Бұл ретте тѳленген мемлекеттік баж Қазақстан Республикасыныӊ Азаматтық процестік кодексінде кѳзделген тәртіппен тѳлеушіге қайтарылуға тиіс.
Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауларды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдыӊ орнын толтыру және қылмыс жасаған адамныӊ жәбірленушімен татуласуы жолымен дау- шарды реттеу туралы келісімді білдіреді. Аталған келісім дереу іс жүргізуіндегі қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық процестік кодексіндегі кѳзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән- жай болып табылады және дау- шардлы реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді. Сонымен «Медиация -үшінші бейтарап кѳзқарасты ұстанатын тараптыӊ- медиатордыӊ қатысуымен дау- жанжалды шешудіӊ баламалы әрекеттерініӊ бірі, ол тараптарды ѳзара бітімге келуге кѳмектеседі. Еріктілік, құпиялылық, тараптардыӊ теӊ құқылығы, медиатордыӊ бейтараптығы, процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен негізделеді»
Қысқаша айтқанда, медиация кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға емес, ѳзара тиімді шешімді табуға бағытталған. Яғни, жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да кәсіби бітімгерге жүгінеді. Ол дауды тыӊдаған соӊ, тиімді шешімді ұсынады.
Медиатор қызметі кәсіби де, кәсіби емес негізде жүзеге асырылады. Жоғары білімі бар, 25 жасқа жеткен, Қазақстан Республикасыныӊ Медиаторлар ассоциясынан арнайы оқығандығын растайтын сертификаты бар тұлғалар кәсіби медиатор бола алады. Ал 40 жасқа толған азаматтар кәсіби емес медиатор бола алады. Кәсіпқойлар тізімін Ассоциация жасайды, ал кәсіби емес негізінде медиатор болғысы келетіндер тұрғындар жиыны хаттамасыныӊ негізінде жергілікті атқару орындарына келуі тиіс. Әрине, мұндай адамар халық алдында кіршіксіз беделге ие болуы тиіс.
Мұнымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер, тергеуге алынған қабілет жоқ адамдар, сондай-ақ жазасы ѳтелмеген немесе сотталғандығы кешірілмеген тұлғалар медиатор бола алмайды.
Медиация туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін, егер іс сотта қаралса, ол сотта бейбіт келісім секілді мақұлданады. Дауласушы тараптар медиация туралы келісім- шарт және сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды реттеу туралы келісім жасаған жағдайда, келісім дауласушы тараптар оны ерікті түрде орындауға міндеттеледі дегенді білдіреді. Ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша жәбірленуші тарапқа келген залалдыӊ орнын толтыру және оларды татуластыру арқылы дауды реттеу туралы келісім жасау әрі қарай қылмыстық қудалауды тоқтататын жағдай болып табылады, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 67-бабы бойынша іс тоқтатылады. Қылмыстық қудалауды тоқтататын жағдай кѳзқарасты ұстанатын тараптыӊ-медиатордыӊ қатысуымен дау-жанжалды шешудіӊ баламалы әрекеттерініӊ бірі, ол тараптарды ѳзара бітімге келуге кѳмектеседі. Еріктілік, құпиялылық, тараптардыӊ теӊ құқылығы, медиатордыӊ бейтараптығы, процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен негізделеді»
Медиацияны жүргізуге байланысты шығыстар мыналарды қамтиды: медициаторға сыйақы тѳлеу; Медиацияны жүргізуге байланысты медиатор шеккен шығыстар, оныӊ ішінде дау қаралатын жерге жолжүру ақысын тѳлеуге, қонақүйге тұруға және тамақтануға арналған шығыстар. Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы да, тегін негізінде де жүзеге асырады. Кәсіпқой медиатор сыйақысыныӊ мѳлшері медиация басталғанға дейін медиатормен тараптардыӊ келісімі бойынша айқындалады. Егер тараптардыӊ келісімімен ѳзгеше белгіленбесе, медиацияны жүргізуге байланысты шығыстарды тараптар бірлесіп теӊ үлестермен тѳлейді [14].
Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордыӊ мәртебесін айқындайды.
Бұл терминге анықтама беретін болсақ, медиация сѳзі латын тілінен аударғанда «mediare», яғни делдалдық ету, тараптарды ѳзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну болып табылады. Заӊ бойынша мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: дауды реттеу туралы келісім - тараптардыӊ медиация нәтижесінде ѳздері қол жеткізген жазбаша келісімі; медиатор - аталған заӊныӊ талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға; медиаторлар қауымдастығы (одағы) - медиаторлар ұйымдарыныӊ қызметін үйлестіру мақстаныда сондай-ақ, олардыӊ құқықтары мен заӊды мүдделерін қорғау үшін құрылатын ұйым; медиаторлар ұйымдары - медиаторлардыӊ Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасына қайшы келмейтін медиацияны дамыту жѳніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізуі үшін олардыӊ ерікті негізде бірігуі үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымдар; медиация - тараптардыӊ ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардыӊ ѳзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиаторлардыӊ жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі; медиация тараптары - медиация рәсіміне қатысатын ҚР «Медиация туралы» заӊыныӊ 1-бабы 1-тармағында аталған қатынастар субъектілері; медиация туралы шарт - тараптардыӊ медиация басталғанға дейін дауды шешу мақсатында медиатормен жасасатын жазбаша келісімі; медиацияға қатысушылар - медиатор және медиация тараптары.
Медиацияныӊ мақсаты айқын кѳрсетілген:
1. дауды шешудіӊ медиацияныӊ екі тарапында қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу.
2. тараптардыӊ дауласушылық деӊгейін тѳмендету.
Медиация -бұл икемді процесс, құпиялы және бейтарап тұлға (мадиатор) принциптерге сәйкес және медиация тәртібін нақты игере отырып, конфликт немесе дау шешуде, байланыс жүргізу, тексеруші шешімін қабылдағанда және реттеуде белсенді түрде екі жаққа кѳмектеседі.
Сот процесінен айырмашылығы, медиация-еркін процесс. Рәсім сипаты жағынан-жария емес процесс. Онда тараптар дауды қарайтын тұлғаны, яғни, медиаторды ѳздері таӊдайды. Медиатор кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын жеке тұлға. Екіншіден, сот талап шеӊберінен шығуға құқысыз. Ал, медиация рәсімінде тараптар талапкердіӊ талабын қанағаттандыру тәсілі туралы келісімге келуге құқылы. Сонымен қатар, сотта шешім құқық пен заӊ нормалары негізінде қабылданса, ал медиация рәсімінде шешім тараптардыӊ ѳз мүдделерініӊ келісімге келуі негізінде қабылданады. Яғни, медиация-тараптардыӊ ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын және ѳзара қолайлы шешімге жетуі үшін медиатордыӊ жәрдемдесуімен дауды реттеу рәсімі.
Медияция рәсіміне қатысудыӊ басты бағыты-еріктілік. Яғни, екі тарап еш мәжбүрлеусіз ѳз еріктерімен бір бітімгершілікке келеді. Бұл жерде тараптардыӊ теӊ құқылы рәсімі басым. Сонымен қатар, Медиатор-медиация рәсімін таӊдауда теӊ құқыққа ие және теӊ міндеттер атқарады.
Медиатор-бұл тараптардан, мемлекеттік органдардан, ѳзге де заӊды, лауазымды және жеке тұлғалардан тәуелсіз болуы керек. Сондай-ақ, медиатор медиация құралдары мен әдістерін таӊдауда дербес болады. Дауды шешу барысында анықталған мәліметтер жария етілмейді.
Медиация-үшінші бейтарап кѳзқарасты ұстанатын тараптыӊ, яғни медиатордыӊ қатысуымен дау-жанжалдарды шешудіӊ баламалы әдісі. Ол екі жақтыӊ еріктілік, құпиялық, теӊ құқылығын сақтай отырып, тараптардыӊ ѳзара тиімді бітімге келуіне жол ашады [15, 4 б.].
Қазақ халқы үшін бітімгершілік-билік айтудыӊ еӊ озық ѳнегесі. Тоқсан рулы елдіӊ дауларын тоғыз ауыз сѳзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздыӊ бірегей дара тұлғалары-Тѳле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердіӊ ел арасындығы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздыӊ бірлігін, жеріміздіӊ тұтастығын сақтап отырған. Яғни, Елімізде қолданысқа енген Қазақстан Республикасыныӊ «Медиация туралы» Заӊы жаӊа терминология болғанымен қазақ құқығы үшін бейтаныс дүние емес.
Осы тәртіпте дауда жүрген екі жақ тараптары, медиатордыӊ білім мен біліктілігініӊ тәжірибесіне сүйене отырып, екі жақты пайдалы шешімге ерікті түрде келеді. Заӊда кѳрсетілгендей, медиацияда даудыӊ толық шешілуі екі жақты дауласушыларға байланысты келесі принциптерден тұрады: еріктілік. медиациядағы екі жақ тараптарыныӊ теӊдігі, құпиялық, медиатордыӊ тәуелсіздігі мен алаламайтындығы, медиация тәртібіне кірісуге рұқсат етілмейтіндік.
Аталған заӊнын 9-бабында медиатоларға қойылатын талаптар кѳрсетілген, яғни тәуелсіз, бейтарап, істіӊ нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарыныӊ ѳзара келісімі бойынша таӊдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордыӊ функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиатордыӊ қызметі кәсіби негізде (кәспқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін. Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. Жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан ѳткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін жүзеге асыра алады. Медиатордыӊ қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасында тыйым салынбаған кез келген ѳзге қызметті де жүзеге асыруға құқылы. Медиацияныӊ тиімділігі жѳнінде тағы бір ескере кететін жәйт-шешімніӊ орындалу деӊгейі жоғары болмақ. Медиация азаматтар арасындағы қарым -қатынаста талас- тартыс деӊгейін тѳмендетуге, тараптардыӊ қарым -қатынас мәдениетініӊ, этикасыныӊ жоғарылауына, ерікті түрде орындалатын шешімдердіӊ кѳбеюіне әкеледі деген сенім тудырады .
Бірнеше онжылдықтар бұрын АҚШ және Еуропалық одақ елдері ѳзекті проблема - соттардыӊ жұмысбастылығы, бірнеше жылға созылатын сот даулары, сот шешімдерін орындамаушылығы мен жеке және заӊды тұлғалардыӊ орасан зор шығындарымен сот шығындарына тап болды, бүгінгі күні осы проблема Қазақстанда. Индустриалдық және ақпараттық сұраныс, ѳрлеу және жаһандану егестер саны және олардыӊ күрделілігі геометриялық прогрессияныӊ ѳсуіне әкеліп соқты. Дауларды реттеудіӊ басқа рәсімдерін іздеу қажеттігі айқындалды. Нәтижесінде, АҚШ-та «даудыӊ баламалы шешімі» термині пайда болды, онымен арбитраж, келіссѳздер, делдалдық, «шағын талқылау» сияқты және дауларды реттейтін басқа рәсімдер түсіндіріледі. Осы институттыӊ бірнеше артықшылықтарын атап ѳткім келеді.
Біріншіден, судьяларға күштіӊ тѳмендеуі жолымен соттар жұмысыныӊ тиімділігі артатын болады, сондықтан істердіӊ бѳлігі медиация арқылы қарастырылатын болады. Бұл соттардағы қарастырылатын істердіӊ сапасы мен ұзақтығында оӊ нәтиже береді деп жорамалданады.
Екіншіден, медиация дауды шешу саласындағы ап-айқын артықшылықтарға ие. Дауды қарастыру нәтижелерімен тараптардыӊ қызығушылықтарын қанағаттандыру мүмкіндігі аса жоғары. Бұл келісм қабылдау үрдісініӊ соттағы сияқты бақылау тараптары емес белсенді қатысушылары болып табылатындығымен кѳрінеді. Сондай-ақ сотқа ѳтініш білдіру арқылы емес, медиаторларды тартумен қарастырылатын істер уақытты және шиеленіс тараптарыныӊ ақшаларын үнемдейтін жағдайлар айтарлықтай.
Медиация біздіӊ республикамызда лайықты дамуын алуы үшін біз максималды күш жұмсауымыз қажет екендігі сѳзсіз, сондықтан бұл үшін, меніӊ кѳзқарасым бойынша, бүгінгі күні барлық шарттар бар. Кез келген жағдайда мемлекет тарапынан медиацияныӊ тиімділігін кеӊінен түсіндіру жұмысы бір жағынан, және біздіӊ азаматтардыӊ белсенді ѳмір ұстанымы басқа жағынан біздіӊ қоғамдағы бұл институттыӊ енгізу табысыныӊ кепілі болып табылады [16].
Жүргенге жүрдем ілінеді деген мақал-мәтел барлығына белгілі. Медиация институты біздіӊ республикамызда біртіндеп дамып келеді. Құрама Штаттарына, сонымен қатар кейбір Еуропалық елдерге келген медиацияныӊ сол кѳрсеткіштері мен сол деӊгейі жалғастырушылық және еӊбекті кѳп керек ететін жұмыс салдары болып табылады, соныӊ үрдісінде осы институттыӊ оӊ және теріс жақтары анықталды. Біз әлі осы жолдыӊ басындамыз, алайда медиация енгізу үшін біздіӊ мемлекетіміздіӊ сот жүйесі сондай-ақ түбегейлі ѳзгерістерге шыдады және әлемдік қоғамдастық мойындаған ѳзініӊ дамуында жоғары деӊгейге жетті. Қазіргі уақытта біз жалпытанылған үдемелі құқықтық институттарды қолдануға дайынбыз, себебі уақыт олардыӊ тиімділігін арттыру бойынша жаӊа міндеттерді ұсынуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет