Дипломдық жұмыс мақсаттары мен міндеттері. Медиацияның дауларды сотқа дейін қарастыратын әдіс ретінде құқықтық ерекшелігін қарастыру, туындаған мәселелерді талдап олардың шешу жолдарын ұсыну.
Қазақстан Республикасы медиаторларыныӊ даулы қатынастарды шешу барысында туындайтын теориялық және тәжірибелік мән-жайларды тұжырымдап кѳрсету.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылған:
- медиацияныӊ құқықтық дауларды реттеудіӊ альтернативтік процедурасы ретіндегі аспектілерін талдау;
- медиация қызметініӊ жалпы сипаттамасы мен құқықтық маӊызын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы медиацияныӊ перспективасын талдау;
- даулардыӊ әр түрлі түрлерінде медиацияны қолдану ерекшелігін ажырату;
- қоғамдағы медиация институыныӊ қажеттілік ролін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстыӊ ғылыми жаӊалығы: Қазақстан Республикасы бойынша медиацияныӊ тарихы мен болашағына үӊіле алған және медиациялық келісім-шартыныӊ теориялық және құқықтық мәселелеріне байланысты жүргізілген ғылыми ізденіс нәтижесінде жазылған еӊбектердіӊ бірі болып табылатындықтан ѳзіне тән жаӊалығымен, жұмыста жасалған тұжырым-қорытындылар мен дәлелді танымдар ғылыми қажеттілін кѳрсетеді.
Дипломдық жұмыстыӊ пәні: дауларды сотқа дейін қарастыру әдісі ретіндегі медиацияның құқықтық ерекшелігі нақтылы медиацияға бағытталған даулы мәселелердіӊ туындауын анықтауға және оны соттан тыс негіздерде шешуге бағытталған қоғамдық қатынастар.
Дипломдық жұмыстыӊ объектісі: Азаматтық-құқықтық саладағы дауларды сотқа дейін реттеуде туындайтын қоғамдық қатынастар.
Дипломдық жұмыстыӊ методологиялық әдістері дипломдық жұмысты жазу барысында жүйелік, салыстыру, талдау, эмприкалық сипаттау, зерттеу әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстыӊ теориялық негізі Медиациялық келісімді жан жақты қарастыруда Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясы, Қазақстан Республикасы медиация туралы заӊы, басқа да медиациялық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер және аталған саланы тереӊ зерттеп жүрген ғалымдардыӊ еӊбектері қолданылды. Атап айтқанда, С. Зиманов, Қанат Қазы, Н.Кенжеғұлов, С.С.Сағатов.
Достарыңызбен бөлісу: |