Абдыкаликова Райхан Газизовна Құқықтық жанжалдарды шешудегі медиацияның ролі: теориялық және құқықтық талдау дипломДЫҚ ЖҰмыс 6B04201 "Құқықтану" білім беру бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТҮСІНІГІ: ДАМУЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАСЫ



бет6/9
Дата12.05.2024
өлшемі430.5 Kb.
#500907
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Абдыкалыкова Райхан Газизовна. Құқықтық жанжалдарды шешудегі медиацияның ролі теориялық және құқықтық талдау

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТҮСІНІГІ: ДАМУЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАСЫ


2.1 Даудыӊ әр түрлі түрлерінде медиацияны қолдану ерекшелігі

Ѳзініӊ құқықтық жүйесін жетілдіру жолында Қазақстанға дамыған мемлекеттер тәжірибесіне жүгінуі қажет екендігі даусыз, зейінді танысқаннан кейін ғана үдемелі құқықтық институттарды қабылдау керек. Әлемдегі, оныӊ ішінде ТМД елдерінде аса қарқынды дамып келе жатқандардыӊ институттардыӊ бірі медиация болып табылады. Медиация - бұл азаматтық қоғамныӊ негізі, демократия мен ѳркениетке жол деген пікір бар. Сонымен медиация дегеніміз не.


Медиация - осы шиеленістегі мүдделі емес тараптыӊ үшінші бейтарап, әділ - медиатордыӊ қатысуымен баламалы реттелген егес (ағылш. alternative dispute resolution, ADR) технологияларыныӊ бірі, ол тараптарға егес бойынша белгілі бір келісімге келуге кѳмектеседі, осы кезде тараптар егесті реттеу бойынша шешімдерді және оныӊ рұқсат шарттарын қабылдау үрдісін толық бақылайды.
Медиация кіріспе ережелері мен белгілі шарттарға, іс-әрекеттерге, сатыларға ие, сонымен қатар келесі қағидаларға негізделеді: еріктілік, жасырындық, ѳзара сыйластық, тараптардыӊ теӊдігі, медиатордыӊ бейтараптығы және әділдігі, рәсімніӊ айқындығы.
Бірнеше онжылдықтар бұрын АҚШ және Еуропалық одақ елдері ѳзекті проблема - соттардыӊ жұмысбастылығы, бірнеше жылға созылатын сот даулары, сот шешімдерін орындамаушылығы мен жеке және заӊды тұлғалардыӊ орасан зор шығындарымен сот шығындарына тап болды, бүгінгі күні осы проблема Қазақстанда. Индустриалдық және ақпараттық сұраныс, ѳрлеу және жаһандану егестер саны және олардыӊ күрделілігі геометриялық прогрессияныӊ ѳсуіне әкеліп соқты. Егестерді реттеудіӊ басқа рәсімдерін іздеу қажеттігі айқындалды .
Нәтижесінде, АҚШ-та «егестердіӊ баламалы шешімі» термині пайда болды, онымен арбитраж, келіссѳздер, делдалдық, «шағын талқылау» сияқты және егестерді реттейтін басқа рәсімдер түсіндіріледі. Осы институттыӊ бірнеше артықшылықтарын атап ѳткім келеді.
Біріншіден, судьяларға күтшіӊ тѳмендеуі жолымен соттар жұмысыныӊ тиімділігі артатын болады, сондықтан істердіӊ бѳлігі медиация арқылы қарастырылатын болады. Бұл соттардағы қарастырылатын істердіӊ сапасы мен ұзақтығында оӊ нәтиже береді деп жорамалданады.
Екіншіден, медиация егестерді шешу саласындағы ап-айқын артықшылықтарға ие. Егестерді қарастыру нәтижелерімен тараптардыӊ қызығушылықтарын қанағаттандыру мүмкіндігі аса жоғары. Бұл келісм қабылдау үрдісініӊ соттағы сияқты бақылау тараптары емес белсенді қатысушылары болып табылатындығымен кѳрінеді.
Сондай-ақ бұныӊ оқ жағы медиацияныӊ жасырын рәсімдері болып табылатыны сѳзсіз, сонда сот егестері сияқты жұртшылықтыӊ ѳзгермейтін игілігі бола бастайды.
Сондай-ақ сотқа ѳтініш білдіру арқылы емес, медиаторларды тартумен қарастырылатын істер уақытты және шиеленіс тараптарыныӊ ақшаларын үнемдейтін жағдайлар айтарлықтай.
Медиация біздіӊ республикамызда лайықты дамуын алуы үшін біз максималды күш жұмсауымыз қажет екендігі сѳзсіз, сондықтан бұл үшін, меніӊ кѳзқарасым бойынша, бүгінгі күні барлық шарттар бар. Кез келген жағдайда мемлекет тарапынан медиацияныӊ тиімділігін кеӊінен түсіндіру жұмысы бір жағынан, және біздіӊ азаматтардыӊ белсенді ѳмір ұстанымы басқа жағынан біздіӊ қоғамдағы бұл институттыӊ енгізу табысыныӊ кепілі болып табылады.
Жүргенге жүрдем ілінеді деген мақал-мәтел барлығына белгілі. Медиация институты біздіӊ республикамызда біртіндеп дамып келеді. Құрама Штаттарына, сонымен қатар кейбір Еуропалық елдерге келген медиацияныӊ сол кѳрсеткіштері мен сол деӊгейі жалғастырушылық және еӊбекті кѳп керек ететін жұмыс салдары болып табылады, соныӊ үрдісінде осы институттыӊ оӊ және теріс жақтары анықталды. Біз әлі осы жолдыӊ басындамыз, алайда медиация енгізу үшін біздіӊ мемлекетіміздіӊ сот жүйесі сондай-ақ түбегейлі ѳзгерістерге шыдады және әлемдік қоғамдастық мойындаған ѳзініӊ дамуында жоғары деӊгейге жетті. Қазіргі уақытта біз жалпы танылған үдемелі құқықтық институттарды қолдануға дайынбыз, себебі уақыт олардыӊ тиімділігін арттыру бойынша жаӊа міндеттерді ұсынуда.
Қазақстан Республикасыныӊ 28 қаӊтар 2011 жылғы «Медиация туралы» заӊы елімізде дауларды шешудіӊ жаӊа баламалы түрін бекітіп, республикада дауларды соттан тыс реттеу институты енгізілді. Медиация заӊға сәйкес жеке және заӊды тұлғалардыӊ қатысуымен азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар бойынша қолданылады.
ҚР АПК-де сот ѳндірісіне түскен азаматтық істер бойынша істі қарауға әзірлік жүргізу барысында тараптарға міндетті түрде араларындағы дауды медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі туралы түсіндіріледі. Бұл тұрғада оларға іс бойынша тѳленген мемлекеттік баж алымыныӊ қайтарылатыны да ескертіледі. Осы заӊныӊ аясын кеӊіту бағытында істі қарауға әзірілік кезеӊінде медиацияны тараптарға түсінідіріп жеткізу соттарға міндеттеген. Алайда, оныӊ ѳзі медиацияны қолдануды кеӊітпейді. Себебі сотқа қатысатын тараптар медиацияны қолданғаннан кѳрі сот шешімініӊ шығарылуын қолайлы кѳреді.
Медиация қолдану аясын кеӊейту үшін ол жѳнінде насихат жұмысын қолға алу қажет. Медиация сѳзін азаматтар кѳп жағдайда жете түсінбейді. Медиация латынныӊ «медиаре» -«бітімгершілікке жүру» сѳзінен алынған. Медиацияға жүгіну үшін тараптар медиацияныӊ не екенін білуі тиіс. Бітімге келу үшін оларды бітістіретін тұлға болу қажет-ол медиатор. Тараптыӊ бітімге келу не келмеуі ол медиатордыӊ кәсіби деӊгейіне, шеберлігіне, ѳмірлік тәжірибесіне байланысты. Тараптарды бітімге келістіру үшін олармен ортақ тіл табыса алатын, сеніміне кіретін және олардыӊ екі жағына да ұтымды болытан жағдайды ойластыратын қабылеті бар тұлға болуы тиіс. Теледидардан, баспасѳз беттерінен медиция жѳнінде жариаланып жатады алайда, кѳпшілік медиацияны саяси бір сырттан келген сѳз ретінде қабылдайды. Сондықтан барлық насихаттар халық санасына тез жеткізуге бағытталу керек. Жарнама жасайтын профессионалдар халықтыӊ санасына әсер етететін тұстарды зерттеп соны қолданады, себебі күрделі нәрсе жарнамаланбайды. Сондықтан, насихат қарапайым, тез жетімді, түсінікті болуы керек. Және медиаторларды халық тану керек. Медиаторлар да ѳз тараптарынан ѳздерін жарнамаласа, нотариусты таӊдағандай халық медиаторды таӊдаса қолайлы болар еді. Медиаторлардыӊ кім екенін, қай жерде орналасқанын, олармен қалай хабарласуға мүмкіндігі туралы қолжетімді мағлұматы болу керек.
Медиаторлар тараптардыӊ еркімен дауларға араласып, оларды бітімге келтіруде. Медиация заӊы қабылданар алдында шетелдіӊ, Америка, батыс елдеріндегі медиация институттарын зереттей отырып қабылданды. Дегенмен, ѳз тарихымызға кѳз жүргірте отырып, медиацияныӊ -яғни бітімгершіліктіӊ қазақ билерініӊ кеӊінен пайдаланған билік құралы екендігі айқындалады. Тараптарды табысытырып, екі жақты ұтымды жағдайға келтіре білген. Бір жағы ұтпаса да ѳзініӊ талабыныӊ негізсіз екендігін бидіӊ шешендігі мен кѳсемдігі арқасында түсініп, бидіӊ сѳзіне тоқтап бас иген. Осы кѳшпелі қазақ қоғамымыздыӊ билер институтыныӊ ѳнегелі тәжірибесін қазіргі медиация тұрғысында кеӊінен пайдалану абзал. Егер медиаторларды бұқаралық ақпарат құралдары, интернет құралдары арқылы жариялап, олардыӊ бітістірген әр бір дауы туралы кеӊнен ақпараттар таратылса, ел арасында сол медиаторды ѳз қалауы бойынша таӊдап, елімізде тарихта қалатын мықты медиаторлар шығар еді. Бұл тұрғыда латын тілінен алынған «медиатор» сѳзін ѳзіміздіӊ тѳл тарихымызда пайдаланылған «бітімгер» сѳзіне ресми түрде ауыстырылса нұр үсіне нұр болар еді. Соттар медиация бойынша тек тараптаға медиация қолдану мүкіндігін түсіндіреді. Ал оған келісуі не келіспеуі олардыӊ процессуалдық құқықтары. Себебі медиацияныӊ басты принципы еріктік. Егер сотқа дейін даулар медиация тәртібмен шешілген болса соттардыӊ да жүктемелері елеулі тѳмендер еді.
Сот медиациясын кеӊіту бағытында республикада күрделі ѳзгерістер еӊгізілді, 2016 жылы қолданысқа еӊгізілген Қазақстан Республикасыныӊ Азаматтық процестік кодексіне татуласу рәсімдері бѳлек тарау ретінде бекітілді. Осы кодекстіӊ 174 бабыныӊ тәртібі бойынша сот тараптардыӊ татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестіӊ барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетіні кѳрсетілген. Процестік заӊыныӊ жаӊадан еӊгізіліп бекітілген ѳзгерістері бойынша бірінші сатыдағы сотта медиацияны ѳткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардыӊ ѳтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья ѳткізуі мүмкін. Осыған сәйкес республиканыӊ барылық судьяларымен медиация тәртібімен дауды реттеу бағытында олардыӊ кәсібіи-біліктіліктерін арттыру шаралары қолданылды. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта ѳткізу үшін іс, әдетте, соттыӊ алқалы құрамындағы судьялардыӊ біріне беріледі. Медиацияны ѳткізетін судья медиация ѳткізілетін күнді тағайындайды және тараптарға оныӊ ѳткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды. Медиация сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасыныӊ Заӊында белгіленген ерекшеліктерге сәйкес ѳткізіледі.Сот тараптардыӊ ѳтінішхаты бойынша медиация рәсімін белгіленген мерзім шегінде кейінге қалдыруға және егер басқа тұлғалардыӊ қатысуы дауды реттеуге ықпал етсе, оларды медиацияға шақыруға құқылы. Егер дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісініӊ орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе кѳрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады. Процестіӊ кодексініӊ бұл ерекшеліктері медиацияныӊ іс жүргізудіӊ барлық сатысында ѳткізіуіне мүмкіндік береді. Медиацияныӊ мемлекет және еӊ маӊыздысы халық үшін жағымды жақтары кѳп болғандықтан соӊғы реформалары оны дамытуға бағытталған. «Медиация туралы» заӊыныӊ қолдануы ѳркениет кѳшіне бағыт бет түзеген біздіӊ қоғамымызда оӊ ѳзгерістердіӊ жүзеге асырылып жатқандығыныӊ айқын кѳрінісі екендігін айғағы [17].
Медиация - үшінші бейтарап тұлға - медиатордыӊ кѳмегімен іске асырылатын соттан тыс дау-жанжалды шешу рәсімі. Медиация дау-шараларды балама шешудіӊ неғұрлым жұмсақ нысаны болып табылады. Даудыӊ толық шешілуі дауласушылардыӊ ѳздерініӊ еркіне толық байланысты.
Оныӊ тарихына кѳз жүгіртсек, медиация дау-шарлар секілді бұрыннан бар. Бұл әдіс ерте халықаралық дауларды шешуде қолданылған. Ол әртүрлі: «делдалдық», «ѳтініш жасау», «ізгілік қызметін ұсыну» деп аталған. Дауларды шешудіӊ ұқсас әдістері келіссѳздер тұӊғиыққа тірелген жағдайда және табысқа жету үшін дауласушы тараптарды бір-бірініӊ кѳзқарастарын түсініп, қабылдауға мәжбүрлеу қажет болған жағдайда қолданылып отырған.
Адамдардыӊ кѳп ғасырлардан бері салмақты келіспеушіліктерді шешуде ѳзара тиімді және ѳмірге қабілетті шешімге нормаларды немесеиерархиялық тәртіптерді қолданғанша келіссѳздер арқылы қол жеткізу жеӊілдеу екендігіне кѳздері жетті.
Ертеде бұл рәсіа аймақтарда сауданыӊ біршама етек жаюына байланысты дамыды. Кѳптеген тарихшылар қазіргі заманғы медиацияныӊ түп тамыры Финикалық ѳркениет (теӊіз саудасы негіз болған) және ежелге Вавилоннан бастау алады деп жүр. Делдалдық институты шығыста қытай мен Жапонияда кеӊінен таралды. Қазіргі кезде де осы мемлекуеттерде моральдық нормалармен тараптардыӊ татуласуы мемлекеттік сотпен дауды шешуге қарағанда сұхбат арқылы, сондай-ақ, делдалды қолдану арқылы шешуі жоғары тұр. Делдалдық институт одан әрі медиаторлар «proxenetas» деген атпен белгілі Ежелгі Грекияда кейін Дигест Юстинианнан бастап Ежелгі Римде дамып, медиаторлардыӊ ережесі бекітілді. Рим құқығында олар әртүрлі аталды.
Белгілі мемлекеттіӊ құқықтық және мәдени салттарына байланысты татуласу сот тѳрелігі жүйесіне әр түрлі болып енгізіледі. Осылайша, медиацияны мемлекеттерге енгізуге және сот тѳрелігі әсер етті.
Тарихи сот тѳрелігініӊ нысаны бір медиация элементі - билер соты бар Қазақ мемлекеті де шет қалмады. Медиаторлар секілді билерде туындаған дауларда делдалдық қызмет атқарды, әйтсе де, би лауазымына қандай да бір заӊға сәйкес тағайындаулар болмады. Дауласушы тараптар мәселелерін шешу үшін билерге ѳз еріктерімен (медиациядағыдай) баратын.
Ендігі дерде, қазіргі әлемдегі медиация ХХ ғасырдыӊ екінші жартысында дами бастады. Еӊ алдымен, ағылшын-саксон құқығы елдерінде - АҚШ-та, Австралияда, Ұлыбританияда және қазіргі кездегі Қазақстандағы да кѳкейтесті мәселелермен соттардыӊ жұмысбастылығы, біршама жылға созылған соттардыӊ айтыс-тартыстары, сот шешімдерініӊ орындалмауы және сот шығындарын тѳлейтін жеке және заӊды тұлғалардыӊ шығындалуы пайда болды. Индустриялық және ақпараттық дүрлікпе, үдеріс және жаһандану даулардыӊ саны мен олардыӊ күрделілігініӊ геометриялық прогрессияда ѳсуіне алып келді. Дауларды реттеудіӊ басқа рәсімдерін іздеу қажеттілігі туындады.
Нәтижесінде, АҚШ-та тѳрелік сот, келіссѳздер, делдалдық деп аталатын «кішігірім талқылаулар» мен ѳзге де дауды шешу рәсімдерін реттеумен түсіндірілетін «дауды баламалы шешу» термині пайда болды.
АҚШ тәжірибесініӊ арқасында әлемде дауларды реттеуде бітістіру рәсімініӊ кѳлемі артты. АҚШ-та компаниялар үшін дауды арзандатуға септігін тигізетін әртүрлі ұйымдар құрылды. Дауды реттеудіӊ баламалы рәсімі АҚШ-тыӊ заӊнамалық реттелуініӊ мәні болып табылады. Кѳптеген шарттар делдалдық туралызаӊ қабылдады. 2001 жылы шарттарда қабылдау үшін делдалдық рәсімі кезінде ашылған құпия ақпараттар шегі мен кепілдік орнатуға бағытталған делдалдық туралы бірыӊғай заӊ әзірленді және ұсынылды. Бүгінгі күні АҚШ-та неке бұзудан бастап қоршаған ортаны қорғау жѳніндегі дауларды қамтитын әртүрлі саладағы делдалдық қызметтіӊ кеӊ ауқымды нарығы қалыптасты. АҚШ-та сотта қозғалған істердіӊ 5 пайызы ғана сот талқылау рәсімімен ѳтеді, істіӊ 95 пайызы дауды шешудіӊ баламалы әдісініӊ (медиация, келіссѳздер, делдалдық және т.б.) арқасында сотқа жетпей аяқталды [18, р.50].
Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Талас-тартыстарды неғұрлым тиімді, балама тәсілмен шешу мақсатында сот тѳрелігін қалпына келтіру мәселелері бойынша тәжірибені зерттеу жұмыстар, татуластыру рәсімдерініӊ халықаралық тәжірибесі септігін тигізді.
Қазақта биге жүгініске бармас бұрын ұсақ-түйек даулар ауыл ақсақалдарыныӊ алдында шешіліп, келісімге келіп жататын тəжірибе ертеден бар. «Медиация туралы» заӊ соттыӊ онсыз да ауыр жүктемесін азайтып, ұсақ-түйек дауларды екі тарапты қатыстыра отырып келісімге келу арқылы шешуге жағдай туғызды. Рас, бір жылға жуық уақыт ѳткеніне қарамастан, бұл заӊ əлі толық қуатында жұмыс істеп кетті деп айтуға ерте. Ѳйткені, кѳп адамдар жаӊа заӊды дұрыс түсінбейді, ал, шалғай ауылдыӊ тұрғындары, тіпті, мұндай заӊныӊ барынан да бейхабар. Яғни, заӊды халыққа түсіндіру, жеткізу бағытында біраз жұмыстар жүргізу қажет.
Қазақта ара-ағайындық деген түсінік ертеден бар. Дауласқан адам​дарды келісімге келтіруді ара​-аға​йындық деп атап, ел арасында бо​лып жататын дау-дамайды ушық​тыр​май екі жақтыӊ пікірін ескере оты​рып шешуге жағдай жасайтын бұл дəс​түрден тіліміз бен діні​мізден айыры​ла жаздаған кеӊес заманында қол үзіп қалғанымыз рас. Ме​диацияны қа​зақшалап алғанда осы араағайындық дегенге келетін сияқты...
Медиация деген бізге мүлдем бейтаныс жаӊа ұғым емес. Қазақ қоғамында ертеде үлкен даулы істерді билер шешсе, ұсақ-түйек ауыл арасындағы даулар ауылдыӊ беделді ақсақалдарыныӊ алдында шешімін тауып жатқан. Тіпті, кеӊес заманыныӊ ѳзінде қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында ағайын арасындағы ұсақ даулар, əсіресе, ерлі-зайыптылар арасындағы түсінбестіктер сол əу​леттіӊ үлкен ағаларыныӊ бір ауыз сѳзімен шешіліп жататынын кѳзіміз кѳрді. Міне, сол жақсы дəстүр осы заӊ арқылы қайта жаӊғыруға мүмкіндік алғандай. Бір ғана айырмашылығы, ұсақ дауларды ауыл ақсақалдары емес, енді кəсіби маман медиаторлар шешеді.
Жаӊа заӊныӊ қолданысқа енге​ніне үш жылдай уақыт ѳтті. Бұл он​шалықты кѳп уақыт емес. Осы орайда, заӊныӊ тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, оны азаматтардыӊ бітімге келуіне кеӊінен, пайдалану мақсатында мүдделі мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардыӊ ѳкіл​дерімен талқылау, заӊды насихаттау жұмыстары қолға алынуы ке​рек дер едім. Шынын айтқанда, жаӊа заӊ халыққа əлі толық жете қой​ған жоқ. Меніӊ ойымша, заӊныӊ пай​далы жақтары, əсіресе, ауылдық жерлердегі жиі кездесіп жататын кішігірім дау-дамайларды шешуге үл​кен ықпалын тигізуінен кѳрінеді де​сек, артық айтқандық болмас. Ауыл тұр​ғын​дарыныӊ ѳз ауыздарынан əуре-сарсаӊы кѳп сот арқылы шешкеннен гѳрі, ұсақ дау-дамайды екі жақтыӊ келі​сімі арқылы шешудіӊ тиімді екендігін талай естіп жүрміз. Сондықтан, бұл заӊ дер кезінде қабылданған жəне қарапайым халыққа игі əсерін тигізеді деп ойлаймын.
Шетелдерде сот саласында бұл тəжірибе кѳптен қолданылып келеді. Кѳптеген даулы істер сотқа жетпей шешімін тауып жатады. Мəселен, АҚШ-та істердіӊ 95 пайызы, Ұлыбританияда 87 пайызы, кішкентай ғана Словения елінде 35 пайызы сотқа жетпей, екі жақтыӊ келісімімен шешіледі екен. Сондықтан, біздіӊ еліміздіӊ азаматтарына да істерді кѳп уақытқа созып, жүйке тоздырмай, екі тарап келісіп отырып шешуге жағдай жасайтын бітімгершілік тəжірибе қажет.
Қазақстан Респуб​ликасы Судьялар одағыныӊ V сьезін​де сот арқылы шешілетін даулы істер қатарын қысқарту мəселесі қарастырылған еді. Жиында дауларды ше​шудіӊ сотқа балама тəсілдерін та​бу​ға назар аударуға, оныӊ ішінде, екі тараптыӊ бітімгершілікке келуіне жағдай жасайтын медиация тəжірибесіне жете кѳӊіл бѳлу талқыланды. Елбасыныӊ бұл мə​се​леге ерекше кѳӊіл бѳлуініӊ ѳзіндік се​бебі бар. Шынын айтқанда, медиация даулы істерді ушықтырмай шешуге, сол арқылы халық арасындағы қоғамдық шиеленісті азайтуға игі ықпалын тигі​зетіні анық. Біздіӊ еӊ басты бай​лы​ғы​мыз да осы татулығымыз бен бір​лі​гіміз жəне ел ішініӊ тыныштығы. Адам​дар​дыӊ арасында үнемі болып тұратын дау-дамайлар бітімгершілікпен оӊ шешімін тауып жатса мұныӊ ел бірлігі мен тыныштығына тигізер игі əсерініӊ аз болмайтыны даусыз. Осы орайда, бұл заӊ еліміз, азаматтарымыз үшін аса маӊызды болды десек, шындықтан алыс кетпейміз.
Ресей мен Украинада бұндай заӊ біраз жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Дегенмен де, біздіӊ заӊымыз ТМД елдері ішіндегі еӊ сапалы жəне жан-жақты қамтылған заӊ деп айтуға негіз бар.
Біздіӊ медиаторларымыз тек азаматтық істерге қатысты дау-дамайларды ғана емес, ұсақ жəне орта дəрежедегі қылмыстық істерге қатысты дауларды да шешуге құқылы.
Бір жыл кѳп уақыт емес, дегенмен, осы кезеӊ жаӊа заӊныӊ жетістіктері мен кемшін тұстарын кѳрсетуге жағдай жасайтын уақыт деп санауға болатындай. Медиаторлардыӊ қызметіне, əсіресе, қандай істерде сұраныс кѳп жəне оныӊ тиімді жақтары қандай?
Медиация латын тілінен аудар​ғанда делдалдық ету, яғни, тараптарды ѳзара келістіру тəсілі дегенді білді​ретінін жұрт​шылық ұғатын болған. Мəселеніӊ ақ-қарасын анықтауда сот пен медиация арасында кѳп айыр​машылық бар. Сот туындаған дауды заӊ тұрғысынан қа​рап, заӊды басшылыққа ала отырып шешім шығарады. Ал, медиатор негізінен шешімді екі жақтыӊ ұс​та​нымын ескере отырып, оларды ор​тақ мəмілеге келтіруге ықпал етеді. Сот​та екі тараптыӊ бірі міндетті түрде жеӊіліс тауып, заӊ бойынша жауапкершілікке тартылып жатса, медиатор қараған істерде жеӊілуші деген болмайды. Мұнда айыпталушы ѳз кінəсін мойындап, шағымданушыдан кешірім сұрап, жəбірленуші жақ кешіргендігін айтып, екі жақ та ризашылықпен тарасады. Яғни, медиаторлардыӊ шешімі екі жақтыӊ да кѳӊілін тауып, дауды бей​біт жолмен бітіруді қарастырады.
Осы​ған орай, оларға жүктелетін міндет ѳте ауыр деп ойлаймын. Неге десеӊіз, екі тараптыӊ да кѳӊілінен шығып, дауласушы жақтарды татуластыру, ортақ мəмілеге келтіру айтуға ғана оӊай шаруа. Медиатор шын мəнінде адамдармен тіл табыса алатын психолог əрі шешен, сабырлы, байыпты жан болуы тиіс. Жаӊа заӊныӊ күшіне енуі, сондай-ақ, сотқа деген жүктемені азайтып, сол арқылы сот жұмысын жеӊілдетуге жəне əділсот тѳрелігін жүзеге асыру са​па​сын жақсартуға игі ықпалын тигі​зеді деп санаймын. Бұныӊ, сондай-ақ, мем​лекет қаржысын үнемдеуге, адам​дар​дыӊ сотқа деген сенімін арт​тыруға да игі ықпалын тигізетіні анық. Еӊ бастысы, туын​даған дауды шешуге енді соған себеп болған азаматтардыӊ ѳздері тікелей қатысып, арадағы тү​сінбестік пен ре​нішті жоюға араласа алатын болады.
Азаматтық құқықтық дау-дамай бойынша медиацияныӊ мынадай дəрежедегі істерді қарауда тиімділігі жоғары деп ойлаймын. Еӊ алдымен, коммерциялық даулар, тұрғын үйге қатысты туындаған тартыстар, жекеменшікке жəне отбасы жағдайына байланысты дау-дамайлар, еӊбек қатынасы, мұрагерлікке қатысты даулар жəне сот шешімдерін орындау барысында туындаған кедергілерге орай даулар медиатордыӊ араласуымен оӊ шешімін таба алады. Медиаторлардыӊ қызметіне ақылы білім алу барысында ѳтелмеген қарыздарға байланысты туындаған дау бойынша екі тараптыӊ ѳзара қатынасты үзуге мүдделі емес жағдайында сұраныс жоғары бола​тындығын тəжірибе кѳрсетіп отыр. Бұндай дауларды шешу барысында медиатор аса сабырлы жəне екі тараптыӊ да мүддесін қатаӊ ескере отырып, ортақ мəмілеге келтіруге күш салуы тиіс.
Мұныӊ ѳзі медиатордан үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Медиаторлардыӊ қызметі қарызды ѳтеуді жүзеге асыру барысында екі жақтыӊ ѳзара келісімге келуі арқылы істі оӊ шешуде тиімді əсер ететіндігін ѳмір кѳрсетуде. Бұл, əсіресе, борышкердіӊ қасақана əрекетінен емес, түрлі жағдайларға байланыс​ты болып жататыны медиатордыӊ тараптардыӊ тіл табысуына, сѳй​тіп, түйткілді мəселені шешуіне игі ықпалын тигізбек. Шет елдерде кəсіп​керлік қызмет саласында медиа​тор​лардыӊ кѳмегіне сұраныс жоғары. Ѳйткені,бизнес саласында туын​даған түсінбестік жағдайларда соттасқаннан гѳрі, ѳзара тіл табысып, екіжақты тиімді мəмілеге келудіӊ маӊызы зор.
Елбасыныӊ медиацияны еӊбек дауларына байланысты қолданудыӊ маӊыздылығына назар аударуы тектен-тек емес. Шынын айтқанда, мұныӊ ѳзі қазіргі уақыт талабынан туындаған жай деп санаймын. Ѳйткені, жыл ѳткен сайын еӊбек даулары кѳбеймесе, азаяр түрі жоқ. Мұндай дауларды сот немесе мемлекеттік органдар арқылы реттеу​ден гѳрі, ортақ мəмілеге келтіретін медиаторлар арқылы шешу тиімді екені анық. Қазіргі нарық жағдайында жұмысшылар мен жұмыс берушініӊ қатынасын келісімшарт құжаты реттейді. Екі жақтыӊ келісімі арқылы жасалған шартты еӊбек қатынасын реттейтін əділ құжат деп санауға болар еді. Дегенмен де, шартта кѳбіне жұмыс берушініӊ мүддесі кѳбірек ескеріліп, жұмысшыныӊ құқықтары кѳлеӊкеде қалып жатады.
Ал, дау туын​дап, сотқа шағымдана қалған жағдайда еӊбек шартын алға тартқан жұмыс берушілердіӊ кѳбіне жеӊіп жататыны осыдан. Ал, медиатор еӊ алдымен екі тараптыӊ мүдделерін ескере отырып, ортақ тиімді келісімге келтіруді жүзеге асыруға күш салады. Сондықтан да, мұндай даулар медиация арқылы ше​шілгені тиімді дер едім.
Еӊбек қатынасына байланысты текетірестер тек тікелей еӊбек құқығы мен оған кепілдіктіӊ бұзылуына байланысты емес, жұмыс берушініӊ жұмыс жағдайына қатысты ѳзгерістер енгізуінен немесе мамандарды ѳзгертуден де туындап жатады. Қоғамымыздыӊ орнықтылығы, халықтыӊ тыныштығы қоғамдық шиеленіс туғызатын дау-дамайлардыӊ болмауына байланыс​ты екендігін ескерсек, бұл мəселеге жеӊіл-желпі қарауға болмайды. Сон​дықтан да, ѳз басым Қазақстан Респуб​ликасыныӊ Еӊбек кодексіне тѳмен​дегідей ѳзгеріс енгізілгені жѳн деп білемін. Атап айтқанда, кодекстіӊ 170- бабыныӊ 1-тармағы «... Жеке еӊбек даулары келісім комиссиялары, медиаторлар, судьялар арқылы қаралады» деп алынғаны дұрыс. Осы баптыӊ 3-тармағы «Тараптар ѳз қалаулары бо​йынша еӊбек дауына қатысты сот​қа шағымдануға немесе медиация тəр​тібі арқылы реттеуге құқылы» деп ѳзгертілгені жѳн. Жалпы алғанда, медиациялық реттеуді азаматтық, еӊбек, отбасылық жағдайларда туындаған даулардыӊ бə​рі​не қолдануға болады. Бірақ, оны қолдануға болмайтын жекелеген жайлар да бар. Олардыӊ қатарында дау əре​кет етуге қабілетсіз азаматқа қатысты, екі тараптыӊ бірі мемлекеттік орган мекемесі болып жатса.
Медиацияны тараптар сотқа шағымданғанға дейін де, одан ке​йін де қолдануларына болады. Оны қол​дануда, əсіресе, бірінші сатыдағы соттыӊ рѳлі зор. Ѳйткені, дауды сотқа жеткізбей реттеу мəселесі дəл осы бірінші сатылық сотта кѳтеріледі. Енді мен «Медиация туралы» заӊ​ды азаматтық істер процесіне қа​тысты қолданудыӊ жекелеген жайларына тоқтала кетейін. Екі тараптыӊ медиациялық тəртіпке сай келісімге келуі талап арыз беруден бас тартуға себеп болады. Істі дайындау барысында судья тараптарға дауды екі жақ​тыӊ ѳзара келісуі арқылы, яғни, медиациялық тəртіп бойынша шешуге болатыныдғын түсіндіреді.
Азаматтық процессуалдық кодекстіӊ 49-бабына сай, істі тараптардыӊ ѳзара келісімге келу арқылы, сондай-ақ, медиациялық реттеу бойынша мəмілеге келу жолымен шешулеріне толық мүмкіндіктері бар. Кодекстіӊ 247-бабына сəйкес, судья тараптар медиациялық реттеу тəртібі бойынша мəмілеге келген жағдайда істі қысқартады. Бѳгде адам​ныӊ мүддесін қорғауға алған азамат талапкердіӊ барлық процессуалдық міндеттері мен құқықтарын пайдалануына болады, бірақ, ол медиациялық тəртіп бойынша мəмілеге келу келі​сімін жасай алмайды. Медиация барысында белгілі болған жайларға бай​ланысты медиатордыӊ сотқа келіп куəлік беруіне болмайды. Талапкердіӊ талап арыздан бас тартуы, сондай-ақ, жауапкердіӊ медиация арқылы екі жақтыӊ келісімге келуіне байланысты арызы сот хаттамасына жазылып, іске тігіледі. Бұндай жағдайда судья та​рап​тарға ендігі уақытта олар​дыӊ сот​қа шағымдану құқығынан айырыл​ған​дығын жəне келісімге келу арқылы мойындарына алған міндеттерін ескертіп, түсіндіреді. Судья тараптардан ме​диа​ция жүргізуге байланысты арыз түсуі​не бай​ланысты ол аяқталғанша 30 күн​тіз​белік мерзімге істі тоқтатады. Содан кейін судья дауды медиациялық тəртіп бойынша реттеуге байланысты екі жақтыӊ келісімге келуі жѳнінде анық​тама шығарады жəне онда барлық жай жазылады. Медиация іс апелляциялық немесе кассациялық шағым бойынша қаралу кезінде де жүргізіледі. Тараптар дау​ды ѳзара келісімге келу арқылы шешуге ниет етіп, медиаторға жүгінген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімі ѳзгертіліп, іс қысқартылады.
«Медиация туралы» заӊ əлі кеӊ та​ралып, кѳпшіліктіӊ тарапынан жап​пай қолданысқа ене алмай отыр. Осы​ныӊ себебі неде? Мұныӊ себебін түсіндіру үшін мен еӊ алдымен медиацияныӊ тарихына жəне əлем елдерінде қалай қолданылып жатқанына қысқаша тоқтала кетейін. Медиация АҚШ-та ѳткен ғасырдыӊ 60-шы жылдарында пайда болған. Бұл ұзаққа созылатын сот процесіне бала​ма ретінде қолданысқа енгізіліп, кѳп ұзамай елдегі дауларды шешудегі негізгі тəсілге айналған. Медиация Австралия, Канада жəне Ұлыбритания елдерінде де ѳткен ғасырдыӊ 70-80-ші жылдарында енгізіліп, сотқа балама орган ретінде қалыптасты. Бүгінгі таӊ​да əлем елдерінде медиациялық реттеу тəртібі бойынша қаралатын істердіӊ 75-80 пайызы екі жақтыӊ ѳз​ара мəмілеге келуімен аяқталады. Осыныӊ ѳзі медиацияныӊ даулы істерді жүйке жұқартпай ѳзара келісімге келу арқылы шешуге болатындығын анық дəлелдейді. Қазіргі таӊда медиация екі азаматтыӊ немесе мекеменіӊ арасындағы дауды шешу ауқымынан шығып, халықаралық дəрежедегі дау-дамайларды да шешуге атсалысуда. Мұныӊ ѳзі əлем елдерініӊ бүгінгі күні ұрыс-керіс, текетірестен жалығып, қандай дауды да ѳзара түсіністік пен мəмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешуге ұмтылуы сияқты ізгі ниетін кѳрсетсе керек.Міне, осындай үлкен тарихы бар, дауды ұрыс-керіссіз келісім жолымен шешуге жағдай жасайтын бұл тəсілді біздіӊ еліміз де қолдана бастағаны қуан​тарлық жай. Əрине, қандай істе де үлкен нəтижеге бірден жету қиын. Алғашында кемшілік, түрлі кедергілер болмай қалмайды. Еӊ бастысы, біз осындай маӊызды қадамды бастап, жақсы тəжірибені қолдануға ден қойдық [19, с.29].
Медиацияны қолданудыӊ əлі кеӊ таралып кете алмай жатуына бір​қатар жайлар себеп болып отыр деп ойлаймын. Осы орайда, ѳз ұсыныс-пікірлерімді ортаға сала кетсем артық болмас. Еӊ алдымен, қандай істі де ал​ға бастыратын маман екендігін естен шығармай, кəсіби біліктілігі жоғары медиа​тор мамандарын даярлауға жете назар аудару қажет. Халық ара​сын​да медиация институтыныӊ енгі​зі​луіне орай түснік жəне насихат жұмыс​тарын кеӊінен жүргізген жѳн. Медиа​торларды жұмыс істеуі үшін арнайы қызмет бѳлмелерімен қамтамасыз ету керек. Медиаторлар қарайтын қылмыстық істер ауқымын кеӊейте түскен жѳн деп санаймын. Мəселен, кəмелетке толмағандардыӊ ісі, аса ауыр емес қылмысты алғаш жасағандарға қатысты істер медиациялық тəртіппен қаралғаны жѳн болар еді. Дауды медиациялық тəртіп бойынша қарауға байланысты арызданған азаматтарға құқықтық-ақпараттық кеӊес беретін тікелей байланыс мемлекеттік желісі құрылғаны құба-құп. Отбасылық дау-дамайларды шешуге қажетті шығын​ды мемлекет есебінен тѳлеу де медиа​цияныӊ кеӊ қолданылуына игі ықпалын тигізері анық. Міне, осындай қолдау жəне тү​сін​діру шараларын жүзеге асырсақ, бүгінде əлем елдерінде кеӊ таралған дау-дамайды бітімгершілікпен шешуге негізделген медиацияныӊ біздіӊ еліміз​де де кеӊ қолданылуына игі қыпалын тигізеді деп санаймын.
Азаматтардыӊ, онан қалды, мекемелер мен кəсіп​орын​дар​дыӊ арасында туындап жататын түрлі дау-дамайларды медиациялық реттеу жолы​мен шешудіӊ маӊызын ешкім де теріске шығара алмас. Əсіресе, еӊбек заӊдарына қатысты дауларды сот арқылы шешуге кѳп азаматтардыӊ құлықты бола бермейтініӊ себебін бəрі​міз жақсы білеміз. Қолында билігі бар тұлға сот шешімі бойынша жұ​мысқа қайта қабылдаған күнде де ондай адамды түрлі себептермен жұ​мысынан кетіріп жататыны жиі кез​деседі. Міне, осындай жағдайда ме​диа​цияны қолданудыӊ тиімділігі зор болар еді. Жалғыз ол емес, ерлі-зайып​тылардыӊ, борышкерлер мен қа​рыз берушілердіӊ арасындағы дауларды шешуде де медиацияныӊ тиімділігі зор екенін ѳмір кѳрсетуде. Меніӊ ойымша, бұл дауды шешудегі аса маӊызды жəне тиімді тəсілді халық арасына кеӊ тарату үшін бірқатар мəселелерге назар аударылуы керек. Жоғарыда айтып кеткенімдей, еӊ алды​мен, Еӊбек кодексіне бірқатар ѳз​гертулер мен толықтырулар енгізіл​гені жѳн. Мемлекет басшысы жеке​меншік жəне ұлттық ірі компания​лар​да медиациялық құрылымдар құру қажеттігін ұсынды. Бұл арада меніӊше, сондай компанияларда медиациялық құрылымда қызмет ететін адамдар арнайы курстардан ѳтіп, білімін жетілдіруі қажет. Егер медиатор маман компаниямен азаматтардыӊ арасындағы дауды бітімгершілікпен шешуге құлық танытпайтын болса, оларды жауапкершілікке тартатын заӊ тетігі болуы тиіс [20].
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесі 87-5-бабы сай, медиацияға қатысушылардыӊ медиацияны жүргізу барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптыӊ рұқсатынсыз жария етуі, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, жиырма айлық есептік кѳрсеткіш мѳлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады [21].
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 49-бабына сай, талап қоюшы талаптыӊ негіздемесін немесе нысанасын ѳзгертуге, талап қою талабыныӊ мѳлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдыӊ негіздемесі мен нысанасын ѳзгерту, талап қою талабыныӊ мѳлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша ѳтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол беріледі. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жѳнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келісіммен немесе дауды (жанжалды) медиациятәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және сот бекітеді [22].
Соттыӊ ѳз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін ѳзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңда қайшы келсе немесе басқа біреулердіӊ құқықтарын,бостандықтарын және заӊмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшыныӊ талап қоюдан бас тартуын, жауапкердіӊ талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардыӊ бітімгершілік келісімін немесе тараптардыӊ дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпейді.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 55-бабына сай,талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшыныӊ барлық іс жүргізушілік құқықтарын пайдаланады.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 113-бабына сай,егер тараптар бітімгершілік келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасау кезінде сот шығындары мен ѳкілдіӊ кѳмегіне ақы тѳлеу жѳніндегі шығындарды бѳлу тәртібін кѳздемесе, сот бұл мәселелерді заӊнамада жазылған ережелерге лайықтап шешеді.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 153-бабына сай,судья талап арызды қабылдаудан, егер сол тараптардыӊ арасындағы дау бойынша, бітімгершілік келісімін немесе дауды медиациятәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы болса бас тартады.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 170-бабына сай,істіӊ мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья тараптарға олардыӊ дауды медиация тәртібімен шешу не осы дауды шешу үшін тѳрелікке немесе аралық сотқа жүгіну құқығын және мұндай әрекеттіӊ салдарларын түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 185-бабына сай,тѳрағалық етуші іске қатысатын адамдар мен ѳкілдерге олардыӊ іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін, оныӊ ішінде тараптарға олардыӊ дауды медиация тәртібімен шешу не осы дауды шешу үшін тѳрелікке немесе аралық сотқа жүгіну құқығын және мұндай әрекеттіӊ салдарларын түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 192-бабына сай,істі мәні бойынша қарау тѳрағалық етушінiӊ қуынушы ѳз талаптарын қолдайтыны-қолдамайтыны, жауапкер қуынушыныӊ талаптарын мойындайтыны-мойындамайтыны және тараптар істi бітімгершiлiк келісiммен аяқтауды немесе істi тѳрелікке немесе аралық сотқа қарауға беруді не дауды медиация тәртібімен шешуді қалайтыны-қаламайтыны туралы мәселелерді анықтауынан басталады [23, 76 б.].
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 193-бабына сай,талап қоюшыныӊ талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердіӊ талап қоюды мойындауы немесе тараптардыӊ бітімгершілік келісімініӊ шарттары не дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімніӊ шарттары сот отырысыныӊ хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап та қол қояды. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердіӊ талап қоюды мойындауы, тараптардыӊ бітімгершілік келісімі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысыныӊ хаттамасында кѳрсетіледі.
Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою мойындалғанға немесе тараптардыӊ бітімгершілік келісімі, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілгенге дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерініӊ салдарын түсіндіреді.
Талап қоюдан бас тартуды қабылдау, тараптардыӊ бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды)медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу оқтатылады. Ұйғарымда тараптардыӊ сот бекітетін бітімгершілік келісімініӊ немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімніӊ шарттары кѳрсетілуге тиіс.
Сот талап қоюшыныӊ талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауын қабылдамаған, бітімгершілік келісімін немесе тараптардыӊ дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпеген жағдайда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 240-бабына сай,іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған немесе бұйрық шығарған сот, кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту немесе тараптардыӊ сот бекіткен бітімгершілік келісім немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім әдісін ѳзгерту жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 242-бабына сай,сот тараптар медиацияны жүргізу туралы келісім жасаған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті. Медиацияны жүргізу мерзімі ұзартылған кезде тараптар бұл туралы бірлескен жазбаша хабарламамен сотқа хабарлауы тиіс.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 247-бабына сай,сот, егер тараптар бітімгершілік келісімін жасаса және оны сот бекітсе және тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 342-бабына сай,талап қоюшыныӊ талап қоюдан бас тартуы, тараптардыӊ апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім апелляциялық сатыдағы сотқа жолданған жазбаша арыздарда кѳрсетілуге тиіс.
Тиісінше талап қоюшыныӊ немесе тараптардыӊ арыздарын қарау тәртібі және талаптан бас тартуды қабылдау немесе қабылдамау, бітімгершілік келісімін және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту немесе бекітпеу салдары белгіленеді. Талап қоюшыныӊ талап қоюдан бас тартуын қабылдау немесе тараптардыӊ бітімгершілік келісімін бекіту кезінде апелляциялық саты бірінші сатыдағы шешімніӊ күшін жояды және іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі 383-11-бабына сай,кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен кейін жасалған талап қоюшыныӊ талап қоюдан бас тартуы, тараптардыӊ бітімгершілік келісімі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс. Сот талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін, бітімгершілік келісімі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілгенге дейін талап қоюшыға немесе тараптарға олардыӊ процестік іс-әрекеттерініӊ салдарын түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы азаматтық кодекс 183-бабына талап қою мерзімініӊ ѳтуі белгіленген тәртіппен талап қою, тараптардыӊ медиация туралы шарт жасасуы, сондай-ақ міндеткер адамныӊ борышты немесе ѳзге міндеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі .
Осы заӊ қабылданғаннан бері Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ даму бағдарламасы мен ҚР Жоғарғы Соты және халықаралық құқық қорғау орталығы «сот медиациясы - Қазақстанда медиация институтын дамытудыӊ керекті шарты» атты пилоттық жобаны іске асыруда. Жобаныӊ мақсаты- азаматтық қоғамда, жастар арасында медиацияныӊ қажеттілігі мен тиімділігін насихаттап, дау-дамайларды сотқа жеткізбей, соттан тыс бейбіт жолмен шешуді түсіндіру. Жаза басып жаӊылған жандарды жаппай темір торға-түрмелерге тоғытудан құтқарып, екі тараптыӊ келісіп- бітісуі арқылы дауды тоқтатуға мүмкіндік беретін бұл заӊ қоғамда жаппай қолдау тауып кету- кетпеуі халқымыздыӊ құқықтық- саяси сауаттылығына да байланысты. Егер, осы заӊ қолданысқа кірер болса соттардыӊда жұмысын жеӊілдетіп, жүктемелерін азайтып әрі демократиялық қоғамға сай медиация соттарға да бәсекелесте болар еді. Медиация дауласушы екі тараптыӊ теӊ құқылы жағдайында ѳтеді, олардыӊ ерікті келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Ал, медиатор тәуелсіз, бейтарап тұлға және ѳзі билік айтатын даудыӊ түпкі нәтижесіне мүдделі болмауы керек. Тараптар кез-келген процестік сатысында медиациядан бас тарта алады. Бірақ, келісімге келіп, бітіскен дауды реттеу туралы келісімді медиация тараптары ѳз еріктерімен орындауға тиіс. Орындамаса ҚР Заӊдарында кѳрсетілген тәртіппен жауап береді. Медиаторлар жеке және заӊды тұлғалар қатынасатын азаматтық, қылмыстық, отбасылық даулармен қатар жеӊіл және орта қылмысты істерді қарай алады. Дауласушы тараптар сотқа жүгінгенде мемлекетке алым тѳлеу, адвокаттық, ѳкілдік қызметке ақы тѳлеу, сараптама шығындарын ѳтеудіӊ бәрі бірталай қаржыға тірелсе, кәсіпқой медиаторға жүгінгенде бір рет қана ақы тѳлесе, кәсіпқой емес медиаторға ақы тѳлемейді. Тараптар судьяға барып тұрып, медиация арқылы іс шешсе тѳлеген мемлекеттік алымдарын қайтарып алады. Судьяға қарағанда медиатор қараған істерге кѳп уақыт кетпейді және медиаторлар қабылдаған шешімніӊ орындалу деӊгейі ѳте жоғары. Соттардан тағы бір ерекшелігі- медиация барысында ѳздеріне белгілі болған мәліметтерді медиаторда, қатысушыларда қатаӊ түрде құпия сақтамаса еліміздіӊ заӊдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады [24, 77б.].
Медиацияныӊ еӊ артықшылығы мен қиыншылығы-дауласушы екі тараптыӊ ішінде жеӊілуші деген болмайды, екі жақтыда қанағаттандырып,дауласушылық деӊгейлерін тѳмендетіп, бітістіріп-келістіріп жіберу. Ал, соттар қараған істерде міндетті түрде біреуі жеӊілуші болса, кейде екі тарап та риза болмай кетеді. Айыпталушыныӊ кінәсін мойындатып, жәбірленушіден кешірім сұратып, бұзылған құқықтармен бостандықтарды қалпына келтіріп, екі тарапты да риза қылып тарататын медиатордыӊ жеке басы - иманжүзді, бұрынғы билер сотыныӊ тапқырлығы мен әділдігін бойына сіӊірген, азаматтық, қылмыстық істерді жүргізу, алдын- ала тергеудіӊ заманауи амалдарынан хабардар, психолог, сѳзге шешен болуы керек. Медиаторлар кәсіби және кәсіби емес боп екіге бѳлінеді. Кәсіби медиатор - 25 жасқа толған, жоғары білімді, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша сертификаты бар адам. Кәсіби емес медиатор- 40 жасқа толған, ѳмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар адам бола алады. Қылмыстық істерді қарайтын, отбасылық келіспеушіліктерді реттейтін, ұрлық істерін бітістіретін, шаруашылық дауларды шешетіндер болып - медиаторлардыӊ маманданған салалары да болады. Халықтан ақы алмай, тегін бітістіретін кәсіби емес медиаторлардыӊ ақысын үкімет тѳлесе, тараптар дау- шарларын тегін шештірсе халықтыӊ медиациялық соттарға сенімі ѳсер еді. Парламент қабылдап, Президент қол қойып шығарған «Медиация туралы» заӊды жергілікті әкімдер мен аудандар әкімдері насихаттап, қолдаса ғана бітімгершілік заӊы оӊ нәтижесін беріп, дамиды. Мемлекет тарапынан бекіген заӊ мемлекет тарапынан қорғалып, қолданбаса несі заӊ? Медиациялық іс жүргізудіӊ ѳркендеуіне кѳптеген судьялар ынталы болып, қолдап жатса ішкі істер органдары селқостық танытуда. Сондықтан, соттар мен ІІ органдары мекемелерініӊ халық оқи алатын жерлеріне медиациялық ақпараттар беретін қабырға тақталар іліп, сот үйлерінен медиаторларға арнайы бѳлмелер беріп, кәсіби медиаторларды кѳбейту - ѳркениетті қоғамныӊ белгісі болмақ. Әрбір ауылдық әкімшіліктерде дауласқандар таӊдап бару үшін кемінде 2 не 3 кәсіби емес медиатордыӊ тіркеліп, жұмыс істеуін ауыл әкімдері ынталандырып, шешкен істеріне қарай материалдық тұрғыдан кѳмек берсе бітімгерлік тәсіл дамыр еді. Осы заӊ отбасылық келіспеушілік - кикілжіӊдерді шешуде неше жыл бір отбасында тұрған жандарды ашуларынан қайтарып қайта қосса, кѳнбей ажырасушылар болса құпиялық сақталатындықтан дүние- мүлік бѳлуде ойындағысын қысылмай талап ете алады және медиатор неше айлар берілмеген алимент тѳлеудіӊ түрлі жолдарын ұсынып, тѳлетіп, бір бітімге келтірер еді. Құпиялық қатаӊ сақталатындықтан кейбір үлкен кәсіпорындар мен шаруашылықтар беделдеріне нұқсан келмеуі үшін медиацияға жүгінеді. Осы заӊда тараптардыӊ бірі мемлекеттік орган болса медиация заӊы қолданылмайды деп атап кѳрсетілсе де, жылу беру, су беру және тағы басқа мемлекеттік мекемелер соттарға қарағанда медиацияға жүгінгенде борышкерлер саны азайып, жақсы нәтиже береді деп үлкен үміт күтіп отыр.
«Медиация туралы» заӊды жетілдіре түссе кейбір үлкен қылмыстық істерді де осы заӊ шеӊберінде шешуге беретінін кәсіби медиаторлар мәлімдеді. Бітімгершілік осы тәсіл туралы мағлұматтарды мектептер мен колледж, университеттерде т.б. қоғамдық орындарда насихаттау жағын ішкі саясат бѳлімдерініӊ мамандары ұйымдастырып, ѳткізіп отырғаны абзал. Сонда адамдар арасында қолымен істегенін аярларша тайқымай, нағыз ерлерше кѳтере білетін құқықтық тәрбиелік санада дамып, түрлі қылмыстар азаяр еді. Медиация деген аты құлаққа таӊсық болғанымен затын шетелдіктер қазақтыӊ әдет-ғұрпынан алғаны анық.Бұған медиация арқылы шешілген билер соты дәлел бола алады.2,5 ғасыр бұрын бір байдыӊ жайлауына басқа біреулер қонып алғанын кѳрген әлгі бай сол ауылға жолға шығады.Тақағанда кѳбелек қуған бір топ баланы кѳре сап қуалаған байдыӊ атын тентектеу бір бала үстіндегі жейдесін шешіп үркітіп қалыпты.Ат үрікккенде байдыӊ сусар бѳркі басынан домалап,ат одан бетер тулап, бай аттан жығылып ѳліпті. Байдыӊ туыстары мен баланыӊ елі Ақтайлақ биге жүгініпті. Сонда Ақтайлақ би: Ердіӊ құны 100 жылқыны 4 «тентек» тѳлейді. 25 жылқыны ат үркіткен балаға, 25 жылқыны үріккен атқа, атты одан сайын тулатқан бѳрікке 25 жылқыны кесем. Қалған 25 жылқыны елдіӊ үлкендеріне сѳйлеспей, балаларды қуалаған кінәлі ѳлген байдыӊ ѳзіне кесем,- депті. Дана бидіӊ тапқыр да, әділ шешіміне екі жақ та риза боп тарасыпты. Кезіндегі Шерубай т.б. кѳп мықтылар шыққан Тоқабай руы мен Тана мырза шыққан Жанай руыныӊ арасы 4 атадан аспай тұрған шағында Қыржы руыныӊ жігітімен Тоқабай руыныӊ жігіті бір даумен Тана мырзаға жүгініпті. 20 жасында қазы - сот атағын алған Тана би дауды сараптап барып Қыржы жігітініӊ пайдасына шешіпті. Кінәлі болса да ѳз ісін дұрыс деп, ѳӊештеп болмағаны үшін Тоқабайдыӊ жігітініӊ атын «айыбыӊ» деп Қыржыныӊ жігітіне алып беріпті. Тана мырзаныӊ ѳз туысы ер-тоқымын арқалап үйіне жаяу кетіпті. Жақынына жан тартпай айтқан осындай әділ үкімдер қазіргі парамен, тамыр - таныстықпен пайдакүнемдік, қылмыстық әрекеттерін жауып жүрген қара жүрек қарақшылармен жылым обырларға қарсы бірден- бір ем болғанмен, медиацияға бұндай биліктер үлгі бола алмайды және медиаторларда осы дала билеріндей тегеурінді құқық жоқ болғандықтан қыӊыр- қисықтардыӊ істерін медиация шеше алмайтындығын да біле жүрейік. Ѳкпеті тауыныӊ күнгейінде жайлауда отырғанда әкем Кѳлбайға Үржар ауданыныӊ малшысы Оӊғар: - Екі атым жоғалды. Құлаққағыс бола жүрсін,- деп сәлем айтты. Ѳкпетініӊ «Кеӊсай» аталатын сайында 2 ат арқандаулы тұрғанын бауырым Еділ үйге айтып келді. Түр-түсі, ен-таӊбасы Оӊғар жоғалтқан малдарға тура келіп тұр. «Кеӊсайдыӊ» аузында отырған Тарбағатай ауданыныӊ жылқышысы М. деген кісіге әкем барып:- Арқандаулы тұрған ана екі атты сен әкелдіӊ бе? Оӊғардыӊ бала- шағасы кѳп адам. Обал болады. Малдарын қайтар, - деді. М. ұялғанынан дереу мойындағанмен, қайтарудыӊ бапасын таппай қиналды. М.- ға әкем- 3 күнге дейін аттарын жоғалтып жіберме. Сені сотқа- заӊға бергізбеймін,- деп, Оӊғарға ѳзі барып мән-жайды түсіндірсе, ат оныкі емес Сіләмбек деген кѳршісінікі екен. Сіләмбектіӊ малдарын біздіӊ Аягѳз ауданыныӊ С. есімді адамы ұрлап, М. ға әкеліп бергені белгілі болды. М. мен С. мал иесінен кешірім сұрап, аттарын қайтарды. Істері заӊ орындарына түскен жоқ. Кѳзіммен кѳрген осы оқиғаны айтып отырғаным - медиацияныӊ - сотсыз бітістірудіӊ қазақ халқына жат еместігін, ұлтымыздыӊ салт- дәстүрінде бар екендігін айтып ѳту еді [25, 82 б.].
Батыс елдерінде медиация арқылы дау- шарларды бітістіруді дауласушы тараптарға айту, уағыздау заӊгерлердіӊ парызы. Заӊгерлер кеӊестерінде дауласқандарға дауды шешудіӊ баламалы жолын айтпаса, қызметіне селқос қараған деп жауапқа тартылады. Соттарында талап арыздар аз болса заӊгерлері жақсы жұмыс істеген боп есептеледі. Сондықтан дау -дамайлардыӊ Америкада 93 пайызы, Ағылшын елінде 87 пайызы медиациялық іс жүргізумен шешіледі. Медиаторлық реттеу тәртібімен қаралған істердіӊ 75 - 80 пайызы екі тараптыӊ келісіп, бітісуімен аяқталады.
Бүгінде медиация тәртібімен кѳптеген даулы мәселелер оӊды шешімін табуда. Жалпы медиатор дегеніміз - ѳзара жанжалдасушы немесе дауласушы тараптардыӊ арасында орын алған даулы мәселелерді олардыӊ ѳздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді жағдайда шешуді жүзеге асыратын маман. Жалпы, осы саланыӊ бүге-шігесін тереӊ меӊгерген мамандардыӊ айтуынша, медиаторларды бітімгер немесе мәмілегер деуге әбден болады. Бір айта кететін жайт, күні бүгінге дейін азаматтардыӊ түсініспеушілігінен туындаған қандай да бір дау-дамай немесе жанжалды мәселелер тараптардыӊ сот билігіне жүгінуі арқылы шешілуде. Ѳмір тәжірибесініӊ ѳзі кѳрсетіп отырғанындай, кез келген мәселеніӊ сотта қаралуы бір күнде немесе бір аптада шешіле қоюы әсте қиын. Ал «Медиация туралы» Заӊ жобасы кез келген азаматтық келіспеушіліктерді айлап, апталап қарамай-ақ, керісінше, істіӊ күрделілігіне қарай бір-екі сағатта немесе бір күнде шешуге жол ашады. Бұл еӊ алдымен, азаматтардыӊ онсыз да жетпей жататын алтын уақыттарын жоғалтудан сақтайды. Әдетте медиаторлар екіге бѳлінеді. Олардыӊ бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар. Ал екіншісі - кәсіби емес медиаторлар. Медиаторлардыӊ екінші тобы кѳбіне жергілікті әкімшіліктердіӊ тарапынан құрылады және олар негізінен әкімшіліктіӊ мүддесін қорғауға бейім тұрады. Бұл - бір! Екіншіден, кәсіби медиаторлардыӊ алдына қойған мақсаты - кез келген проблемалық мәселелерді сотқа жүгінусіз-ақ, дауласушы тараптардыӊ барлығына бірдей кѳзқарас таныта отырып, екі тарапқа да тиімді жағдайда шешуді кѳздейді. Мұны даулы мәселені бейбіт жолмен шешу деуге де болады. Қалай десек те, медиацияныӊ артықшылығы ѳте кѳп. Сонымен бірге, медиация үрдісінде жеӊімпаздар мен жеӊілушілер болмайды, оныӊ мақсаты екі тарапты да қанағаттандыратын шешім табу. Тараптарды эмоциясыз, бірін-бірі кінәлаусыз, ѳзара шешімдер қабылдату медиацияныӊ басты мақсаты болып табылады.
Десек те, аталған заӊды күнделікті қолдану бүгінде қиынға соғып отыр. Оған халықтыӊ медиацияныӊ тиімділігін оншалықты түсінбеуі себеп болса керек. Мәселен, Шымкент қаласындағы Еӊбекші аудандық соты ѳткен жылдыӊ 8 айында 262 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық іс қараған болса, оныӊ 94 тұлғаға қатысты 80 қылмыстық ісі қысқартылған. Бірақ, қылмыстық істердіӊ бірде-біріне медиация тәртібі қолданылмапты.
Қазіргі таӊда сот құқықтық реформасы әрі қарай ѳзініӊ заӊды жалғасын табуда, еліміздіӊ әрбір азаматыныӊ ѳмірі мен қызметін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында түрлі жұмыстар жүргізілуде. Сот жүйесінде үлкен ѳзгерістер болды. Жан-жақты жүргізілген сот құқықтық реформасыныӊ нәтижесінде сот саласыныӊ тәуелсіздігін қамтамасыз етуге тиімді шаралар белгіленді. Сот жүйесін одан әрі дамыту, дербес тәуелсіз сот құру - жүргізіліп отырған сот реформасыныӊ басты мұраты.
Судья сот тѳрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заӊға ғана бағынады. Сот тѳрелігін іске асыру жѳніндегі соттыӊ қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заӊ бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясында судьялар басшылыққа алатын нақты қағидалар белгіленген. Сот тѳрелігініӊ принциптері Республиканыӊ барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыӊғай болып табылады
Қазіргі таӊда Елбасымыздыӊ жүргізіп отырған құқықтық реформаларына байланысты, сот жүйесі елеулі ѳзгерістерге ұшырады, әрине, бұл ѳзгерістер мен толықтыруларды күнделікті тәжірибеде қолдануда облыстық соттардыӊ сот билігін жүзеге асырудағы жауапкершілігі арта түсетініне ешкімніӊ күмәні болмас. Апелляциялық сатылы сотта тараптардыӊ құқықтарын қорғауға барынша жағдай жасалады, істерді бірінші сатылы соттарға қайта қарауға жолдамай тараптарға тиісті дәлелдерін сотқа табыстап шешім қабылдатуға толық мүмкіншілік жасалды. Сонымен бірге, тараптарды сот мәжілістеріне шақыру да бүгінгі заманныӊ байланыстағы барлық жетістіктерін қолданып, ұялы телефонмен хабарлама жолдау және электрондық байланысты кеӊінен қолдануға жол ашты.
Ата Заӊымыздыӊ негізінде «Қазақстан Республикасыныӊ сот жүйесі мен судьяларыныӊ мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасыныӊ Жоғары Сот Кеӊесі туралы» Қазақстан Республикасыныӊ Конституциялық заӊдары және «Алқабилер туралы», «Медиация туралы» және тағы басқа да заӊдар қабылданды.
Заӊдарды жетілдіру мақсатында әділ соттыӊ қол жетімділігін қамтамасыз етуге, тұлғаныӊ бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қоғам мен мемлекеттіӊ мүдделерін уақытылы қорғау мен қалпына келтіруге бағытталған кѳптеген нормативтік актілер қабылданды. Осылайша республика соттары ортақ автоматтандырылған ақпараттық-анықтамалық жүйе бойынша жұмыс істейді, бұл сот жұмысшыларыныӊ еӊбектерін біршама жеӊілдетті, үрдістер ѳткізу барысында соттармен аудио-видео таспалар қолданылады, ол сот ѳндірісініӊ ашықтығын кѳрсетеді.
2011 жылғы 5 тамызда заӊды күшіне енген «Медиация туралы» Заӊ қабылданды. Ол біздіӊ мемлекетіміздіӊ сот жүйесіндегі басты жаӊалықтардыӊ бірі. «Медиация» сѳзі - латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тараптардыӊ ерікті келісім бойынша жүзеге асырылатын, олардыӊ ѳзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиаторлардыӊ жәрдемдесуімен тараптар арасын дағы дауды реттеу рәсімі. Медиацияны, қарапайым тілмен айтқанда, бітімгершілік деп түсінуге болады. Яғни, қандай да бір мәселе бойынша тараптар арасында келіспеушілік туған жеке азаматтар немесе заӊды тұлғалар оны соттан тыс, ѳзара келісім жағдайында шеше алады. Екі арадағы келісім медиаторлар арқылы жүзеге асырылады. Аудан, қала, ауыл әкімдері республика аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардыӊ тізілімін жүргізеді. Медиацияныӊ мақсаты: дауды бітімгершілікпен шешудіӊ екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу [26, 69 б.].
Медиацияны жүргізу кезінде еріктілік, құпиялық, медиатордыӊ тәуелсіздігі мен бейтараптығы және медиация тараптарыныӊ теӊ құқылығы мен оныӊ рәсіміне араласуға жол бермеушілік қағидаттары сақталуы тиіс. Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ тѳрелікті қамтамасыз етудіӊ негізгі тәсілдерініӊ бірі. Біздіӊ ата-бабаларымыз бұрын бұл тәсілді тиімді қолданып, түрлі дауды билер соты арқылы бітімгершілікпен шешіп келгендіктен, бұл Заӊ қазаққа жат емес. Жеке және заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы медиация қылмыстық процессуалдық заӊында белгіленген сотқа дейінгі және сотта процестік мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет