Дипломдық жұмыстыӊ практикалық маӊызы Дипломдық жұмыстыӊ теориялық маӊызы - медиациялық келісімніӊ шешілмеген қайшылықтарды ашу. Тәжірибелік маӊызы - жекелеген даулар бойынша даулы қатынастарын шешуге байланысты Қазақстан Республикасыныӊ медиация туралы заӊында толық қарастырылмаған нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстыӊ құрылымы мен кѳлемі. Дипломдық жұмыстыӊ құрылымы кіріспеден, екі бѳлімнен, тѳрт бѳлімшелерден, қорытынды және пайдаланылған қайнар көздер тізімінен тұрады.
МЕДИАЦИЯНЫӉ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУДІӉ АЛЬТЕРНАТИВТІК ПРОЦЕДУРАСЫ РЕТІНДЕГІ АСПЕКТІЛЕРІ
Бітімгершілік институтыныӊ даму тарихы
«Соттасудан аулақ болыӊыздар. Қарсыласыӊызға мәмілеге келуді ұсыныӊыз» Оған соттағы жеӊіс қаржылай шығын мен уақытты жоғалту екендігін ескертіӊіз» деп Авраам Линкольн айтпақшы, шынымен медиация шарты уақытты үнемдейтіні белгілі.
Сот билігіне қатысты кѳтерілген мәселе аз емес, мысалға, сот жүйесін әрі қарай жетілдіру мен либерализациялау сияқты. Соӊғы уақытта сот және тергеу органдарыныӊ қызметіне түскен ауытпалық артуда. Адам және азаматтыӊ құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын және жүзеге асыратын орган қызметініӊ ауыртпалығы ѳз құзыретін жүзеге асыру кезінде қызметтіӊ сапалық жағыныӊ тѳмен болуына алып келуі мүмкін. Аталмыш орган қызметініӊ сапалық жағынан тѳмен болуы заӊға қайшы, халықтыӊ құқық қорғау органдарына деген сенімсіздігіне алып келеді және әлеуметтік әділетсіздіктіӊ орнауына экономикалық шығанға да ұшыратады. Бұл мәселені шешу жолыныӊ бірі - бітімгершілік келісім. Сонымен бір мезгілде соттардыӊ жұмысын жеӊілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамыту кѳзделді [1, 15 б.].
Медиация тәртібінде дауда жүрген екі жақ тараптары, медиатордыӊ білім мен біліктілігініӊ тәжірибесіне сүйене отырып, екі жақты пайдалы шешімге ерікті түрде келеді.
Жеке және (немесе) заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық және ѳзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) медиацияныӊ қолданылу саласы болып табылады.
Медиацияныӊ мақсаттары дауды (дау-шарды) шешудіӊ медиацияныӊ екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардыӊ дауласушылық деӊгейін тѳмендету болып табылады.
Медиация институты қазаққа жат емес. Медиацияны кѳп жағдайда алаш жұртында орын алған ежелгі билер сотымен салыстырады. Оған себеп - медиация бітімгершілік пен ымыраластыққа бағытталған. Заӊныӊ жалпы сипаты мен тұжырымдамасы да қазақтыӊ ықылым заманнан қолданып келе жатырған билер сотыныӊ үлгісі. «Медиация туралы» заӊ күшіне енгелі осы заӊ туралы сот саласы қызметкерлері мен қарапайым халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Жеке және заӊды тұлғалар қатысатын азаматтық, еӊбек, отбасылық, сондай ақ, аса ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарға қатысты істерге медиация тәртібін қолдануға болады.
Алайда, тараптардыӊ бірі мемлекеттік орган болып табылатын болса, оған бұл заӊныӊ рәсімі қолданылмайды. Сол секілді, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстарға да бұл тәсілді қолдануға болмайды.
Жеке азаматтар мен жалпы қоғам үшін маӊызы жоғары бұл істі жүргізу барысында медиаторлар тараптардан, мемлекеттік органдардан және ѳзге де лауазымды, жеке тұлғалардан тәуелсіз болады.
Қазақстан Республикасыныӊ «Медиация туралы» Заӊы бойынша дауларды жеке қарсылық аясынан шығарып, мүдделі пікірталас аясына беру кѳзделген. Мүдделі азаматтар мен ұйымдарға дауларды сотқа жүгінбестен, сотқа дейінгі сатыда қарау барысында шешу іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру қамтылады.
Оныӊ қызметіне нақтырақ тоқталатын болсақ, қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.
Дауласқанды сѳзге тоқтатып, татуластыратын, бітімге келу арқылы шығынныӊ орнын толтыратын қазақтыӊ дала демократиясындағы билердіӊ мәмілегерлік институты ѳркениеттік үлгі ретінде қайта оралып жатыр.
Бітімгершілік - дауды шешудіӊ озық әдісі болып табылады. Ұсақ-түйек келіспеушіліктердіӊ бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердіӊ сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардыӊ уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады.
Бұл халыққа да, сотқа да тиімді. Қазіргі таӊда бұл заӊ республика кѳлемінде жүзеге асырылуда.
Сондықтан бұл заӊды халыққа жете түсіндіріп, дауларды сотқа жеткізбей-ақ бітімгершілікпен шешу мәселесін кѳтеріп, жұмысты оӊтайландыра түскен жѳн деп санаймыз.
Қазіргі кезде дауды шешудіӊ озық жүйесі медиацияныӊ, қоғамға келтірер тиімділігі мол болатынына сенімдіміз [2,5 б.].
Дәстүрлі қоғамдағы қазақ әдет-ғұрып құқық институттарын жүзеге асырушы билер мен олардыӊ мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы жариялылығы, бітімгершілігі, қорғаушылығы, әділеттілігі, адамгершілік сипаты мен негізгі бағыттары қоғамдағы дау шешу үлгілерінен кѳрінеді. Қазақтыӊ дәстүрлі-құқықтық жүйесіндегі билер институты қазақ қоғамын басқару жүйесіндегі биліктіӊ бір нысаны түрінде кѳрініс тапты. Билер қазақ қоғамында ру басы, судья, жергілікті әкімшілік биліктіӊ ѳкілі ретінде саяси- әлеуметтік, әкімшілік, соттық-құқықтық қызметтерді жүзеге асырды. Негізінен олардыӊ қызметі қоғамда болып жатқан дау-дамайларды шешу болды. Би атағына ие болу үшін билер қазақ халқы алдында туа біткен дарындылығымен, шешендігімен, қазақтыӊ әдет заӊын, салт-дәстүрін бес саусағындай білетіндігімен, ойлылығымен кѳзге түскен, елден озған, әділдікті жақтаушылар болған. Билер ерте замандарда пайда болып, халқымыздыӊ ұзына бойғы тарихында белгілі бір даму кезеӊдерін басынан кешірді. Олардыӊ атқарған қызметі, ой- пікірлері, соттық қағидалары, шығарған шешімдері мен үкімдері қазіргі ұрпаққа ѳшпес мұра ретінде жетіп отыр. Ѳркениетті елдердіӊ бәрі дүр сілкініп, жаһандану процесінде кѳлеӊкеде қалып қоймай, бүгіні мен болашағыныӊ мызғымас қажеттілігін алдын ала ойлап, ѳздерініӊ ѳткендерін қазіргі күнмен сабақтастыра отырып, алтын қазыналарын сол іс-әрекеттеріне арқау етуде. Жаһандану процесі барлық халықтардыӊ ѳзара тіл табысуын жеӊілдету, қағида- ережелерін демократияландыру, ақпараттар ағынын жиілету жолында реформалар жүргізіп жатыр. Бұл реформалардыӊ негізі гуманизациялау. Әсіресе, халықаралық құқықты гуманизациялау қазірдіӊ ѳзінде басталып кетті. Осы үрдіске қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесініӊ де қосар үлесі мол болмақ. Сондықтан ата-бабаларымыздыӊ асыл мұраларын тереӊ зерттеп, талдаулар жасап қана қоймай, оны әлемге таныстыру, ѳзіміздіӊ құқықтық-мемлекеттік жүйемізде қолдану - бүгінгі күнніӊ маӊызды мәселесі. Сондықтан да заӊгер үлкен ғалым С. Зимановтыӊ: «Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылатын заӊдылық пен әділ соттыӊ «Алтын ғасыры» қайтадан біздіӊ тарихымыздыӊ алтын бетіне айналуда және болашақта жалпы ѳркениеттік мұрасына да айналар деген үміт бар» деген сѳзі қазақ құқығыныӊ салмағы ауыр, мәні зор екенін ғана кѳрсетіп қоймай, алдағы уақытта әлемдік құқықтық жүйелердіӊ ішінен ѳзіне лайықты орын ала алатынын меӊзейді.
Сол себепті қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесін зерттеп, оқып-үйрену ѳте ѳзекті де маӊызды болып табылады. Бұл оқу құралы қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік жүйесіндегі билер институтыныӊ мәселелерін жан-жақты саралауды мақсат етеді. Қазақ қоғамындағы мемлекеттік биліктіӊ жүзеге асырылуы әрдайым біріктірушілік, реттеушілік, қорғаушылық, басқарушылық, адамгершілік қағидаларымен сабақтасты. Демократия жаршысы деп танылған, қазақ қоғамыныӊ құқықтық ѳмірін қамтамасыз етуші, мемлекеттік билікті жүзеге асыру механизмінде маӊызды роль ойнаған билер институтыныӊ толық сипатын кѳрсетуде қазақ әдет-ғұрып құқығыныӊ қалыптасуы мен дамуыныӊ демократиялық сыр-сипатын қалыптастырған билер институтыныӊ даму кезеӊдері, қазақ халқыныӊ құқық жүйесі қоғамда атқарушылық, реттеушілік, біріктірушілік, басқарушылық, қорғаушылық және имандылық функцияларын құқық жүйесініӊ қоғамда қолданылуыныӊ бағытын айқындыққа, нақтылыққа жол ашудағы билердіӊ ролі, Ұлы Дала деп аталатын ата-мекенімізде Сѳз құдіреті мен Заӊ құдіретіне сүйенген қазақ халқыныӊ болмысы мен тұрмыс-тіршілігі нағыз демократиялық сипаттармен адамгершілікке сай қасиеттер нәтижесінде қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесін қалыптастырудағы билердіӊ атқарған іс- әрекетініӊ нәтижесі, қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік институттарын саралап, оны жүзеге асырушы билердіӊ ролін айқындау мәселелері маӊызды. Билер институтыныӊ атқарған қызметініӊ маӊыздылығын кѳрсете отырып, Тәуке хан тұсында қабылдаған «Жеті жарғы» бұрынғы қағида ережелермен сабақтастығын дәлелдейді. Жүргізген сот процестерініӊ жариялы екендігін, бітімгершілігін, қорғаушылығын, әділеттілігін, адамгершілігін, еркінділігін, дауласушы екі тарап ѳкілдерініӊ іске қатысу мүмкіндігініӊ шектелмеуін дәйектілікпен кѳрсете жазалаудыӊ әділеттігі мен логика заӊдарына сай екенін ашып кѳрсетеді.
Ұрыс бар жерде ырыс болмайды. дау-дамай ешқашан ешкімге жақсылық әкелген емес. бірақ ел іші даусыз болмайды. оны шешетін бұрын дәстүрлі дала билері болды, ара ағайындар, бітімге шақыратын ел ішіндегі беделді кісілер болды. Тѳле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді дала демократтары, «туғаны жоқ» тура билердіӊ елдегі бірлік пен татулықты сақтау үшін қара қылды қақ жарып, тѳбе билік кѳрсеткен замандары ѳтті. Қазір даулы кісі бұрынғыдай ел ішіндегі жақсыға бармайды. Істі болып, басы ауырғанныӊ қазіргі барар жері құзырлы мекемелер, яғни заӊ органдарына, сотқа жүгінеді [3,38 б.].
Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 76-бабына сәйкес: «Сот билігі Қазақстан Республикасыныӊ атынан жүзеге асырылады және ѳзіне азаматтар мен ұйымдардыӊ құқықтарын, бостандықтары мен заӊды мүдделерін қорғауды, Республиканыӊ Конституциясыныӊ, заӊдарыныӊ, ѳзге де нормативтік құқықтық актілерініӊ, халықаралық шарттарыныӊ орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды» - делінген [4]. Демек, Қазақстан Республикасында сот тѳрелігін үшінші билік - сот билігі жүзеге асырады. Әлбетте біздіӊ қоғам бір орында тұрмайды, ол әрдайым ѳсу үстінде. Сот жүйесі де заман талабына сай ѳзгеріп, дамыту үстінде. Осыған орай соӊғы жылдары сот саласы кѳптеген реформаларды жүзеге асырды. Сол реформалар сот тѳрелігінде орын алатын қайшылықтарды жойып, жүйені одан әрі жетілдіруге бағытталды. Сот реформасын жүргізу еӊ алдымен адам құқықтары мен бостандықтарын биік дәрежеге шығаруыныӊ бірден бір кепілі болып табылады. Ел басымыз әрбір жолдауында құқық қорғау органдарыныӊ қызметін, оныӊ ішінде сот тѳрелігініӊ жұмысын дұрыстау, жаӊарту басымдықтарына елеулі ынта қояды. Біздіӊ мемлекетімізде жеделдетілген түрде соттық-құқықтық реформа жүзеге асырылуда, соныӊ ішінде әділсотты дүние жүзілік деӊгейге жеткізу міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабында «Әркімніӊ құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және ѳзініӊ құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заӊға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» деп кѳрсетілген.
Осыныӊ барлығы тұрақты түрде қалыптасқан адам құқықтарын қамтамасыз ету механизмін қайта қарауды талап етеді. Қазақстанныӊ саяси-құқықтық даму тарихындағы саны жағынан үшінші болып табылатын аталмыш жаӊа бағдарламалық құжат, мемлекеттіӊ құқықтық жүйесініӊ болашақтағы онжылдығына негізгі бағыттарды анықтады. Концепцияда Қазақстандық мемлекет пен құқықтыӊ болашақ дамуы туралы ғылыми негізделген болжамдардыӊ отандық және дүниежүзілік тәжірибеде жинақталған оныӊ дамуыныӊ қазіргі тенденцияларына негізделген ұлттық құқықтық жүйені жетілдірудіӊ негізгі бағыттары баяндалған. Осыныӊ негізінде құқық салалары жетілдіріліп және еліміздіӊ әрі қарай жаӊаруыныӊ құқықтық негізі ретінде Қазақстандық заӊдарыныӊ жаӊа кезеӊі қалыптастырылатын болады.
Судьялар Одағыныӊ бесінші съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аудару, даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеудіӊ баламалы тетіктерін, соныӊ ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізу мәселелері қарастырылған болатын. 2011 жылдыӊ қаӊтар қабылданған «Медиация туралы» заӊ сол жылдыӊ 5 тамызынан бастап күшіне енді. Медиация институтын дамытуға бағытталған заӊ аясындағы құқықтық базаныӊ қабылдануын қамтамасыз етуді, даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеудіӊ осы тетіктерін дамыту мақсатында медиаторлардыӊ ұлттық конференциясын ѳткізуді тапсырды. Әлемде медиацияны азаматтық дау-дамайларға, тұтынушылардыӊ наразылықтарына, еӊбек қатынастарынан туындаған шиеленістерге, отбасылық мәселелерге, т.б. қатысты қолданады. Елімізде медиация жеке, заӊды тұлғалар арасындағы азаматтық, еӊбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастарға, сонымен қатар шағын және орта ауыртпалықтағы қылмыстық істерге қатысты пайдаланылады. Жалпы медиация институтыныӊ дамуы еліміздегі сот істерін азайтып, қоғамдағы шиеленістердіӊ тез шешілуіне септігін тигізетіндігі даусыз.
Әлемде медиация ХХ ғасырдыӊ екінші жартысынан бастап пайдаланыла бастады. Алдымен АҚШ, Австралия, Ұлыбританияда басталған бұл институт кейін Еуропаныӊ басқа елдерінде кеӊ қанат жайды. Алдымен отбасылық дау-дамайларды шешуден басталған медиация процедурасы кейін ірі-ірі коммерциялық, бұқаралық саладағы дау-жанжалдарды шешуге кірістірілді.
Қазір АҚШ-та, Австралияда, Еуропаныӊ бірқатар елдерінде барлық даулардыӊ үштен бір бѳлігі медиацияныӊ кѳмегімен реттеледі.
АҚШ-та экономика, саясат пен бизнес саласындағы маӊызды келіссѳздердіӊ бір де бірі медиатордыӊ қатысуынсыз ѳтпейді. Америкалық ірі корпорациялар қандай да бір дау-дамайларды шешу үшін міндетті түрде алдымен медиатордыӊ кѳмегіне жүгінеді.
Ал Ұлыбританияда сот ұсынған медиатор процедурасынан бас тартқан тарап барлық сот шығындарын ѳтеуі міндетті. Германияныӊ барлық құқық мектептерінде тұрақты медиация курстары оқытылады. Австрияда медиация туралы заӊ 2004 жылы қабылданды. Үндістанда медиация барысында жасалған келісімніӊ күші тѳрелік соттыӊ келісімініӊ күшімен бірдей. Қытайда дау-дамайлардыӊ 30 пайызы соттан тыс тәртіпте реттеледі. Жапонияда медиация процедурасы әлдеқашан жолға қойылған [5, р.93].
Медиатор - латын сѳзі, қазақша баламасы «делдал», «ара ағайын», «бітімгер» дегенге келеді. Медиатор аққа ақ деп жақтаспайды, қараны қара деп қараламайды, екі жақты тыӊдап, татуласуына, бір-бірін кешіруге жәрдемдеседі. Яғни медиатор екі адамныӊ арасындағы ренішті жібітіп, бітімге шақырады, екі тарапқа қолайлы ортақ шешім қабылдауға, солайша дау-дамайды сотқа жеткізбей шешуге кѳмектеседі.
Адамдар сотқа арызданып, сотта іс жүріп жатқан кезде медиация кѳмегіне жүгінем десе, істіӊ қаралуы тоқтатылады. Медиация бітімгершілікпен аяқталғаннан кейін баж салығы қайтарылатынын ескерсек, бұл процедура алдымен заӊды тұлғаларға тиімді. Себебі жеке тұлғаларға қарағанда заӊды тұлғалар баж салығын бірнеше есе кѳп тѳлейді. Әрі заӊды тұлғалардыӊ медиация процедурасына жүгінуі арқылы дау-дамайға қатысты ақпаратты сыртқа шығармауға, ѳзініӊ іскерлік беделін сақтап қалуына мүмкіндігі бар.
Қазіргі кезде адамдар медиация жайлы кѳп біле бермейді, сондықтан медиаторларға жиі жүгінбейді, сол жѳнінде сұрақтар туындаған кезде, олардыӊ заӊгерлерге ақша тѳлеп қойғандықтарын, заӊгерлердіӊ ғана шешіміне бас ұратындықтарын айтады, яғни қызметі қымбат тұратын заӊ қорғаушысыныӊ кѳмегіне жүгініп жүреді. Бұл орайда медиация жайлы халыққа кѳбірек насихаттау керек.
Заӊның атауына қатысты осы акт қабылданған күні-ақ мәселе туындаған еді. «Бітімгершілік», «ымыраластық» етіп алуға болатындығы меӊзелген. Дегенмен әзірлеуші тарап халықаралық қабылданған терминнен аса алмапты. Әйтсе де атауға қатысты тұшымды мәселелерді депутаттардыӊ ѳздері қолдаса, «қатып қалмаған дүние» еместігін, келісе пішуге болатындығын байқатады. Заңда «медиация» ұғымына анықтама беріліп, негізгі принциптері, қолданылу аясы, медиаторлардыӊ құқықтық мәртебесі мен оларға қойылатын талаптарды белгілеу қарастырылады. Дауларды сотқа жеткізбестен, ѳзара бітімгершілікпен аяқтау судьяларға жүктемені азайтып қана қоймайды, «қоғамда орын алып отырған даулардыӊ шешімін табуға септігін тигізіп, мемлекеттік мекеме атына айтылатын сынды да азайтуы» әбден мүмкін.
Медиация туралы заӊныӊ сот саласында тигізер пайдасы зор. Алайда, іс жүзінде медиацияны қолдану барысы баяу екенін байқауға болады. Заӊныӊ қолданысқа еӊгеніне үш жылдай болды, бірақ ол заӊ халыққа толық жете қойған жоқ.
Сот пен медиация арасында кѳп айырмашылық бар. Медиатор екі жақтыӊ да ұстанымын ескере отырып, дауды бейбіт жолмен шешуге тырысады. Бұл кезде екі жақ та ортақ мәмілеге келеді. Бір жақ ѳз кінәсін мойындап, екінші жақ оған ѳзініӊ кешіргендігін айтып, екі жақ та ризашылықпен тарасады.
Талапкердіӊ талап арыздан бас тартып, жауапкердіӊ медиация арқылы екі жақтыӊ келісімге келуіне байланысты арызы сот хаттамасына жазылып, іске тігіледі. Судья тараптарға ендігі уақытта олардыӊ сотқа шағымдану қүқығынан айырылғандығын және келісімге келу арқылы мойындарына алған міндеттерін ескертіп, түсіндіреді.
Дәл осы тақырып жақында «Алтын Орда» бизнес орталығында құқық қорғау саласы басшылары, әкімдік қызметкерлер, медиаторлар қатысқан аймақтық семинарда тағы қозғалды. «Қазақстанда медиация институтын енгізу»тақырыбында ѳткен семинардыӊ ұйымдастырушы модераторы, Оӊтүстік Қазақстан облыстық сотыныӊ тѳрағасы Нұрсерік Шәріпов айтқандай, медиация ұғымы сонау XVI-XVIII ғасырларда ел билігіне араласып, қара қылды қақ жарған әділдігімен, шешендігімен тарихта аты қалған билердіӊ іс-тәжірибесінде кѳрініс тауып отырған [6,10].
Бүгінде кѳпшіліктіӊ кѳкейінде аталмыш заӊ қолданысқа енгелі бері не істелді деген сауалдыӊ тұруы заӊды да. Нұрсерік Кәрімұлыныӊ мәлімдеуінше, оӊтүстік ѳӊірінде заӊды насихаттау барысында біршама жұмыс атқарылған. Халықпен бірнеше кездесу ѳткізіліп, баспасѳз беттерінде мақалалар да жарық кѳрген. Соныӊ нәтижесі болар, облыстық соттыӊ, аудандық деӊгейдегі соттардыӊ судьялары кешегі күнге дейін 24 азаматтық, 16 қылмыстық, 2 әкімшілік істерді медиация тәртібімен қарап, тараптарды бітімге келтірген.
Әрине, бұл жерде Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасыныӊ Қазақстанға медиация институтын енгізудегі рѳлін ерекше атап ѳту маӊызды. Еліміздегі БҰҰДБ-ныӊ тиімді басқару және аумақтық даму департаментініӊ бағдарламалар жѳніндегі үйлестірушісі Ержан Балтаевтыӊ сѳзіне қарағанда, бұл жоба адамдардыӊ жақсы ѳмір сүруіне бағытталған, мемлекеттерді ақпарат кѳздерімен, тәжірибе қорларымен байланыстыра отырып, оӊтайлы ѳзгерістерді қолдайтын әлемдік тиімді жүйе болып табылады.
Кәсіпқой емес медиаторларды іріктейтін жергілікті атқарушы органдар оларды тек тізімге алып қана қоймай, процессуалдық құжаттарды дайындауға, құқықтық деӊгейін кѳтеруге кѳмектесулері керек. Сонымен қатар, медиаторлардыӊ белсенді жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отырған тағы бір жағдай, олардыӊ еӊбекақы мѳлшері мен алу тәртібі белгіленбеген. Сондықтан да медиаторлардыӊ жұмысын үйлестіріп отыратын орталық құру қажет. Бұл жергілікті тұрғындардыӊ талап-арызын реттеуге де қолайлы. Маманныӊ бұл пікірін Шымкент қаласы Еӊбекші аудандық сотыныӊ тѳрағасы Маратәлі Бекназаров та қолдады.
Тағы бір айта кететін жәйт - сот медиаторларға арнайы кабинет беруге міндетті емес. «Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестiгiнiӊ директоры Әбдіғаппар Белесовтіӊ айтуынша, жұмыс істеймін деген медиаторларға жергілікті әкімдіктер кѳмектесуге тиіс. Жалпы, медиацияны жүргізудегі ұйымдастыру жұмыстары медиатордыӊ іскерлік қабілетіне байланысты. Ол молырақ ақша табамын, байимын деген ойдан мүлдем аулақ болғаны жѳн [7,13].
Достарыңызбен бөлісу: |