Абдыкаликова Райхан Газизовна Құқықтық жанжалдарды шешудегі медиацияның ролі: теориялық және құқықтық талдау дипломДЫҚ ЖҰмыс 6B04201 "Құқықтану" білім беру бағдарламасы



бет8/9
Дата12.05.2024
өлшемі430.5 Kb.
#500907
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Абдыкалыкова Райхан Газизовна. Құқықтық жанжалдарды шешудегі медиацияның ролі теориялық және құқықтық талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

Жүргізілген зерттеу медиацияның Қазақстандық құқық жүйесіндегі негізгі институттардың бірі екендігі туралы түйінді қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Осы мағынада медиацияны кешенді салааралық институт ретінде қарастыруға болады, ол бітімгершілік рәсімі шеңберінде азаматтық (кең мағынада) дауларды реттеуге байланысты қатынастарды реттейтін нормаларды біріктіреді.


Осы институтты талдау нәтижелері бойынша медиацияны қолданудың теориясы мен практикасын одан әрі дамыту тұрғысынан қажет болуы мүмкін тұжырымдар жасалды.
Медиацияның азаматтық істерді шешудің өзге механизмдері ортасында алатын орынын қарастыра келе зерттеуде құқықтық дауларды шешуді реттеудің мемлекетпен танылған әдістерінің барлығын біріңғай жүйе шеңберінде қарау қажеттігі негізделді. Бұл жүйенің негізгі мақсаты субъективті құқықтарды алдын-алу, реттеу және шешу жолдары арқылы кедергісіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету борлып табылады.
Бұл жүйеде бұзылған құқықты қорғау және қалпына келтіру нысанына байланысты екі кіші жүйені, құқықтық дауларды шешу және реттеу тәсілдерін: юрисдикциялық және юрисдикциядан тыс бөлу ұсынылады. Медиатордың тараптар үшін міндетті шешім шығару құқығын қолданбайтынын және уәкілетті еместігін ескере отырып, медиацияны бірыңғай - құқықтық дауларды реттеу және шешу жүйесінің юрисдикциядан тыс кіші жүйесіне жатқызу керек.
Медиация-бұл бейтарап делдалдың (медиатордың) қатысуымен ерекше түрде ұйымдастырылған келіссөздер. Мұндай тәсіл бұзылған субъективті құқықтарды қалпына келтірудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.
Сондықтан да, медиацияны тек қазақстандық соттардың сот жүктемелері мен өзге де проблемаларының азайту құралы ретінде қарастыру дұрыс емес.
Медиацияның негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады: 1) медиация - бұл құқықтық дауларды реттеудің дербес тәсілі; 2) медиация - бұл құқықтық дауларды реттеудің юрисдикциялық емес тәсілі; 3) медиацияға қатысушылар - даулы құқықтық қатынастар тараптары және медиатор болып табылады.
Медиацияның ерекше белгісі оның мазмұнына екі компонент: Тараптардың келіссөздері және медиатордың қызметі (медиациялық технология) кіретіні болып табылады. Медиация қағидаттар жүйесі негізінде қолданылады.
Медиацияны жүргізу қағидалары, дауды реттеу негіздері, медиативтік келісімнің мазмұны, бітімгершілік рәсімін жүргізу үшін медиаторға қажетті біліктілік таңдап алынған медиация моделімен алдын ала айқындалады. Медиацияны құқықтық дауларды реттеу тәжірибесіне енгізу кезінде, сондай - ақ медиаторларды даярлау бағдарламаларын әзірлеу кезінде медиацияның қандай моделі іске асырылуға тиіс екендігі туралы нақты түсінік болуы қажет.
Медиатордыӊ тәуелсіздігі мен бейтараптылығы және оныӊ жұмысына араласпаушылық: медиатордыӊ барлық тараптарға қатынасы бейтарап. Егер медиатор бейтараптылықтыӊ сақталуы қиынға түсінетіндігін сезсе, пайда болған эмоционалдық бағалаудан құтылу мүмкін емес болса, ол процесті жүргізуден бас тартуға міндетті. Себебі, ол белгілі бір тараптыӊ мүддесін кѳзедемейтін тұлға, керісінше даудыӊ екі тарап үшін тиімді шешілуін кѳздейді. Медиация туралы Заӊныӊ 7-бабына сәйкес «медиацияны жүргізу кезінде медиатор тараптардан, мемлекеттік органдардан, ѳзге де заӊды, лауазымды және жеке тұлғалардан тәуелсіз болады. Медиатор Заӊда жол берушілік айқындалатын медиация құралдары мен әдістерін таӊдауда дербес болады». Заӊдарда кѳзделген ерекше жағдайларда, мысалы, прокурордыӊ, соттыӊ немесе басқа да құқық қорғау органыныӊ немесе лауазымды тұлғаныӊ талап етуі бойынша медиатор материалдарды ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасыныӊ сот жүйесі әлі даму жолында. Ол бір күнде бол қалатын жағдай емес, оны бәрі түсінеді деп ойлаймын. Бірақ «медиация» туралы Заӊныӊ қабылдануы біздіӊ тәуелсіз мемлекетімізді құқықтық республика статусына тағы бір қадамға жақындатады деп сенемін.
Жоғарыда аталғанныӊ барлығы медиацияныӊ мемлекет және еӊ маӊыздысы, халық үшін жағымды жақтарыныӊ кѳбісі және маӊыздылары, бұл тізімді әлі толықтыруға болады деп ойлаймыз. Процестіӊ құқық қорғау саласына тәжірибе негізінде сіӊе берген сайын, құқықтық республиканыӊ жарқын келешегі жақындай береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет