Абдиманапова акнур бауыржанкизи


КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет2/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аударма деп біз жалпы алғанда, бір тілден, яғни түпнұсқа тілінен белгілі бір хабарды екінші бір тілге, яғни аударма тіліне жеткізу үдерісін түсінеміз. Аудару дегеніміз – тілдік құралдар көмегімен қандай да бір ойды бір тілден екінші бір басқа тілде толыққанды жеткізіп беру. Ең маңыздысы, ойды дәл, толық, дұрыс жеткізу. Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екені даусыз. Әуел бастан аударма тілі басқа адамдардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, әдебиеттер мен мәдениеттердің араласып, баюына жағдай жасады. Шетел тілін білу кітаптың түпнұсқасын сол тілде оқуына негіз болады, алайда ең болмады бір шетел тілін үйрену әркімнің қолынан келмейді, ал бір адамның кітаптарды әдеби тілдердің баршасында, тіпті көпшілігінде оқуы мүмкін емес. Рудаки мен Омар Хаямның, Шекспир мен Гетенің, Толстой мен Достаевскийдің, Абай мен Шәкәрімнің ғажайып шығармалары аударманың арқасында ғана адамзаттың игілігіне айналды. Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы.
Лингвистикада және аударматануда аударма бір тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады.
Аударма – әрі өнер, әрі мамандық. Аударма –ол ең алдымен адамдардың қарым-қатынасының басты қажеттілігі. Алайда ол коммуникация теориясының негізгі қырлары, әдеп, мәдениет туралы білімсіз, мәдениетаралық коммуникацияның ерекшеліктерінсіз жүзеге аса қоймайды. Бір тілде айтылған сөзді тыңдп барып, екінші тілге жинақтап, ойда қорытып, есте сақтап, қайта жеткізу әркімнің қолынан келе қоймайды. Сөйленген сөзді басқа тілде айтып жеткізу – аса сезімталдықты, айрықша қабілеттілікті талап етеді.
В. Н. Комиссаровтың пікірінше, аударманы – тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі, үш сөйлеу актісінің бірлігі ретінде қарастыруға болады:
1) шет тілі арқылы түпнұсқаны тудыратын сөйлеу актісі;
2) аудару тілі арқылы аударма мәтінді тудыратын сөйлеу актісі;
3) бірінші және екінші актілерде іске асқан сөйлеу актісі арқылы сөйлеу шығармалардың біріктіру актісі (коммуникативті теңеу) [1, б. 34-35].
П.И. Копаневтің анықтамасы бойынша аударманың мақсаты заттық-логикалық мәліметтерді хабарлау, қандай да болса істерге, белгілі бір сезімдерге түрткі болу. Осыдан келіп ол аударманың қызметіне төмендегідей анықтама береді: аударма қызметі – бұл тіларалық, мәдени-эстетикалық бөгеттерді бұзу [2, б. 144]. Аударманың теоретигі және практигі Л.К.Латышевтың, сол сияқты В.С.Виноградовтың және А.В.Федоровтың пікірлерінше аударманың заты аудармалы мәтін болып табылады. Аудармалы мәтін үдеріс кезінде екі тілді қарым-қатынас кезінде түпнұсқа мәтінді алмастырады. Сонда аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін коммуниканттар арасында лингвоэтникалық бөгеттерді бұзып, оларға бір тіл коммуникациясында қатынасуға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, қажеттілік – аудармашының ісін айқындап, аударылған мәтін ретінде қанағаттандырылады [3, б. 14 - 15].
Аударма теориясы жайлы зерттеулер өте мол. Көріп отырғанымыздай, ол зерттеулерде түрлі пікірлер айтылып, ғылыми тұжырымдар жасалады. Сол зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, аударма тарихы мен теориялық мәселелерін жүйелеп көрсету диплом жұмысы тақырыбының өзектілігін танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет