Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет8/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

С. Басснетт-Макгайр “Аудармашылық ізденістер” деген кітабында өзінің аудармашылық ізденістерінің аударма тарихына байланысты бірінші тарауында кезінде Дж. Стейнер берген кезеңдеме тарихи ізденістерге қойылатын талапқа толық сай емес деп таниды. Аударма тарихын кезең-кезеңге бөліп қарамай, қалыптасқан аудармашылық мектептердің бағыттарына сай қарастыру керек деп біледі.
С. Басснетт-Макгайр болса өзінің берген кезеңдемесінде мынадай тарихи үрдістерге тоқталады: Көне Римдегі грекиялық түпнұсқаға қол жеткізу үшін жасалған «еркін аударма» және соған сай өз тіліңде шығарма тудыруға талпыну. Ал Інжіл аудармашылары, керісінше, сөзбе-сөз аудармаға ден қойған болатын. Өйткені орта ғасырларда сәл өзгерген сөз үшін шіркеу “ересь” деген жала жауып, аудармашының басы кетер еді.
Жаңа еуропалық тілдердің пайда болуымен байланысты үрдістер. Ол кезеңнің аудармаларында көптеген кірме сөздерге ден қою, еліктеу пайда болып, аудармашылар шетелдік сөздерді өз тілдерін байыту жолы ретінде қарастырған болатын. Классикалық тілдер мен сол тілде жазылған шығармаларды ұлттық тілдерді нығайту үшін пайдалану барысы аудармадағы еркіндіктерге жол берген. Аудармашы өзін орталық дәнекер буын ретінде емес, мәдениет қайраткері ретінде, революционер ретінде сезініп, өзінің қызметін ел-жұртына, заманына қажет деп шабыттанған. Соның буымен аудармашылардың біраз еркінсіп, түпнұсқада болмаған дүниелерді мәтінге араластырып жіберетін кездері де болған. Мысалы, ХҮІІІ ғ. Францияда “түзетуші аударма” деген құбылыс кең етек алған болатын. Олар аударылған дүниені француздардың нәзік “жоғары талғам” талаптарына сай ету үшін “көркемдеп, безендіре өңдейтін-міс”.
Келесі бір үрдістерді С. Басснетт-Макгайр “романтизм” және “постромантизм” деп атайды. Бұл концепциялардың өкілдері – Шлегель, Шелли, Шлейермахер, Карнейл, Морристер аударманың халықтың мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы рөлін баса айтып, аударылған тілдің өзіндік “өңін” (“шармын”) сақтау керектігін қолдаған.
С. Басснетт-Макгайр тарихи шолулармен бірге аудармашы тұлғасының да өзіндік орнына басты назар аударып, оның бір мезетте, бір тұлғада бірнешеме рөл атқаратындығын тұжырымдайды. Мысалы, аудармашы мәтінмен жұмыс істеп, оны аударып қоюшы ғана емес, “аудармашы – ең алғашқы оқырман” деген анықтама береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет