Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет9/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

А. Нойберт – неміс лингвисті – аударма теориясындағы прагматиканы аударманың маңызды аспекті ретінде алып қарастырады. 1968 ж. жазылған “Аударманың прагматикалық аспектілері” деген кітабында ол адекватты аударма түпнұсқаның прагматикасын сақтай білуі керек дейді.
Прагматика ұғымын Альберт Нойберт кең ауқымда талқылайды. Бәріміз білетініміздей, прагматика – тілді пайдаланушылардың тілдік белгіге деген қатынасы. Ал Нойберт прагматика айтушының айту форматын таңдауының тыңдаушыға тигізер әсерін зерттейді деп есептейді. Сонымен, прагматика өзіне стилистиканы қосып алады да өзін жүзеге асыртып отырған грамматика мен семантикаға қарсы қойылады. Бұндай түсініктемеде аударманың мақсаты – түпнұсқаның прагматикалық қалдырар әсерін сақтау. Себебі аударманың грамматикасы мен семантикасы аударылған тілдікі болмақ, ал қалатыны – прагматика. А. Нойберттің айтуынша, аударылу мәселесін мәселе ететін де осы прагматика болса керек. Нойберттің осы көзқарасы – қазіргі аударматануда кеңінен танымал көзқарас.
А. Нойберттің “Мәтін және аударма” (1985) деген монографиясы мәтін категориясын аударма мәселесімен байланыстыра қарастырады. Жалпы, А.Нойберт кез келген коммуникация мәтіндер арқылы жүзеге асады деп есептейді. Кез келген мәтін құрылымдық-семантикалық біртұтастық ретінде тіршілік етеді. Мәтіннің жалпылама біртұтас құрылымы макроқұрылымдар қатарынан тұрады. Ал олар, өз кезегінде, көптеген микроқұрылымдардан жинақталады. Мәтіннің жалпылама мағынасы сол мәтін құрастырылған сөздер мен мәтін құрылымдарындағы семантикалық материалдардың барлығының жиынтығынан да артық шығатын мәнді білдіреді деп қорытындылайды ол [13].
Аударматанушылық ғылым саласында өзінің әдеттегідей үйреншікті емес пікірлерімен есте қаларлық Гидеон Туридің концепциясымен осы бір шет елдік аударма тарихы жайлы қысқаша шолуды аяқтауға болады.
Г. Тури өзінің концепциясының басын аударма теорияларын сынаудан бастайды. Г. Тури “Аударма теориясын іздестіру барысында” (”В поисках теории перевода”, 1980) деген кітабында [14] барлық аудармаға қатысты теориялар жалған алғышарт ұстанады деп біледі. Оның себебін Г. Тури аударматанушылардың аударманы бастапқы мәтін – түпнұсқаға қарай, сол мәтін жазылған тілге қарай бағалауынан табады.
Г. Тури аударма концепциясын “сипаттамалық” концепция деп біледі. Ал аударма мүлдем басқа постулаттардан құралады. Ол концепция процеске емес, аударма нәтижесіне – алынған жаңа мәтінге басты назар аударады. Аударма мәтіні Г. Тури үшін басты категория. Егер қандай да бір мәтін аударма деп танылар болса, сонысымен де ол түпнұсқамен қатынаста эквиваленттілік танытқан мәтін болар еді. Аударма, Г. Тури түсінігінде, телеологиялық категория, өйткені оның жүзеге асу барысы мен нәтижесі оның түпкі мақсатына – аударма мәтінін алуға бағытталған. Сонымен, келтірілген экскурс барысында аударма туралы түсініктің қалыптасуын, аударма теориясының тарихи эволюциялық жолын, ондағы аударманың мәдениеттанымдық теориясына мұрындық болар концепцияларды қарастырдық.
Қазақ тіл білімінде де аударма теориясы біршама қарастырылған. Аударма тарихы мен теориясына байланысты кішігірім мақалалардан бастап, монографиялық еңбектер жарық көрген. Көптеген кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылған. Қазақстандағы аударманың тарихы мен теориясын зерттеу жұмысы ғылыми әдебиетте аударма жайында алғаш пікір айтқан С.Сейфуллиннен бастауын алады деуге келеді. Спандияр Көбеевтің «Үлгілі тәржімасы», Молданияз Өтетілеуовтың «Жиған-тергені» және басқа авторлардың жарияланған аударма туралы ойлары Қазақстанда аударма өнерін өркендетуге айрықша қызмет атқарды. Қазақ аудармасының тарихы мен теориясын қалыптастыруға ғылыми-зерттеу еңбектері де үлкен септігін тигізді. Атап айтқанда: С. Нұрышевтің «Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесінен», С. Талжановтың «Көркем аударма туралы», Ә. Сатыбалдиевтің «Рухани қазына», М. Әлімбаевтың «Өрнекті сөз - ортақ қазына» және т.т. деген кітаптарында қазақ аудармасының әрқилы мәселелері зерттеліп, талқыланды.
Аудармашы - өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың, алыс-берістің, айырбастың құралы. Аударма - елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың тәжірибе-тағлым алмасудың делдалы. Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі, ол - бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі.
Аударма қай уақытта болмасын мәдениетте зор маңызға ие болған, бүгінгі таңда ие болып отыр және болашақта адамзат қандай да бір өзара ортақ тіл тапқан күннің өзінде де маңызынан айырылмайтын қажетті мәдени-тілдік әрекет. ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, халықаралық қатынастардың ауқымының ұлғаюына байланысты, аударма ісі бұрынғыдан да гөрі қажеттірек бола бастады. Соның нәтижесінде тілтану, әдебиет және мәдениет тарихы тұрғысынан болсын, психология мен философияда болсын аудармаға қатысты зерттеулер жандана түсті.
Қазіргі уақыттағы аудармашылық белсенділіктің артуына мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының әсері зор дей аламыз. Бүкіл адамзат баласының озық ойлы авторларының, өз саласының дүлдүлдері болып есептелетін ойшылдар, ғалымдардың шығармашылығын қазақ тілінде сөйлету талай қиянат көрген тілімізге серпіліс беріп, бұрындары тек көркем әдебиетпен шектеліп келген аудармашылық жұмысты жандандырады. Профессор Ж.Молдабековтың «Аудармадағы ала-құлалық алаңдатады» деген мақаласында келтірілгендей, «аудармашылардың кәсіби деңгейі (сала бойынша және көркемдік шығармашылық тұрғысынан) қалыптаса қойған жоқ. Аудармадағы кәсіби дәстүр де, деңгей де бірдей емес.» [15, 43 б.].
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына байланысты ісшаралар бұрындары өз кәсіби қажеттілігі аумағында аракідік қана өзі үшін аударып жүрген көптеген гуманитарлық ғылым салаларының өкілдерін әп-сәтте аудармашы етті. Сондықтан болар, алдыңғы шығып үлгерген томдарда жарияланған аудармалар арасынан терминологиялық көпнұсқалық, ала-құлалық, көңілге қонымсыз жайдақ аудармалар кездесетіндігі тіл жанашырларын қынжылтары сөзсіз. «Бірақ та аударма жұмыстары осы мамандардың кәсіби және өзіндік тұлғалық әлеуетін қатар жетілдіруде ме немесе қоғамның әлеуметтік және мәдени әлеуетін басқаруын тездетуде ме десек, әзірге бұл екі бағыттағы жүйелі жұмыс тіптен шамалы, қанағатсыз екенін мойындауымыз керек.» [15, 42 б.]. Ал арнайы философиялық, психологиялық, әлеуметтанулық классикалық мәтіндерді филолог-аудармашылар қолына берсеңіз, онда да қиындық кезікпес еді деуге тағы да болмайды. Өйткені «аударма мәтінді талқылағанда оның мәдени мағынасын, идеялық бағытын, әлеуметтік-лингвистикалық дәстүрдің құрылымы мен стилін дұрыс ұқпайынша, бұл аударманың мәнді, түсінікті, сәтті болуы күмәнді.» [15, 42 б.] Бірақ, «көш жүре түзеледі» демекші, бірте-бірте аудармадан кенжелеп қалған ғылым салалары да өздерін қамтамасыз ететіндей аударылған мұра жинары сөзсіз.
Біз аударма жайлы біршама зерттеулерге шолу жасадық. Аударматануда аты қалған, өзіндік орны бар зерттеушілер жеткілікті, олардың барлығының көзқарастарымен дипломдық жұмыстың бір тарауы көлемінде таныса қою қиын екені рас. Дегенмен, аударманың тарихы мен зерттелуі жайлы біраз мәліметтерді жинақтап бердік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет