Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет14/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

2 Аударманың түрлері

Аударма – ең алдымен адамдардың қарым-қатынасының басты қажеттілігі. Сөйленген сөзді басқа тілде аударып жеткізу – аса сезімталдықты, айрықша қабілеттілікті қажет етеді. Аударма әрі өнер, әрі мамандық. Аудармашы мамандығы еліміздің тәуелсіздігіне байланысты жаңаша сипат алғандығын айтуымызға болады. Мемлекетаралық байланыстардың жандануы аударманың қай түрінің де, аудармашылықтың қай салада да қажеттілігін айқындай түсуде. Ауызша аударма – бұл тыңдаудың, қабылдаудың, түсінудің ең терең психологиялық үдерісі. Мұнда сөзді байыппен тыңдап, мұқият ойға түйсініп, түсініп, санада саралап, сараптап жеткізу – жүйке, ақыл-ой жүйесінің бар мүмкіндігін пайдалануға байланысты.


Ауызша аударманың дамуы негізінен Шығыс елдеріндегі дипломатияның дамуына қатысты. Аударма –еларалық түрлі саладағы қарым- қатынастың, берік байланыстың құралы.
Ауызша аудармашымен қатарлас жазбаша аудармашы ұғымы да қалыптасқан. Екеуінің мынандай айырмашылығы бар. Ауызша аудармашы сөйленген сөздерді дереу қайта аударып жеткізсе, жазбаша аудармашы жазба мәтіндерімен қағаз бетінде жұмыс істейді. Жазбаша аудармаларға мыналар жатады: ғылыми-техникалық, әдебиеттер, оқулықтар, оқу құралдары, нұсқаулар, энциклопедиялық мақалалар, іскерлік хаттары, жеке және заңды тұлғалар құжаттары, ақпараттық түрлі мәтіндер, заңгерлік музыкатану, өнертану, философия мәтіндері, діни уағыздар, жарнамалық мәтін.
Ауызша аударма мен жазбаша аударманың өзіндік айырмашылығы бар. Ауызша аударма тікелей сөз сөйлеу қатынасы жағдайында(ауызша ілеспе аударма), дыбыстық аппаратурамен жүзеге асырылу жағдайында(наушник құлаққа ілдірме), яғни (синхронды аударма) жүргізіледі. Ауызша аударма жүйке жүйесіндегі табандылық пен дене күші төзімділігін талап етеді. Ауызша аударма үстінде сөйлеушінің дербес стиліне, сөйлеу мәнеріне зер салып отырады.
Ауызша аударма мен жазбаша аудармашы жұмысында негізінде әртүрлі ерекшеліктермен қатар, жалпыға ортақ ұқсастықтар бар. Көптеген аудармашылар екі қызметті біріктіріп атқара береді. Алайда жазу ісі әркімнің қолынан келе бермейді. Кімде-кім ауызша аудармашы болғысы келсе, айтылған мәтінді ой-санада қабылдаудың, оны түсініп, түйсініп, есте сақтаудың жаттығуын үнемі жасап, сөзді дәл, жинақы жеткізуге әзірленуі тиіс. Сондықтан ес, зейінді жаттықтыруы, шешендік өнерді белсенді меңгеруі керек. Жазбаша аудармашыға оқып-үйрену кезінде де мейлінше жазбаша мәтіндердің құрылысымен, әралуан мазмұндық смпатымен, көптеген түрлі ерекшелігімен, соның ішінде ең күрделілерін қамти отырып танысуы керек. Қазіргі уақытта ауызша аударма жазбаша аудармамен араласып кетті. Аызша аударма кей жағдайда алдын ала әзірленген жазбаша мәтінге де жиі сүйенеді. Бұл іліспе және синхронды аудармаға да қатысты. Аударудан бұрын сөйлеушінің сөзімен танысып алудың аудармашы жұмысын жеңілдететіндігі дәлелденіп отыр.
Аудармашы елмен елді жақындастыратын, байланыстырушы, өзара мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік қатынастың қалыптасуына, жалғасуына, дамуына дәнекер, ықпал тұлға. Аудармашы еңбегі ауыр саналғаныменғ әсерге толы қуанышымен, небір қызықты сәттерімен есте қалатын мамандық. Жазба немесе көркем аударманы жеңіл санайтындар бар. Ауызша аударма қиын емес, онша күш-қабілет жұмсалмайды, бір орында отырып сөзді дереу аудара береді деген түсінік те ұшырасады. Жүйкеге, ойға, санаға, миға ауыртпалық түсіріп, психологиялық сан қилы кедергілерді жеңуге тура келетін, күш-қуатты талап ететін өте ауыр жұмыс.
Тәжірибе жүзінде жазбаша аударма мен ауызша аударманы қатар жүргізетіндер де бар. Бірақ жазбаша аудармашының бәрі көркем аудармаға бейімделе алмайды. Керісінше көркем әдебиет аудармашысы ғылыми-техникалық аудармаларға қабілетті емес.Жазбаша аудармашы өз міндетін жақсы атқарғанымен, синхронды аударманы мүлде жасай алмауы мүмкін. Екі түрін біріктіріп орындайтындар сирек. Мұндай әмбебаптыққа айрықша қабілет керек. Әркімнің қолынан келе бермейді. Олар жазу өнерін, техникасын жақсы меңгергендер. Әрі ауызша аудармаға дағдыланған шеберлер. Аударманың екі жүйесінен бір-біріне ауысу түрлі жағдайларға байланысты. Мысалы, БҰҰ-дағы кейбір аудармашылар алғашында жазбаша аудармамен айналысып, кейіннен синхронды аудармаға ауысқан. Керісінше, мамандардың синхронды аудармадан жазбаша ауадрма түріне ауысуы өте сирек. Зерттеуші Я.Виссонның айтуынша, ауызша аудармашының үздіксіз жұмыс істеуі салдарынан тыңдау қабілеті, ес-қызметі нашарлауы мүмкін. Алайда кейбір синхронды, ілеспе аудармашылар біртіндеп жазуға машықтанады. Солардың арасында көркем аудармаға арналған сөздіктер, ғылыми жұмыстар авторлары аз емес. Соларға мысал ретінде айтатын болсақ, Венгряның ілеспе, синхронды аударма шебері Като Ломб өзінің ұзақ жылғы тәржімелік тәжірибесінен қызықты кітап жазса, П.Палажченко тәжірибесін теорияға ұштастырып, «Аударма әлемі» атты кітап шығарады. Бұл кітапта тәржімалық өнердің алуан қырлары мен қиындығы, қызығы баяндалады.
Жазбаша аударма мен ауызша аударманың өзіндік ерекшеліктерін жүйелеп көрсеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет