Ауызша аударма:
Айтылған сөздің ауызша аудармасы, қағаз бетіндегі жазбаша мәтіннің аудармасын қоспағанда, ережеге сәйкес дәл сол мезетте туындайды.
Сөздің айтылуы механикалық даму жағдайында, динамикада болады, оның жалғасуын әркез аңғарып отыру мүмкін емес.
Ауызекі сөздің бәрі аудармашы есінде әркез тұра бермейді, тек есте жақсы сақталғаны ғана жоғалып кетпейді.
Айтылғанның бәрі сөзден, ым, емеуріннен және басқа да вербальды түрдегі (сөз өнеріне емес) материалдан тұрады. Аудармашы оның туындауына куәгер бола алады.
Аудармашы тікелей шешенмен ықпалдаса әрекет жасайды, қандай да бір жағдайда әңгімеге тікелей «араласуы» тиіс, онымен үнемі коммуникативтік қатынаста болады.
Ауызша аудармашы сөз басталғаннан-ақ сәйкес (ең болмағанда соған жақын) аударма жасауы тиіс. Аудару үстінде сөздікті, анықтамалықты пайдалану мүлде мүмкін емес.
Сөйлеуші, тыңдаушы және аудармашы қандай да бір оқиғаның ортасында (мәжіліс, әңгімелесу, кездесі т.б.), қандай да бір белгілі уақытта, қандай да бір белгілі орында бірге жүреді(синхронды аударуда бетпе-бет дидарласу мүмкін емес). Мұнда үш бірлік – орын, іс-әрекет, нәтиже қатысады.
Екінші тараудың бірінші тараушасы «Ілеспе аударма технологиясы» деп аталады. Онда ілеспе аударманың қолданылуы, технологиясы, ілеспе аудармадағы жазу технологиясы қарастырылды. Ілеспе аударманың синхрондық аудармадан айырмашылығы көрсетіліп, ілеспе аудармаға анықтама берілді. Қысқаша тұжырымдай кетсек:
Ілеспе аударма дегеніміз – бір тілде ауызша сөйленген сөздің ілеспелі түрде басқа тілге аударылып жеткізілуі. Аудармашы сөйленген сөздің бір бөлігін қабылдап алып, аздаған уақыт аралығынан кейін аударады. Мұнда синхронды аудармаға қарағанда есте сақтау қабілетіне ереше салмақ түседі, мәтінді есте ұзақ сақтап тұру қажет болады. Кідіріс мәтінді қабылдау, есте сақтау, қайта айтуға әзірлік үдерісіне жұмсалады. Сирек жағдайда ғана жазуға мүмкіндік туады. Ілеспе аудармада мәтінді тыңдау, қабылдау, талдау, талғау, яғни, сөздің қасысын алып, қасысын қалдыру және синтез (жинақтап, біріктіру) жазбамен бір мезгілде өтеді. Бір мезетте әрі тыңдап, әрі жазуға дағдылану оңайға соқпайды. Ілеспе аударманың мәтіндері сол минутта айтылған ауызша ақпарат.
Жазбаша жасалатын ілеспе аударма – бұл жауапты маңызды халықаралық кездесулерде, ресми кездесулерде (саяси, экономикалық, қаржылық, заңдық, мәдени) т.б. шараларда лекция, жарыссөз, сұхбат барысында, баспасөз маслихатында, семинар, дөңгелек үстел т.б. синхронды аударма қажет болмайтын жағдайда қолданылады.
Екінші тараудың екінші тараушасы «Синхронды аударма» деп аталады. Онда синхронды аударма тарихы, технологиясы, сипаты, синхрондық аудармаға бейімделу туралы зерттеу еңбектері қарастырылды.
Синхронды аударма – аударманың ең күрделі түрі. Оның басты ерекшелігі: шешен сөзін бір мезетте жарыспалы түрде қатар қабылдау және аударма тіліндегі сөздің туындауы.
Синхронды аудармаға берілген уақыт ілеспе аудармадан екі есе аз, сөйленген сөздің жазбаша мәтінінен 20-30 рет аз. Сонымен бірге шешен сөзінен кейін кідіріп қалмау, сөйлеу жылдамдығына ілесу әрі сөз сөйлеу қарқынымен сәйкесіп отыру қажет.Ең басты дәстүрлі ережесі – екі тілді терең жетік білумен бірге, әңгіменің мәнін, маңызын жете түсініп, мүмкіндігінше толық қайта мазмұндау.
Синхронды аудармаға ақпаратты ықшамдау, мәтіндегі сөздерді жинақтап мазмұндау тән.
Синхронды аударма ілеспе аудармадан өзінің құрылымымен, аударма әрекетінің орындалу жылдамдығымен, шешеннің айтқан ойларын үйлеспелі сипатта лингвистикалық негізде қайта жасаумен және сөйлеудің лексика-грамматикалық құралдарының дұрыс ұйымдастырылуымен ерекшеленеді.
Үшінші тарауда «Аудармадағы аударылмайтын сөздер» қарастырылды.
Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылады.
«Реалия» - латын сөзі. Зат, нәрсе деген ұғымды білдіреді. Реалия белгілі бір ұлттың, елдің өзіне ғана тән тұрмыстық, материалдық, рухани, тарихи-қоғамдық құбылыстары мен заттарының тура мағынасындағы атаулары деген ұғымда қолданылады. Реалия сөздер аударма кезінде өзіндік қиындықтар тудырады.
Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика:
1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер). Өте жиі эквивалентсіз лексикаға: реалия сөздер, уақытша эквиваленті жоқ терминдер, кездейсоқ эквивалентсіз сөздер жатқызылады.
2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер.
«Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым - «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.
Реалия сөздер бірнеше топқа жіктеліп көрсетілді.Олар:
1) заттық (географиялық, тұрмыс, киім, ақша, өлшеу бірлігі, сәулеттік, атақ және лауазым, партиялар, саяси-әлеуметтік қозғалыстар, әскери, әкімшілік-территориялық бірліктер, фольклор, ойыншықтар, ойындар, билер, жанрлар, мәдени реалия сөздер);
2) жергілікті (ұлтқа және тілге байланысты);
3) уақыттық (осы заманғы және көне реалия сөздер);
4) аудармашылық.
Реалия сөздер белгілі бір халықтың ұлттық ерекшеліктерін анықтайтын сөздер. Олар тілдік бірліктер ретінде аудармашыға үлкен қиындық келтіреді. Реалия сөздерді беру тәсілдерін таңдауда қатып қалған ереже немесе нақты берілген нұсқаулар жоқ. Сондықтан ұлттық ерекшеліктерді белгілейтін реалия сөздерді аудармада ерекше талғампаздықпен қолданған жөн деген қорытындыға келдік.
Диссертация жұмысының соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілді. Қорытындыда негізгі тараулар бойынша қол жеткізген нәтижелер жүйеленіп, қысқаша тұжырымдар жасалды.
Тілді антропоөзектік тұрғыдан зерттеуде адамның тілге қандай ықпал жасайтыны, тілдің адам санасына, ойлауы мен мәдениетіне тіл тұтынушының қолданыс барысында қалай әсер ететіндігі анықталып, ерекше маңызға ие тілдегі адам мәселесін оның әлемге қатынасы арқылы толық сипаттауға болады. Тілді таным құралы, қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметі негізінде дамытатын – жеке адам. Соның ішінде жеке шығармашылық тілдік тұлға тілдік қолданысқа жүйедегі құралдарды икемдеп, басқа мағынада жұмсап, жаңа өң беріп, құбылтуы сөз әлеуетін аша түседі. Күнделікті тәжірибеде оның бағасы айқындалып жатады. Кемшілік ретінде кейбір жеке қолданыстардың көпшіліктен қолдау таппай, тілдік заңдылыққа сәйкес тіл жүйесіне ене алмауы түсінілсе, артықшылығы ретінде тілдің жеке адамдардың шығармашылығы арқылы дамуы.
Тіл, этнос және таным – өзара сабақтас ұғымдар. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика іспеттес этнолингвистика да – «этнотаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол – этностың инсандық һәм дүнияуи табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым. Көркем мәтінге талдау жасағанда осылардың ішіндегі эстетикалық қызмет негізге алынады. Жазушының сөздік қолданысындағы қазақ халқына тән мақалмәтелдер, нақыл сөздер, тұрақты тіркестер, еркелету, жекіру сөздері, сөздерді ұйқастыра сөйлеу арқылы, соған сәйкес грамматикалық категорияларды қолдануы оның дискурсын қалыптастырып, соның негізінде ақын-жазушының шығармаларында белгілі бір мақсатты орындау үшін мақал-мәтелді ұтымды қолдану шығарманың көркемдігін арттырып, оқырманмен, зерттеушімен байланысын нығайтады. Осыған орай жазушы қашанда сөз саптауда, ойын жүйелі жеткізуде оқырманның ойын, қабылдауын ескереді. Демек, көркем мәтінде қазақтың өзіне ғана тән танымымен ұштас ұлттық ділі, ғасырлар бойы елдің тұрмыс-тіршілігіне, табиғатына, тарихи жағдайларына байланысты қазақ халқының дамып, қалыптасқан ұлттық мінезі, түсінігін айшықтайтын мақалмәтелдерді қолдану шығарманың прагматикалық діттеміне қызмет етеді. Көркем шығарма – көп қабаттан құралатын күрделі құбылыс. Автордың дүниетанымы, ой-қиялы, өмірлік тәжірибесі, тілдік қабілеті арқылы жүзеге асқан идеясының арқасында көркем шығарма оқырман жүрегіне жетеді. «Автор – кейіпкер – оқырман» жүйесінің тұтасуы арқылы жазушы ойы үлкен шығармаға айналады. Автор – идеяның иесі, оқиғаны құрастырушы, оқырманға туындыны жеткізуші. Сонымен қатар ол – кейіпкерлерді оқиға заманына апарып, түрлі қимыл-әрекеттермен сипаттап, оқиға желісімен өмір сүруге ықпалын тигізетін тұлға. Автор өз идеясын кейіпкерлердің сөзі арқылы жүзеге асырады.
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескінтұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктері де анық байқалатындай етіп суреттейді. Оқырманға тартымды туынды сыйлап, кейіпкерлерге жан бітіретін автор болғандықтан, көркем туындыны зерттеу қашанда жазушының тілін зерттеумен тікелей байланысты екеніне жоғарыда назар аудардық. Себебі әр жазушы өзіндік сөз қолданысымен, сөз әрлеуімен, басқаша айтқанда, стилі арқылы ерекшеленеді. Д. Исабековтің бір ерекшелігі – жергілікті тіл ерекшеліктерін қолданғанда кейіпкер бейнесін аша түсу мақсатымен сол жерге, аймаққа тән лексикалық, морфологиялық, фонетикалық ерекшеліктері бар сөздерді қолданады. Бұл – мақсатты қолданыс, яғни шығарманы жазбас бұрын автор болашақ туындысына қажетті сюжет, фактілерді, деректерді жинаумен қатар сол аймақтың тұрғындарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді де сұрыптап пайдалануға тырысады Д. Исабеков шығармаларындағы дөрекі, қарапайым элементтер, бөгде тілдік сөздер, әсіресе макаронизмдер кейіпкердің мінез-құлқын, алған тәлімтәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп, оның образын жасауға көмектеседі. Көркем шығарманың «көркемдік» шарттарының бірі де – осында. Бұл шарт – тәсіл, стильдік тәсіл. Тәсілдің дұрыс қолданылуы – жазушының сөз құдіретін тану шеберлігіне алып барады». Тілді уақыт факторынан тыс қарастыру, танып-білу мүмкін емес. Уақыт факторы арқылы тілдегі кейбір ішкі өзгерістердің себеп-салдарын, сол өзгерістер арқылы тілімізге енген лексикалық, грамматикалық бірліктердің қолданылу аясы мен ерекшеліктерін анықтауға болады. Өткен ғасырларда халық өмірінде орын алған кейбір саяси-тарихи оқиғалардың көркем шығармаларда көрініс тауып отыруы да уақыт факторының белгілі бір деңгейдегі көрінісі болып табылады. Тарихи оқиғалар көркем шығарманың тақырыбы мен идеясына арқау болып қана қоймай, оның ішкі тілдік сипатына да әсер етеді. Мәселен, Д. Исабековтің Ақпан, Қазан төңкерістері жылдарындағы немесе Кеңестік кезеңдегі өмір шындығын суреттеген шығармаларынан («Социализм зәулімі», «Дермене», «Тіршілік», «Ескерткіш», т.б.) автордың сол заманға тән тілдік бірліктерді жиі қолданғанын көруге болады. Автор кейіпкер тілі немесе баяншы сөзі арқылы оқырманды сендіру мақсатында сол заманға сай терминдерді шығармасында әдейі пайдаланған. Адам лексиконындағы әрбір сөз – оның өткен тарихы мен бүгінгі өмірінің айқын көрінісі, нақты куәгері. Тілдің сөздік құрамы қоғам өмірінің саяси, материалдық және басқа да салаларында тұрақты болып жататын өзгерістерді барынша жылдам бейнелейді. Осындай экстралингвистикалық факторлардың әсеріне байланысты тілде сөз мағыналарының тарылып, кеңейіп, ауысу немесе мүлдем жойылып кету процестерінің болуы заңды құбылыс. Ал көркем шығарма – сол көнерген сөздерді оқырман санасында қайта жаңғыртып, жаңа мағына берудің бірден-бір көзі болып табылады. Әсіресе тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларда мұндай сөздер айрықша мәнге ие болады. Д. Исабеков шығармаларының тілдік ерекшеліктерінің бірі – көнерген, қазіргі күн тұрғысынан қарағанда мағынасы көмескіленген атаулардың жиі қолданылуы. Тілдегі көркемдеуіш құралдар қатарына теңеу мен эпитет, айшықтау және құбылтудың түрлері кіреді. Солардың ішінде белсенді қолданысқа ие болғаны – теңеу мен айқындау. Айшықтаудың түрлері шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы болса, ал ауыстыру, кейіптеу, пернелеу, алмастыру, синекдоха, гипербола, литота, ирония, сарказм, перифраздар құбылту қатарына жатады. Осымен байланысты Д. Исабековтің шығармаларымен таныса келе, автордың теңеуді көп қолданғанын көруге болады. Автор заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеген. Халық тілінде баяғыдан келе жатқан тұрақты сөз оралымдарының (мақал, мәтел, қанатты сөз, фразеологиялық тіркес т.б.) сан алуан сыры бар. Олай болатыны халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Көнелікті ең көп сақтаған «жаны тірі» сөздердің таптырмас шоғыры алдымен мақал-мәтел, фразеологизмдер құрамында шегенделіп қалған. Қорыта айтқанда, тіл дамуының әр кезеңінде ұлттық сөздік құрам көлемі мен мөлшері әртүрлі деңгейде болады, нақтырақ айтсақ ол, бір жағынан, жаңа ресурстармен толығып жатса, екінші жағынан, кеміп, азайып жатады. Мұны бақылап, реттеп отыру мүмкін емес. Оны сол тұста жарыққа шыққан дереккөздердің материалын сұрыптау арқылы анықтауға болады. Біз үшін маңыздысы – осындай көркем туындыларда қолданылған тілдік деректер арқылы оларда қатталып қалатын сол кезеңдегі тіл ұстанушының сарасанасында нық орын тебетін ғаламның концептуалды бейнесін жаңғырту мүмкіндігі. Осыған қол жеткізген сәтте қаламгерлеріміздің білімдер жүйесіндегі маңызды ақпараттың кілтін де иемденеміз. Демек, уақыт өткен сайын ескірмей, көмескіленбей, қайта жарқырай түсетін сөз асылына жақындай түсеміз. Бұл тұтас этнос ретінде өзімізді де тани түсуге септігін тигізеді. Осындай ұрпақ пен ұрпақтың арасын уақыт өткен сайын жақындата түсетін қасиет – адамзатқа берілген сандаған игіліктердің ішіндегі киелісі Сөзге дарытылған! Заманымыздың біртуар тұлғасы А. Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады...» деген даналығын ескере отырып, сөз зергерлерінің көркем туындыларын зерттеп, зерделеудің маңызы зор.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Комиссаров В.Н. Лингвистика перевода. – Москва, 1980. – 166 c.
2 Копанев П.И. Теория и практика письменного перевода. – Минск, 1986 – 295 с.
3 Латышев Л.К. Перевод: проблемы теории, практики и методики преподавания. – Москва, 1988. – 160 с.
4 Якобсон Р.О. О лингвистических аспектах перевода// Комментарии. – 1959,№11. – С.176
5 Кереева-Канафиева К. Русско-казахские литературные отношения. Алма –Ата, 1980, 280 с.
6 Федоров А. В. Основы общей теории перевода (лингвистические проблемы): Учеб. пособие. – Изд. 5-е. – М. ; СПб. : 2002. – 416 с.
7 Рецкер Я. И. Теория перевода и переводоведческая практика. – М. : Междунар. отношения, 1974. – 216 с.
8 Комиссаров В.Теория перевода. М., 1990, 332 с.
9 Миняр –Белоручев Р.К. Пособие по устному переводу(записи в последовательном переводе) для институтов и факультетов иностранных языков. М., - 202 c.
10 Эткинд Е. Поэзия и перевод. М., 1963
11
12 Қожаева М.Т. Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы. Алмаыт, 2006
13
14 Аударма шеберлігі. Жинақ Алматы, 1981жыл
15 Молдабеков Ж.Ж. Аудармадағы ала-құлалық алаңдатады // Ақиқат. - 2006. - №4. - 41- 45 бб.
Тарақов Ә. Ауызша аударма. Алматы, 2009. – 115 б.
Балақаев М., Сайранбаев Т. Парцелляция және оны аудару жолдары. //Аударманың лексико-стилистикалық мәселелері. Алматы; Ғылым, 1987. 90-98б.
18 Омарова Р.А., Кенжетаева Г.К. Аудармадағы аударылмайтын сөздер. Павлодар, 2010 . – 69 б.
19 Клаус Г. Сила слова. – М. : Прогресс, 1967. – 236 с.
20 Абдрахманова С. Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы / Автореферат – Алматы : М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, 2007. – 47 б.
21 Влахов С. И., Флорин С. П. Непереводимое в переводе. – М. : Наука, 1986. – 348 с.
22 Аударманың лексико-стилистикалық мәселелері. Алматы; Ғылым,
1987. 151б.
23 Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына: Көркем аударма мәселелері. - Алматы: Жазушы,1987. - 171 б.
24 Тұрарбекова З. Қазақ аудармасының теориясы мен практикасы.
Алматы; КАЗГУ, 1973. 69б.
25 Айтбай Ө. Аударма ғылымы және оның зерттелуі. // Аударманың
лексико-стилистикалық мәселелері. Алматы; Ғылым, 1987. 12-31б.
26 Маслова В. А. Лингвокультурология. – М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 208 с.
Достарыңызбен бөлісу: |