Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет20/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

Заттық топтау
Бұл топқа белгілі бір халықтың өмірінің тұрмыстық жақтары кіреді. Бұл топқа келесі реалия сөздер жатады:
а) географиялық және табиғатқа байланысты реалия сөздер (топонимдер): дала, тундра, каньон, фиорд, сексеуіл, жұт ;
ә) тұрмыстық реалия сөздер: тамақ: квас, щи, галушки, бауырсақ, қымыз, көже, қуырдақ, палау, бифстроган, шаңырақ, сандық, саба, қоржын, торсық, күбі т.б.;
б) киім: кимоно, пима, сәукеле, мәсі;
в) ақша, өлшем бірліктері: ақша: рубль, доллар, марка, теңге, сүйем, елі т.б.;
г) сәулет реалиялары;
ғ) лауазымдар, дәрежелер: царь, король, шах, хан, би;
д) партиялар, саяси-қоғамдық қозғалыстар: коммунистік партия, тори, виги, демократиялық партия;
е) әскери реалиялар: орда, жүздік, Қызыл Армия;
ж) әкімшілік-аумақтық бірліктер: губерния, облыс, штат;
з) фольклор реалиялары, ойыншықтар, ойындар, билер, жанрлар, мәдени және мәдени-тарихи реалия сөздер: Соловей-Разбойник, серый волк, Ванька-встанька, Мальчик-спальчик, Алдаркөсе, матрешка, асық, қыз қуу, барыня, батырлар жыры, әзірәйіл, қорған, жын, сүре, жырау, айтыс т.б..
Бұл сөздер тілде барлық жанрда кездесе береді. Алайда осы топталған сөздерге аудару үрдісінде бірдей тәсіл қолдана беруге болмайды. Мәселен, шапан деген сөзді халат деп аударуға, диуана дегенді нищий деп аударуға болмайды. Өйткені бұл сөз екі тілде әр түрлі кезеңде әр түрлі ұғымға сай қолданылатын сөздер.
Реалия сөздердің бір тілден екінші тілге дәлме-дәл аударылмайтыны баршаға мәлім. Солай бола тұра, зерттеушілер мен аудармашылар оларды бір тілден басқа тілге жеткізудің амалын таба білген.
Жергілікті топтау
«Жергілікті» топтау шартты болып табылады, өйткені реалия сөздер қандай да бір бөлімге жергілікті нышан бойынша жатқызылмай, бір-бірімен шартты қатынаста және тығыз байланысты белгілер бойынша жатқызылған:
1) реалия белгілейтін объектінің – оның референтінің ұлттық қатыстылығы;
2) аудармаға қатысқан тілдер.
Аударма ерекшелігін негізге ала отырып – «екі тілдің жазықтықтағы қатынас құралы» және «қабылдау – қайта құру» сияқты аудару үдерісінің логикалық жүйелілігі – реалия сөздерді бұл сияқты бөлуге жергілікті нышан бойынша жатқызылмай, экстралингвистикалық, яғни, тілдік қағида (принцип) бойынша жатқызылып тұр. Ол реалия сөздерді бір және екі тіл жазықтығында қарастыруға мүмкіндік береді.
Бір тіл жазықтығында өзіндік және жат реалия сөздерді қарастыруға болады. Ал олар ұлттық (мемлекеттің барлық тұрғындарына, бүкіл халыққа белгілі), жергілікті (бір диалектіге жататын), микро жергілікті (белгілі бір аймаққа жататын) болып бөлінеді.
Екі тіл жазықтығында реалия сөздер ішкі және сыртқы реалия сөздер болып екіге бөлінеді. Сыртқы реалиялар екі тіл үшін де жат (мысалы: самурай – қазақ және орыс тілдері үшін жат, жапон тілін есептемегенде) болады. Ішкі реалия сөздер екі тілдің біреуіне жатады, яғни, басқа тіл үшін бөтен, жат болып келеді (мысалы: фиорд – орыс және украин тілдері үшін сыртқы реалия болады да, орыс және норвегия тілдеріне, немесе болгар және норвег тілдеріне ол сөз ішкі болады).
Бірнеше тілдерді қарастыра отырып, аймақтық (мысалы: «евро» - осы валютаны ұлттық ретінде қабылдаған мемлекеттер үшін) және интернационалды, көптеген тілдердің лексикасында, олардың сөздіктеріне кірген, бірақ бастапқы мағынасын сақтаған реалия сөздерге бөлінеді (мысалы: ранчо, текила) [21, б. 66].
Сонымен, жалпы реалия сөздерді ұлтқа тиісті бірлік ретінде қарастыруға болады. Ал екі тіл жазықтығында – берілген және аударма тілдері үшін реалия сөздерді берілген үшін ішкі, ал аударма тілі үшін сыртқы болады. Сонымен, жергілікті топтау, біріншіден, аудару теориясы және практикасы үшін өте маңызды.
Уақыттық топтау
Уақыттық белгісіне қарай жалпы реалия сөздерді шартты түрде қазіргі кездегі реалия сөздер және тарихи реалия сөздер деп екі топқа бөлуге болады. Осындай топтау нақты болу үшін уақыт факторымен белгіленген келесі мәселелерді қарастыруға болады:
1) реалия сөздердің затқа және уақытқа байланысы
2) реалия сөздердің орынға және уақытқа байланысы
3) жат реалиялардың тілге енуі
4) реалия сөздердің көркем әдебиет арқылы тілге енуі
5) реалия сөздердің таныс/бейтаныс болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет