Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет21/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

Реалия сөздердің затқа және уақытқа байланысы
Реалия сөздер уақыт өтуіне байланысты терминдерге және керісінше, терминдер реалия сөздерге айналады. Кейбір терминдер, қандай да бір себептерге байланысты, әдетте референттің өзгеруіне байланысты ақырындап тарихқа еніп, тарихи реалияларға айналады. Ал кей кездері қарама-қарсы үдеріс те референтпен байланысты: жаңадан құрылған құрал үшін, заттың кейбір бөлігі үшін ескі, жылдармен қолданылған реалия сөздерді қолданады. Ескі сөз жаңа өмірді термин ретінде бастайды. Мысалы: шлем, бригадир, легион сөздері.
Реалия сөздердің орынға және уақытқа байланысы
Тарихи реалиялар өзінің тарихи көзінен өте сирек қол үзеді. Ондай жағдай, мысалы, реалия өте көне заманға қатысы бар болса ғана болуы мүмкін. Мысалы: тога, амфора, губерния, дума, дьяк және т.б. Көптеген сондай реалиялар уақыт өтуімен басқа мағынасына ие болып, фразеологияға ауысады.
Реалияның орынға және уақытқа байланысты мағынасының өзгеруі өте маңызды ерекшелік. Осы ерекшелікті білмеу аудармашының ақиқаттылықты қабылдауын бұрмалап, аяғында сипатталатын шындық оқырмандардың көздерінде де бұрмаланады.
Жат реалия сөздердің тілге енуі
Белгілі бір тіл лексикасының жат реалиялармен толығуы жүйелі және бір қалыпты түрде өтеді. Бірақ кей кездері мемлекет өмірінің саяси-тарихи, қоғамдық қақтығыстарымен, әдебиетте жаңа ағыстардың пайда болуымен және адамдардың талғамдарының өзгеруімен байланысты реалия сөздер де еніп отырады. Осыған байланысты аудару кезінде осы сөздерге баса назар аудару керек.
Аудармада үлкен қиыншылықты реалия сөздер туғызады. Өйткені аудармашыларда олардың нақты аудармасы бола болмайды. Сонда, олар реалия сөздерді қалай, қандай тәсілмен аудару қажет екенін ойлауға мәжбүр болады. Жоғарыда айтылғандай реалия сөздер эквивалентсіз лексика тобына жатады. Яғни, аудару тілінде, басқа халықтың сөздігінде реалия сөздердің дәл аудармасы жоқ. Алайда, қатынас деңгейінде реалия сөздерді аудару үшін тілдік тәсілдер бар. Эквивалентсіз лексика қатыстық және кейбір кездерде уақытты сипаттамаға сай.
Реалия сөздерді жеткізу негізінен аудармашының фондық біліміне байланысты. Бұл жалпы адамзаттық мәдени-тарихи (кең мағынада) және белгілі бір ұлттық-тілдік қоғамның ұлттық мәдениеттің бөлігін құрайды. Ал олай болса, осындай білімге шет тілдерді оқып жүрген аудармашылар да сай болу қажет (аударматануда осындай білімді фондық мәлімет, фондық білім деп атайды). «Фон» терминінің мағынасы: басқа елдің, халықтың өмірі, мәдениеті туралы білім [6, б. 145].
С. И. Влахов және С. П. Флоринге сәйкес, реалия сөздер деп белгілі бір ұлтқа немесе белгілі бір елге ғана тән, олардың тұрмысынан, қоғамдық өмірінен, мәдениетінен хабар беретін сөздерді ұғамыз.
Көптеген аудару теориясы және практикасы көздерінің мәліметтерін жүйелеген зерттеулерден біз реалия сөздерді аударудың келесі негізгі тәсілдерін анықтадық. Олар: транслитерация, транскрипця, калькалау, тілде бар болған элементтердің арқасында жаңа сөздерді тудыру, ұқсас аударма, контекстің ішінде дәлденетін грамматикалық ауыстыру. Енді осы тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық:
Транслитерация, транскрипция
Транслитерацияда аударылатын тіл құралдарымен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі. Бұл тәсілдер шет тілдік жалқы есімдерді, географиялық атауларды, әртүрлі компаниялар, фирмалар, пароходтар, газет, журналдар және т.б. атауларын бергенде қолданылады. Қазіргі кезде көркем әдебиетті аударғанда транслитерация мен транскрипция тәсілі бұрынғыға қарағанда анағұрлым сирек қолданылады. Оның негізі бар – шетел лексикалық бірлігінің оқырманға мұндай сөздерді түсіндірмейінше түсініксіз болып қалады.
Толық транслитерация: (орыс тілінен қазақ тіліне) король – король, вассал – вассал, камердинер – камердинер; (ағылшын тілінен орыс тіліне) boss – босс, (неміс тілінен қазақ тіліне) Herzog герцог, Kanzler – канцлер, Skat – скат, Oktoberfest – октоберфест.
Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады: Nazi – нацист, Gestapomann – гестапашы, Marke – марка, Kegeln – кегли, Uniform – униформа т.с.с.
Реалияларды аудару кезінде транслитерация өте шектеулі қолданылады. Ол туралы негізінен қоғамдық-саяси ұғымдарды немесе жалқы есімдерді аударғанда ғана айтуға болады. Кейбір кездерде транслитерация және транскрипция тәсілдерінің ұқсастығына байланысты оларды ажырату қиыншылық тудырады.
Транскрипция – бұл аударма мәтінге аудару тілінің графикалық амалдары арқылы енетін реалия сөздер. Ол фонетика жағынан максималды түрде түпнұсқада берілген фонетикаға жақын болады: Würstchen – вюрстхен, Ländler – лендлер, Fähnrich – фенрих, Wehrmacht – вермахт т.с.с.
Транскрипция көбінесе кең таралған публицистикада және көркем шығармаларда мәтіннің сипаттамасына қарай қолданылады. Автордың сөзінде және толық сипаттаумен берілген мәтінде транскрипция ең жақсы шешім болып табылады. Өйткені сондай мәтіндерде реалия сөздерді кеңірек ашу мүмкіндігі туады.
Көбінесе транскрипция таныс реалия сөздер үшін: интернационалдық, аймақтық, өз реалиялары үшін қолданылады. Бірақ та, басқа тілде сәйкестігі бар реалия сөздер кейбір кездерде дәстүрлі түрде транскрипциямен беріледі.
Транскрипцияның аудару тәсілі ретінде негізгі құндылықтардың бірі максималды түрдегі ықшамдық. Осыған қарамастан басқа бір аудару тәсілі сияқты транскрипцияны байқап қолдану қажет. Кейде ұлттық нақышты жеткізгенде реалияның мағынасы екінші орынға жылжиды да, аударманың коммуникативті мәселесі жүзеге асырылмай қалады.
Транскрипцияланған сөздердің көп болуы мәтіннің реалиямен асып толуына әкеледі. Ал ол оқырманды түпнұсқамен жақындатпай, керісінше қашықтатады.
«Кейбір кездерде транскрипцияны басқа талдау амалдармен бірге қарыстыру қажет. Әсіресе, бұл «аудармашының құрмалас достарына» (реалия сөздерге) байланысты. Мысалы, неміс сөзін «Pfund» (500 гр.) қазақ тіліне «фунт» (409,5 гр.) сөзімен аударғанда, сілтемеде осы айырмашылықты жазып белгілеу керек».
Транскрипция туралы айтқанда, тіл аралық омонимияны да ұмытпау қажет. Омонимия – бұл фонетика жағынан реалия сөздердің аудармасына жақын сөздер.
Транскрипция және транслитерация формальді, аудармалық қателерді болғызбайтын реалия сөздерді аудару амалдары. Алайда, осы амалдарды қолданған кезде аударма мәтініне жаңа сөздер енгізіледі де, оқырман үшін ол белгісіз және белгілі бір денотатпен ара қатынасын белгілемейді немесе зат әлде құбылыс туралы шамалаған түсінік береді. Ал егер де мәтін мазмұны реалияның мәнін ашпаса, онда аударма үшін қосымша амал ретінде сілтемені қолдану қажет. Сондықтан осы тәсілдерді қолданған кезде фондық мәліметке ие болу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет