Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет23/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

Қоғамдық-мәдени түсініктеме
Көркем мәтіндерді және оларды түсіну, түсініктемесіз түсіну оңай емес. Бірақ та, қазіргі әдебиет те кейбір кездерде түсініктемелерді беруді қажет етеді. Ал шетел оқырмандары үшін ол тіпті қажет. Ертектер де сондай түсініктермен қамтамасыз етілген болу керек.
Ертектер тілі мәдени, ұлттық, тарихи жағынан белгіленген лексикалық бірліктермен толықтырылып жатады. Бұл өмірдің және мәдениеттің өзгергенімен өте байланысты [23, б. 143; 33].
Яғни, мәдениетаралық қатынас немесе олардың арасындағы дау өз және жат мәдениеттер аралығында ғана емес, сонымен қатар өзге мәдениеттің ішінде де болуы мүмкін. Бұл қоғам өміріндегі өзгерістер жаңа деңгейге көтеріліп, келесі ұрпақ өзінің арғы аталарының дүние тану жөніндегі түсініктерін ұқпауымен, білмеуімен байланысты [24, б. 67; 35].
Басқа мәдениеттің өкілдері үшін арнаулы қоғамдық-мәдени түсініктемелер өз мәдениетіндегі және тілдегі өзгерістерді айна ретінде белгілейді. Шетел оқырмандарына (аударма тілде сөйлейтін адамдар үшін) арнаулы қоғамдық-мәдени түсініктемелер мәдениеттер арасындағы түсініксіздікті көрсетіп, оны реттейді [25, б. 267]. Сонда да бұл тек қана өз және шет мәдениеттер арасындағы түсініксіздік емес, сонымен қатар бір халықтың әдеби шығармаларында тіркелген өткен заманның және қазіргі заман мәдениеті арасындағы түсініксіздік.
Қоғамдық-мәдени түсініктеме біздің мәдениетімізді оқып жүрген шетел оқырмандары үшін де, өз оқырмандарымыз үшін де өте қажет.
Қоғамдық-мәдени түсініктеменің ішіне мыналар кіреді:
1) историзмдер – қарым-қатынас кезінде адамдармен қолданылмайтын заттарды немесе құбылыстарды білдіретін сөздер, және халық өмірінде, тілде қолданыстан шыққан реалия сөздер;
2) архаизмдер – қолданыстан шыққан көне сөздер;
3) қазіргі қазақ тілінде өз мағынасын өзгерткен сөздер;
4) шет және қазіргі қазақ оқырманымен реалия сөздерге, аллюзияларға қажет етілетін қоғамдық-мәдени түсініктемелер.
Сонымен, осындай түсініктемелер автор және басты кейіпкерлер сияқты бір мәдени топқа жататын адамдар үшін қажет. Өйткені қазіргі оқырманның фондық білімдері өзгерді. Осындай түсініктемелер көне сөзді қазіргі тілге тек қана аудармай, сонымен қатарар автордың ойын толығырақ ашуға мүмкіндік жасайды.
Яғни, қорыта келгенде аударма – бұл тіларалық қатынас үшін пайдаланылатын жалғыз ғана тәсіл. Оның негізі мақсаты - әр түрлі тілдерде сөйлейтін кісілердің қатынасын максималды түрде бір тіл ширегінде сөйлейтіндей ету.
Гете айтқандай, «Аудармада аударылмайтынға жету қажет. Сонда ғана басқа халықты, жат мәдениетті білуге болады». Гетенің сөздерін реалия анықтамасына жатқызуға болады. Өйткені реалия тек қана аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген, басқа халықтың тұрмысында, тілінде жоқ сөздер. Алайда, аудармашылар реалия сөздерді аударған кезде оларға эквиваленттерді немесе аударма тәсілдерін қолдануға тырысады.
Аударма мәселелері бірнеше кезеңдерден тұрады. Көптеген аудармашылар «реалия» сөзінің мағынасы туралы әлі күнге дейін таласуд; реалия сөздер топтамасы туралы көптеген қарама-қарсы пікірлер бар (негізінен қарастырылып жатқан сөздерді қандай қасиеттеріне байланысты топтарға бөлу қажет). Алайда тағы бір талас реалия сөздерді аударған кезде қандай тәсілдерді қолдану қажет деген мәселе төңірегінде туады. Сонымен, реалия сөздерді аударған кезде қандай тәсілді таңдауы қажет деген сұрақ аудармашы алдында тұрған сұрақтардың бірі және ол аудару мақсаттарына байланысты болады.
Дұрыс аударма жасау үшін аудармашы фондық білім мен мәліметтермен қамтамасыз етілген болу керек.
Реалия сөздерді жеткізу үшін, мәтіннің жанрына қарап, талдап, ойлану қажет. Егер де бұл ертек болса, онда ұлттық ерекшеліктеріне қарау қажет, егер бұл этнографиялық очерк немесе басқа елдерге, аудандарға саяхат туралы әңгімелер болса, онда реалия сөздер максималды түрде жеткізілуі керек екендігі зерттеулерде сөз болған.
Жоғарыда айтылғандай, реалия сөздерді аударған кезде екі қиыншылық туады:
1) аударма тілінде эквиваленттің (сәйкестіктің) болмауы – аударма тілінде сөйлейтін халықтың (референттің) болмысында реалия белгілейтін заттың болмауы;
2) реалияның заттық мағынасын жеткізген кезде, оның ұлттық және тарихи нақышын жеткізу.
Бүкіл мәдениеттің элементі ретінде фондық білім жалпы заңдылықтарға сай бөлінеді: актуалды фондық білім және мәдени мұраның фондық білімі. Жалпы таралған (берілген этникалық топ немесе ұлт үшін) «өлшенген фондық білім» деп аталатын білім ел тану білімдері (елтанулық білімдер – бұл белгілі бір этникалық топқа немесе тілдік ортаға жататын адамдар үшін бірдей мәліметтер) арасында ерекшелінеді.
Фондық мәлімет – бұл белгілі бір халық немесе ұлт үшін өзгеше, оның негізгі бөлігімен қолданылатын және берілген ұлттық қоғамның тілінде белгіленген қоғамдық-мәдени мәліметтер.
Фондық мәліметтің мазмұны, біріншіден, ерекше тарихи факторларды, ұлттық қауымның мемлекеттік құрылымын, географиялық аймақтың ерекшеліктерін, өткен және қазіргі шақтың материалды мәдениетінің ерекше заттарын, этнографиялық және фольклорлық ұғымдарын және т.б. қамтиды [26, б. 127]. Яғни, аудару теориясында реалия деп аталатынның барлығын қамтиды.
Егер де шығарма автордың ойлап шығуына сәйкес болатын болса, онда барлық белгісіз реалиялар ойлауды қажет етеді. Келесі амалдар әдебиетте ең таралған ойлау амалдары болып табылады:
1) бүкіл мәтін бойында реалия сөздердің графикалық белгіленуі. Осы амал оны мәтінде ерекшелендіреді, бірақ мағынасын оқырманға жеткізбейді;
2) реалия мазмұнының өрістеуі;
3) қосымша ретінде реалиямен бірге оның синонимінің немесе тектік мағынасының қолдануы;
4) анықтама мәтінде жақшаның ішінде немесе сызықшамен әлде үтірмен белгіленеді;
5) егер де реалия сөздің жанында анықтама беру мүмкін емес болатын болса, онда беттің соңында сілтеме беру керек;
6) реалия сөздердің мағынасын түсініктемеде немесе кітаптың соңындағы тізімде беру. Алайда осындай анықтаманы іздеп жатқан оқырман шығарманың мазмұнынан алаңдайды.
Реалия-сөздерді олардың көркем туындылардағы орнына байланысты зерттеу зор қызығушылық туғызады. Осындай көркем мәтіндерде кездесетін тіл бірліктерінің ұлттық-мәдени семантикасы сол тіл иелерінің мәдениетіне, олардың фондық білімдеріне енуге көмектеседі. Мәдени-таңбаланған лексиканың көркем мәтіндердегі рөлі жайлы мәселе әдебиетте жеткіліксіз қарастырылған, сондықтан ол толық зерттеуді талап етеді. Оқырман шет тілінде жазылған кітапты алған кезде, оның бірінші мақсаты сөздердің мәнін түсіну, оларды бір жүйеге келтіру – сөйлем құрастыру және автордың хабарын түсіну.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды жүйелей келе төмендегідей қорытынды жасауға болады:
1) Ең негізгі критерийлердің бірі – шығарманың коммуникативті құндылығы. Коммуникативті функция іске асқан кезде белгілі бір коммуникативті әсер берілетінін білеміз. Яғни, аудармашының негізгі мақсаты әр түрлі тілдерде сөйлейтін, қатынасқа түсетін коммуниканттардың арасындағы лингвоэтникалық бөгеттерді бұзу және бір тіл шегінде коммуникацияны мүмкін ету. Басқа сөзбен айтқанда, әр түрлі лингвоэтникалық топтарға жататын коммуниканттардың қатынасын мүмкіндігінше тиімді жасау;
2) Реалия сөздер эквивалентсіз лексика тобына жатады. Бұл басқа халықтың тілінде, оның сөздігінде эквиваленті жоқ лексика. Алайда, тіл амалдары арқылы біз осы реалия сөздерді жеткізе аламыз. Соған қарамастан, реалия сөздер басқа халықтың тілінде уақытша жоқ лексикалық бірлік деп айтуға болады.
Эквивалентсіз лексика – бұл басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай сәйкес лексикалық бірліктері (сөздер және тұрақты сөз тіркестер) жоқ лексика. Негізінен, эквивалентсіз лексикаға реалия сөздер, уақытша эквивалентсіз терминдер, эквивалентсіз сөздер жатады.
Ұлттық-мәдени ерекшеліктер тек қана эквивалентсіз лексикада көрініс таппайды. Сонымен қатар берілген тілде басқа тілдегі сөздердің және мағыналардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.
3) Тіл аралық эквиваленттілік деңгейінде реалия сөздердің семантикасын денотат, конотат және коммуникативті-функционалды маңыздылық деңгейлерінде қарастыруға болады. Демек, тіларалық эквиваленттіліктің негізгі түрлері: денотаттық, конотаттық және коммуникативті-функционалдық;
4) Реалия сөздердің түпкі мағынасы осы тілде сөйлейтін адамдардың фондық білімдерімен, өзінің практикалық тәжірибиесімен, халықтың мәдени-тарихи салт-дәстүрлерімен өте тығыз байланысты. Осы шарттарды есепке алмау жартылай эквиваленттердің туындауына әкеледі.
5) Аударма әдеби-тілдік интерпретация ретінде анықталады. Ал аудару үдерісі, жаңа мәліметтің туындауы ретінде анықталады. Аудару тәсілдері - аудармашының бағдарламалық тәсілдері ретінде қарастырылады. Соның арқасында түпнұсқа және аударма арасында жоғары деңгейге жету мүмкін.
Реалия сөздерді аудару әдістері – аударма зерттеулерінде түпкі мәселелердің бірі ретінде әлі күнге дейін шешімін толық тапқан жоқ. Бұл тек қана аударматанушылардың пікірлеріне байланысты емес, сонымен қатар осы мәселені шешуге ықпал ететін бөгде факторларға да байланысты.
Аудару теориясы және практикасы бойынша көптеген дереккөздердің мәліметтерін жүйелей отырып, реалия сөздерді аудару кезінде жиі қолданылатын келесі аудару тәсілдерін белгіледік: транслитерация, транскрипция, калькалау, сипаттамалы аударма, тілде бар болған элементтердің арқасында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру.
Реалия сөздер белгілі бір халықтың ұлттық ерекшеліктерін анықтайтыны мәлім. Олар тілдік бірліктер ретінде аудармашыға үлкен қиындық келтіреді. Реалия сөздерді беру тәсілдерін таңдауда қатып қалған ереже немесе нақты берілген нұсқаулар жоқ. Сондықтан ұлттық ерекшеліктерді белгілейтін реалия сөздер аудармада ерекше сақ, әрі талғампаз
ҚОРЫТЫНДЫ

Аударма – өркениеттерді байланыстырушы құбылыстардың ішіндегі ең нәтижелісі екендігі дау туғызбайды. Сонымен қатар ол әдеби байланыстарды қалыптастыратын, дамытатын пәрменді сала. Ол елдер мен елдерді жақындастырып, бір күшке айналдырған тіл, мәдениетті жер бетіне таратуға орасан зор қызмет етуші, ал оның тарихы адам өркениеті пайда болғаннан басталды десек қателеспейміз.


Аудармашы - өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың, алыс-берістің, айырбастың құралы. Аударма - елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың тәжірибе-тағлым алмасудың делдалы. Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі, ол - бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі.
Аударма қай уақытта болмасын мәдениетте зор маңызға ие болған, бүгінгі таңда ие болып отыр және болашақта адамзат қандай да бір өзара ортақ тіл тапқан күннің өзінде де маңызынан айырылмайтын қажетті мәдени-тілдік әрекет. ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, халықаралық қатынастардың ауқымының ұлғаюына байланысты, аударма ісі бұрынғыдан да гөрі қажеттірек бола бастады. Соның нәтижесінде тілтану, әдебиет және мәдениет тарихы тұрғысынан болсын, психология мен философияда болсын аудармаға қатысты зерттеулер жандана түсті.
Аударма – әдебиеттің, жалпы филология ғылымының үнемі өсіп, толығып отыратын саласы десек, өзге тілге аударылған және өзге тілден аударылған ерекше үздік үлгілерді, аударма мәтіндерді жүйелі түрде зерттеп, парықтап отырудың маңызы зор. Бұл тектес жұмыстардың салыстырмалы әдебиеттануға, жалпы әдебиетімізге, тілімізге де берері мол. Қазіргі кезеңде дүниежүзінде аударма мәселелерінің қыр­‑сырына қатысты теориялық ой-пікірлер жылдан-жылға мәнді, мағыналы жаңалықтармен өрістеп келе жатқандығы белгілі. Бұл кезекте аударманың жалпы және жеке теориясы бағыттарында отандық зерттеушілеріміз де жемісті еңбек етіп келеді.Олардың аудармаға байланысты еңбектері негізгі бөлімде көрсетіліп, ғылыми тұжырымдар жасау барысында сілтемелер берілді.
Диссертация жұмысының кіріспе бөлімінде:

  • тақырыптың өзектілігі;

  • мақсат-міндеттері;

  • зерттеу нысаны;

  • зерттеудің методологиялық негіздері;

  • зерттеу әдіс-тәсілдері;

  • ғылыми жаңалығы;

  • зерттеу жұмысының нәтижелері

жүйеленіп көрсетілді.
Диссертация жұмысының негізгі бөлімі үш тараудан тұрады. Алғашқы тарау «Аударма ғылымының тарихы мен зерттелуі» деп аталады. Онда аударма деген сөздің түсінігін талданып, аударманың тарихына тоқталдық.
Аударма ұғымының тар және кең мағынасы бар.

  • Тар мағынасында аударма деп бір тілдің ауызекі немесе жазулы ақпаратын (мәтінін) екінші бір тілде түсінікті етіп жеткізуді айтады. Тар мағынасындағы аударма жалпы аударма ұғымының көпке үйреншікті, дағдылы түсінігін білдіреді.

  • Кең мағынасында аударма деп қандай да болмасын мәдени ақпарат түрін, мәдени мәтінді өзінің үйреншікті арнасынан басқа түрге ауыстыру, оны сол мәтін жазылған, айтылған, жасалған “тілден” басқа бір тілге мән-мағынасын бұзбай жеткізуді айтады.

  • Адамзаттың бір тілде ғана емес, бірнеше мыңдаған тілдерде сөйлейтіндігінен барып аударма қажеттілігі туындайды. Аударманың өзіндік теориясын беруге ұмтылған әрбір зерттеуші, әдетте, зерттеу объектісіне өзіндік анықтама береді.

  • Аударма теориясы аударма тәжірибесі, практикасымен тығыз байланыста дамыған дүние. Тағы бір ескеретін нәрсе – аударма теориясында аударуға даярланған түпнұсқа мәтін тілін – түпнұсқа тілі дейді, ал аударма жасалып отырған тілді – аударма тілі дейді.

Аударма тарихы сонау Цицероннан бастап осы замандағы аударма теоретиктеріне дейін ешкімді ұмыт қалдырған жоқ. Біз диплом жұмысында аударма туралы айтқан, жазған пікірлерге тоқталып, қалыптасу және зерттелу тарихына азырақ шолу жасадық.
Сонымен бұл тарауда аударма туралы түсініктің қалыптасуын, аударма теориясының тарихи эволюциялық жолын, ондағы аударманың мәдениеттанымдық теориясына мұрындық болар концепцияларды қарастырдық.
Қазақ тіл білімінде де аударма теориясы біршама қарастырылған. Аударма тарихы мен теориясына байланысты кішігірім мақалалардан бастап, монографиялық еңбектер жарық көрген. Көптеген кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылған.
Бірінші тараудың «Лингвистикалық аударма теориясы» деп аталатын тараушасында лингвистикалық аударма теориясының міндеттері көрсетілді:
- аударманың жалпы лингвистикалық негізін ашып, бейнелеу, яғни аудару үрдісінің негізінде тілдің функцияларының заңдылығын, тіл жүйесінің ерекшеліктері;
- аударуды лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде анықтау;
- аударма ісің классификациялау негізін талдау;
- аударманың мағынасын ашу;
- әр түрлі тілдердің аударма теориясының жалпы мәселесі мен ерекшеліктерін талдау;
- ғылыми суреттеудің жалпы принциптерін талдау;
- әлеуметтік лингвистикалық және пргматикалық факторлардың аударма үрдісіне әсер етуін талдау;
- аударма нормасы түсінігін анықтау.
Лингвистикалық аударма теориясы жалпы аударма теориясы, арнайы аударма теориясы, жеке аударма теориясы деген бөлімдерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет