Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет24/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

Ауызша аударма – бұл аударманың бір түрі. Әдетте аудармашы сөйлеушінің қасында болады.
Қағазға қарап аудару. Аударманың бұл түрі оңай болып көрінеді. Бірақ бұл тек қана сыртқы көрініс. Аудармашының мақсаты – еш дайындықсыз жазылған мәтінді қарап шығып, мәтіннің стилін, мазмұнын түсініп аударады.
Коммуналды аударма. Коммуналды аударманың мақсаты шетелден келген адамға мемлекет басшыларын түсінуге көмектесу. Ол үшін мәдениет туралы терең білім болуы керек, сонымен қатар елдер мен ұлттардың әлеуметтік жағдайын білу керек.
Жазбаша аударма. Жазбаша аударма, бұл жазбаша мәтінді жазбаша басқа тілге аудару. Алдымен аудармашы мәтінмен танысады, кейін аударма анализін жасайды, яғни мәтіннің жанрын, стилін, тақырыбын айқындайды. Осыдан кейін аударма мәтінін жасауға кіріседі.
Аударма үрдісінің кезеңдері:
1. Мәтінмен танысу
2. Анализ
3. Мәтінді аудару
Аударма теориясының терминологиялық өрістері көрсетілді. Олар:
1) Көркем аударма микроөрісі
2)Машиналық аударма микроөрісі
3)Мәтін аудармасының микроөрісі
4)Аударма процесінің микроөрісі
5)Аударма әдістемесінің микроөрісі
Бұл аударма теориясына қатысты терминдердің лексика-семантикалық құрылымы. Сонымен қатар осы траушвада қазақ тіліндегі аударматану терминдерінің уәжділік түрлері көрсетілді.
Екінші тарау «Аударманың түрлері» деп аталады. Бұнда ауызша аударма мен жазбаша аударманың өзіндік айырмашылығы мен ұқсастықтары көрсетілді.
Жазбаша аударма:

  • Жазбаша аударманың негізгі құрылымы болып табылатын мәтін өткен уақытта не кейіндеу немесе таяуда жасалған.

  • Мәтін тиянақталған, яғни аяқталған туынды болып табылады.

  • Мәтінді оқып біткеннен кейін түпнұсқамен салыстырып, қайта қарап шығуға, түзетуге болады, зейінге сүйенудің де қажеті шамалы.

  • Мәтін тұтастылығы сөз материалынан құралады. Аудармашы қалай құралатынын көре бермейді.

  • Автор аудармашыдан уақыт пен кеңістік аралығында бөліне алады, бұл аудармашының мәтінге барынша нысаналы қатынас жасауына әкеп соғады.

  • Аударманы болжаммен жасап, қайта өңдеп, редакциялауға да болады.

  • Сөздіктерді, анықтамалықтарды, қажетті әдебиеттерді т.б. пайдалану мүмкіндігі шектелмейді.

  • Аудармашы оқырманнан қаншалықты шеттегендей, автордан да соншалықты шеттейді. Көбінесе ол қандай ортадағы оқырман екенін біле бермейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет