Абдразаков б. Б


Бітіру жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттері



бет3/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Халықаралық процесс

Бітіру жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты халықаралық экономикалық дауларды реттеу механизмдерін қарастыру болып табылады. Бұл механизмдерді жан-жақты және терең зерттеу ұсыныстар жасауға және оларды жүзеге асырудың тиімділігін көтеруге әсерін тигізеді. Бұл Қазақстанның басқа мемлекетермен халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы халықаралық дауларды реттеу кезінде, әсіресе, елімізлің халықаралық интегграциялық процестерге қарқынды қатысуы мен Әлемдік сауда ұйымыны (ӘСҰ) мүше болуға талпынысын ескерсек, бұл үлкен рөл атқарады.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Халықаралық экономикалық дауларды реттеудің негізінде жатқан халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын талдау

  • Халықаралық экономикалық дау түсінігін және оның түрлерін қарастыру

  • Халықаралық экономикалық дауларды дипломатиялық және келісімгершілікке келу арқылы реттеу тәртібін зерттеу

  • Халықаралық экономикалық дауларды реттеудің арбитраждық және сот процедураларын қарастыру

Жұмыстың объектісі мен пәні. Бітіру жұмысының пәні халықаралық экономикалық дауларды реттеу тәртібі болып табылады. Халықаралық экономикалық дауларды реттеу тәртібін қарау барысында шет елдердің, ресейлік және қазақстандық шарт жасасу тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық экономикалық дауларды реттеудегі халықаралық арбитраж және сот тәжірибелері негізге алынды.
Бітіру жұмысының объектісі болып халықаралық құқықтың әртүрлі субъектілерінің арасындағы халықаралық дауларды реттеуге байланысты халықаралық қатынастар табылады.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында көзделген мақсаттарға жету үшін, белгілі бір нәтижелерге жету үшін салыстырмалы-құқықтық, формальді-логикалық, сондай-ақ жүйелі талдау жүргізу секілді әдістер пайдаланылды.
Қорғауға шығарылған негізгі ережелер. Мемлекеттердің экономикалық тұрғыда өзара тәуелділігі мен интеграциясы деңгейінің өсуімен сипатталатын, халықаралық экономикалық қатынастардың даму тенденциясы тығыз экономикалық ынтымақтастық жағдайында қарама-қайшылықтар анықтамасын квалификациялауды қажет етеді.

  1. Халықаралық экономикалық дау екі және одан да көп мәртебесі бойынша әртүрлі халықаралық экономикалық құқық субъектілерінің арасында туындайтын ерекше құқықтық қатынас болып табылады.

Осы анықтамаға сай, экономикалық дауларды өзге дау түрлерінен ерекшелейтін белгілері көрінеді:

  • Халықаралық экономикалық дау субъектісі болып тек халықаралық жария құқығының субъектілері ғана емес, халықаралық жария құқықтың субъектілері танылады

  • Халықаралық экономикалық даудың пәніне мемлекеттердің әртүрлі саладағы өзара іс әрекеттері барысында туындайтын қатынастар жатады.

Осыған байланысты экономикалық дауды өзге халықаралық дау түрлерінен бөлуге мүмкіндік беретін қосымша және көмекші критериилар енгізу керек.

  1. Соңғы жылдары халықаралық экономикалық дауларды шешу кезінде арбитраж бен сот өндірісі әдістерінің алдында қолданылатын келіссөздер, кеңес беру және келісім шаралары сияқты дәстүрлі дипломатиялық әдістер белсенді пайдаланылуда. Экономикалық даулардың пайда болуының алғашқы сатыларында кеңес беру мен келіссөздерге , ал кейіннен ad hoc арбитраждары мен халықаралық ұйымдар жанындағы арбитраждарға жүгіну тәжірибеде кең етек алуда. Экономикалық дауларды осылай реттеу тәртібі көптеген халықаралық экономикалық шарттар мен келісімдерде бекітілген.

Халықаралық экономикалық дауларды реттеудегі міндетті шаралардың ішінде ең тиімдісі болып арбитраж саналады. Экономикалық шарттарды түсіндіру мен қолдану кезінде, тараптардың арнайы шарты бойынша құрылатын арбитраж соты жиі қолданылады.
Халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын, халықаралық сот мекемелерінде де халықаралық экономикалық дауларды реттелінеді. Сондай БҰҰ Халықаралық соты, ЕО соты секілді сот мекемелерінің қызметі мен тәжірибесін қарау ТМД соты қызметін жетілдіруге септігін тигізеді. Дауларды реттеу әдістерінің тиімділігін арттыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет