Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет3/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Dissertation1

 



АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар 
қолданылған: 
Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім 
беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын ұйым. 
Педагог-тәрбиеші – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік 
оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық 
процесті жүзеге асырады, 
Ақпараттық – коммуникациялық технология (АКТ) - электрондық 
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді 
пайдалануға, модельдеуге,электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды 
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына 
негізделеді.
Басқару - ұйымның жұмыс істеу мақсатын тұжырымдауға және
орындауға мүмкіндік беретін жоспарлаудың, ұйымдастырудың,
себептендірудің және қадағалаудың жүйелі үдерісі. 
Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен) - қандай да бір оқу 
пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен 
қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі, сонымен қатар ол 
күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен 
міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. 
Басқарушылық құзыреттілік - басқару шешімдерін қабылдауды 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қамтамасыз ететін кәсіби-
тұлғалық қабілеттер мен басқару білім, білік, дағдылар жиынтығы. 
Болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігі - білім беру 
үдерісін тиімді басқаруға ғана емес, кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруда пайда 
болған мәселелерді шешу барысында кездесетін қиындықтарды жеңуге 
мүмкіндік беретін әмбебап және кәсіби дағдылар жиынтығы.
Қалыптастыру – бұл жеке тұлғаның даму нәтижесі және оның тұрақты 
қабілеттері мен қасиеттер жиынтығының пайда болуы, қалыптасуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет