Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет8/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Dissertation1

Зерттеудің базасы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университеті, Педагогика және психология институты, «Мектепке дейінгі оқыту 
мен тәрбиелеу» мамандығының білім алушылары. Зерттеу экспериментіне 119 
студент қатысты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: 
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
теориялық тұрғыда негізделді
- «Басқарушылық құзыреттілік», «болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігі» ұғымдарының мәні мен мазмұны 
нақтыланды; 
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды; 
- болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ақпараттық -
коммуникациялық технологиялар арқылы басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастырудың әдістемесі жасалып,тиімділігі тәжірибеде тексеріліп, ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар әзірленді.  
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: 
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша базалық 
міндетті пәндердің мазмұны болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
арқылы 
басқарушылық 


11 
құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тақырыптар көлемімен 
байытылды; 
- кәсіби педагогикалық, басқару білімдерімен қаруландыратын базалық 
міндетті пәндердің (Мектепке дейінгі ұйым әдіскері жұмысы, Мектепке дейінгі
білім берудің қазіргі технологиялары) бағдарламаларының мазмұны 
жаңартылды; 
- басқарушылық іскерліктерін қамтамасыз ететін қосымшалар: «Педагог-
басқарушы» үйірмесінің бағдарламасы мен жоспары әзірленіп, жұмысы 
ұйымдастырылды; 
- «Болашақ 
мектепке 
дейінгі 
ұйым 
педагогтерінің 
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру» атты элективті курсы әзірленіп, оқу үдерісіне ендірілді; 
- болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық
құзыреттілігінің жан-жақты дамуына тиімді ықпал ететін «Балабақша» 
ақпараттық білім беру порталы әзірленді;
 
Зерттеу жұмысы аясында әзірленген әдістемелерді ЖОО болашақ 
мамандарды даярлау үдерісінде, болашақ МДҰ педагогтерінің біліктілігін 
жетілдіру жүйесінде, МДҰ педагогтерінің іс-тәжірибесінде пайдалануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет