Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет5/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Dissertation1

болашақ 
мектепке 
дейінгі ұйым 
педагогтерінің 
басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастыру» - деп таңдап алуға негіз болды. 
Зерттеудің мақсаты:ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау және оның 
тиімділігін эксперимент арқылы тексеру. 
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнында болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерін даярлау үдерісі. 
Зерттеудің пәні: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру 
 Зерттеудің ғылыми болжамы: 
егер, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру үдерісі теориялық тұрғыдан негізделсе, құрылымдық-мазмұндық 
моделі
мен әдістемесі әзірленіп, ЖОО тәжірибесіне ендірілсе, онда болашақ 
педагогтердің зерттеліп отырған сапасын қалыптастыру тиімділігі артады, 
өйткені болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау үдерісін
ақпараттандыру қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің мақсаты ұсынылған болжамды жүзеге асыру үшін келесі негізгі 
міндеттермен нақтыланды: 
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды
теориялық тұрғыда негіздеу. 
2. «Басқарушылық құзыреттілік», «болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігі» ұғымдарының мәні мен мазмұнын 
нақтылау. 
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық моделін жасау. 



4. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастырудың әдістемесін жасап, тиімділігін эксперименттік жолмен 
тексеру және ғылыми негізделген ұсыныстар даярлау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет