10
мамандығының студенттерінің ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
арқылы басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру өлшемдеріне сәйкес
бастапқы білім деңгейлері зерделенді. Осы кезеңде
болашақ мектепке дейінгі
ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру»
элективті курс бағдарламасы жacaлып, оқыту үдepiciнe енгізілді.
Үшінші
кезеңде
(2018-2019
жж.)
жүргізілген
эксперимент
қорытындыларын талдау, жалпылау, нақтылау нәтижелері бойынша алдын-ала
жасалған қорытындыларға түзетулер ендірілді,
эксперимент материалдары
жүйеге
келтірілді,
соның
негізінде,
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың динамикасы анықталды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы
болашақ педагогтердің
басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімділігі математикалық-
статистикалық тұрғыда негізделді.
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер-философиялық, педагогикалық,
психологиялық әдебиеттерді зерттеу (талдау, жинақтау, жіктеу, модельдеу және
басқалар); э
мпирикалық әдістер - (педагогикалық бақылау, ауызша және
жазбаша
жауап алу, сауалнама,
педагогикалық эксперимент, құжаттаманы
зерделеу, тәуелсіз сараптамалық бағалаулар әдісі);
математикалық
статистикалық әдістер (алынған мәліметтерді тіркеу, дәрежелеу, шкалалау).
Достарыңызбен бөлісу: