Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 1. Басқарушылық
құзыреттілік-басқару
шешімдерін
қабылдауды
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қамтамасыз ететін кәсіби-
тұлғалық қабілеттер мен басқару білім, білік, дағдылар жиынтығы.
2. Болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігі - білім беру
үдерісін тиімді басқаруға ғана емес, кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруда пайда
болған мәселелерді шешу барысында кездесетін қиындықтарды жеңуге
мүмкіндік беретін әмбебап және кәсіби дағдылар жиынтығы.
3. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мақсаттық,
мазмұндық, іс-әрекеттік, рефлексивтік құрамдас бөліктерінің бірлігін,оған
сәйкес өлшемдер мен көрсеткіштерді құрайды.
4. Болашақ
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ақпараттық -
коммуникациялық технологиялар арқылы басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастырудың әдістемесі:кәсіби педагогикалық, басқару білімдерімен
қаруландыратын базалық міндетті пәндердің (Мектепке дейінгі әдіскер
жұмысына, Мектепке дейінгі білім берудің қазіргі технологиялары)
бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар, іскерліктерін қамтамазыз ететін
«Педагог-басқарушы» үйірмесі, «Балабақша» ақпараттық білім беру порталы,
«Болашақ
мектепке
дейінгі
ұйым
педагогтерінің
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастыру» атты элективті курсы.
Диссертацияның зерттеу нәтижелерін апробациялау және енгізу: Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері 15 мақалада жарияланды. Соның
ішінде 3 мақала ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
ұсынған ғылыми басылымдарда, 1 Scopus базасына енген шетелдік
12
басылымдарда, 5 халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында, оның
ішінде 3-уі шетелдік халықаралық ғылыми конференцияда, 3-уі шетелдік
ғылыми басылымдарда жарияланды.