Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Малдар өнімінен дайындайтын мал азығы



бет13/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Малдар өнімінен дайындайтын мал азығы – А/ш малдарды азықтандыруға пайдаланатын мал шаруашылығы өнімдерінен және оның қалдықтарынан дайындалған өнімдер- майын кетірген сүт (обрат), іркіт (сарсу), ет комбинатының қалдықтары- қан, ет, ет -сүйек ұны, балық комбинатының қалдықтары – балық ұны және т.б.

Мал азығы – а/ш малдарды азықтандыруға арналған өсімдік пен мал шаруашылығы өнімдерінен микробиологиялық және химиялық жолмен жасалған өнім. Келесі топтарға бөлінеды: шырынды (жасыл балауса, сүрлем, тамыртүйнекжемістілер), ірі мал азығы ( пішен, сабан, топан, пішендеме), концентратты ( астық және оөін қалдықтары, құрама жем), өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы өндірісінің қалдықтары.

Мал азықтық ауыспалы егіс – егіс аумағының құрамында 50% астам мал азықтық дақылдар орналасқан ауыспалы егіс. Арнайы және құрамалы ауыспалы егістерін ажыратады. Мал азығын өндіру –танапта және шабындық пен жайылым жерлерде мал азықтық дақылдардың жоғарғы өнімін өсіру арқылы мал шаруашылығының нық жем-шөп қорын қамтамасыз ететін агротехникалық шаралар ұйымдастыру кешені. Бір бірімен тығыз байланысты екі салаға бөлінеды: егістікте мал азығын өндіру және шалғын шаруашылығы.

Мал азықтық аумағы – мал азықтық өсімдіктер өсетін жерлер.

Мал азықтық қоспалар – жоғары өнімді сапалы өнім алу үшін бір учаскіде егілген бірнеше біржылдық шөптер егістері.

Мал азықтық шөптер– малдарды азықтандыру үшін пайдаланатын көпжылдық және біржылдық шөптер.

Мал азықтық жерлер – Жер отылығын шабындыққа, мал жаюға, сүрлем және пішен дайындауға пайдаланатын табиғи а/ш жерлер.

Мал азықтық тамыржемістілер - күшті дамыған шырынды жер асты жемістері үшін өсірілетін өсімдіктер. Ала бұта тұқымдастарға жататын екі жылдық өсімдіктер- мал азықтық және қант қызылша, қырыққабат тұқымдас- тарна, турнепс, шатыргүлділер тұқымдас - сәбіз. Тамыржемістілер шырынды жақсы қорытылатын, витаминдер мен минералды тұздарға бай диетикалық мал азығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет