Микротыңайтқыштар- құрамында өсімдікке өте аз мөлшерде қажетті микроэлементтер( бор, кобальт, марганец, мыс, молибден, мырыш және т.б.) болатын тыңайтқыш.
Минералды азық- жануарлардың қалыпты тіршілігі үшін қажетті мал азығы.
Нүктелеп себу- тұқымды бірдей қашықтықта біртіндеп орналастырып себу.
Өнделетін қабат, жыртылатын қабат- екпе өсімдіктерді өсіру үшін топырақтың жыртылатын қабаты.
Өндіріс құрал- өндірістегі жұмысты атқару үшін пайдаланылатын құралдар: машина, станок, аспап, құрал және т.б.
Өнімді бағдарламалау- сапалы да жоғары өнім алу үшін ғылыми негізге, басқа да көптеген мәліметерге сүйенген жоба.
Органикалық тыңайтқыштар- құрамында өсімдікке қорек бола алатындай заттары бар органикалық қалдықтар( қи, қорда, жасыл тыңайтқыш, шымтезек және т.б.).
Орман топырағы- орман жағдайында қалыптасқан топырақ.
Ору әдісі- шабындық түсімділігін аңнықтауға арналған әдістің бір түрі.
Өскін жиілігі – толық көгерген кездегі 1 шаршы метр немесе 1 метр егістіктегі өсімдік саны.
Өсімдіктердің интродукциясы– өсімдіктерді бір аймақтан екінші аймаққа, бір елден басқа елге, жабайы флорадан дақылға жаңа өсімдіктер еңгізу қажеттілігі.
Өсімдік шаруашылығы- өнім алу үшін мәдени өсімдіктерді егіп өсіру. Екпе өсімдіктер және оларды өсіру жайлы ғылым.
Өсімдік қауымы- жер бетінің немесе оның бір бөлігінің өсімдіктер қауымы.
Өсімдіктің тұзға төзімділігі- өсімдік организмінің топырақ тұздылығын көтере алу қасиеті.
Өсімдіктің фитомезгілі (фитопереодизм) - тәуліктің жарық және қараңғы мезгіліне байланысты өсімдіктің өсіп-даму процесі.
Өсімдік әлемі (флора) – белгілі бір жерді мекендеген бүкіл өсімдіктер тобы, өсімдіктердің бәрі.
Өсімдіктердің суықа төзімділігі – өсімдіктердің төмен температураладың әсер етуіне қасарысу қабілетілігі.
Отамалы дақыл- қатар аралығы кең (45-90 см) егіліп, ал аралығы оталып өнделетін дақыл. Отамалы дақылдың топырағы ылғалды да құнарлы болуы тиіс. Отамалы дақылға жүгері, қызылша, мақта, картоп және т.б жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |