Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия



бет16/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Оттылық, шөп өсімі, шалғын шөп- мал азығын өндіруге арналған алқаптағы шөптесін өсімдіктер, олардың қалындығы немесе сиректігі.

Пайдалы ылғал- өсімдік толық пайдалана алатын ылғал.

Псаммофит (кұм өсімдігі)- шөлді және шөлейт аймақтардағы құмда өсетін өсімдіктердің жалпы атауы.

Пішендеме- мал азықтық шөптерді 3-4 сағат бойы аздап кептіріп, одан кейін ұсақтап, ауа кірмейтін жабық жабық орында сақтау арқылы дайындалады.

Пішендеме мұнарасы- пішендеме сақталатын бітеу мұнара.

Пішен- шапқаннан кейін кептірілген ірі сабақты шөп.

Пішен аударыстырқыш- шабылған пішен тез кеьу үшін аударыстыратын құрал.

Пішен шапқыш- шөпті орып шабатын құрал.

Пішен тиегіш- пішенді көлікке тиейтін құрал.

Пішен жинағыш- орылған пішенді жинап, орналастыруға арналған құрал.

Пішен көтергіш- пішенді теңдейтін, тығыздап жинайтын құрал.

Пішен сүйретпе , пішен жинаушы ысырма- пішенді дестеден жинайтын құрал.

Пішен кептіргіш- пішен кептіретін құрал.

Румекс К-1 – мал азықтық қымыздықтың сорты таньшань қымыздығы мен саумалдықты будандастыру арқылы алынған өсімдік.

Сабақ жиілігі – 1 м2 сабақ саны.

Сабан- дәнді дақылдар жиналғаннан кейін қалатын құрғақ сабақ қалдығы.

Садыра- малдың нәжісінен және төсенішінен бөлініп шығатын сұйықтық. Органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Саңылаулағыш –тышқан ініндей жыраушы – артық суды ағызып жіберуге тышқан ініндей жыраны және топырақты терең сыңылау салып оның су өткізгіш қасиетін котеретін құрал. Тығыз механикалық құрамы ауыр топырақтарда, шабындық пен жайылымдарда, көпжылдық шоптер егістіктерде жүргізілетін тәсіл.

Сарысу- жараланған жерден шығатын немесе қан ұйыған кезде бөлініп шығатын сарғыш түсті сұйықтық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет