Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Судан шөбі- біржылдық шөптесін өсімдік. Бағалы мал азығы. Көк балауса, пішен, пішендеме, сүрлем дайындау үшін өсіріледі. Суды қажетсіну(пайдалану)



бет18/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Судан шөбі- біржылдық шөптесін өсімдік. Бағалы мал азығы. Көк балауса, пішен, пішендеме, сүрлем дайындау үшін өсіріледі.

Суды қажетсіну(пайдалану) – су ресурстарын қайтармай пайдалану.

Суландыру- жергілікті су қорын пайдалану немесе жармамен басқа жақтан су жеткізу жолымен суландыру. Сусыз немесе суға тапшы аймақты сумен қамтамасыз ету.

Суландыру мөлшері- өсімдіктің бір өсіп-өну кезеңінде 1 га жерге жұмсалатын судың мөлшері.

Суландыру желісі- суармалы жерге су жіберіп тұратын тұрақты немесе уақытша жасалған жармалар, су желісі.

Суландыру жүйесі- гидротехникалық құрылыстар( су жиналатын, су айдайтынорын, жармалар мен түтіктері) бар жер, суаруға мүмкіндік беретін басқа да жағдайлар жасалған жер.

Суландыру жармасы- суландыру жер танабына су баратын жарма.

Суландыру, суару, ирригация- топырағы ылғалсыз танапты суарып, екпе өсімдік өсіру.

Суыртпақтап себу- суыртпақтап себу кезінде тар қатарлар мен кең қатарларкезектесіп отырады.

Сұлы өлшемі- мал азығы өлшемі ретінде алынған 1 кг сұлы.

Сұр теріскен- бағалы мал азықтық өсімдік. Далалық, шөлейт және шөлді аймақта тастақ жерде өседі. Жапырақтары менжас сабағы бүкіл жыл бойы түйе, жылқы, қой малына құнарлы азық болады.

Сүйреткі- тырма – Топырақтың беткі қабатын тегістейтін және өндейтін құрал.

Сүйреткілеу- егістік алқаптың бетін тегістеу және қопсыту.

Сүрлем- ауа кіре алмайтындай жағдайда сақталған шырынды азық.

Сыдыра жырту – сүдігер алдында топырақтын беткі қабатын сыдыра жыртып қопсыту.

Сыдыражыртқыш– топырақты сыдыра жыртып өңдейтін құрал.

Сыртқы орта әсері- организмді қоршаған және оған әсер етуші ауа, жылу, ылғал, топырақ, жануарлар, өсімдіктер және т.б.

Сірне- крахмалды гидролиздеп, қантқа айналдыру арқылы алынатын өнім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет