«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет23/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

3.3. Нерв импульстерін өткізу

Нерв талшықтары екі түрлі болады: біріншісі – жұмсақ немесе миелинделген, екіншісі – жұмсақ емес, миелинделмеген. Миелинделген сезгіш және қозғалғыш талшықтар сезім мүшелеріне және қаңқа еттерін реттеуші нервтерінің құрамында болады. Олар вегета-тивтік нерв жүйесінде де кездеседі. Миелинделмеген талшықтар көптеген омыртқалы жануарларда симпатикалық нерв жүйесінде болады.


Миелинделген нерв талшықтарының құрылысына тоқталатын болсақ, ол ең басты остік цилиндрден және оны қаптап тұратын миелин қабатынан тұрады. Остік цилиндрдің сыртқы беті плазматикалы мембранадан тұрады, оның ішіндегі бөлігі аксоплазма, жіңішке (диаметрі 10-40) нейрофибрилдер, араларында митохондрия және микросомалар орналасқан. Нерв талшығының диаметрі 0,5-тен 25 мкм арасында болады.


    1. 3.4. Нерв арқылы қозуды өткізу заңдылықтары


  1. Талшықтың анатомиялық және физиологиялық бүтіндігі (үздіксіздігі):

а) қозудың таралуы нерв талшығының анатомиялық бүтіндігіне байланысты. Кесілгенде немесе мембрананың беткейі зақымдалғанда қозу өтпейді;
ә) физиологиялық үздіксіздігі улы зат тетродотоксин мен жергілікті анестетикалық наркоз беруге немесе қатты суыққа шалдыққанда, т.б. мембрананың бетіндегі натрий каналдарының жабылуынан немесе калий ионының әсерінен көп уақыт мембранадағы деполяризациялану үдерісі механикалық жарақаттарға байланысты.
2) Екі жақты өткізгіштік. Нерв талшығын тітіркендіргенде қозу центрге тепкіштік және центрден тепкіштік бағытқа қарай таралады. Оны мынадай тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады.
Қозғалғыш немесе сезгіш нерв талшығына екі жұп электротты екі электр тогын өлшейтін А және Б аспаптары арқылы осы екі электродтың арасынан тітіркендіргенде, аспап қозуды екі электродтың астынан өткен импульстарды тіркейді. Біреуі А, екіншісі Б электрод астынан өтеді. Табиғи жағдайда нерв клеткасындағы әрекет потенциалы денесінің өсіндіге өтетін жерінде (алғашқы сегмент деп аталады) болады. Ал бастапқы сегменттен әрекет потенциалы екі жаққа таралады, аксонда нерв талшығының ұштарына қарай, клетка денесінде дендрит өсінділеріне қарай бағытталады.
3) Энерциялық нервтерде импульстер әрбір талшықтармен жеке, оқшауланып өтеді, басқаша айтқанда, бір талшықтан екінші талшыққа ауысқанда тек қана осы нерв талшығының ұшымен түйіскен жеріндегі клеткаларға ғана әсер етеді.
Оның маңызы зор, себебі кез келген периэфериялық нерв бағанасында көптеген нерв талшықтары болады: қозғалғыш, сезгіш және вегетативтік әртүрлі тканьдер мен мүшелерді, кейде бір-бірінен сондай қашықта тұратын мүшелерді де реттейді. Мысалы, кезеген нерв көкірек қуысындағы барлық мүшелерді, құрсақ қуысындағы мүшелердің көпшілігін, ал құйымшақ нерві – барлық еттерді, сүйек аппараттарын, төменгі иық белдеуінің тамырлары мен терісін реттеп отырады.
Нерв импульсінің жекеленіп, оңашаланып өткізілуі кезінде клетка аралық саңылаулардағы сұйықтықтың кедергісі нерв талшығы мембранасының кедергісінен біршама төмен болады. Сондықтан да қозған мембрананың арасындағы және тыныштық күйдегі мембрана арасында пайда болған қозу клетка аралық саңылаулар арқылы өтіп, көрші талшықтарға кірмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет