«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет22/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

3.3. Нерв жҮйесі


4-дәріс жоспары


3.1. Нерв жүйесі
3.2. Нейрондық теория
3.3. Нерв импульстерін өткізу
3.4. Нерв арқылы қозуды өткізу заңдылықтары
3.5. Тыныштық потенциалы
3.6. Әрекет потенциалы
3.7. Синапс


3.1. Нерв жүйесі

Нерв клеткасын ғылыми тілмен нейрон деп атайды. Нейрон әр бөлігінің өзіне тән атқаратын маңызды қызметі бар. Нейронның денесін “химиялық комбинат” деп есептейді, себебі нейронның қызметіне керекті заттарды өндіріп, оның тіршілік қызметіне керекті арнаулы заттармен қамтамасыз етеді. Өсінділерін алатын болсақ, осылар арқылы екі нейрон арасындағы байланыс іске асырылады. Ал кейіннен белгілі болғандай, нейрондардың басты рөлі ақпараттарды басқа нейронға жеткізу немесе еттер мен бездерге іс-әрекет жасауға бұйрық беру. Нерв клеткасы ақпаратты аксон арқылы жібереді. Қайдан, қалай ақпаратты жіберу осы нейронның аксон өсіндісінің ұзындығына байланысты.




3.2. Нейрондық теория

Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) құрылысы мен қызметінің негізгі мәліметін оның нейрондық теориясынан бастаған жөн.


Осы теорияны қалыптастыруда үлкен рөл атқарған испанның нейрогистологы Р.Кахала мен ағылшын ғалымы Ч.Шерингтонның зерттеу жұмыстары болды. Ең ақырғы мәліметтер электронды микроскоптың ашылуының арқасында жинақталды.
Нерв жүйесі: нервтік және глиалды немесе нейроглия сияқты екі типті клеткадан тұрады. Соңғысының саны нервтік клеткаға қарағанда 8-9 есе артық. Бірақ нейрондардың немесе нервтік клетканың атқаратын қызметі өте маңызды. Әрбір нерв клеткасы басты-басты төрт элементтен: денесінен немесе сомадан, дендриттерден, аксон және аксонның синапске дейінгі ұшы (немесе аксонның пресинаптық ұшынан) тұрады.
Нейрондардың типтері. Нерв клеткасынан таралатын өсінділердің саны әртүрлі болуы мүмкін. Осыған сәйкес нейрондар: уни-, би-, мултиполярлы сияқты бірнеше типтерден тұрады. Униполярлы нейрондар омыртқасыздардың нерв жүйесіне тән. Ал омыртқалылардың көбісінде би және мультиполярлы нейрондар. Ал соңғысы ОНЖ-ге ерекше тән. Биполярлы нейронның денесі шет жақта орналасады, ал олардың орталық өсіндісі ОНЖ-ге келіп тіреледі. Бұны бірінші афференттік нейрон деп атайды.
Нейронның: афференттік (орталыққа тебетін немесе сезгіш) аралық және эфференттік (орталықтан тебетін немесе қозғалғыш) нейрондардың аксоны мотонейрондар сияқты басты үш типі бар. ОНЖ-дан шығып қаңқа еттерінің талшықтарын реттеп отырады. Вегетативтік нерв жүйесінің эфференттік нейрондары ОНЖ-дан тыс жерде, вегетативтік ганглияларда орналасады. Олардың преганглионарлы нейрондары бас миы бағанасының және жұлынның затында орналасқан, ол да эффекторлы нейрондарға жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет