«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет29/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

4.7. Ортаңғы ми

Төрт төмпешіктен және оның аяқтарынан тұрады. Ортаңғы мидағы ең бір ірі ядроларының бірі қызыл ядро, қара зат, көз қимылдатушы және шытырын (блоковидный) нервтерінің ядросы, сонымен бірге торлы формация ядролары бар. Сезімталдық қызметі есту және көру информациясын іске асырады. Өткізгіштік қызметі – осы жерден мидың жоғарғы бөлігін таламус, үлкен ми және мишыққа қарай жоғарғы көтерілуші жол өтеді. Ал төменгі жол сопақша ми жұлынға қарай өтеді. Олар пирамидалық жол, қыртыс көпір, руброретикул спиналды жол.


Қозғалғыштық қызметі – блок тәрізді нерв, қозғаушы нерв ядросы, қызыл ядро, қара зат ядролары арқылы іске асырылады.
Қызыл ядро ми аяғының жоғарғы жағында орналасқан үлкен мидың қыртысымен байланысты. Егер қызыл ядро мен сопақша мидың ретикулярлы формациясының арасындағы байланыс бұзылса, еттердің сіресуі (децеребрациялық ригидность) деген құбылыс пайда болады. Былайша айтқанда, жазылғыш еттер сіресіп, әсіресе, аяқ-қол, мойын, арқа еттері қатып, тонусы күшейеді. Оның басты себебі вестибулярлы ядроның немесе ядро еттерін реттеуін жазылдырғыш мотонейронның активтілігінің әсерінен болады.
Қызыл ядро үлкен ми қыртысынан алған ақпараттарды төменгі бөлігіне, қыртыс асты ядросына және мишыққа іс-қимыл жасауға дайындал деген ақпаратты және тірек қимыл аппараттарының күйін жұлынның мотонейронына руброспиналды жол арқылы өткізеді. Сөйтіп, бұлшық еттердің тонусын реттейді
Қара зат – бұл ортаңғы мидың аяқтарында орналасады, шайнау, жұту актілерін және адам жазғанда саусақтарының нақты, дұрыс қимылын реттейді.


4.8. Аралық ми

Үшінші қарынның қабырғалары аралық мидан тұрады. Эмбрионалды даму кезінде ол алдыңғы ми көпіршігінен пайда болған.


Бұл мидың басты бөліктері: таламус немесе көру төбесі, гипоталамус немесе көруші төбенің астыңғы аймағы. Таламус ядролары үшінші қарыншаның қабырғаларында, ал гипоталамус ядролары қарыншаның төменгі және төменгі бүйір қабырғаларында орналасқан.
Үшінші қарынша жоғарғы беткейі, төбесі және эпифизден тұрады.
Аралық мидың сұр тканінің тереңдігінде сыртқы және ішкі тізелік денесінде ядролар орналасқан.


4.9. Таламус

Таламус клеткаларының сұр заты топтасып, көп ядро құрайды, барлығы 40-қа жақын әр түрлі ядролар бар. Орналасуына қарай: алдыңғы, интрамуралды, ортаңғы және артқы топтарға бөлінеді. Атқаратын қызметіне қарай спецификалық, спецификалық емес ядролар деп екіге бөлуге болады. Спецификалық емес ядролар аксондары диффузды түрде ми қыртысының барлық бөліктеріне жіберетін болса, ал спецификалық ядро нейрондары ми қыртысының белгілі бір клеткаларымен ғана байланысқа түседі. Спецификалық емес ядролар ортаңғы мидағы ретикулярлы формацияның жалғасы, сондықтан да таламустың торлы формациясының қызметін атқарушы деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет