«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет30/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Гипоталамусаздаған ядролардан тұрады, олар гипофизге жақын мидың табанында орналасқан. Гипоталамусты құраушы клетка ядролары вегетативті нерв жүйесінің жоғарғы қабат астындағы орталығы және басқа да органдардың маңызды функциялық орталығы болып есептеледі. Таламустың ерекше ядроларына импульстер экстропирамиалды қозғалғыш аппараттардың рецепторларынан кезеген нерв арқылы ішкі мүшелерге апарады. Бұл жерде соматикалық және интеррецепторлық импульстер бір-бірімен байланысып, ми қыртысының белгілі бір участогына жетеді. Спецификалық ядроларды тітіркендіргенде қозу ми қыртысына 1–6 м/сек жетеді.
Спецификалық емес ядролар көңіл қою, көңіл бөлу үдерісінде ұйымдастыруға қатысады. Мұны реформация деп те қарауға болады. Бұл ми қыртысының белсенділігін қысқа уақытқа жоғарылатуға қатысады.
Таламус зақымдалғанда ми қыртысына келетін импульстер тоқталады. Мұның құрамына сұр төмпешік (серый бугор) гипофиз және мамиллярлы дене жатады.
Мұнда нейросекретті клеткалар бар, олар: вазопрессин, окситоцин, рилизинг-гормон, т.б. бөледі. Гипоталамус пен гипофиз арасында нервтік және тамыр арқылы байланыс, қанда каппилляр торы жақсы жетілген. Ол тасымалдау гипоталамус нервтік жүйе мен эндокриндік жүйенің өзара қарым-қатынасын іске асырады.


4.10. Алдыңғы ми. Ми қыртысы асты ядросы

Алдыңғы миға базалды нерв түйіндері және ми жарты шарлары жатады.


Базалды нерв түйіндері ядро типтес құрылымдар, олар үлкен ми жарты шарларының ішінде маңдай аймағы мен аралық мидың арасында орналасады. Бұларға жататындар құйрықты ядролар және “қабыршақ”, “жолақты дене” деген жалпы атпен аталады. Осыған байланысты болуы мүмкін. Сұр затты құраушы нерв клеткаларының жиынтығы қабат-қабат болып, бір нерв клеткада екінші ақ зат (талшықтар) орналасып, жолақтанып жатады.
Солғын шармен қосылып, олар миқыртысы ядросының стриопаллидарлық жүйесін құрайды. Бұл жүйе ОНЖ-ның эволюциялық даму үдерісінде жоғарғы даму деңгейіне дейін көтеріліп, әсіресе, рептилияларда, құстарда алдыңғы мидың ең басты негізгі құрылымына айналады.


4.11. Мишық

Сопақша ми мен көпірдің үстінде және мидың жарты шарларының артында орналасқан. Эвалюциялық даму жолына қарайтын болсақ, бұл да ертеден пайда болған құрылым деуге саяды. Ең алғаш мишық дөңгелек ауыздыларда орын алған, осыдан бастап барлық омыртқалыларда кеңістіктегі қимыл-қозғалысының дұрыстығын реттеу қызметі жағынан ұқсас келеді.


Анатомиялық құрылысына көз жіберсек, ол ортаңғы бөлігі – черв, оның екі жағында жарты шарлар және бүйір флоккуляронодуалды бөліктері орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет