6.5. Бүйрек үсті бездері
Бұл екі – бозғұлт түсті сұр қабаттан және қыртысты қабаттан тұрады. Құрылысы, атқаратын қызметі және бөлінетін гормондарына қарай әрқайсысы өз алдына жеке бездердің қызметін атқарады.
Бүйрек үсті безінің бозғұлт түсті қабаты эмбрионалды даму кезіндегі симпатикалық нерв клеткасына жақын хромаффинді клеткадан тұрады. Қосхромқышқылды калийге бояғанда сары-бозғұлт сұр түске боялатындықтан да оларды хроммафинді клеткалар деп атаған. Мұндай клеткалар бұл жерде ғана емес, дененің басқа да бөліктерінде, қолқада, күре тамырда, жамбастағы симпатикалық түйін клеткаларында, тіпті, симпатикалық түйіндердің ішкі ганглияларында кездеседі. Сондықтан барлық клеткаларды адреналды жүйеге жатқызады, себебі олар адреналин немесе оған жақын физиологиялық активті заттар бөледі.
Сұр қабаттан бөлінетін гормон адреналин – тирозин аминқышқылының туындысы. Сонымен бірге бұл қабатта норадреналинде синтезделеді. Норадреналин симпатикалық нерв талшықтарының ұшынан бөлінетін медиатор болып есептеледі. Химиялық құрылысы жағынан ол – диметилді адреналин, әсері адреналинге ұқсас.
Адреналинді және норадреналинді “катехоламин” деген жалпы атпен біріктіріп те атайды. Оларды тағы да симпатомиметті аминдер деп атайды. Себебі олардың тканьдерге, мүшелерге әсері симпатикалық нервтердің әсеріне ұқсас болады. Бұл аминдер моноаминоксидаза және катехоламин метилтранфераза ферменттерінің әсерінен ажырап кетеді.
Адреналин адам ағзасының көптеген қызметіне әсерін тигізеді. Гликогеннің ыдырауын күшейтіп, олардың еттегі, бауырдағы қорын азайтады. Нақты айтқанда, инсулинге қарама-қарсы әсер етеді.
Адреналиннің әсерінен бұлшық еттерде гликогенолиз үдерісі күшейіп, гликолиз және жүзім, сүт қышқылдарының тотығуына әкеледі. Бауырда гликогеннен глюкоза құрылып, қанға өтеді. Соның салдарынан қанның құрамында глюкозаның мөлшері жоғарылайды. Сонымен, адреналин бірқалыпты жұмыс істеу үшін резервтегі гликогенді глюкозаға айландырып, энергия жасайды. Оны еттердің жұмысына пайдаланады.
Адреналин жүректің жиырылуының жиілігін күшейтеді, қозуды өткізуді жақсартады. Сонымен қатар кезеген нерв ядросының тонусын күшейтіп, жүректің жиырылуын баяулатады. Әсіресе, жүректің жұмысы нашарлағанда қолайлы жағдай жасау арқылы хроноинотропты әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |