4.2. Жұлын
Жұлынның құрылымындағы басты бір ерекшелігі оның құрылысы сегмент пішінді бірнеше қайталанып орналасуынан болады, басқаша айтқанда, 31-33 сегменттен тұрады. Оның артқы жағынан нерв түбіршелері (тамырына) кіреді, онда артқы түбірше, ал алдыңғы бөлігінен алдыңғы түбірше шығады, сондықтан оны алдыңғы түбірше деп атайды.
8 мойын (С1-СVll)
12 кеуде (Т1-ТXІІ)
5 белдеме (І1-ІV)
5 сегіз көз (S1-SV)
1-3 құйымшақ (Со1-СоІІІ)
Жұлынның өне бойында екі жерден қалыңдайды немесе жуандайды, біреуі мойын бөлігінде, екіншісі белдемеде. Осы жерде басқа бөліктеріне қарағанда нейрондардың саны өте көп.
4.3. Жұлынның рефлекторлық қызметі
Еттің созылу рефлексі. Егер еттің сіңіріне механикалық соққымен әсер етсе, еттер (созылып) жиырылып қозғалысқа келеді. Мысалы, тізеден тобықтың сіңіріне жайлап соқса, балтыр еті жиырылып, сол аяғымыз қозғалысқа түседі. Бұл жердегі рефлекс доғасы мынадай жолмен жүреді.
1) Төрт басты ет рецепторы → жұлын түйіні → артқы түбіршек → ІІІ бел сегментінің артқы өсіндісі → сол сегменттің алдыңғы өсіндісіндегі мотонейроны → төрт басты еттің талшығы. Ал осы рефлекстің тууы немесе жауап беру реакциясы, егер жазылғыш еттер жиырылған кезде бір уақытта бүгілгіш еттерде жиырылмаған жағдайда мүмкін болмас еді.
2) Тері рецепторының рефлекс тітіркендіргіштің күшіне және тітіркендірген рецеп-тордың түріне, оның ең соңғы реакциясы бүгілгіш еттердің жиырылуы арқылы болады.
3) Вицеремоторлы рефлекс ішкі органдардың эфференттік нервтердің қозуынан пайда болады. Мысалы, көкірек клеткасы, құрсақ қабырға еттері және арқаның жазылғыш еттері.
4.4. Бас миы. Ми бағанасы
Бас миы (encephalon) шығуына, құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты екі үлкен бөлікке бөлуге болады:
Ми бағанасы және алдыңғы ми. Алдыңғы миға аралық ми және үлкен ми жатады.
Ми бағанасына жататындары: сопақша ми, артқы ми (көпір және мишық), ортаңғы ми. Филогенетикалық жағынан қарастыратын болсақ, ми бағанасы үлкен ми сыңарларына қарағанда ескілеу құрылым болып табылады. Осы ми бөлімінде жұлынға тән кейбір белгілерінің орны сақталған. Олар қандай?
Біріншіден – жұлынға тән сегменттері әлі сақталған. Оның дәлелі мидан шығатын нерв түбірлері (корешок) және бас миы, нерв ядролары белгілі бір ретпен орналасқан.
Екіншіден – жұлыннан басталатын қозғалғыш, вегетативтік және сезгіш нервтердің топографиялық дамуы да әрі қарай бағанада жалғасып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |