6.11. Ұйқы безі
Бұл безді гистологиялық зерттеудің нәтижесінде секреторлы эпителий клеткаларымен қатар ас қорыту ферменттерін жасаушы өсінді тәрізді ақшыл эпидермоциттері болатындығы (Лангерганс аралшықтары – осыны ашқан зерттеушінің атымен) анықталынды. Бұл эпидермоциттердің сыртқа шығатын өзектері болмайды, өздерінің секретін бірден қанға бөледі.
Иттерге жасалынған тәжірибенің (ХІХ ғасырдағы) нәтижесінде осы безді алып тастағанда, 4-5 сағаттан кейін зәрдің құрамында қанттың болатындығын дәлелдеді. Қанттың мөлшері күрт көбейіп, зәрмен сыртқа шығады. Қанттың азаюы, ағзаның тез арықтауының әсерінен суды көп ішуіне қомағайлық таныту белгілері байқалады. Осы белгілердің барлығы адам қант диабеті ауруымен ауырғандағы сияқты болады. Гипергликомияда 10 ммоль/л (200мг%), қалыпты жағдайда 4,4+- моль/л немесе 120 мг%.
Қант ауруы немесе инсулин гормонының жетіспеуінен туатын ауру біздің эрамызға дейінгі 1500 жылдан белгілі болды.
1647 жылы қант ауруы жайлы ағылшын анатомы, дәрігер Томас Уиллис толық айтып берді.
1889 жылы Мерринг және Минковский иттің ұйқы безін алып тастаса, онда қант ауруы пайда болатындығын анықтады. 1921 жылы Фредерик Бантинг және Чарлз Бест ұйқы безінен ерекше зат бөліп алып, оны безін алып тастаған итке енгізгенде қант ауруының пайда болатындығын көрсетті. Кейін осы екі ғалым Нобель сыйлығына ие болды. 1922 жылы ұйқы безі алынған сұйықтықты балаға енгізіп, оны өлімнен сақтап қалған.
1926 жылы инсулин кристалды түрде алынды. 1955 жылы оның аминқышқылдық құрамы анықталды. Оны синтездеу 1963 жылы іске асырылды.
Инсулин – полипептид, жеке-жеке орналасады. Екі аминқышқылы тізбегінен тұрады
(А және Б). Олар дисульфит көпіршемен байланысқан.
А тізбегі 21, Т тізбегі 30 аминқышқылынан тұрады. Адам инсулинінің (мол салмағы 5734) басқа сүтқоректілер инсулинінен өзгеше, басты айырмашылығы 8,9,10 тізбегі (А) және 30 тізбегі (Б) аминқышқылдарына байланысты.
6.12. Ұйқы безі гормондары
Ақшыл өсінділі эпидермоциттер немесе Лангерганс аралшықтары үш түрлі: α,β,γ-клеткалардан тұрады. Бұлардың ішіндегі ең көп аумақты алып жатқан β-клетка (итте 75%). Мөлшері онша үлкен емес түйіршікті протоплазмадан тұрады.
β-клетка инсулин бөліп шығарады (латынша инсулин – аралшық), α – клетка аралшығынан глюкагон гормондары бөлінеді.
Кейбір авторлардың зерттеуіне қарағанда, ұйқы безінің майда эпителилі өзектерінен липокаин гормоны бөлінеді.
Осы бездердің құрамында тағы екі гормон: ваготонин және центропенин табылған. Д-клеткадан сомастростин бөлінеді.
Глюкагон. Ұйқы безінің екінші гормоны α клеткаларынан бөлінеді. Бұл клетка ішіндегі активсіз фосфорлазаның активті түріне ауысуына әсер етеді. Соның салдарынан гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қандағы қанттың деңгейіне көтереді. Сонымен бірге бауырдағы аминқышқылдарынан гликогеннің синтезделуін қамтамасыз етеді. Глюкагон бауырдағы май қышқылдарын тежеп, липазаның активтілігін жоғарылатады. Ал ол фермент өз кезегінде майлардың ыдырауын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |