«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады


Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігі (қабаты)



бет38/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

6.6. Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігі (қабаты)

Бұл жерді: сыртқы – шумақты аймақ, ортаңғы – шашақты аймақ және ішкі – торлы аймақ деп үш аймаққа бөлуге болады. Бұл қабаттан 50-ге жақын кортикостероид гормондар бөлінген, бірақ олардың тек сегізі ғана физиологиялық пәрменді. Бұл қабаттың гормондары жеткіліксіз бөлінсе, адамдарда “қола түсті ауру” немесе Аддисон ауруы туады (1855 ж. Аддисон анықтаған), аурудың қолы, мойны, беттерінің түсі қолаға ұқсас келеді.


Бүйрек үсті безінің ісік ауруына шалдыққанда (гипернефрокс) гормондардың бөлінуі жоғарылап, сапасы өзгеріске ұшырайды, ең бастысы екі жыныс безі бөлінеді: аталық және аналық. Олар кәдімгі жағдайда өте аз мөлшерде бөлінген. Олардың жыныстық дамуы өзгереді, әсіресе, гиперфункциясы 3-4 жастағы ер балаларда болса, олардың жыныстық жетілуі тездейді. Сақал, мұрты пайда болады, жыныс түктері шығады. Олар қыз балаларда болғанда менструация үдерісі тоқталып, сақалы пайда болып, дауысы ер дауысқа ұқсайды. Егер осы ісікті алып тастауға мүмкіндік болса, бұл құбылыстар қалпына келеді.
Қыртысты қабаттың гормондары. Бұл қабаттан гормондардың үш тобы бөлінеді:
1) минерал – кортикондтар – альдостерон, дезокси-кортикостерон, шумақты аймақтан бөлінеді және минералды заттардың алмасуын реттейді; 2) глюкокортикоидтар – гидрокортизон, кортизон және кортикостерон. Шашақты аймақтан бөлінеді. Көмірсу, май және белоктардың алмасуын реттеп отырады; 3) жыныс гормондары – андрогендер, эстрогендер, прогестерон, бұлар торлы аймақтан бөлініп шығады.
Минерал картикондтар Na+ және К+ иондарының қандағы деңгейін реттеп отырады. Бұлардың ішіндегі ең бір активті гормоны – альдестерон. Бүйрек каналшаларының клеткасындағы эпителияларында фермент синтезін активтендіріп, натрий насосының энергетикалық әсерін күшейтеді. Осының салдарынан бүйрек каналдарында Na+ және Сl+ қайта сіңуі жоғарылайды және Na мөлшері қанда, ткань сұйықтығында және лимфада көбейіп, калийдің қайта сіңуін төмендетеді. Осындай өзгерістер асқазан, ішек, сөл және тер безінің клетка эпителияларында да болады. Сөйтіп, альдостерон Na+ ионы азаюын сақтайды, әсіресе қатты терлегенде. Минерал – кортикоидтардың жетіспеуінен бүйрек каналдарында Na қайта сіңуі төмендеп, организм Na көп мөлшерде жоғалтады. Минерал – кортикоидтардың мөлшері ағзадағы Na және К мөлшеріне тура тәуелділікте болады. Na қандағы мөлшері азайып, альдостеронның көп бөлігіне жетеді.
Глюкокортикоидтың (кортизон, гидрокортизон, кортикостерон) ішіндегі ең бір белсендісі – кортизон. Бұлардың аталуы да қанның құрамындағы көмірсуларды жоғарылату қабілеттілігіне қарап көрсетілген.


6.7. Эпифиз

Көпке дейін бұл бездің қыры мен сыры белгісіз болды. Тек ХVІІ ғасырда Декарттың болжамы бойынша, бұл без “жанның орналасқан жері” деп есептелген. ХІХ ғасырдың аяғында, егер баланың безі жарақатталғанда, оның мезгілінен бұрын жыныстық жетілуінің болатындығы байқалған. Осыдан бұл бездің жыныс аппаратына әсерін тигізетіндігін байқаған. Бұл без мелатонин деген зат бөлетіндігі анықталынды. Олай деп атауының себебі терінің пигменттеріне әсерін тигізіп, түсінің өзгеруі байқалады.


Мелатониннің әсері интермединге қарама-қарсы. Бұл зат жануарлардың жыныс бездеріне әсерін тигізеді, жыныс бездерінің дамуына, мысалы, аналық клеткалар бездерінің азаюына экстралды циклдерінің тежелуіне кері әсер етеді. Жарықтың әсерінен мелатониннің эпифизде түзілуі тежеледі. Сондықтан да кейбір жануарлардың, оның ішінде құстардың жыныстық активтілігі жыл маусымына байланысты көктемде, жазда белсенді келеді.
Эпифизде мелатониннің негізін жасаушы серотонин көп болады. Жарық көбірек болса, эпифизде серотониннің түзілуі де жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет