«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет43/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Тиретропты гормондар (ТТГ). Алдыңғы бөлігіндегі базофилді клеткада да жасалады. Басты рөлі қалқанша бездің қызметін күшейтеді. Протеазды пәрмендетіп, қалқанша бездегі тироглобулиннің ыдырауын жоғарылатудың нәтижесінен тироксин мен тироглобулиннің қанға бөлінуін күшейтеді.
Сонымен бірге ТТГ иодтың қалқанша безде жинақталуын қамтамасыз етеді, тағы да бір қызметі секрет жасаушы клеткалардың ацивтілігін күшейтіп, олардың санын көбейтеді.
ТТГ-ны қанға енгізгенде қалқанша безінің өсуі байқалады, ал гипофизді жас жануарлардан алып тастаса, оның өсу үдерісі баяулайды, белоктың алмасуы төмендейді. Ал тироксинді енгізсек, бұл қызметі қайта қалпына келеді.
Егер ұзақ уақыт бойы тироксиннің жоғарғы дозасын жануарларға енгізе беретін болсақ, оларда базеда ауруына ұқсас белгілер байқала бастайды.
Тиротропин аз мөлшерде үздіксіз бөлініп отырады. Оның бөлуінің себебі гипоталамустың көмегімен іске асырылады. Ал тиротропиннің деңгейі қандағы қалқанша безінің мөлшеріне тәуелді. Егер оның мөлшері жоғарғы деңгейде болса, тиротропиннің бөлінуі төмендейді, керісінше, қалқанша безінің гормоны аз мөлшерде болса, тиротропин-нің бөлінуі жоғары болады. Сонымен, бұл жерде кері байланыс механизмі басты рөл атқарады.
Ағзалардың температурасы төмендегенде тиротропиннің бөлінуі мен қалқанша бездің гормонының мөлшері жоғарылап, нәтижесінде жылу шығару үдерісі жоғарылайды немесе жылу пайда болады.
Адренокортикопты гормон (АКТГ). Әртүрлі жануарларда құрылысы және өзінің пәрменділігі жағынан қарағанда да әртүрлі деңгейде болады.
АКТГ бүйректің қыртысты қабатының шашақты және торлы аймағы көлемінің өсуіне, ұлғаюына әсерін тигізеді. Ал басқа аймақтарына әсерін тигізбейді.
Ағзалардың қалыпты жағдайдан ауытқуының салдарынан, әсіресе, стресс факторлардың әсерінен гипофиздегі АКТГ-ның бөлінуі күшейе түседі.
Бұл құбылыс рефлекторлы түрде бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан бөлінетін адреналиннің көп бөлінуіне әкеліп, ол өз кезегінде кортикотропты бөліну факторының үдерісін күшейтеді. Бұл зат гипоталамус пен гипофиздің тамыр арқылы байланыста болуының нәтижесінде оның алдыңғы бөлігіндегі клеткаға дейін жетіп, АКТГ-ның бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Ал АКТГ бүйрек үсті безіне әсер ете отырып, глюкокортикоидтардың бөлінуін жоғарылатып (ағзалардың сыртқы ортаның қолайсыз факторларына қарсы тұру қабілеттілігін күшейтуші), сонымен қатар минералды кортикоидтардың бөлінуіне де әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет