Оппортунис инфекциялар
АИВ/ЖИТСке шалдыққан адамдардың көбінде оппортунис инфекциялардың алдын алу шараларын жүргізу нәтижелі болады. Антиретровирусты терапия негізгі ауруды емдеумен қатар, қосымша оппортунис инфекциялардың пайда болу қаупін де азайтады.[165] Туберкулезге шалдығу қаупі жоғары аймақта тұратын АИВ бар ересектер мен жасөспірімдер (АРТ қабылдаса да) белсенді туберкулез белгілері болмаса да, профилактика ретінде изониазидті тепария (ПИТ) жүргізгені дұрыс; ПИТ қажеттілігін туберкулинге терілік сынама жасап білуге болады.[169] АИВ жұқтыру қаупі жоғары адамдарға А және В вирусты гепатиттеріне қарсы вакцинаны жұқтырмас бұрын егу ұсынылады; инфекция жұқтырып қойғаннан кейін де берілсе болады.[170] Анасы АИВ–оң болған 4-6 апталық және ана сүтін ембейтін нәрестелерге профилактика ретінде ко-тримоксазол беру ұсынылады.[171] Сондай-ақ пневмоцист қоздыратын пневомнияның алдын алу шараларын ұйымдастыру ұсынылады. Ол CD4 саны 200 жасуша/uL деңгейінен төмен немесе осыған дейін осы ауруға шалдыққан адамдарда жүргізіледі.[172] Айқын иммунтапшылық анықталған адамдарда токсоплазмоздың алдын алу керек.[173] Аталған профилактика шараларын жүргізу – 1992 мен 1997 жылдар аралығында осы инфекциялардың даму қаупін 50% төмендеткен[174] Сонымен қатар АИВ анықталған адамдарға тұмауға қарсы және Пневмо–23 вакциналарын егу ұсынылады.[175][176]
Емдем
ДДСҰ АИВ/ЖИТС бар адамдардың тамақтануына қойылатын талаптарға қатысты ұсыныстар жариялаған.[177] Салауатты тамақтануға басымдылық беріледі. ДДСҰ АИВ анықталған ересектерге микроэлементттердің барлығына ортақ ұсынылған тәуліктік мөлшерін тұтынуды ұсынады; A витамині, мырыш пен темір АИВ бар ересектерде жанама әсер туғызатындықтан, аталған элементтердің тапшылығы расталмаса, тұтынбаған дұрыс.[177][178][179][180] Дұрыс тамақтанбайтын немесе толыққұнды диета ұстанбайтын АИВ жұқтырған адамдарға нутрициялық саплементация жүргізу иммунды жүйені нығайтуға және инфекциядан оңалуға көмектеседі; алайда жұқтырудың не өлімнің азаюына әсері анықталмаған.[181]
АИВ бар жүктілер мен емізуші әйелдердің диетасына мультивитаминдерді қосу анаға да балаға да бірдей оң әсер көрсетеді.[182] Бірақ тағам рационына мультивитаминдерді қосу – антиретровирусты терапия орнын баса алмайды[182] АИВ инфекциясы бар балаларда А дәрумені бар қоспалар өлім-жітімді азайтып, өсуді жақсартады деген бірнеше дәлелдемелер бар.[183]
Достарыңызбен бөлісу: |