Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы аив/житс



бет12/20
Дата26.10.2022
өлшемі368.12 Kb.
#463434
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
аитв 1

Жұқтыруға дейінгі
CD4 саны ≤ 550 жасуша/µL адамдарда антиретровирусты терапия жүргізу — серіктесіне АИВ жұқтырудың алдын алады (болдырмас үшін емдеу (БЕ) страдегиясы).[133] БЕ жұқтыру қаупін 10-20 есе төмендетеді.[133][134] Ермен жыныс қатынасына түсетін ерлер, жұбайы АИВ–оң және Африкадағы гетеросексуалдар секілді жұқтыру қаупі жоғары адамдарға жұқтыруға дейінгі профилактика (ЖдП) ретінде теновофирдің тәуліктік дозасын эмтрицитабинмен не бөлек беру – айтарлықтай тиімді екені анықталған.[115][135] Бұл сондай-ақ есірткіні көктамырға егетіндер үшін де тиімді болуы мүмкін. Зерттеу нәтижесі бойынша аталған топта жұқтыру қаупі 100 адамға шаққанда жылына 0.7-ден 0.4-ке дейін төмендеген.[136] 2019 жылы USPSTF жұқтыру қаупі жоғары барлық топтарға ЖдП жүргізуді ұсынған.[137]
Денсаулық сақтау саласындағы әмбебап сақтық шаралары АИВ жұқтыру қаупін төмендетуде тиімді деп саналады.[138] Есірткіні көктамырына енгізетіндерде жұқтыру қаупі жоғары екені белгілі. Ине алмастыру бастамасы мен опиоидты алмастырушы терапияның да осы қауіпті төмендетуде тиімді екені анықталған.[139][140]
Жұқтырудан кейінгі
АИВ–оң адамның қаны не жыныс мүшелерінен бөлінген секрециямен контакт болғаннан кейін 48–72 сағат ішінде антиретровирусты терапия жүргізу жұқтырудан кейінгі профилактика (ЖкП) деп аталады.[141] Зидовудиннің бір агентін қолдану инемен жарақаттануда АИВ инфекциясын жұқтыру қаупін бес есе азайтады.[141] Америка Құрама Штаттарында АИВтің алдын алу үшін тенофовир, эмтрицитабин және ральтегавир беріледі, бұл қауіпті айтарлықтай төмендетеді[142]
Зорлаушы статусы оң не белгісіз болса да, зорланған адамға ЖкП жүргізу ұсынылады.[143] Әдетте, терапия төрт аптаға созылады.[144] Бұған себеп: зидовудин ішкендердің 70% пайда болатын жанама әсер, олар: лоқсу (24%), шаршағыштық (22%), қажу (13%) бас ауырсынуы (9%).[46]
Анадан балаға
АИВтың тікесінен берілуін болдырмау бағдарламалары жұқтыру қаупін 92-99% төмендетуі мүмкін.[78][139] Бұл бағдарламаға сәйкес антиретровирусты терапия жүктілік барысында анасына және босанғаннан кейін баласына жүргізіліп, нәресте ана сүтін емес, шөлмектен тамақтанады.[78][145] Шөлмектен (жасанды) тамақтандыру қолжетімді, қолайлы әрі қауіпсіз болса, барынша ана сүтін бермеген абзал, ал олай болмаса, алғашқы айда тек емшек сүтін беруге болады.[146] Егер нәресте тек ана сүтін емсе, кеңейтілген антиретровирусты профилактика жүргізу қажет, сол арқылы балаға АИВ берілуін төмендетуге болады.[147] 2015 жылы Куба АИВтің анадан балаға берілуін түпкілікті жойған алғашқы ел атанды.[148]
Вакцинация
Қазіргі таңда АИВ не ЖИТСке қарсы лицензия алған вакцина жоқ.[8] Әзірге ең нәтижелі вакцина сынағы 2009 жылы Тайландта жарияланған RV 144 вакцинасы; ол инфекцияның берілуін шамамен 30% төмендеткені белгілі. Бұл көрсеткіш келешекте бұдан да тиімді вакцина ойлап табуға болатынына үміт сыйлайды.[149] RV 144 вакцинасының сынағы әлі де жалғасып жатыр.[150][151]
Емі
Әзірге АИВ инфекциясынан толықтай айықтыратын ем де, оған қарсы вакцина да жоқ. Алайда Жоғары белсенді антиретровирусты терапия (ЖБАРТ) жүргізу ауру ағымын баяулатады.[152] 2010 жылғы мәлемет бойынша табысы орташа және төмен елдерде бұл терапияны 6,6 млн адам жүргізген[153] АРТ оппортунис инфекциялардың алдын алуда, сондай-ақ белсенді емдеуде де тиімді. 2020 жылғы наурыз айында белгілі болған мәлімет бойынша әлемде екі адам АИВ жұқпасынан толықтай айыққан.[154]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет