Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы аив/житс



бет11/20
Дата26.10.2022
өлшемі368.12 Kb.
#463434
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
аитв 1

Алдын алу
Жыныстық қатынас
Үрпекқапты тұрақты пайдалану – АИВ жұқтыру қаупін шамамен 80% төмендетеді.[112] Егер ерлі-зайыптылардың біреуі инфекция жұқтырған болып, бірақ тұрақты түрде үрпекқап қолданса, жұғу қаупі – жылына 1% төмен болады.[113] Әйел үрпекқаптары да дәл осындай көрсеткіш көрсетеді деген растама бар.[114] Африкада жүргізілген зерттеу нәтижесінде қатынасқа түсер алдында құрамында теновир болатын қынаптық гель инфекция жұқтыру қаупін 40% төмендететіні анықталған.[115] Ал ноноксинол-9 спермицидін қолдану керісінше қынап пен тік ішекті тітіркендіретіндіктен, жұқтыру қаупін көбейтеді[116]
Сахара оңтүстігіндегі Африкада гетеросексуал ерлерді сүндеттеу 24 ай ішінде АИВтен сақтау дәрежесін 38%-дан 66%-ға дейін жоғарлатқан.[117] Осы зерттеу сүйеніп, 2007 жылы ДДСҰ мен UNAIDS АИВ деңгейі жоғары аймақтарда инфекцияның әйелден ерге берілуінің алдын алу әдісі ретінде еркектерді сүндетке отырғызуды ұсынды.[118] Әйтсе де бұл әдіс инфекцияның ерден әйелге берілуінен қорғайтыны әлі де дауға арқау болып отыр,[119][120] сондай-ақ дамыған елдерде және ермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлерде аталған әдістің тиімділігі анықталмаған.[121][122][123] Дегенмен Халықаралық вирусқа қарсы қоғам (ағылш. The International Antiviral Society) жыныстық қатынасқа түсетін барлық гетеросексуал ерлерді сүндеттеуді ұсынады, сондай-ақ ермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлерді де сүндеттеу мәселесін көтеріп жір.[124] Кей сарапшылар сүндеттелген ерлер инфекция жұқтыру қаупі төмен дегенге қатты сеніп, ретсіз әрі қорғаусыз жыныстық қатынасқа түсіп, әдістің тиімділігін жоққа шығарады деп қорқады.[125]
Секстен тартынуды қолдайтын бағдарламалар АИВтің кейінгі қаупіне әсер етпеуі мүмкін.[126] Құрдастардан білім алу да профилактикада мардымсыз екені анықталған.[127] Ал мектептегі кешенді жыныстық сауаттандыру қорғанусыз жүрісті төмендетуі мүмкін.[128][129] Жастардың кей бөлігі АИВ/ЖИТС туралы білсе де, АИВ жұқтыру қаупін елемей, қорғаусыз қатынасқа түсіп жатады.[130] Ерікті кеңес беру және АИВке тегін тексеру – нәтижесі теріс болғандардың өмір салтын өзгертуге әсер етпейді, бірақ статусы – оң болғандардың алдағы уақытта үрпекқап қолдануын арттырады.[131] Отбасын жоспарлаудың жетілдірілген қызметтері қарапайым қызметтермен салыстырғанда АИВ бар әйелдердің контрацепция қолдануын ынталандырады.[132] Жыныстық жолмен берілетін басқа да жұқпаларды емдеу АИВтің алдын алудағы тиімділігі әзірге белгісіз.[60]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет