Бастапқы (біріншілік) АИВ инфекциясы: симптомсыз не жіті ретровирусты синдроммен бірлесуі мүмкін.[23]
I саты: АИВ инфекциясы симптомсыз жүреді; қандағы CD4+ T жасушаларының саны (CD4 саны деп те аталады) – 1 микролитрде 500 жоғары болады.[23] Бірнеше топ лимфа түйіндері ұлғаю мүмкін (Тұрақты жайылған лимфаденопатия).[23]
II саты: Тері мен шырыш қабаттарындағы өзгерістер секілді әлсіз симптомдар мен жоғары тыныс жолдарының қайталамалы инфекциялары. CD4 саны – 500/µl төмен.[23]
III саты: бір айдан көп болатын себебі белгісіз созылмалы диарея, өкпе туберкулезі секілді ауыр бактериялық инфекциялар мен CD4 санының 350/µl төмен болуы.[23]
IV саты не ЖИТС: ми токсоплазмозы, өңеш, кеңірдек, бронх не өкпе кандидозы, Капоши саркомасы. CD4 саны – 200/µl.[23]
CDC жіктемесі
1993 жылы[114] АҚШ Ауруды бақылау және болдырмау орталықтары клиникалық көрініспен қатар лабораторлы көреткіштерді бағалайтын жіктеу жүйесін әзірлеп шыққан, ол 2008 және 2014 жылдары жаңартылған.[110][111], CDC жіктемесіне сәйкес адамға не АИВ инфекциясы, не ЖИТСтің соңғы сатысы деген диагноз қойылады, А3, В3, С1, С2 және С3 санатына жатқызылғандар ЖИТСі бар деп есепке алынады.
CD4 саны (/мкл, %)
|
Клиникалық санаттар
|
А — симптомсыз жіті (біріншілік) не ТЖЛП (тұрақты жайылған лимфаденопатия)
|
В — Айқын
|
С — ЖИТС бірлескен аурулар
|
1. > 500 (> 29 %)
|
А1
|
В1
|
С1
|
2. 200—499 (> 14—28 %)
|
А2
|
В2
|
С2
|
3. < 200 (< 14 %)
|
А3
|
В3
|
С3
|
|
|
|
|
Әр клиникалық санатқа тән симптомдар:
А: жіті ретровирусты синдром: жайылған лимфаденопатия (ТЖЛП), симптомсыз ағым;
В: ЖИТСтен туындаған кешен синдромы: ауыз қуысы кандидозы, жатыр мойны дисплазиясы, ағза бұзылыстары, белдеме теміреткі, идиопатиялық тромбоцитопения, листериоз, лейкоплакия, шеткі нейропатия;
С: ЖИТС: өкпе не өңеш кандидозы, жатыр мойны обыры, кокцидиоидоз, криптоспоридиоз, цитомегаловирус инфекциясы, герпес қоздырған эзофагит, АИВ-энцефалопатия, гистоплазмоз, изоспороз, Капоши саркомасы, лимфома, микобактериоз, пневмоцистоз, бактериядан болған пневмония, үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия, сальмонеллёз.
Достарыңызбен бөлісу: |