Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы аив/житс



бет16/20
Дата26.10.2022
өлшемі368.12 Kb.
#463434
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
аитв 1

Эпидемиология
 АИВ жұқтырып, өмір сүріп жатқандар саны  Жаңадан АИВ жұқтырғандар саны  АИВ/ЖИТСтен өлгендер саны[208]
АИВ/ЖИТС — жаһандық пандемия.[209] 2016 жыл дерегі бойынша әлемде шамамен 36.7 миллион адам АИВке шалдыққан, сол жылы жаңадан инфекция жұқтырғандар саны – 1.8 миллионға жуық.[210] 2001 жылы бұл көрсеткіш 3.1 миллион болған.[211] Жұқтырғандардың жартысынан сәл көбі – әйелдер, ал 2.1 миллионы – балалар.[210] 2016 жылы бұл сырқаттан 1 миллион адам қаза тапса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 1.9 миллион болған.[210]
Ең көп инфекция жұқтырғандар Сахараның оңтүстігіндегі Африкада тұрады. 2010 жылы барлық АИВ жұқтырғандардың 68% (22.9 миллион) және барлық өлімнің 66% (1.2 миллион) осы аймақтан шыққан.[212] Бұл дегеніміз аймақтағы ересектердің шамамен 5%-ы АИВ жұқтырған[213] және бала өлімі себептерінің 10% осы ауруға тиесілі.[214] Басқа аймақтармен салыстырғанда бұл жердегі жұқтырғандардың 60% – әйел.[212]
Келесі ең көп жұқтырғандар тұратын аймақ – Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азияда; 2010 жылы бұл аймақта шамамен 4 миллион адам (барлық жұқтырғандардың 12%) АИВ жұқтырған, оның 250 000 қайтыс болған.[213] Шамамен 2.4 миллоны – Үндістаннан шыққан.[212]
Қазақстан
2019 жылғы қыркүйекте белгілі болған мәлімет бойынша Қазақстанда 24 289 (0,14%) адамның статусы оң деп анықталған (60% – ерлер), олардың 70%-ға жуығы (416 бала) ретровирустарға қарсы терапия қабылдайды. АИВ жұқтырғандардың басым бөлігі (71%) 20-39 жас аралығындағы еңбекке жарамды адамдар. Негізігі жұқтыру жолы – гетеросексуалдар арасындағы жыныстық қатынас (53,1%).[215]

100 000 адамға шаққандағы АИВ жұқтырғандар көрсеткіші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет