Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы аив/житс



бет18/20
Дата26.10.2022
өлшемі368.12 Kb.
#463434
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
аитв 1

Қоғам мен мәдениет
Стигматизация
Райан Уайт – инфекция жұқтырғаны үшін мектептен қуылып, АИВке қарсы күрес символына айналған жасөспірім.[238]
ЖИТС стигмасы қоғамда әртүрлі түрде кездеседі: АИВ жұқтырған адамдарды қуғындау, шеттету, дискриминациялау, олардан қашқақтау; алдын ала келісімсіз АИВқа тексеру және құпиялық сақтамау; АИВ-инфекцияланған не солай деп санаған адамдарға қарсы зорлық-зомбылық; АИВ жұқтырған адамдарды карантинге жабу.[17] Көптеген адамдар стигмамен байланысты қатыгездік не зорлық-зомбылыққа ұшыраудан қорқып, АИВқа тексерілмейді, не нәтижесін білгісі келмейді, не ем қабылдамайды. Осының салдарынан олар басқаруға келетін созылмалы ауруды өлім жазасына айналдырып, АИВ-тың одан әрі таралуына жол ашады.[239]
ЖИТСке қатысты стигмаларды келесі үш топқа бөлуге болады:

  • Құрал стигмасы – кез-келген өлім не жұқпалы ауру алдындағы қорқыныштан туатын стигма.[240]

  • Символ стигмасы – осы ауруға жиі шалдығады деп санап, кей әлеуметтік топтар мен өмір салтына (гомосексуалдылық, секс-қызметкерлер, т.б.) деген көзқарасын білдіру үшін АИВ/ЖИТСті қолдану.[240]

  • Әдеп стигмасы – АИВ/ЖИТС мәселесі не АИВ–оң адамдармен жұмыс істейтін не қандай да бір қатысы бар тұлғаларды стигмалау.[241]

Көбіне ЖИТС-стигмасы басқа да стигма түрлерімен қатар жүреді, атап айтқанда: гомосексуалдық, бисексуалдық, промискуитет, жезөкшелік, тамырішілік есірткі қолдану – ЖИТСпен байланыстырылады.[242]
Көптеген дамыған елдерде, ЖИТС пен гомосексуалдық не бисексуалдық арасында жақындық байқалады, бұл, әрине, аталған топтарға қарсы теріс пікірлердің көп болуына байланысты.[243] Оған қоса, ЖИТС көп жағдайда, кез келген, тіпті сау ер мен ер арасындағы секспен байланыстырылады.[240] Дегенмен, АИВтың әлем бойынша негізі таралу жолы гетеросексуал секс болып табылады.[244]
2003 жылы неке мен халық заңнамасын толық реформалау аясында Қытайда ЖИТСпен ауыратын адамдарға неке қиюға рұқсат етілді.[245]
2013 жылы АҚШ Ұлттық Медицина Кітапханасы Төзу мен өркендеу: ЖИТС, саясат пен мәдениет атты жылжымалы көрме өткізді;[246] онда жаңа ғылыми зерттеу нәтижелері, АҚШ билігінің жауабы, ЖИТСпен ауыратын адамдардың, күтушілердің, белсенділердің жеке басынан өткен оқиғалары айтылды.[247]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет