Әр түрлі ағымдарды, түрлі мемлекеттерде қол жеткізген әртүрлі сенімдерді, өзгеше жүзеге асырулар, кейбір діндермен араласып кеткен түрлері болса да буддизмнің өзіне тән құрылымы бар. Бұл құрылымның негізі қиыншылықтардың көзі болатын қалау мен ашкөздіктен арылу үшін жүгінілетін сегіз тармақты жол. Бұл сегіз бөлім, Мана Париниббана Суттада кездесетін үш басты бөлімнің кейіннен кеңейтілген түрі және ежелгі мәтіндерде бар. Үш басты бөлім мыналар: Сила (моральдық-этикалық), самадхи (медитация), панна (даналық).
Силаға сегіз тармақты жолдан үш бөлім кіреді: тура сөз, дұрыс қарым-қатынас, дұрыс тіршілік (өмір). Тура сөз бен дұрыс қарым-қатынаста әрбір буддистің мойынсұнуы тиіс бес бұйрық нақтылық көрсетеді: өлтірмеу, зиян тигізбеу, ұрлық жасамау, түйсіктерді қате жолдарға бағыттамау, жалған-қате сөйлемеу, ішімдік, есірткі қолданбау. Дұрыс тіршілік бес тыйымды қамтиды. Қасапшылық, ішімдік сату, есірткімен айналысу, қару-жарақ және у өндірумен айналыспау. Жақсы буддист түсік тастауға қарсы. Ол аңға шықпайды, балық ауламайды, қару қолданбайды, ет, ішімдік, у сатып алмайды, зина (некесіз жыныстық қатынас) жасамайды. Буддист қандай жағдай болмасын өмірді қорғайды. Буддист түсікке қарсы, бірақ босануды қадағалауға қарсы емес. Буддист шамасы келгенше ақиқатқа мойынсұнған түрде сөйлеу, басқаларын ренжітетіндей сөздерден аулақ болуға міндетті.
Самадхи бір мақсатқа сананы бағыттау, жіті болу мағынасында медитацияға дәлел болады. Басты бөлімге дұрыс ойланғандық, дұрыс бақылау кіреді. Буддадан сенімдерін бір сөзбен жеткізуін сұрағанда ол «сати» (ойланғандық, ұғымталдық) деп жауап береді. Дұрыс ойлану, Буддистің айтқаны, ісі, ойланған жұмыстарда көрсеткен ақыл алғырлығы, саналық ықпалын көрсетеді. Дұрыс бақылау болса бір жағынан сананың бір мәселеге бағытталуын, дем бақылуы, ойға келген пікірлердің анализі, олардың негізіне қарап жақсы немесе бейтарап болғандығын анықтау үшін, екінші жағынан ашкөздік, жек көрушілік, айла т.б нәрселердің неліктен басталғандығын белгілеуі сияқты мәселелерді қамтиды.
Панна буддистің өмірінің үшінші және ең жоғарғы дәрежедегі жағдайына ишарат етеді. Бұл әлем және адаммен қатысты ақиқаттардың алдымен сенім ретінде қабылдауы, одан кейін де тәжірибесі ретінде нысанаға жету мақсаты болып табылады. Паннаға дұрыс түсіну, дұрыс ой, дұрыс ниет жатады. Дұрыс түсіну, әлем мен адам болмысын төрт қасиетті ақиқатқа қарай түсіну. Дұрыс ой сананың сезімдік қалау, жамандық, зұлымдық секілді ұстанымдардан арылту. Дұрыс ниет (жігер, қайрат) болса ақыр аяғында өкінбейтіндей немесе жетістіксіз жолдармен жүрмей ықыласпен сана-сезімдерін азықтандыруды баяндайды.
Будда артында кітап қалдырған жоқ, орнына да ешкімді сайламады. Ол әркімнің өзіне жарық ұстануын қалады. Бірақ сенімдерін аяқта ұстап тұруды өзінің құрған сангха ұйымы қолға алды. Будданың жаназа рәсімінде оның сөздері мен істерінің ұмытылмай сақталсын деген пікір ортаға тасталды. Осылайша алғашқы консиль Будда қайтыс болған айда Ражагахада жиналып, кейін пали мәтіні деп аталатын кітаптың алғашқы ауызша жұмыстарын бастатты. Бұл еңбектер Весалидағы ІІ консилде де жалғасын тапты. Ашока патша кезеңіндегі ІІІ консильде Пали мәтінің 3 бөлімі толықтырылды. Пали мәтіндерінде Ашоканың атының аталмауы бұл мәтіндердің одан алдын жазылғандығына (Б.э.д ІІІ ғасыр) байланыстыратындар болса да, ең ежелгі буддист пали тарихи мағлұматы болып саналатын дипавамсаға қарағанда пали мәтіндерінің жазылуы б.з.д. І ғасырдың екінші жартысында Цейлонда басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |