Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет111/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   126
Діндер тарихы

в. Тайланд буддизмі


Тайланд буддизмі, Ветнамнан бөлек басқа Оңтүстік Азия мемлекеттеріндегі сияқты тхеравада ағымына жатады. Тайландтықтардың 94 пайызы буддист. Тайландта буддизмнің тарихы VІ ғасырға барып тіреледі. Орталығы төменгі Бурмадағы Мон патшалығының бір бөлігі болған Тайландтың оңтүстігінде алғашқыда Хинаяна билік құрған еді. VІІІ-ХІІІ ғасырлардың арасында өлкенің басым бөлігі махаяна ағымын ұстанған. Кимериарх мемлекеттің басым бөлігін басып алған соң ХІ-ХІV ғасырлардың арасында олардың Үнді дәстүрі басым болды. ХІV ғасырда қытайлықтармен байланысы бар Тайланд ұлттық тарихы басталды. Осы ғасырда Цейлонға кеткен сиамдық монахтар қайтарында Тайландта қалды және сол жердегі жаңа Буддизмді жайды. Осы уақыттан бастап Тайландта тхаравада буддизмі үстем болды. Әулет пен астана өзгерту, сырттан келген басқыншылық нәтижесінде 1851 жылы таққа шығып 17 жыл билік құрған Монгқұт, буддист монах ретінде жаңашыл Тайландтың негізін салды және буддизмде қайта құру саналатындай сангха бірлестігімен қатысты жаңалықтар жасады. Оның істегендері қазіргі тай буддизмінде терең іздер қалдырды. Ұлы да әкесінің жолын ұстанды. Жаңарту ынталарымен қоса трипитаканы тай сапалардың арасында, бірақ Европада том-том болып басылуы назар аудартарлық. ІІ Дүниежүзілік Соғыстан қазіргі таңға дейін барған сайын артып жатқан Тайландтың қалалық аймақтарында батыстың ықпалы өзін көрсетсе де қаладан тыс жерлерде буддизм мәдениет, сенім және дәстүрлері басымдылығын танытуда.
Ветнам 939 жылға дейін 1000 жылдық уақыт ішінде Қытай Империясының уәлаяты ретінде қалды. Бұл уақытта Қытай барлық мәселеде, сонымен қатар діни тұрғыдан да әсер етті. Қазіргі таңда Ветнамда буддизм, даоизм осы әсермен әлі жалғасуда.

г. Жапон буддизмі


Буддизмнің Қытай арқылы VІ ғасырда Жапонияға жеткен бұл діннің даму тұрғысынан маңызды орны бар. Буддизм космология мен есхатологияны (өмірдің соңы) жан-жақты рухани және дамыту жүйесі, монах тобының қалыптасуы Жапония халқының өмірінде маңызды діни күшке айналды. Филоофиялық ойды қамшылап, өнер мен әдебиетті оқытуы эстетикалық сезімі ықпал етті. Бұл дін, халық діні ретінде бір жағынан өлі діни рәсімдерді әкеліп жатса, екінші жағынан дүниелік пайда үшін сиқыршылық және табиғаттан жоғары жәрдем береміз деп жариялады. Үлкен буддист жодо және шингон бағыттары Жапонияда пайда болды және Амида буддизм сенімін тереңдетті.
Бұлардың арасында Жодо Хонен тарапынан 1175 жылы құрылып, Шинран (1173-1263) тарапынан дамытылды. Қытайлықтардың «таза өлке» (Чинг Ту) мектебінің жапонша баламасы Жодо бойынша Будда ежелгі нұр, өте мейірімді, дана, сүйіспеншілік иесі бір болмыс ретінде түсіндіріледі. Бұл тармақ иман мен жәрдем арқылы азаттыққа қауышатындығына сендіріп, Жапонияда буддизмнің ең танымал түріне айналды. Амида жапон буддизмінде ғашықтықтың (трансцендентал) Будда үшін қолданылатын бір есім. Үндістандағы Махаянада бұл ғашықтықты Будда, ежелгі Өмір және ежелгі Нұр деп қабыл еткен. Амида құлдарын бақыт өлкесі саналатын жәннәтқа жіберетіндігіне сенеді. Құтқарылу үшін ең оңай жол ретінде білінген жодоның Жапонияда бір-бірінен біршама өзгеше төрт тармағы бар: Жодо (1970 жылы ұстанушылары 4 миллион адам), шиншу (13 миллион), юзунембутсу және жи (ұстанушылары көп емес). Бұлардың арасында халықтың көп ұстанғаны шиншу және бұл 1173-1263 жылдары енген. Ол gмонастырь киімдерін алып тастап, үйленіп, жанұялық өмір сүрудің құтқарылуға кедергі болмайтындығын алға тартқан.
Жододан бұрын шамамен 806 жылы, Кобо «Дайши (774-835) тарапынан құрылған басқа бір жапон буддизм ағымы мистикалық және мәмілегер (синкретист) құрылымдағы шигонға жатады. Біршама діндердің тәңірі періштелері Шингонда (қытай тілінде «Chen Yen»: дұрыс сөз), денесі бүкіл әлемді қамтитын Будданың көріністері ретінде қабылдайды. Бұл ағымда әлемнің сырлары көрінуі мүмкін және ұғынуға болатындай етіп ұсынуға және ұранға айналдыруға тырысқан. Кобо Дайши (Кукай) Қытайда өзін жетілдірген, Жапонияда пантеистік және мистикалық құрылымды тантрик ағымын уағыздаған. Оның пайымдауынша әлем Будданың сыртқы көрінісі. Оның шынайы денесі бір-бірін толықтыратын екі бөліктен құралған. Зейіні заттық. Ол индуизм, кофуцизм, даоизм және басқа буддист ағымдарын да ішіне қамтып, дін мен ағымдарды 10 даму дәрежесі ретінде тоқталған. Бұл пирамидада ең жоғарыда Будда болудың барлық қасиеттілігі жүзеге асқан Шингонның мистикалық пантеизмі бар. Оның мәмілегер ұстанымы Риобу Шинтоның пайда болуына себеп болды. Осылайша Жапонияда ХІІ ғасырда басталған және ХІІІ ғасырдағы жандану кезеңінде буддизмнен әсерленген шинто пайда болды. Біріккен шинто-буддист қасиетті жерлерінде екі діннің де монахтарының бір-бірімен араласқаны, шинто қасиетті жерлерінде Буддист діни рәсімдерінің өткізілгендігін байқаймыз. Осылайша Шинто философиялық көзқарасы мен моральдық-этикалық мазмұны тереңдеумен қатар жалғыз басына Шинто жақтастары бұған барынша қарсы шыққан. Осылайша Мейжи кезеңінің бастарында бұл араласу бұзылды және одан кейін де доктрина және рәсім тарих сахнасында кездеспейді.
Кобо Дайши сияқты әр дәуірдің басқа танымал тұлғасы, Жапон буддист мектебі тендайды құрған Денгио Дайши (767-822) болатын. Қытайда Тиен Тай идеалист сенімдерін үйренгеннен кейін Денгио Дайши (Salcho), Жапонияға қайтып тендайды құрды. Тендай, Жапония буддизмінің біріктірген күші болды. Тендайдың негізі, барлық сырлар, адамгершіліктер мен даналықтың бір адамның өз сезімінде буддалықты жүзеге асыруы үшін болғандығына сүйенеді. Денгио Дайши құтқарылу мен буддалыққа қол жеткізудің жалпы мақсат екендігін түсіндірді. Ол салдырған монастырь Хией тауында (Киято маңында), үлкен тендай орталығы ретінде ғасырлар бойы жалғасып келеді. Шингонмен бірге Тендай, Жапоияда діни сенім мен философиялық ойдың ықпал етуші күші болды.
Қытайда Чан деп танылған, Жапонияда Зен атын алған буддизмнің бір түрі. Буддист мектептері ішінде жанданды және тек қана Жапониямен шектеліп қалмай бүкіл дүниеге тарады. Бұл өте маңызды және ықпалды ағым, ішкі тәжірибиені дамыту жолымен ақиқаттың тікелей мистикалық арқылы қол жеткізілетіндігіне сүйенеді. Зен буддизмі қасиетті мәтіндерге, сөз бен ұғымдарға, оларға сүйенетін жорамалдарға емес, буддизмнің тірегі мен негізін жайғандығын айтатын өз сенімдеріне мән береді. Ол жан дүниелік рухани сәулеленуге тырысады. Сондықтан адам надандығының себебімен іске асыра алмаған Будда табиғатының жаратылысының негізі екендігін айтып медитация мен бақылауға алу арқылы жүзеге асыруға шақырады. Зен ең әдемі өнер мен әдебиет еңбектерінің шыңына өрлеу арқылы Жапон мәдениетіне орасан зор әсер қалдырды. Зеннің принциптері «жудо» мен «кендо» (қылыш ойыны) әскери өнерлеріне, шәй рәсімдеріне, гүл реттеу, гүл бақшасы пейзажды еңбектерінде жүзеге асырылды. Зен монастырьлары тыныштық, тәртіп, тазалық және мұқиятты діни тәртіпке көңіл бөледі. Монахтардың өмірі медитация, ғибадат және бал ашу істерімен өтеді. Зуһд (дүниеге берілмей) өмір сүруге өте қатты мән бермейді. Тәжірбиелік істерде және медитацияда өзін білу және Будда табиғаты теңдей ұсталады.
Зен буддизмінің Жапонияда бірнеше тармағы бар. Бұлардан Сото, Қытайда Тунг-Шан мен Тсао-Шан, (840-901) тарапынан құрылды. Басты философиялық абсолюттік шамалас феноменал тұрғыдан бірлігі болатын. Тәрбие, медитацияда байланыс құра отырып қадағалау, бес саты жүйесі (шынайы нәпсіні танудан, абсолюттік ақиқатпен толық бірліктің жүзеге асуына дейін) осы түрдегі негіздерден құралатын. Шынайы көрегендікке қауышу үнсіз сәулелену арқылы жүзеге асатындығына сеніледі. Жапонияға бұл әрекетті алып келген Доген (1200-1253), халықтың меншігіне берген Кейзан (1268-1325) болатын. Доген 23 жасында Қытайға кетті. 1227 жылы сәулеленуге қол жеткізіп Жапонияға қайтып оралды. Алғашқы егемен Зен монастыры 1236 жылы оның бастауымен құрылды. Ол адам мен барлық нәрсенің негізінің Будданың жаратылысы екендігін, бұл жаратылыстың егоның жарыққа шығаруымен, жаман қалаулардың жойылуымен және өзіне толықтай ие болумен іске асатындығына иландыру арқылы осы монастырьда монах болғандарды да болмағандарды да жетілдірді. Ол медитацияда байланыс құрып отыру және белді тік ұстау түрінде «зазен» әрекетін қуаттады. Зазен техникасында зейін бүкіл байланыстарынан, қалау, пікір және билігінен арылу жолымен дем алудың ретке келтірілуі, осылайша «сатори» деп аталатын үлкен ынтызарлық пен тыныштыққа жету мақсаты зен медитация дәстүрінің мүддесі болып саналады. Саториде Будда өкілі, өзінің Будда жаратылысын негізгі даналық деп түсінуге бөлмей, Будданың сана-сезіміне, таза түсінік арқылы жетуді қалайды. Бұл тәжірибе ақыл немесе сезімдік ретінде бағаланса сатори болмайды. Сатори, түсіндіру мен суреттеуге тіл жетпейтін тәжірибе. Негізінде адамның денесіндегі санасыз күштерден азаттығын алып, рухани кемеліне жету, міне Доген Зазенде Буддизмнің негізгі принциптерінің бар екендігін, Будда жаратылысының осылай гүлденетіндігін жақтады. Философиялық жағынан оның монистік пантеизмі, артықшылық, басымдылықты бір шетке ысыра тұрып, абсолюттік феноменал әлемнің теңесуіне сүйенетін. Доген басқа Зен ұстаздарына қарсы сутралардың оқылуын буддист қасиетті затқа тағзым көрсетілуін жақтады. Бір жағынан ол, зен ұстаздарының шәкірттеріне, сана бостандығына қол жеткізу үшін және саториді бірден жүзеге асыру үшін берген жаттығуларын (коаn) екінші сатыда деп есептеді. Ол буддизмнің тармақтарға бөлінуіне және осы аралықта Сотоның да бір ағым ретінде пайда болуына қарсы болатын. Мұнымен қатар Ейхейжі ғибадатханасына (Ечизен уәлаятында) сото сенімдері қазіргі таңға дейін жеткен. Зен мәзһәбының басқа тармағы Ринзай. Бұл ағым Қытай буддистерінен Лин Чи немесе Ихсуан (ө-667) тарапынан құрылып және Ейсай (1141-1215) тарапынан да Жапонияға кірді. Ринзай сотодан сәулеленуге қол жеткізуде әдеттен тыс көмек қолдану арқылы бөлінді. Бұл айырмашылықтар ұру, айғайлау, түсініксіз сөз бен парадокстар қолдану, шәкірттерге жаттығу беру секілді нәрселермен болатын. Ейсай (Zencho Kokhi), екі рет Қытайға барды, сол жерде Лин Чи ағымында сәулеленуге қол жеткізді. Ринзай Жапонияда алғашқы құлшылық орнын 1191 жылы салды. Зен дәстүрін Камакураға енгізді. Діни билік және ұлттық арманды біріктіретін жорамалдар жасады. Зен медитациясын түсіндірді және зеннің тәуелсіз мектеп ретінде танымал болуын қамтамасыз етті. Шәйды Жапонияға алғаш алып келген ол болмаса да Жапон шәй мәдениетінің атасы ретінде қабылданды. Ринзай құлшылық орындары мәдениет пен өнердің орталығы болды. Ринзайды қайта қалпына келтірген атақты зен ұстазы Хакуин (1685-1768), Доген секілді атаққа ие болды. Ол 24 жасында сәулеленуге қол жеткізді. 1716 жылы ендігі Токугава кезеңінде ең мықты буддист орталығы ретінде саналатын Шойнжи ғибадатханасына тұрғылықты болып қалу үшін, сол жерге орналысты. Хакуиннің зен қоғамында сәулелену, қуатты тебірену және мистиклық тәжірибелермен іштен өнер қабілеті бірлесті. Ол амида дәстүрінің жеңіл түрін даттап, зен медитациясының салыстыруды қабыл етпейтін, күшін және «коаn» жаттығуларын жақтады. Оның мистикалық тәжірибесін үш тіркеспен қорытындылауға болады: Үлкен күмән, үлкен сәулелену, үлкен ынтызарлық.
Үшінші зен буддист тармағы Обаку. Құрушысы Инген (1592-1673). Инген 60 жасынан асса да әрдайым уағыздап жүріп Қытайдан 20 шәкіртімен бірге Жапонияға келді. Басқалары сияқты Обакудың да түбірі Қытайлық. Обаку ХVІІ ғасырда тез жайылды. Зуһд (дүниеге берілмей өмір сүру) әрекеттерінің себебімен Ринзайдан біраз айырмашылығы бар Обаку, тосын сәулеленудің жоғары көмекке сүйенетіндігін, қабілеті аз болғандардың сатылап жоғарылаудың дұрыс екендігіне иландырды. Тосын Саториге қол жеткізу үшін зазен мен коан, сатылау жолымен сәулелену үшін де амида Будданың атын әркімнің оның жәннәтында туылатындығына сеніп, әрдайым қайталауына аса мән берді. Амида бір адамның ақылынан тыс болмысы жоқ, әрбір сезімді болмыстағы Будда рухы ретінде қабыл етіледі. Қытай ықпалы обакудың құлшылық орнының сәулетшісі мен діни рәсімдерінде байқалады.
Жапонияда буддист монахтардың ынтасымен кейінгі 1000 жылдан астам уақыт ішінде ежелгі жергілікті дін шинто, буддизмнің ішіне енді. Бұл екі діннің байланыстары үлкен өзгерістерді бастан өткізді. Алғашқыда бір-біріне түсіністікпен басталған байланыстар ХVІІ ғасырдан бастап шовенизм мен сыртқы дұшпандық салдарынан шинтоны жандандырды және оның ұлттық сенімге айналуына жол ашты. Буддизм қысым көрді, буддист монах тобына қатаң тыйым салынды. Тағы бір айта кететін жәйт христиандықтың Жапонияға кіруіне буддизмді жақтырмайтын Шогун Нобунаганың үлкен ықпалы болған еді. Қазіргі таңда Жапонияда материалист пікірлер, діннен тыс өмір және діннен ұзақтау Жапониядағы барлық діндердің ортақ мәселесі. ІІ Дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде мемлекет шинтосы жойылса да, жаңадан дамыған бір топ синкретикалық шинто ағымы, ішінде буддизм де бар кейбір діндер, жасырын білімдер, сенім мен емдеуден тұратын аралас құрылымға ие. Буддизм Жапонияда түрлі ағымдарымен дәстүрлі өмірге ие болса да алғашқы жігерлілігін жоғалтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет