Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет119/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   126
Діндер тарихы

Бөлім сұрақтары:
1. Будда қай жерде, қашан дүниеге келді?
2. Буддизм жалғыз тәңір сенімін қабыл ете ме?
3. Буддизмде ақырет сенімі бар ма?
4. Буддизм неліктен әлемдік діндердің қатарынан саналады?
5. Буддизм Үндістаннан басқа қай жерлерге тараған?
6. Буддизм жаны бар нәрселерді өлтіруге неге қарсы шығады?
7. Буддизмде келуін күткен құтқарушыны кім деп атайды?
8. Буддизмнің бес маңызды негізі қайсы?
9. Буддистер бұл дүниелік өмірін неліктен ренішпен өмір сүреді?
10. Нирванаға қол жеткізгісі келген буддист нелерді орындауы тиіс?



























16. бөлім

Алғашқы қауымдық діндер


Алғашқы қауымдар деп қазіргідей тіршілік кешпеген, аңшылықпен, балықшылықпен және терімшілікпен айналысқан шағын тобырларды айтамыз. Қазіргі кезде алғашқы қауымдық сипаттағы адамдар Тынық мұхиты, Ява аралы, Бразилия, Африка, Австралия сияқты континенттерде өмір сүреді.
Батыста ұзақ уақыт бойы алғашқы қауымдық сипатын сақтап қалған адамдарды варварлар, жабайылар, пұтқа табынушылар деп қарап, оларды адам қатарына қосу-қоспау жөнінде тартысып келді. Шіркеу әуелі оларды адам қатарына жатқызбайтындығын мәлімдеген болатын. Алайда 1612 жылы Папа ІІ Павел Американың байырғы халықтарын "адам" жынысына жатқызатынын жариялады.
Бұрындары бұлар «алғашқы, тұрпайы» (примитивті) сөзімен сипатталған болатын. Кейініректе этнология ғылымы дамып, оларды «жазу-сызу білмейтін халықтар» немесе «табиғат жаратылысы» деп, біршама мәдениетті тіркес қолданды. Біз кезеңдік деңгейлеріне қарап, олардың өмір сүру салтын ескере отырып, «алғашқы қауым» тіркесін қолданып отырамыз. Бүгінде жер бетінде қазіргі өркениетті тіршілікке қадам басқан алғашқы қауымдық тайпалар бар. Олардың кейбіреулері басқа наным-сенімдерді қабылдағанмен де, өздерінің ескі сенім-нанымдарынан, әдет-ғұрыптарынан мүлдеп қол үзіп кете алған жоқ. Қазіргі кезде алғашқы қауымдық-тайпалық адамдарға жататындар әлем халқының 5%-ын құрайды. Бұл тайпалардың ұстанған сенімі үшін «алғашқы қауымдық діндер» тіркесі қолданылады. Төменде осы діндермен қатысты ұғымдар, ерекшеліктер және мысалдар беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет