1. Тәңір
Будданың және Буддизмнің тәңір жайындағы ұстанымы әрдайым талас-тартыспен келеді. Будданың жаратушы Тәңірі жайында не айтқандығы нақты емес. Негізінде оның кезеңінде тәңір ұғымы жат ұғым емес еді. Бірақ брахмандар, Тәңірді адамдар тарапынан зиян келтірілетін, істеген ісіне өкінетін, алданатын, сиқыр арқылы әсерленетін, әлсіз және мұқтаждықтары бар болмыс ретінде бағалайтын. Міне брахмандарға және олардың көрсеткен дініне қарсылық ретінде жаратушы Тәңір және оған бағытталған басқа діни ұғымдарға (құлшылық, құрбан т.б.) қатысы жоқ, тіпті қарама-қарсы саналатын тхеравада буддизмі, джайнизм және аживика әрекеті, құтқарылу, моральдық-этика, ақиқат секілді нәрселерге орын бере отыра, рух, құрбан, құтқарылуды қабыл етпейтін карвака материалистерінің дінге қарсы атеизмінен өзгеше болатын.
Үнді дәстүрінде монетеист, политеист, монист және пантеист тәңір түсініктері бар еді. Буддадан жеткен иман сөзі, үш жауһар арасында немесе сегіз тармақты жолға қатысты бөлімдерде тәңірге байланысты түсіндірме кездеспейді. Бірақ Будданың Тәңірге айтқан бірде-бір сөз бізге жетпеген. Бұл мәселедегі үнсіздіктің, яхудилердің ақырет сенімдерінде болғаны секілді, қасиетті мәтіннің салдарынан екені байқалмай қалатын нәрсе емес. Пали мәтіні Буддадан шамамен төрт ғасырдан кейін жаздырылған. Осы ұзақ ауызша кезеңде дамулар, талас-тартыстарды есептейтін болсақ жағдайды жете түсінуге болады. Сонымен қатар буддистер әлемді кімнің жаратқандығы жайлы емес, қиыншылықтан, ренкарнациядан құтылуға баса назар аударған. Тағы айта кететін нәрсе Будданың христиандықта Хз. Исаның болғаны сиқты, өте қатты көтермелеуі, оған тәңірлік сипаттар беруге жол ашты. Будда барлық пұттардың қиратылуын бұйырса да, оның мүсіндері жасалды, уақыт өте келе тәңірлік сипаттар берілді. Егер бір тәңір түсінігі болмағанда Буддаға бұл нәрселер байланыстырылмайтын еді.
Джайнизм де буддизм секілді атеист дін ретінде сипатталады. Бірақ стханакаваси атты джайнист ағымын ұстанушылардың алғашқы джайнизмнің атеист екендігін айтқанын еске алсақ, осыған ұқсас жағдайдың кейінгі тхеравада буддистері тарапынан алға тартулары мүмкін екендігін ойлауға болады. Сонымен қатар буддизм, тараған жерлерде біршама дін, сенім, култтермен араласып кеткен. Осылайша махаянаның түрлі мемлекеттерді бөліп қарағанда өзгеше тәңір түсінігі пайда болған. Бұл түсінік адамзаттың тағдырын өз билігінде ұстайтын жаратушы Тәңір орнына, ежелгі Будданы қою арқылы жүзеге асты. Будда ұғымы Непал және Тибеттен буддист азия мемлекеттеріне тараған. Бұл ұғым Исламның Азияда дамуының нәтижесінде, Буддизмде де Исламдағы сияқты бір тәңір ұғымының бар екендігін көрсету үшін толықтырулар жасалғандығы алға тартылуда. Будда осылайша абсолюттік болмыспен бір деп есептелгендіктен оның үш табиғаты бар екендігі күн тәртібіне айналған (Будда-кая). Бұлардан алғашқысы Будданың абсолюттік, ежелгі болмыс ретінде дхамма, яғни шынайылықпен қатысты денесі (дхармакая), екіншісі сәмәуи (аспаннан), өлмейтін және бақытты болмысы, үшіншісі Готама ретінде адами болмысы. Тибетте Авалокитесвара, Будданың мейірімін және даналығын баяндауда. Діни көсем Далай Лама оның тәніне енгендігі (хулул) қабыл етіледі. Және Непал мен Тибетте Ади Будданың практикалық дхармакая түсіндіруі, Қытай мен Жапонияда да амитабха (амида) атымен танымал болған. Бұл қалауы, даналық пен сүйіспеншілігі бар, көмек, мейірім, құдірет және хабардар бір тәңірді баяндауда.
Достарыңызбен бөлісу: |